Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Мұғалімдерге арналған тренинг: "Жақсы көңіл күй – жан азығы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Мұғалімдерге арналған тренинг: "Жақсы көңіл күй – жан азығы"

библиотека
материалов

102 орта мектебі












«Жақсы көңіл күй – жан азығы »

(Мұғалімдерге тренинг)










Мектеп психологы: И. Жакешова












2016 жыл




Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №102 орта мектебінің педагог-психологы Жакешова Индира Палуанқызы


«Жақсы көңіл күй – жан азығы »

Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл – күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Барысы:

Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

  1. «Дос достыққа» сергіту ойыны (5 минут)

Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секунттың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:

Оң қол оң қолмен!

Мұрын мұрынмен!

«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.

Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.

  1. «Біз, біздің және оқушылардың құқықтары» коллективтік ойыны (10 минут)

Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.

Талдау:

  • Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?

  • Өзіңді қандай күйде бейнеледің?

  • Қандай құқықтарыңды сен ең маңызды деп есептейсің?

Құқықтары қаралады:

Өмір сүруге құқығы.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғануға құқығы.

Оқуға құқығы.

Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан, дәрігерден, милиционерден, ұстаздан көмек сұрауына құқығы бар.

Төңірегіндердің сый-құрметіне бөленуге құқықты.

«Жоқ» деген сөзді айтуға құқықты.

Басқа да балалардың және басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары ба

3 .Ым – ишара треннингі

Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез-келген жағдайдан шыға білу.

Нұсқау: Бұл ойынға өз еркімен қатысатын 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады. Ойынның мәні: үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі сақау, таңғышпен аузын байлаймыз. Бірі соқыр таңғышпен көзін байлаймыз. Енді бірі саңырау таңғышпен құлағын байлаймыз. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек.

4. «Ақсақ маймыл» жаттығуы (5 минут)

 

Қатысушылар өздерін емін-еркін сезініп, жайғасып отырады. Жүргізуші (психолог): «Қазір мен сіздерге тапсырма берем, бұл тапсырманы менің «бастаймыз» деген сөзімнен кейін орындаймыз, «тоқтаймыз» деген кезде тоқтаймыз. Егер берілген ережені белгілі себептермен бұзып алсаңыз, бір рет қолды шапалақтап белгі беріңіз.Басқа нәрсеге алаңдасаңызда осылай жасаймыз» Енді бәріміз көзімізді жұмамыз да «Ақсақ маймыл» туралы ойламаймыз. «Бастаймыз».

Талқылау:

  1. Тапсырма орындау барысында қандай жағдайлар кедергі болды?

  2. Қандай әсер алдыңыз?

  3. Ойды игеру мүмкін ба екен?


5 «Мен – үйде» және «Мен — жұмыста» жаттығуы (10 минут)

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

  1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.

  2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?

  3. Не себепті айырмашылықтар болады?

  4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?

6«Үш жыл» жаттығуы (15 минут)

  1. Бәріміз емін еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық.

  2. Елестетіп көріңіз, сіз өзіңіздің үш жыл өміріңіздің қалғанын білдіңіз. Бірақ осы үш жыл ішінде сіз ешқандай да ауырмай, деніңіз сау болып өмір сүресіз. Сіз бұл хабарды естігенде қандай күйде боласыз? Бірден болашағыңызға жоспар құрасыз ба әлде аз уақыт қалғанына өкінесіз бе? Қағаз бетіне түсіріңіз.

  3. Осы қалған өміріңізді кімдермен бірге сүрер едіңіз? Қай жерде сүрер едіңіз? Жұмысыңызды жалғастырасыз ба? Осы уақыт аралығында не істеп үлгеру керек? Осылардың барлығын қысқаша қағаз бетіне түсіріңіз.

  4. Осы осы үш жылдағы өміріңіз бен қазіргі өміріңізді салыстырыңыз.

  5. Қандай ұқсастықтар бар және қандай айырмашылықтар бар? Сол өмірден бүгінгі өміріңізге не қосар едіңіз?



Қорытынды: Енді бұл «үш жыл өмір» — тек ойын үшін жасалған жаттығу деп қабылдап, ол ойдан арылыңыздар. Бұл ойыннан өздеріңізге не алар едіңіздер? Бұл жаттығуды жасай отырып сіз қандай тәжірибе жинақтадыңыз? Қағаз бетіне түсіріңіз.



7 Жақсы сабақ дайындау рецептісі

Әрбір сабағыңызға:

  • 12 порция ақылдылық

  • 11 порция шыдамдылық

  • 10 порция батылдылық

  • 9 порция жұмысқа қабілеттілік

  • 8 порция оптимизм

  • 7 порция өз ісіне берілушілік

  • 6 порция ойлануды

  • 5 порция мейірімділік

  • 4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды

  • 3 порция әзіл-қалжың

  • 2 порция такт

  • 1 порция әр балаға үміт қосыңыз

Ескерту: Өз сабағыңыздың дәмді және тәтті болуы үшін, 1 ас қасық жақсы көңіл – күй, бір шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы мейірімді әзілді себіңіз. Өз тамағыңызды жайдары күлкіңізбен, қуаныштың белгісімен әрлеңіз. Осы рецептіні үнемі пайдалансаңыз, астарыңыз дәмді болады.



  1. «Рахмет» жаттығуы

Қатысушылар  ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды.

Талқылау:  Қандай сезімде болдыңыздар?

Сабақтың рефлексиясы:

 

Мен бұл тренингтен алған тәлімім …

Маған ұнағаны…

Маға ұнамағаны …

Менің естігім, білгім, жасағым келгені …



Автор
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров85
Номер материала ДБ-022470
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх