Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыМұғалімдерге тренинг Таныс болайық!

Мұғалімдерге тренинг Таныс болайық!

Скачать материал

 

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы Құрық аулы

№9 бастауыш мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Таныс болайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған : 

психолог Сәрсен Нұрсұлу Жетекқызы

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Таныс болайық!                                                                                      Мақсаты: Өзін таныстыру, жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау.                                                                        Міндеттері:

-         Қатысушылар бір-бірі туралы барынша көп ақпарат білуі тиіс.

-         Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру.

-         Бірлесіп жұмыс жасауда жалпы бағыттарының бір екендіктері туралы түсінік беру.

-         Қажетті құралдар: үнтаспа, фломастер, карандаш, магнит, клей, қайшы, ватман

-         Топтың ерекшелігі: жас және жаңадан келген мамандар.                                          Жұмыс жоспары:

1.     Таныстыру.  «Шеңбер бойымен ат айту»

2.     Ойын «Атомдар».

3.     Педагогикалық жағдаяттар

4.     Релаксация «Алақандағы гүл»

5.     Шығармашылық тапсырма «Ғажайып бақ»

6.     Сауалнама жүргізу. Сіз қандай мұғалімсіз?

7.     Қорытынды:

Психолог: Сәлем, қымбатты достар! Бүгінгі болғалы отырған сабақта сіздер өздеріңізге қажетті көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білесіздер деген ойдамын. Бір ұжымда өзің жақсы білетін, жақсы танитын адамдармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілірек болатындығына менімен келісетін шығарсыздар?! Ол адамға не ұнайды, өмірдегі мақсаттары қандай екендігін білесің. Сондықтан да, біздің бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізді көбірек тануға арнаймыз. Тіпті, егер, сіз таныс болған болсаңыз да, бәрібір де сіз қатысып отырғандардың ішінен біреуін көбірек танисыз, ал ендібірін тіптен білмейсіз.

1.   Таныстыру.  «Шеңбер бойымен ат айту». Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады да,  бір-біріне доп беру арқылы өзінің атын және жұмыс орнын немесе айналысатын қызмет түрін айтады.

 

2.     Ойын   «Атомдар»

Барлық қатысушылар музыка ырғағымен екі шынтағын көтере, қолдарын басына қойып, ортада жүреді. Жүргізуші «үш» деп қалып  музыканы тоқтатқанда қатысушылар шынтақтарымен үшке біріге қалуы керек. Сол секілді, «4», «5» немесе «2» дейді. Соңында қатысушылар екі-екіден жұп болып тұруы тиіс.                                                                                                        Топ мүшелері кезекпен дайындаған сұрақтарын қояды (осы қатысушыға). Сұхбат беруші рөлінде әрбір қатысушы болуы қажет.

Жаттығу:   «Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты:  Иық. мойын, омыртқа  аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Уақыты:  10 минут                                                                                                           Нұсқау:  Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда  өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа  қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына  қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады) Құйын  басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан  кейін  жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады         ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.  Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.                                                                     Талдау:

Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?  Өз сезімдеріңізбен  көңіл –күйлеріңізбен бөлісіңіз.

3.     Педагогикалық жағдаяттар
1 – жағдаят
Тоқсандық баға шығарғанда талас бағаны байқамай оқушыға төмен баға шығардыңыз. Әрі оны ұмытып кеттіңіз. Оқушының ата - анасы директорға шағымданып келеді, сізді шақырады.
1. Директорға не дейсіз?
2. Ата - анаға не дейсіз?
3. Өзіңізге өзіңіз не дейсіз?
2 – жағдаят
Талғат нашар оқумен қатар, мектеп ережелеріне сай тәртіп сақтамаушы еді. Сол себептен де сынып жетекшісі үйіне жиі баратын. Оны ата - анасы мектепке сирек келуімен қоймай, баласын жақтап, мұғалімдердің өздері кінәлі деп санайтын. Талғаттың әке - шешесі тек баланы тамақтандырып, киіндірсек болды, ал оқыту мен тәрбиелеу мектептің ісі дейтін.
Талғат сотқа тартылды. Ата - анасы бұған кінәлі мектеп деген ойда болатын.
1. Балаға адамгершілік тәрбие берудегі отбасының жауапкершілігі неде?
2. Ал мектеп бұл істен сырт қалуы керек пе?
3 – жағдаят
Он жасар Қуан мектепте «қиын» бала аталған. Наурыз мейрамы күні сынып жетекшісі оған бір - екі жолдасын ертіп мектеп ауласына он шақты тал отырғызуды міндеттеді. Ол өз жолдастарымен қоғамдық тапсырманы тиянақты орындап шықты. Мектеп линейкасында оларға алғыс айтылды. Осы кезден бастап бала өміріне өзгерістер ене бастады.
1. Жеткіншекке жасалған педагогикалық ықпалдың нәтижелі болу себебі неде?
2. «Қиын» бала мен педагогтың арасындағы қарым - қатынас қалай болу керек?

4.                 Ой толғау  «Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

1.     Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.

2.     Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?

3.     Не себепті айырмашылықтар болады?

4.     Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?

Талқылау. Жауап беру кезінде Сіз қандай сезімде болдыңыз?

5.     «Тату алақан» жаттығуы.Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.

 

 

6.     Релаксация «Алақандағы гүл»

Барлық қатысушыларға көздерін жұмып, ыңғайлы отырып, өздерін жасыл алаңқайда отырмыз деп сезінулерін сұраймыз. (табиғат дыбыстары бар әуен ойнап тұрады).

Жүргізуші: «Елестетіңіздер, жасыл алқапты көгал, шуағын төккен күн, сылдырап су ағып, құстар ән салып жатыр. Кішкентай, сүйкімді, аңқау және өте бақытты бала келе жатыр, ол қайғы, сенімсіздік, нашар көңіл-күй дегеннің не екенін білмейді. Бұл сіздің бала кезіңіз, өзіңізді таныдыңыз ба? Бала сізге қолын созады, ол сондай сенгіш және мейірімді, және сіз де оған дәл солай жауап бересіз. Өмірдің барлық қиындықтарын ұмытып, қуанып, шаттанып, өзіңді сенімді және бақытты сезінгің келеді. Сіз баланы қолыңызға алдыңыз, ал ол сіздің алақаныңызда гүлге айналып бара жатыр, қандай тамаша, балалықтың гүлі, және де сіз оны өзіңізбен бірге өмір бойы алып жүресіз. Біреуде ол жүрегінің түкпірінде, ал біреулер оны түсінде жиі көреді, ал енді бірінде бұл қарапайым, елеусіз, көзге түспейтін гүл, ал біреулерде ашық, есте қаларлықтай. Олардың барлықтары да жақсы, біздің балалық шағымыздың гүлдері. Егер сізге қиын болса, сіз қандай да бір сұрақтарға жауап таба алмай жүрсеңіз, алақаныңызда сізге балалық шақтың гүлін сыйлаған баланы еске түсіріңіз, және де бұл сізге өзіңізді кішкентай аңқау, бақытты бала сезінуіңізге көмектеседі деп сенемін, ал ол өзіңді қалай бақытты сезіну керектігін айтады. Көздеріңізді ашыңыздар. Қайтатын уақыт та болды».

Жүргізуші қатысушылардан қандай сезімде болғандықтарын, не сезінгендіктерін сұрайды.

Шығармашылық тапсырма «Ғажайып бақ»

Жаттығуды суреттеу: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші қатысушылардан алдыңғы жаттығуда алақандарында қандай балалық шақтың гүлін елестеткендерін еске түсірулерін сұрайды. Ол қандай болып еді? Жапырақтары қандай, сабақтары ше, мүмкін тікенек шығар? Биік па, әлде аласа ма? Ашық па, әлде олай емес па? Ал енді, осының барлығын елестеткеннен кейін – өз гүлдеріңіздің суретін салыңыздар, жапырақтарына сізге бақытты болуға көмектесетін маңызды нәрселерді жазыңыздар. Барлығына қағаз, фломастер, карандаш, клей, магнит және т.б. таратылады.

Әрі қарай қатысушылардан өздерінің салған гүлдерін қиып алу сұралады. Одан кейін барлығы шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші шеңбердің ішіне мүмкіндігінше бір түсті кез-келген матадан төсеме жаяды (ватман қағазы мен клейді пайдалануға да болады), әрбір қатысушыға бір-бір түйреуіштен таратады. Мата гүл егетін бақша алаңқайы болып таныстырылады. Барлық қатысушылар кезекпен шығып өздерінің гүлдерін жапсырады.

Талқылау: «Ғажайып баққа» сүйсінуге, өзінің жағымды энергиясымен бөлісетін осы картинаны есінде сақтап қалу ұсынылады. Гүл қанша көп болса да, барлығына да орын жеткендігін, әрқайсысы өзі таңдаған орынды алғандығын байқау керек. Қаншама әр түрлі, бір-біріне ұқсамайтын гүлдердің арасында сенікі өсіп жатқандығын көре білу. Дегенмен ұқсастықтары да бар – біреуде бояуы, біреуде өлшемі немесе жапырақтарының формасы. Және барлығына да күн мен көңіл бөлу керек-ақ. Бұл алаңқай әрбір педагогтың жаны әрқашан да таңғажайып гүлдерге толы екендігін бейнелейді.

Жаттығудың психологиялық мәні: ол  іштегі шиеленісті психологиялық шығарып тастауға пайдаланылады, сезімдерді зерттеу үшін, өзара қарым-қатынас пен дағдыларын дамыту үшін, өзіне сенімділігі мен өзін-өзі бағалауын нығайту үшін қызмет етеді. Жаттығу өзіңді сезініп, түсінуге, өзіңмен өзің болуға, өзіңнің ойың мен сезіміңді еркін жеткізуге, сонымен қатар әрбір нәрсенің бірегейлігін түсінуге (қайталанбайтын), әралуан осы әлемде алатын орныңды көре білуге және өзіңді осы ғажайып әлемнің бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

7.     Қорытынды: Сабақ соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы барлық қатысушыларға бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.

 

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог:                                          Сарсен Н.Ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұғалімдерге тренинг Таныс болайық!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 791 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2016 7007
    • DOCX 27.4 кбайт
    • 59 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсен Нұрсұлу Жетекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсен Нұрсұлу Жетекқызы
    Сарсен Нұрсұлу Жетекқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16943
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы психологии личности, социальной и дифференциальной психологии

72/108/144 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Психологическое развитие эмоционального интеллекта у детей

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 226 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы по профилактике суицидального поведения подростков

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 385 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 179 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе