Инфоурок Другое Статьи"Мұғалімнің шығармашылық қиялы" тақырыбында мақала

"Мұғалімнің шығармашылық қиялы" тақырыбында мақала

Скачать материал

Мұғалімнің шығармашылық қиялы

«Жеке адамның келешегін жобалауда» мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.

А.С.Макаренко

 

Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Осы процесстің адам өмірінде алатын орны ерекше. Әсіресе, мұғалімнің шығармашылық  қиялы бүгініміз бен болашағымызды өзгертуге зор ықпал етері сөзсіз.

Творчестволық қиял деп өзіндік образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің, өнер қайраткерлерінің  және мұғалімдердің іс-әрекетінде үлкен орын алады. Ақын-жазушының творчестволық қиялынан көркем-әдеби шығармалар туындаса, суретшінің қайталанбас еңбегі оның қиялының жемісі болмақ. Өнер саласындағы қай жан болса да өзінің творчестволық қиялының арқасында «өнер қайраткері» атана алады. Ал біздің мұғалім мамандарға осы қиялдың қандай қажеттілігі бар және оның нәтижесі қалай көрінеді?

Мұғалімнің шығармашылық қиялы оқушы немесе оның шәкіртімен тығыз байланысты. Оның шығармашылық қиялын жалпы және жалқы деген екі топқа бөлуге болады. Жалпы дегеніміз білім саласындағы көптеген оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру мақсатындағы шығармашылық қиял. Осы қиялдың арқасында көптеген дидактикалық еңбектер жарыққа шығады. Жалқы дегеніміз бір немесе екі озық шәкірттерді нәтижелі еңбекке баулу және оларды көшбасшы ретінде тәрбиелеу жолындағы шығармашылық қиялды айтамыз. Бұл қиялдың нәтижесінде олимпиада чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары тәрбиеленеді. Қиялдың екі түрінде де саналы мақсат қоя білу, болашақты болжай білу және іс-әрекеттің нәтижесін күні бұрын көре білу қажет.

Мұғалімнің кез-келген іс-әрекеті жұмыстың мақсаты мен мазмұнынан және оның күтілетін нәтижесінен тұрады. Оң нәтиже мұғалім қиялының ұшқырлығы мен дәлдігін білдіреді. Осындай шығармашылық қиялдың нәтижесінде В.А.Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы» атты еңбегін жарыққа шығарса, Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегін жазды.

Мұғалім алдына келген әрбір жеке тұлғаның болашағы жайлы терең ойланып, оның мақсаты мен мұратына адамгершілік тұрғысынан әсер ете білгенде ғана қоғамға пайдасы тимек. Мұғалім қиялының нәтижесі оның әр өткен сабағынан байқалады. Себебі, ол алдағы болатын сабаққа алдын ала  дайындалып, өтілетін сабақты ой елегінен өткізе отырып мақсаты мен күтілетін нәтижесін айқындайды. Осы мақсатта түрлі дидактикалық еңбектер жазады. Сонымен қатар әр оқушының жеке ерекшеліктерін байқай отырып, шығармашылық қиялының арқасында оған дұрыс бағдар бере алады. Мұғалім өзінің шығармашылық қиялының арқасында әр оқушыны қоғамға қажетті азамат ретінде көре алады және осы мақсатта тәрбиелейді.

Пирамидальная схема

Бүгінгі таңдағы жас жеткіншектер педагогикалық мамандықтарға сүйіспеншілікпен емес, қажеттілікпен келуде. Сондықтан да, мамандықтың қыр-сырын ашу, мамандыққа махаббатты ояту және осы салада шығармашылық қиялдау үшін студенттерге нәтижелі бағыт беру мәселесі туындап отыр. Осы мәселе тұрғысынан, педагог мамандарды дайындауда олардың шығармашылық қиялын қалыптастыру және дамыту үшін кем дегенде 10 педагогикалық әдебиет және 90 әдеби кітапты оқуды талап еткен жөн. Педагогикалық мамандықта оқитын әр студент оқу соңында мемлекеттік емтиханмен бірген осы әдебиеттер бойынша да емтихан тапсырса, болашақта олардан жақсы мұғалімдер шығары сөзсіз.

Әр мұғалім алдымен өзінің шығармашылық қиялын дамытып, қиялының жетегімен нәтижелі іс-әрекет жасағанда ғана мәңгілік елдің ұрпақтарын тәрбиелей алады. 

 

ҚазҰУ-нің  механика-математика факультеті

математика мамандығының 1-курс магистранттары

Илесова Айдана

Асқар Дәурен

  

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мұғалімнің шығармашылық қиялы" тақырыбында мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 908 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2017 2853
    • DOCX 37.5 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Илесова Айдана Нурсултановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Илесова Айдана Нурсултановна
    Илесова Айдана Нурсултановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16657
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой