Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мұғалім және уақыт баяндама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мұғалім және уақыт баяндама

библиотека
материалов

Баяндама

Тақырыбы: Мұғалім және уақыт

Егер сенде мұғалім болу жөнінде арман пайда болса, онда алдымен өзің сол жұмысқа дайынсың ба,жоқ әлде бейхабармысың,зерттей біл.

Ф.М.Достоевскийдің: «Өзіңнен өзіңді ізде,өзіңе-өзің бағын,өзіңді -өзің біл» дегеніндей,бар нәрсенің өзіңе байланысты екенін ұмытпаған жөн.

Өмір – мектеп. Мектеп – үйрететін орта,оның жүрегі – мұғалім. Мұғалімдік әркімнің қолынан келе бермейтін,ерекше талантты қажет ететін,қиялы бай адамға ғана жарасар мамандық. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп өткізіп,оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Мұғалім мамандығы – мамандық атаулының қайнар көзі,биік тұғыры. Бұл биікке кез-келген адамның оңай келе салуына хақысы жоқ.Чехтың ұлы педагогі Я.А.Коменскийдің «Мұғалім ең жоғарғы құрметті орында,күн астында мұғалімдікке тең келер мамандық жоқ» деуі сондықтан болса керек. Себебі халық үшін саналы өмірін сарп еткен,осы жолда бар мүмкіндігі келгенше сапалы іс тындырған,өз ісін өзінен кейінгілер жаңғыртып та, жаңартып та қайталап жатқан адам ғана ұстаз бола алмақшы.

Ұстаз сөзі жүректің терең түкпірінен шығатын сөз. Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай ұстаз сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – шағын түсінік бойынша,белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, ал екіншісі – кең мағынада,жоғары беделді,адамға ересен ықпал етуші ақылгөй,дана адам. Сонымен мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы,болашаққа айқын жөн сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл-ойының қуаты талай тентекті жуасытып,небір еркені сабасына түсіреді, оларды саналы тәртіпке баулып,есейтеді. Сондықтан да әрбір шәкірт өзіне үлкен өнеге болған сүйікті мұғалімін «Ұстазым» деп атайды. Ұстаз бола білу,оны қадір тұту,қастерлеу,арыңдай таза ұстау әр мұғалімнің азаматтық борышы. Ол өз мамандығын,өз пәнін,барлық шәкіртін,мектебін шексіз сүюі тиіс. Ұстаздардың осыншама қадір-қасиет,құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен,жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.

Мұғалімнің өзі мұғалімнің алдынан өтеді. Мұғалім қандай болу керек? Мұғалімнің жеке басының үлгі-өнеге боларлық сипатының бірі – оның асқан мейірімділігі.Мейірімділікті мұғалім балаға іштей жасау керек. Мұғалім барынша адал болу керектігін естен шығармайық. Оқушылардың бағасы неге төмен,неге тәрбиесі нашар,оған ден қойып, яғни әрбір іске есеп керек,өйткені мұғалім оқушы үшін ата-ана орнын ауыстырар ең сенімді адам. Жұмысқа ықыласы жоқ,балаға деген сүйіспеншілігі,қамқорлығы жоқ мұғалімді оқушылар тез аңғарады. Демек, біз бақылаушы емес,бос жүргізуші емес,баптаушы екенімізді сезінгенде ғана оқушы да,ата-ана да мұғалім екенімізді мойындайды.

Атақты педагог В.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – адамтану, адамның күрделі де қызықты,шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу» деп,ұстаздық өнерге ерекше баға берген. Мұғалім тек ақпарат жеткізуші ғана емес,ол оқушының білім алу кезеңіндегі өмір жолын анықтауда сенімді серігі де.

Қазіргі оқушылар – келешекте ел тізгінін ұстайтын болашақ барыстар. Білім беру мен тәрбиелеудің негізі – ұстаз. Яғни қазіргі таңда ХХІ ғасырдың ұстазы жан дүниесі бай,ұлттық мемлекетшілдігі жоғары,оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білетін, теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыратын, жауапкершілік сезімі зор дара тұлға болуы тиіс. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын жете меңгермейінше сауатты,жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ең бастысы,заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып,әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту,қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын,тәрбиелі,білімді азамат қалыптастыру әр мұғалімінің басты міндеті болу керек. Менің де алған қойған міндетім осындай.

«Білімді,сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген Елбасымыздың сөзі әрбір мұғалімге үлкен ой салады. Кез-келген елдің болашағы жастардың,ал олардың болашағы мұғалімдердің біліктілігіне көбірек тәуелді.

Бүгінгі заман - бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз» деген еді.

Уақыт ұғымы,менің ойымша,кең көлемді ұғым. Уақыт өзінің бойына секундтар мен минуттарды,сағаттар мен күндерді,апталар мен айларды,жылдар мен ғасырларды жинақтай отырып,көкжиек секілді шегіне жеткізбей,өз тұңғиығына батыра беретін секілді. Уақыт жер бетіндегі тіршілікпен,адамдармен тығыз байланысты. Қазір отырып,уақыт тереңіне сүңгіген сайын талай өзгерістердің куәсі боламыз.Менің ойымша,уақыт өткен сайын бәрі де өзгеріп отырады.Қоғам,әлеуметтік қатынастар,техника жаңалықтары – бәрі де өзгереді,дамиды. Мұғалім де өзгереді,мұғалімге қойылатын талаптар да күрделене түсуде. Бірақ қаншама уақыт өткенімен,мұғалім адамгершіліктің,әділдік пен парасаттылықтың,мәдениеттілік пен ізгіліктің,білім мен тәрбиенің қайнар көзі,бастауы болып қала бермекші. Мұғалім үшін уақыт – ең басты нәрсе. Ол өз жұмысын тек уақытпен өлшейді. Ол уақытпен санаса отырып,сабақ жоспарын құрады,тәрбие жұмысын жүргізеді.Өзінің минутына бар шеберлігі мен білімін,тапқырлығы мен қиял ұшқырлығын сыйғыза отырып, жас ұрпақты,азаматты тәрбиелеп шығаруға өз үлесін қосады. Кең мағынасындағы уақыт ұғымында өмір сүріп отырған мұғалімге тар мағынадағы уақыт ең басты нәрсе болып есептеледі.

А.Макаренконың сөзімен қорыта келгенде, «45 жыл еңбек етсең де, 45 минут сабағыңа дайын бол».


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров157
Номер материала ДВ-403824
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх