Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Мұғалім шеберлігі - оқушы жеңісі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Мұғалім шеберлігі - оқушы жеңісі

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,

Жалпы білім беретін Қызылтал орта мектебі

Утегенова Айнур Туреахметқызы, математика пәнінің мұғалімі



«Мұғалім шеберлігі - оқушы жеңісі»


















«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».

Әл-Фараби





Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Мектеп үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Сондықтан да мен – оқушы мен ата-ана алдындағы борышымды, арқалаған жүгімнің ауыр да маңызды екендігін біле отыра, өз-өзімді рухани қанағаттандыру мен қатар білім нәрімен сусындап отыру қажет екенін түсінемін. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби және әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде болуы қажет.

Мен жас маман ретінде оқыту тәжірибемде үлкен жетістіктерге жеткім келеді. Әрине, оқушылар тек біліп қана қоймай, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптасса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ.

Осы айтылғандарды қорытындылай келе, жаңа формация мұғалімі – рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған зерттеушілік, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзіреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын тұлға.

Осындай тылсым ойлар мені осы деңгейлік бағдарлама аясына тартқан да болар. Осы бағдарлама аясында мен өзімнің көптеген сұрақтарыма жауап алып, білімімді толықтырдым. Мұғалім бaлaны оқытa отырып, оның eркіндігін, бeлсeнділігін қaлыптaстыруы, өз бeтіншe шeшім қaбылдaуғa дaғдылaндыруы қажет болып табылады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім - дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылатынын ескере отырып, ұсынылып отырылған жеті модульдың барлығын білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп есептеймін.

Бағдарламаның негізгі мазмұны оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау әрекеттерін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, білімді бағалау жолдары туралы айтылған.

Сабақты өткізген кезде әрбір мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттерінің болуына жағдай жасауы тиіс. Оқушылар өзін – өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Және де әрбір мұғалім оқушылардың қалыптасқан дағдысына сәйкес, орынды талап қою керек екенін үнемі басшылыққа алып отыруы тиіс. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысушы болғанда ғана, сабақтағы материалды терең меңгере алады.

«Таңырқау – жаңалық ашудың анасы» - деп физик Луи де Бройль тегін айтпаған. Оқушыны бәрінен гөрі көп таңырқатып, оны проблемалық ситуацияға душар ететін нәрсе – ақпараттың жаңалығы, әдеттен тысқарлығы, кенеттілігі, әсемдігі болып саналады. Тұтас алғанда бұлар танымдық қызығудың сезімдік – ойлау процестерін ширата түсетін аса күшті түрткілер болып табылады.

«Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, танысып, қазіргі уақытта барлық сабақтарымда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізіп келемін.

Бұл Бағдарлама идеясы оқулық талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруге, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешімдер табуға мүмкіндік беретін бірден - бір тиімді екенін көріп отырмын. Өйткені тарауды жоспарлаған кезде, әрбір модульді сабақта жүйелі түрде кірістіресің. Жүйелі түрде құрылған модульдерді пайдаланған жағдайда үлкен нәтижеге жетуге болады деп есептеймін. Атап кетсем, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, топтық жұмыста барлығына бірдей қолжетімді тапсырмалар беру, дарынды және қабілетті оқушыны анықтай отырып деңгейлеріне сай жұмыстануға дағдыландыру. Оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту арқылы оқушының тілдік қорын байытып, өз ойын бүкпей, ашық айтқызуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушыларды АКТ-ны меңгерген, еркін қолдана алатын тұлғаға айналдыру. Осы әдіс - тәсілдер арқылы өзін - өзі, жұптарда және топтарда формативті бағалай алатын, аталған тапсырмалардың барлығымен дерлік жұмыстана алатын тұлға қалыптасады.

Қазір әлемдік жаhандану үдерісі ерекше екпін алған шақ. С.Бич: «Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз, және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет» деген болатын. Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады. Ал нәтижеге жету үшін менің өзім білімді, жан-жақты дамыған құзыретті мұғалім болуға тиіспін. Себебі құзыретті мұғалім құзыретті оқушыны тәрбиелейді.










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров403
Номер материала ДВ-099474
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх