Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы«Мұғалімдер арасындағы топтасып жұмыс істеу» туралы тренинг.

«Мұғалімдер арасындағы топтасып жұмыс істеу» туралы тренинг.

Скачать материал

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы Құрық аулы

№9 бастауыш мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мұғалімдер арасындағы топтасып жұмыс істеу»

туралы тренинг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған : 

психолог Сәрсен Нұрсұлу Жетекқызы

 

 

 

 

Тренингтің тақырыбы: «Мұғалімдер арасындағы топтасып жұмыс істеу» туралы тренинг.
Тренингтің мақсаты: Мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Тренингтің жүрісі: Тренингтің ережесімен таныстыру

1. «Танысу» тренингі.
Тренингке қатысушы басқа қатысушылармен амандасады
.

 2. Сергіту сәті
Өздеріңізде мамандыққа байланысты стресстік жағдайда жиі болатындығы белгілі. Сондықтан біз қазір бірнеше жаттығулар жасайық. Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Денеңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен 
«А» дауысын айтыңыз- ол сіздің бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е» қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И» миыңызға, көзіңізгеғ құлағыңызға әсер етеді.
«О» жүрегіңізбен, өкпеңізге әсер етеді
«У» қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х» денеңіздің тазаруына
«Ха» көңіл-күйіңіздің көтерілуіне әсер етеді

2.  3 топқа бөлеміз

1.      Ата-анамен оқушы арасындағы қарым –қатынас

2.      Әріптестер арасындағы қарым- қатынас

3.      Басшылық арасындағы қарым-қатынас

3.        «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» психологиялық жаттығуы
Қазіргі қоғамда оқушы мен мұғалім қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр Төменде Американдық психотерапевт Вирджиния Сатирдің мұғалімдер типологиясын анықтау арқылы мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын жақсартуға арналған психологиялық жаттығу берілген. Жаттығудың мақсаты:
- өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
- ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету;
- ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
- өзінің не өзгенің даралығын дамыту.
Жүру барысы: алдарыңыздағы ақ параққа аты-жөндеріңізді жазыңыз және төменде берілген 4 жауаптың біреуін таңдап жазып қоясыздар. 
1. Мұғалім-басшы
2. Мұғалім- компьютер
3. Мұғалім- қиналушы
4. Мұғалім- таныс дос
Қорытындысы:
1. Мұғалім басшы.
Оның «беделі»-билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рахымсыз, қатыгез адамға) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол-оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі мұғалім». Ол өзінің осы «білімін» өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез-келген сұраққа жауап беру керек деп санайды.
Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығы.
2. Мұғалім- компьютер.
Оның «беделі»- белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түмі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды. «Бәрімізге белгілі», «Мынадай ой бар...», «Барлығы біледі...» Ол өте суық, қатал, жабық адам.
Нәтижесі: оқушының өз-өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы «әсіресе пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті пәнді жек көрушілік пайда болады
3. Мұғалім- қиналушы. Оның беделі қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да, қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен де бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының міселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды. 
Нәтижесі: оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді. 
4. Мұғалім- таныс дос
Оның «беделі»- әйгілілік. Оқушылардан ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас әрқашан барлығын кешіре алады. Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді.
Нәтижесі: оқушыда жауапкершілік сезімі жоқтығы.

4.Тест «Сіз дау –жанжалға қалайсыз?» тесті

Нұсқау:   Әр сұрақтан сіздің тәртібіңізге, жөн-жосығыңызға неғұрлым сәйкес келетін бір жауапты таңдаңыз. 

           Сұрақтар:

1. Қоғамдық көлікте көтеріңкі дауыстармен  егес (айтыс) басталды. Сіздің әрекетіңіз қандай?

а) қатыспаймын; 

б) дұрыс деген жақтың мүддесін қорғап қысқаша ойымды айтам;

в) белсенді араласамын , сөйтіп «барлық айқайды  өзіме шақырамын» .  

 

2. Жиналысарда (сынып сағаттарында) сын айтып  қарсы шығасыз ба?

 а) жоқ;

б) тек ол үшін орынды жағдай  болған да ғана;

в) кез келген сылтау болса болды. 

 

3. Достарыңызбен жиі таласасыз ба?

а) тек егер де ол адамдар өкпешіл болса;

б) түбегейлі сұрақтар бойынша ғана;

в) талас  — менің стихиям.

 

 

4. Үйде түскі асқа тұзы татымаған тамақ берілді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

а) болмашы нәрсе үшін айқай-шу шығармаймын;

б) үнсіз тұз салғышқа қал созамын;

в) ескеру айтпай қала алмаймын  .

 

5. Егер көшеде, транспортта Сіздің аяғыңызды басып кетсе:

а) жәбірлеушіме ызаланған көзбен қараймын;

б) салқын ескерту жасаймын;

в) еш қысылмастан аттың басын жіберем.

 

6. Егер де жақындарыңыздың бірі Сізге ұнамайтын зат сатып алса: 

а) үндемеймін;

б) қысқа әдепті ескертумен тоқтаймын; 

в) жан-жал шығарамын.

 

7. Лотереядан жолыңыз болмады. Бұған қалай қарайсыз?

а) немқұрайды болып көрінуге тырысам, бірақ өзіме енді ешқашан айналыспаймын деп серт етемін;

б) өкінішімді жасырмаймын, бірақ оған келесіде есемді жібермеймін  деп, қалжыңмен қарап

в) ұтылыс көпке дейін көңіл –күйімді түсіреді.

 

 

опюлд

Бағалау: Алынған нәтижені әрбір «а» жауабына — 4 балл; «б» — 2 балл; «в» — 0 бағалаңыз.

Жинаған ұпай санын есептеңіз.

20-28 балл. Сіз өнегелі және ынтымақшылсыз, дау мен таластардан тыс, жұмыс пен үйде сыни ситуациялардын жалтарасыз. Мүмкін сондықтан Сізді ыңғайшыл(приспособленец) деп санайтын шығар.

10-18 балл.  Сіз дау –жанжалшылдығыңызбен белгілісіз. Бірақ  нақтысында тек басқа жол жоқ  және барлық амал таусылғанда ғана дауласасыз. Алайда әдептіліктің шеңберінен шықпай, өз пікіріңізді табанды қорғайсыз. Бұның  бәрі Сізге деген сыйластық туғызады.

 8 балға дейін. Дау-жанжал, талас – бұл Сіздің стихияңыз емес. Басқаларды сынап, бірақ өз адресіңізге сынды көте алмайсыз. Сіздің дөрекілігіңіз мен ұстамсыздығыңыз адамдарды алыстатады. Сібен жұмыста қандай қиын болса үйде де сондай. Өз мінезіңізді жеңуге тырысып бағыңыз.

6 кеңес

1. Сыныпқа көтеріңкі көңіл күймен кір                                                                                        2.Алдымен үйрет, сосын талап ет                                                                                            3.Оқушының тәртібі мен білімін бағалауда әділ бол                                                                4.Балаларға берген уәдеңе берік бол                                                                                          5.Әрқашан сабырлы, шыдамды бол                                                                                              6.Оқушының құпиясын сақтай біл                                                                                             7.Оқушыдан өзің орындамайтын істі талап етпе                                                                                 8.Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделіне сүйенбе                                                                          9.Оқушыға сенім арт

10.Оқушының ата-анасын сыйла, ол туралы жаман  айтпа

5. Қорытынды: Тест: Сен қандайсың?
Көп ойланбай, өзіңізге ұнаған символды таңдаңыз.
1-символ: жомарт, адамгершілігі мол
Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге үлкен талаптар қоясыз. Еңбекқор адамсыз. Менмен емессіз. Сыңарыңызды сыйлап, жақсы көресіз. Тіпті сезіміңізді ойыншыққа айналдырып, тастап кетсе де, оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмайсыз.
2-символ: тартымды, шыншыл
Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз. Жұмысты «таза» орындауға тырысып, мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Мінезіңіз жақсы. Адамдар сізге сенеді. Сіз тез ойлап, тез әрекеттенуге дағдыланғансыз. Өткір тілді адам болғандықтан, таныс емес ортада да айтарға сөз табасыз.
3-символ: ақылды, ойшыл
Сіз көп ойланасыз. Идеяларыңыз бен ойларыңыз сіз үшін өте маңызды. Белгілі бір мәселені шешу үшін жалғыз қалып, ойланғанды жақсы көресіз. Сіз – интровертсіз. Ойланып, білім алуға құштар адамдармен тіл табыса аласыз. Адамгершілік туралы ойлануға көп уақыт жұмсайсыз. «Дұрыс жолмен» жүруге тырысасыз. Қоғамның пікіріне тәуелді емессіз.
4-символ: зерек, философ
Сіздей адам бұл әлемде жоқ. Тіпті ұқсайтын адам да жоқ. Сіздің интуицияңыз жақсы дамыған. Көп адам сізді дұрыс түсінбейді. Мұндай жайттарды жүрекке жақын қабылдайсыз. Жеке кеңістікті қажет етесіз. Өз шығармашылығыңызды дамытуға тырысасыз. Өте сезімталсыз.
5-символ: сенімді
Сіз – тәуелсіз адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деп үйренгенсіз. Өзіңізге ғана сенесіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін бас көтермей еңбек етуге даярсыз. Жақындарыңыз үшін бәріне қол жеткізуге тырысасыз. Олардың сізге тек шындықты айтып, адал болғанын талап етесіз. Кез келген ақиқат, пікір мен сынға дайынсыз.
6-символ: тартымды, энергиясы мол
Сіз ашық жүзді, көңілді адамсыз. Әлеммен «гармония» орнатуға тырысасыз. Аяқ астынан шешім қабылдауға бейімсіз. Өмірге ғашықсыз. Адамдарды таңғалдырып жүресіз. Көптеген нәрсеге қызыға қарайсыз. 
7-символ: бақытты, сабырлы
Сіз сезімтал адамсыз. Өзгелерді түсінуге тырысасыз. Әр адамның өз тағдыры бар екеніне сенесіз. Кез келген адам қателіктер жасайтынын түсінесіз. Адамдарды, өмірде болатын жайттарды сабырмен қабылдайсыз. Көп уайымдамайсыз.
8-символ: мейірімді, сезімтал
Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Айналаңызда дос, жолдастарыңыз көп. Оларға көмектесіп, жақсы дос болуға тырысасыз. Сіздің аураңыз ашық әрі жылы. Адамдар жаныңызда өзін қауіпсіз сезінеді. Сізге сенеді. Ерекше болуға тырысасыз. Махаббатқа құштар жансыз.
9-символ: оптимист, жолы ашық

Өмірді қымбат сый деп бағалайсыз. Жетістіктеріңізді мақтан тұтасыз. Жақсы көретін адамдарыңызды бақытты етуге тырысасыз. Өмірді мәнді етіп өткізгіңіз келеді.
Өсіп-дамуға барыңызды саласыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мұғалімдер арасындағы топтасып жұмыс істеу» туралы тренинг."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2016 3754
    • DOCX 30.6 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсен Нұрсұлу Жетекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсен Нұрсұлу Жетекқызы
    Сарсен Нұрсұлу Жетекқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17034
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними

Специалист органа опеки и попечительства в отношении несовершеннолетних

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Курс повышения квалификации

Семейное психологическое консультирование: системный подход

36 ч. — 144 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы кризисной психологии

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 325 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 27 регионов