Инфоурок Другое Другие методич. материалыМұғалімге көмек "RWCT технологиясы"

Мұғалімге көмек "RWCT технологиясы"

Скачать материал

RWCT технологиясы

«Оқу және жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT


Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973жылдан,  Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда  Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың,  басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері   көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.  

Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 100 – ден асады.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында.  Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге,  ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына,  үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.

СТО технологиясыныңсабақкезеңдері: Қызығушылығынояту – ЭвокацияМағынанытану - Реализация. Ойтолғаныс - Рефлексия.

Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.

Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.

Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.

Қызығушылығын ояту. Мағынаны тану. Ойтолғаныс

Бұлкезеңдемұғалімбұрынғыбілетінбілімдерінжаңаматериалменұштастыруғажағдайжасайды.Сабақтыңмазмұнынасайалынғанстратегияларарқылыоқушылардыңойышыңдалып, аршылады. Сабаққабелсенділігі, ынта – жігеріартады.

Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады. Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді. Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білімалуға көмектеседі. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқанматериалдыңқажеттілігінтүсіндіреді.

Бұлбағдарламаныңқорытындыүшіншікезеңіндеүйренгенінсаралап, салмақтап ой елегіненөткізеді, білімдібекітеді. Оқушылар осы кезеңдеөзшығармашылықтарынкөрсетеалады.Өзінежәнесыныптастарына сын көзбенқарайды.Өздерінбағалайды. Оқып, білгендерінтаразылайды.

СТО - дамытусабақтарыныңмақсатыбіреу (нақтысабаққабайланысты )Міндеттеріүштүрліболады. Олар: Мазмұнғабайланысты, СТО дыдамытуғабайланысты, топпенжұмысқабайланысты.

Сабаққұрылымыүшкезеңнентұрғанымен, ондағықолданылатынстратегияларауысабереді. Ал, кейбірстратегияларкезеңгенақтыарналған. Солсебептен, орыныменпайдаланғанұтымдырақболады.




СТО технологиясының стратегиялары


Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар


Қызығушылығын ояту кезең

Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диограммасы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру,

Мағынанытанукезеңі

Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИКСО, Куббизм, Геометриялықфигуралар, Бірайналымсұхбат, Түртіпалу, Жұптаталқылау, Бағытталғаноқу, Талдаукартасы, Топтастыру.

Ой толғаныс кезеңі

Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,

Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

ДЖИКСО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.

Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді.

ДЖИКСО стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.

Мынадай кескін бойынша түсінуге болады.

İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.

v + - ?

Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.

Сипатта (түрі, түсі, көлемі)

Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)

Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-

Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)

Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)

Ойтолғау (бұл неден жасалған?)

Кубикпенжұптанемесетоптажұмысжасайды. 1, 2 – сыныптардаүшжағынғанапайдалануғаболады. Бастауышсыныптардатүрлі – түстітүрдепайдалануғаболады.

Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.

Кім? Ана

Қандай? Мейірімді, ақылды

Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.

Түйін Ағайын - алтау, ана –біреу.

Синоним Адам

RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с

Венн диаграммасыстратегиясы –Бұлстратегияныңмақсатысалыстыру, пайымдау. Екізатнемесемезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығыжазылады. Бірбірінеайқасқанекінемесеүшшеңбер.(тек шеңберғана болу керекдегенқатетүсінік) Екіжағынасалыстырылады, ал айқасқанжерінеортаққасиетіжазылады. Оқушылардыңойларыаршылып, салыстырусияқтыкүрделі операция жүзегеасады.

Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұлстратегияныңқұралдарыгеометриялықпішіндер. Мақсаты: оқушыныңсөздікқорын, әдеби, мәденисөйлеутілін, күрделіойлауқабілетіндамыту. Себебі бала оқылыпотырғанмәтінніңкейіпкерлерініңмінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлердітүрліфигуралардыңсипатынақарайұқсастығынтабады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. Алғашқыкездердебүкілсыныпұжымыменөткізугеболады.

Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы – Блум сұрақтардыекігебөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар.Сұрақтартізіміалдын ала жасалуытиіс. Алдыменжіңішкесұрақтар, сосынжалпақсұрақтаркетеді. Жіңішкесұрақтар - ескетүсіругеарналғансұрақтар, жауабынақтыцифрменнемесеия, жоқдегенжауапалынатынсұрақтар. Мысалы: - желтоқсаноқиғасықайжылыболды? - 1986 жылы

- Сеніңтаныстарыңныңішіндеоқиғағақатысқанадамдар бар ма? – бар.

Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де. Жалпақ сұрақ: – қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай қылық жасады? ( шағын көрініспен жауап беру)

Т кестесі стратегиясы – Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқтыпроцестержүзегеасады. Оқушылардыңойлауқабілетін, естесақтауқабілеттеріндамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындалабереді. Іс – тәжірибедеүйтапсырмасына да беріліпжүр. Кіші жас оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға болады.

Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.

Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.

БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады.

Білемін. Білдім. Білгім келеді.

ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы – тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.

Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары көп әрі қолдануға ыңғайлы, жеңіл, тиімді. Іс – тәжірибе көрсеткендей СТО – технологиясын қолданып жүрген сыныптың оқушыларының даму деңгейі жоғары болады, өзін ортада еркін ұстайды, жек тұлға ретінде сезінеді. Өзіндік «Мені» дамиды.

Оқушының ойлау қабілеті дамыған сайын, оқушы бойында төрт параметр көрсеткіші өседі:

Жекеден жалпыға

Дифференциалдықтан сенімділікке

Интуициядан логикаға

Бір перспективадан көп перспективаға қарай дамиды.






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұғалімге көмек "RWCT технологиясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 208 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.03.2016 5080
    • DOCX 26.6 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сырнай Жаргангүл . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сырнай Жаргангүл
    Сырнай Жаргангүл
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27537
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек