Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Мұғалімнің функциональды сауаттылығы – оқушының функциональды сауаттылығын дамытудың негізі.

Мұғалімнің функциональды сауаттылығы – оқушының функциональды сауаттылығын дамытудың негізі.

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұғалімнің функциональды сауаттылығы оқушының функциональды сауаттылығын дамытудың негізі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, оның даму салаларын айқындайтын Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру; білім берудегі ұлттық саясаттарды үйлестіру; білім беру баспалдақтарын әлемдік талаптарға сәйкестендіру; тұрғындардың үнемі өсу үстіндегі оңтайландыру жағдайлары; жаңа ақпараттық, білімдік және басқарушылық

технологиялар, біліктілік тұрғысынан білім беру модельерін енгізу сияқты жаһандану үдерістерінің ықпалы аясындағы реформалау ісінің жаңа сатысына көтеріліп келеді.

Білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы ,сапалы білім беруді қамтамасыз ету жолында сапалы білім беруге қолжетімділікте адами капиталды дамыту үшін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Білім берудің жаңаша мазмұнының нормативтік базасы ҚР мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары болып табылады.

Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жаса.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.

Функционалды сауатты тұлға қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады.

Оқушылардың оқу және жазу сауаттылығы ,математикалық сауаттылық,жаратылстану ғылымдарындағы сауаттылық болып айқындалады.

Сөзсіз,мұғалім оқу және жазу сауаттылығы , математикалық сауаттылық, жаратылстану ғылымдарындағы сауаттылық құзіреттіліктерімен қарулануы қажет.Мұғалім оқушының өнімділік іс-әрекетінде ұйымдастырушы (үйлестіруші)ретінде болуы керек.

Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуда педагогикалық технологиялар басты құрал болып табылады.

Біз өз жұмысымызда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін солардың ең тиімді түрлеріне тоқталмақпыз.

Педагогикалық технологиялар.

  • Жаңа білімді игеруде проблемалық -диалогтық технологиялар;

  • Дұрыс оқу іс-әрекетін қалыптастыру тұрпатты технология;

  • Жобалық іс-әрекет технологиясы;

  • Оқытуда деңгейлік саралау ;

  • Ақпараттық және байланыс технологиялары;

  • Оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау технологиясы.

Проблемалық - диалогтік оқыту технологиясы арқылы жаңа білімді меңгерту

Өз жұмысымызда сабақтың технологиялық картасын ұсынамыз.

Көрсетілген сабақтың картасы екі негізгі қызмет атқарады:

Зерттеушілік,мұғалімнің дамыту курсының оқыту әдістемесі мен технологиясын меңгеру деңгейін анықтау үшін арналған

Консультациялық,мұғалімге жеке көмек көрсетуді мақсат етеді.

«Жаңа білім беруді жүргізу» сабағының технологиялық картасының әзірленген сұлбасын өзіндік (мұғалімнің) іс-әрекетті жоспарлау мен рефлексияжасауда пайдаландық.

Сабақты талдау сұлбасы төмендегідей түрде жасалды:

1. Сабақ кезеңдері.

2. Кезеңдердің мазмұны..

3. Әр кезеңдегі мұғалімнің іс-әрекетті.

4. Әр кезеңдегі оқушының іс-әрекетті.

5. Әр кезеңнің қорытындысы..

6. Әр кезеңнің талдау үшін сұрақтар (өзара іс –әрекет нәтижесі).

Осылайша , сабақтың технологиялық картасының көрсетілген сұлбасында.мәселелер қойылу мен шешілу арқылы барлық іс-әрекеттер жинақталған түрде көрсетіледі:пәндік – қайта жасаушы іс-әрекет действие (іс-әрекетті талдау), моделдеу, моделді қайта жасау, жай есептер шығару (дәлелдеу), бақылау, бағалау. Бастауыш сынып оқушысының оқу субъектісі дамытатын басты мақсатты құрайтын оқу үдерісінің барлық психологиялық механизмдері қатысады. Жаңа білімді меңгерудің проблемалық-диалогтік технологиялары оқушының өзін өзі дамыту үдерісі болса,басқарушы іс-әрекетте мұғалімнің жұмысы осы үдерісті ұйымдастырғыштығы болғандықтан технологиялық карта сұлбасында әр кезеңге сәйкес дидактикалық принциптер көрсетілген.

Дидактикалық принциптер: Д- іс-әрекет, Н-үздіксіздік Ц-әлем туралы тұтас ұғым, М-минимакса, П-психологиялық қолайлылық ,Т-шығармашылық, В – вариативті

Дұрыс оқу іс-әрекеті тұрпатын қалыптастыру технологиясы. Оқу қазіргі замандағы білім алуда жан-жақты техника болып табылады, ал мәтінді түсіну – оқырмандық тәжірибе негізінде оның мәнін түсінуді белгілеу бойынша танымдық іс-әрекет.Келешекте әлеуметтік бейімделуде табысты және білімділік мүмкіндіктерін анықтайтын ақпараттық ортада адамның негізгі жетекшісі қызметін атқарады.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының кейбір әдістері оқушының ізденушілік-зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастырады, мәтіндегі басты ойды табуға, ,әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге үйретеді, негізгі құзіреттерді дамытады.

Мысалы «Түртіп алу» әдісі – INSERT әдісінде оқушылардың негізгі міндеті – мазмұнымен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу, жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттық жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісіздіктен белгіліге қарай жүретін ақпаратпен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет.,. «Кластер» әдісі қандай да бір тақырыпты ұғынуда ой үрдісін көрнекті ететін графикалық ұйымдастыру тәсілі,оқушылардың сөздік қорын арттырады, «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі сабақтың кез келген кезеңінде қолданылады.Оқылым,тыңдалым,ой толғау барысында сұрақтарды белгілеуде белсенді әдіс-өткен материалды түсінуді көрсету

Жобалау іс-әрекеті технологиясы. Функциональды сауаттылық негіздері сөйлеудің әр түрлі әс-әрекеттері қарқынды оқытылатын бастауыш сыныптарда қалыптасады Мұғалім оқушыны ақпаратттар тізбегінде хабардар болуға үйретуі қажет. Осы мақсатқа жетудің бір жолы-жұмыста жобалау технологиясын қолдану.. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі алдыға қояр мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыда ойлау қабілетін арттыру арқылы әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Бұл оқыту әдісінде оқушы дайын түрінде білім алмайды,қайта өзінің оқу-таным әрекетінде өзі өндіреді. Жобалау

іс-әрекетінің білімдік потенциалы қосымша білім алуда оқушылардың мотивациясын арттырады;

- нәтижелерін пайымдау;

-маңызды адамзаттық құндылықтарға тәрбиелейді. (әлеуметтік әріптестік, төзімділік, диалог), жауапкершілік, өзіндік тәртіп,өзін һзі ұйымдастырушылық қабілеті , өз жұмысын сапалы істеуді тілеу.

-тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін , ақпараттық кеңістікте хабардар болу қабілеті, ақпарат таңдау шеберлілігін, сан түрлі мәтінмен жұмыс істей білуді,мектепте алған білімін тәжірибеде қолдана білуді дамыту.

-талдау мен рефлексия дағдыларын қалыптастыру,өз жұмысының нәтижесін көрсете білу.Жоба жасау бойынша жүйелі жұмыс істеудің нәтижесінде оқушыларымыз қалалық,аудандық,республикалық,халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде.

Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы. Әдетте сынып дамуы мен дайындық деңгейі бірдей емес, үлгерім мен білімге әр қилы көзқарас,қызығушылығы мен денсаулығы сан қилы оқушылардан тұрады.Мұғалім оқытуды дәстүрлі ұйымдастыруда барлығына бірдей қарай алмайды. Осыған сәйкес ол оқытуды орта деңгейге,орташа дамуына,орташа дайындығына,орташа үлгеріміне қарай жүргізуге тиісті,басқаша айтқанда оқытуды «орташа» оқушыға қарап жүргізуге тиіс. Бұл сөзсіз «мықты» оқушылар дамуында жасанды тежеледі, олардың ақыл-ой шиеленісін талап етпейтіндіктен сабаққа қызығушылығы жоғалады , ал «әлсіз» оқушылар созылмалы артта қалушылыққа ұшырайды, олардың да ақыл-ой шиеленісін ерекше талап ететін сабаққа қызығушылығы жоғалады. Алайда мұғалім оқытудың жалпы сипаты мен білім мен біліктілікті меңгерудің жеке түрі арасындағы үнемі пайда болатын қарама-қайшылықтарды жеңуде әрқайсысының ақыл-ойын дамыту үшін сабақта қолайлы жағдай жасауы қажет.

Деңгейлік саралаудың мәні мынада:, бір сыныпта, бір бағдарламамен және бір оқулықпен оқи отырып, оқушылар оқу материалын әр түрлі игереді ,бірақ міндетті нәтиже деңгейінен төмен емес.Осының арқасында мұғалімнің қабілетті оқушылармен жұмыс істеу мүмкіндіктері ұлғаяды,бағдарламаны жеңілдету қажеттілігі,бағаға талап деңгейін төмендету болмайды. Ал оқушыларда оқып білетін материалдың көлемін,тереңділігін,меңгеру деңгейін өзінің қабілетіне,қызығушылығына , мүмкіндігіне қарай таңдау құқығы «оқу көңілді» мүмкідігі пайда болады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушының жеке тұлға ерекшеліктеріне, өз мүмкіндіктері мен қабілеттері даму деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру.Басты міндет:оқушы даралығын көру және оны сақтай білу,өз күшіне сенуіне көмектесу, өзінің жоғары деңгейінде дамуын қамтамасыз ету. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі - оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, үлестірмелі материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде береміз. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды. Сондықтан өз

іс - тәжірибемізде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту технологиясының да элементтерін қолданамыз.

Ақпараттық қатынастық технологиялар.Білім беруде ақпараттандыру мұғалімнің ролінің өзгеруіне, оқытудың жаңа түрлері мен әдістері пайда болуына әсер етеді.АҚТ сабақ үдерісінде ойдағыдай қолдану мұғалімнің оқу ортасын ұйымдастыра білу қабілетіне,пәндік білімдерін жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялармен біріктіруіне тікелей байланысты. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.АҚТ-ды сабақтың әр кезеңінде пайдалану әбден мүмкін.

Сабақтың тақырыбын мәлімдеумен қатар,оқушыларды сабаққа толық қамту үшін мұғалім келесі іс-әрекет түрлерін қолдана алады.

1) Оқып білетін тақырыпты көрсету. (тұсаукесер, бейне құлақтандыру, карталар,сұлбалар және т.б.)

2) Проблемалық жағдаяттар(оқып білетін тақырыпты шешуге алып келетін тапсырмалар,сұрақтар,проблеманы көрсететін тұсаукесерлер.)

3) Сабаққа мақсат қою..

4) Оқып білген тақырып бойынша білімдерін тексеру .

5) Әр пән бойынша жаңа тақырыпты бекіту кезеңдерінде мұғалім жаттығу құрылғысы бағдарламаларын пайдалана алады.

АҚТ қолданылған жаттығуларды мұғалім оқушылардың білімін тексеруде пайдалана алады, содай-ақ осындай жаттығуларды дайындауға өз оқушыларын тарта алады.Бұл пәнді өз бетімен үйренуге жағдай жасайды да,оқыту үдерісін серпінді және интербелсенді етеді.

Ойымызды қорыта келе, АҚТ білім бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға арналған диагностикалық талдаулардың балаларға оқу барысында кезігетін сан алуан проблемалардың алдын алуда және мұғалімдер назарын осы жайыттарға аудара отырып, бірлесе шешу жолдарын табуда алар орны орасан зор. Сонымен қатар түрлі формадағы сыныптан тыс іс – шаралар балалардың күнделікті оқу іс – әрекетінде байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Олар бір -бірімен барлық жағынан жақсы қарым-қатынаста болады.Түрлі шаралар ұйымдастырып балаларды сол шараларда мараппаттап көңіл күйлерін арттырамыз. Сонымен қатар ата-аналарды күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелік шараларға, теле байқауларға,ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылауыш ретінде ғана емес, білімділік танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдай тудырамыз.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау технологиялары.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда бағалау жүйесіне де өзгеріс болады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды.Сондықтан бүгінгі сабақта оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау замануй технологиясы қолданылады.

Критериалды бағалау рубрикаторлар арқылы оқушыларды шынайы бағалайтын механизмдердің барлығын талап етеді. Оқушы сабақтаңғы іс –әрекетін бағалау демократияшыл болады,өйткені оқушы өзінің оқуында субьект болса,мұғалім баға қоюда «төреші» рөлін орындамайды.

Критериалды бағалау жүйесі ағымдық және қорытынды бағалар қою тәсілі мағынасында,сондай-ақ осы бағалар қойылатын мақсаттарға жету үшін өте анық.Ата-аналар,оқушылар мен мұғалімдер арасында үнемі байланысты қамтамасыз ете отырып.оқыту мәселесін зерттеудің бірден –бір құралы.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру оқушылардың шеберлігін көрсететін күрделі де,жанжақтылы,ұзақ үдеріс.Қажетті

нәтижелерді тек әр түрлі замануй білімділік педагогикалық технологияларды шебер үйлестіруменалуға болады.

Кез келген білім ордасының мақсаты мен мұраты алдыңғы қатардағы өркениетті елдердің қатарынан көрінетін, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін сауатты, салауатты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін үйретуі керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры, оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болған.

Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс үйрете білу өте маңызды. Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров297
Номер материала ДВ-450782
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх