Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Мұғалім шеберханасы "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мұғалім шеберханасы "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР"

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ?аза? т_л_ саба?ында интербелсенд_ ?д_с.docx

библиотека
материалов

СКО Тайынша ауданы

Зеленогай орта мектебінің

қазақ тілі пәні мұғалімі

Калиева Самал Жанабиловна


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР


  «Мемлекеттік тілді игеру - әрбір азаматтың ізгілікті борышы»-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаған. Елбасымыздың саясаты әрбір халықтың қымбатты да, қасиетті тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің дамуына бағытталған. Сондықтан да менің басты мақсатым -қазақ тілінен білім, білік және дағды беріп қана қоймай, сонымен бірге қазақ тілінде ойлайтын, сөйлейтін, жаңаша өмір жағдайына бейімделген, парасатты және рухани өмір ағымында өзіндік жетілген оқушының жеке тұлғасын дамыту.

«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын орта буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.»

(оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010)

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсат –оқушыларды қазақ тілінде оқи, жаза, түсіне, сөйлесе білуге үйрету, дағдыландыру; қазақ халқының әдеби мұрасының озық үлгілерімен басқа тілді оқушыларды таныстыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқытудың инновациялық әдістерін қолдану тиімді.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі –«интербелсенді оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. 

«Интербелсенді оқыту» бұл ағылшынның «interact», “Inter”» — өзара, «асt» — әрекет ету деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, интербелсенді оқыту ең бірінші диалогтік оқыту. Оқыту барысында оқушы мен оқушы, және оқушы мен оқытушы арасындағы өзара байланысуы. Интербелсенді әдіс өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Оқу үрдісі барысында мынадай  қарым – қатынасқа түседі:

1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап  берген кезде);

 3. Өзге балалармен  (қосақталып жұмыс істеу барысында)

4. Шағын топтармен (3-5 баламен);

5. Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);

6. Балалардың  тобымен және халықпен (топ  әлеуметтік  сауалнама жүргізеді).

Интербелсенді оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор. Ал мұғалімнің міндеті – оқушының неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет кезде жол көрсету болып табылады. Мұнда мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады.

Интербелсенді әдісті қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;

-тұ лғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;

-педагогикалық қолдау көрсету.

Өткен жылы біз сіздермен кездесіп, интербелсенді әдістердің қазақ тілін оқытуда қай түрінің тиімділігі туралы қарастырған болатынбыз.

Бүгін мен өз тәжірибемде қолданған интербелсенді әдістерге тоқталып, бұл әдістерді қолданған кезде қандай қиындықтарды кездестірдім және бұл әдістердің тиімділігі жайында сіздермен ой бөліскім келеді. Уақыттың аздығына байланысты барлық әдістерге тоқталмай , тек 3-4 әдіске тоқталып кетейін.

Орыс сыныбында оқушылар басқа сабақтардан келгенде орысша сөйлеп келеді. Тілге кіріспе ретінде және сабақта ынтымақтастық ахуалды орнату мақсатында «Кім жылдам», «Ыстық доп», «Карусель» әдістерін қолдандым. Бұл әдістерді қолданған кезде сынып ішіндегі тәртіпті ескерген жөн. Мысалы, «Карусель» әдісін пайдаланған кезде балаларға уақыт беріп, өзім бір жерде тұрып тыңдайтынмын. Сол кезде кейбір сыныптарда тәртіп сақталмай, кейбір оқушылар жауапкершілікпен қарамай басқа әңгіме жайында сөйлеген кездер де болды. Сондықтан бірге қатысып, кейбір оқушылардан не туралы білгені жайында сұрап отырдым. Осы жақтан тиімді болды. Яғни, оқушылар жауапкершілікпен қарайтын болды.

Келесі «Қарлы кесек» әдісі оқу бағдарламасында берілген қатыстық сөйлесім бөліміндегі жазылым, тілдесім, айтылым әрекеттерін дамытады. Бұл әдісті қолданған кезде әр топқа бір тақырыпты берген жөн. Себебі барлық оқушылар бір мәселені қарастырады және келесі топтың қателерін де түзетіп отырады. Әсіресе мәтін құрастыруға үйрету кезінде тиімді әдіс (видео және презентация).

Келесі, «Қытайша десерт» әдісі. Бұл әдісті оқушыларға үйрету мақсатында топтық жұмыста қолданып көрдім (видео). Бұл жұмыс кезінде оқушылардың бірлесе, ынтымақтастық қарым – қатынаста, бір-бірін толықтырып, түзетулер енгізіп отырған жұмыстарын көруге болады. Әр сыныпта табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу, нашар оқитын оқушылар кездеседі. Бірақ та ол оқушы да жақсы баға алғысы келеді. Сол себепті келесі сабақта осы әдісті жұптық жұмыста қолдандым (видео). Бұл үзіндіден барлық оқушы жұ пта бірлесе жұмыс жасап отырғанын көруге болады. Жақсы оқитын оқушы жұпта нашар оқитын баламен бірлесіп, жұмысты тексеріп, қателер бойынша жұмыс істейді. Бір-біріне түсіндіреді. Содан кейін нашар оқушыны сол тақырып бойынша тақтаға шығарып сұраймын. Оқушылардың көмегі арқылы сол нашар оқитын оқушы жақсы баға алып шығады.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Пікірталас» әдісін 7 сыныпта «Компьютердің пайдасы мен зияны» атты тақырыбы бойынша өткізіп көрдім. Әрине бірінші бұл сабақты орысша өткіздім. Себебі, орыс сыныбы болған соң олардың ойы барлығы орысша болып келеді. Керек материалдарды да жинау оларға жеңіл болды. Дебат туралы толық мәлімет алғаннан кейін қазақ тілінде өткіздім. Сол сабақтан үзінді көруге ұсынамын. (видео)

Тағы бір жиі қолданатын әдістердің бірі – жобалау әдісі. Жобалау әдісі – оқушыларға әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және рәсімдеме жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Зерттеу барысында оқушы бойында төмендегідей біліктер қалыптасады:

  • тақырыпты өзінің қабілетіне және қызығушылығына қарай еркін таңдай алады;

- мәліметтерді жинақтап, жүйелеуге үйренеді;

  - көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізе білуге дағдыланады.

Жобалау әдісін қолдану өз нәтижесін берді деуге де болады: өткен оқу жылында

7-сынып оқушысы Козка Елена «Жарқын болашақ» VІІ республикалық «KATEV» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының аудандық кезеңі бойынша «Жас ғалымдар» номинациясына қатысып, 1 орынға ие болды, грамотамен марапатталды.

Қорытындылай келе, бүгінгі күні интербелсенді әдіс білім беру жүйесінде оқушылардың  шығармашылық  әрекетін дамытуға, олардың оқуға деген жағымды мотивациясын қалыптастыруға тиімді инновациялық шешімнің бірі болып табылады.



Выбранный для просмотра документ нег през.pptx

библиотека
материалов
Қазақ тілі сабағында интербелсенді әдіс Зеленогай орта мектебінің қазақ тілі...
Интербелсенді оқытудың жалпы мінездемесі “Inter” — өзара, «асt» — әрекет ету...
 Интербелсенді әдіс МҰҒАЛІМ ОҚУШЫ ОҚУШЫ ОҚУШЫ
Интербелсенді қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек: Тұлғаның еркіндігі ме...
Тілге кіріспе ретінде сабақта ынтымақтастық ахуал орнату мақсатында “Кім жыл...
 “Қарлы кесек” әдісі
 “Қытайша десерт ” әдісі
 “Пікірталас ” әдісі МҰРАГЕР тобы КОМПЬЮТЕР тобы
“Жобалау” әдісі Қазақ халқының салт-дәстүрі Қазақ халқының қол өнері Қазақ х...
Зерттеу барысында оқушы бойында төмендегідей біліктер қалыптасады: тақырыпты...
“Жарқын болашақ” VІІ республикалық “KATEV” қазақ тілі мен әдебиеті олимпиада...
 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
14 1

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Қазақ тілі сабағында интербелсенді әдіс Зеленогай орта мектебінің қазақ тілі
Описание слайда:

Қазақ тілі сабағында интербелсенді әдіс Зеленогай орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Калиева Самал Жанабиловна

№ слайда 2 Интербелсенді оқытудың жалпы мінездемесі “Inter” — өзара, «асt» — әрекет ету
Описание слайда:

Интербелсенді оқытудың жалпы мінездемесі “Inter” — өзара, «асt» — әрекет ету Интербелсенді оқыту – тәжірибені меңгеру аймағы ретінде , қоршаған оқу ортасымен оқушының өзара әрекеті негізінде құрастырылған оқыту

№ слайда 3  Интербелсенді әдіс МҰҒАЛІМ ОҚУШЫ ОҚУШЫ ОҚУШЫ
Описание слайда:

Интербелсенді әдіс МҰҒАЛІМ ОҚУШЫ ОҚУШЫ ОҚУШЫ

№ слайда 4 Интербелсенді қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек: Тұлғаның еркіндігі ме
Описание слайда:

Интербелсенді қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек: Тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы; Тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау; Педагогикалық қолдау көрсету

№ слайда 5 Тілге кіріспе ретінде сабақта ынтымақтастық ахуал орнату мақсатында “Кім жыл
Описание слайда:

Тілге кіріспе ретінде сабақта ынтымақтастық ахуал орнату мақсатында “Кім жылдам”, “Ыстық доп”, “Карусель”әдістерін қолданамын “Кім жылдам” “Ыстық доп”, “Кім жылдам”

№ слайда 6  “Қарлы кесек” әдісі
Описание слайда:

“Қарлы кесек” әдісі

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9  “Қытайша десерт ” әдісі
Описание слайда:

“Қытайша десерт ” әдісі

№ слайда 10  “Пікірталас ” әдісі МҰРАГЕР тобы КОМПЬЮТЕР тобы
Описание слайда:

“Пікірталас ” әдісі МҰРАГЕР тобы КОМПЬЮТЕР тобы

№ слайда 11 “Жобалау” әдісі Қазақ халқының салт-дәстүрі Қазақ халқының қол өнері Қазақ х
Описание слайда:

“Жобалау” әдісі Қазақ халқының салт-дәстүрі Қазақ халқының қол өнері Қазақ халқының ұлттық киімі

№ слайда 12 Зерттеу барысында оқушы бойында төмендегідей біліктер қалыптасады: тақырыпты
Описание слайда:

Зерттеу барысында оқушы бойында төмендегідей біліктер қалыптасады: тақырыпты өзінің қабілетіне және қызығушылығына қарай еркін таңдай алады; - мәліметтерді жинақтап, жүйелеуге үйренеді;   - көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізе білуге дағдыланады. 

№ слайда 13 “Жарқын болашақ” VІІ республикалық “KATEV” қазақ тілі мен әдебиеті олимпиада
Описание слайда:

“Жарқын болашақ” VІІ республикалық “KATEV” қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының аудандық кезеңі бойынша “Жас ғалымдар” номинациясы бойынша І орын. Козка Елена 7- сынып

№ слайда 14  НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Описание слайда:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров516
Номер материала ДВ-227290
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх