Инфоурок / Директору, завучу / Статьи / "Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі" мақала

"Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі" мақала

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Мұғалім тұлғасына – қоғам қоятын талаптардың деңгейі

мұғалімнің кәсіби құзырлығы»


Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ.

Білім-адам баласының ортақ қазынасы.

(Ж.Баласағұн)


Н.Ә.Назарбаев жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім бнру қызметіне жол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі , толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық.

Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе - ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы мектеп, ал мектептің жаны- мұғалім екендігі баршаға мәлім.

А.Байтұрсыновтың «Мектепке керектері» еңбегінде былай делінген : «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни , мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң , ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай ізденісте болу үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен , ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиеті мен асқақ , өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады.

«Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»- деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай: қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екені аян.

Қазіргі заман өзгерді, қоғам өзгерді, қоғамдық қасиеттер өзгерді ата –ана мен бала психологиясы өзгерді. Олардың сұранысы өте биік. Бүгінгі күні мектеп мұғалімі жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар, жаңа оқыту технологиясын меңгерген жаңа формациядағы ұстаз болуы тиіс.

Бүгінгі таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеймесе, кеміген жоқ. Білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер, құзіретті мұғалім керек.

Құзырлық дегеніміз- белгілі сападағы жақсы мәліметке ие болуының терең білімі, іскерлік, жеткілікті деңгейдегі білімділік.

Ал хабардарлық, жете білушілік, жетіктік, терең білу құзырлықты білдіреді.

Білім беру жүйесінің жаңа парадигмалары оның дамуының дәл осы кезеңінде педагогикалық қауымдастық қабылдаған, басымды, үлгі ретіндегі теориялық және әдіснамалық ережелердің жиынтығын анықтайды.

Кәсіби құзырлылық

Арнайы Өзінің мамандығына сәйкес білімі, біліктілігі, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін бағалау, біліктілігінің болуы.

Әлеуметтік Тіл туралы білімінің, коммуникативті мәдениетінің , топтың іс – әрекетке, басқамен ынтымақтастыққа қабілеттілігінің, өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне, қоршаған ортасы мен құндылыққа дайындығының болуы

Тұлғалық Өзін-өзі тану бойынша біліктілік, дағдысының, кәсібін үнемі жетілдіруге , өзін-өзі белсендіруге, рефлекцияға, кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайыедығының болуы.

Кәсіби құзыреттілік- жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттігінің бірлігі. Ал мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігіне мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда яғни оқушылармен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзіреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлық қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни мұғалімнің білім-білік дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі , жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі , педагогикалық такт, әдеп т.б. жатқызамыз.

Оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерту, табиғат, қоғам туралы танымын қалыптастыру, оның жеке бас қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғарыдағы адамгершілік принциптерге тәрбиелеу- бүгінгі күннің басты талабы екенін естен шығармау орынды. Себебі қазіргі кездегі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді демократияландыру, ізгілендіру процестері баланың еркін дамуын , белсенді, шығармашылық жұмыс жасай алуын талап етеді. Осыған байланысты қоғамның басты тірегі адам- жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі тың тұрғыдан таңылуда оның қалыптасуына әсер ететін факторларда шетте қалмауы тиіс. Атап айтатын болсақ, педагогикада жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін шешуші факторлар: орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін төмендегідей ашып айтар едік.

-іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы-яғни педагогика , тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, өз пәнінің жүргізу әдістемесі, сол пән арқылы оқушыларға берілетін терең игеру;

-түйінделген іскерлікті, дағдыны қабілетті меңгеруі- дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен практиканы байланыстыра алу қабілеті диагностикалық іс-әрекет. Ғылыми – зерттеу іс-әрекетімен айналысу,

-кәсіптік педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы- бұрыннан қалыптасқан « мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс» деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының басты көмекшісі болу керек, оқушының даму деңгейіне қарамастан , оның тұлғасын құрметтеу, авторитарлық биліктің орнын өзара бірлескен қызмет, көмек, оқушының аз да болса да жетістігіне қуана білушілік басым болуы керек. Оқушылардың әр қайсысын тануға тырысу, өз мамандығын сүю;

-инновациялық технологияларды меңгеру- мектеп мұғалімі өзінің шығармашылық іс-әрекетінің тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі бар инновациялық технологияларды меңгеруі. Жаңа-инновациялық технологияларды ғылыми ізденіспен тәжірибе енгізуге өз үлесін қосуы.

Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу, ата-аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата-аналарына сыйлы болатыны даусыз. Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы ұғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады.

Мұғалім қызметінде өз кәсіби құзіреттілігін жетілдіре отырып жетістікке жетудің алғы шарттары: сырт кескін- келбеті;

  • пәндерді сабақтан тыс ақпараттармен қамтамасыз ету;

  • мінез-құлқы, пайымдау мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі;

  • әзіл-қалжыңға мән бере білуі;

  • оқушылардың жеткен жетістіктерін мақұлдай қолдай білуі;

  • шығармашылық және төзімділік;

  • басқалардың пікірін сыйлай білу;

  • еркіндік, икемділік;

  • кез-келген жағдайда оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алу;

  • балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.

Егер мектеп мұғалімі жоғарыда аталған шарттармен өзін-өзі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, онда мұғалім өз жұмысының нағыз шебері болатыны даусыз. Қазіргі қоғамға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі де сай болар еді.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-532009
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>