Инфоурок Информатика Другие методич. материалыМұғалімнің рефлексиясы "Интерактивті әдістің тиімділігі"

Мұғалімнің рефлексиясы "Интерактивті әдістің тиімділігі"

Скачать материал

Мұғалім рефлексиясы

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта  «Интербелсенді әдістің тиімділігі» тақырыбында мектеп ұжымына шеберлік – сынып өткіздім. Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін  таңдау керек және осы әдісті қолдану жолын өзі жақсы білуі керек.

 Интербелсенді әдіске тоқталатын болсақ, ол оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін қолданылатын  әдіс. Интербелсенді оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқаруда оқушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту, яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап етеді. «Интерактивтік»деген сөз энциклопедияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, оларды шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
           Интерактивті оқыту әдісінің ең бастысы, жауаптың өзінен де мәселені шешу үдерісінің маңызды немесе маңыздырақ екенін түсінуі. Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру ғана емес, оқушының өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастырумен байланысты.
          Интерактивті әдісті сабақтарымда қолдану барысында  тиімді оқыту, тек қана өзара әрекеттер үдерісінде болатынына көз жеткіздім және  оқушылардың талқылау кезінде көп ақпаратты  естерінде сақтайтындығын байқадым.

Шебер-сыныпқа дайындалу барысында өте көптеген материалдарды қайта қарауыма тура келді, себебі дайындықсыз өткізілген кез келген шара нәтиже бермейді. Қолданып жүрген әдістердің ішінен ең тиімдісін таңдау бір мәселенің шешуі болса, оған сәйкес тапсырма  табу одан да қиын мәселе екенін бәріміз білеміз. Сондықтан әріптестерімнен көмек сұрауға жүгіндім. Деңгейлік курста үйренген көшбасшылық міндетімді іске асыру үшін мектебімдегі шығармашыл мұғалімдерді тарту дұрыс деп ойладым. Осы шебер-сыныпта қолданатын тапсырмаларды табуыма көмектесулерін сұрадым. О.Г.Белоброва ойлана көмектесуге тілек білдірді. Алдымен жоспарым мен тақырыпты таныстырдым, алдын ала Ольга Геннадиевна әдістемелік күні осы тақырыпта сабақ өткізуге бел буғанын әдіскерден біліп, қандай көмек керек екенін сұрадым. Әрине оның біздің, яғни дамытушы топ мүшелерінің осы тақырыпта коучинг, шеберлік сынып көрсетуімізді күтіп жүргенін білдім. Оны тәлім алушым ретінде осы сабақты өткізуге қатысуын сұрадым, ол өзінің нәтижесін берді. Шебер сыныпқа тапсырмаларды таңдауыма өз көмегін тигізді. Шебер-сынып өткеннен кейін О.Г-на өзінің қанша еңбектенгенін айтып, тағы да жалғастыратынын айтты. Көптеген жаңа мәліметтер алдым, өзімнің кәсіби дамуыма себін тигізді, енді өз сабағымды қалай өткізетінімді елестете аламын дегені менің де табысқа жеткенімді білдіреді.

            «Миға шабуыл» бұл тапсырмада қатысушылар тақырып бойынша өз идеяларын ұсынды. Әр түрлі нұсқалар қарастырылды, жауаптар берілді және қатысушылардың жауаптары ортаға салынды.  Бұл жерде қатысушылардың айтқан идеялары сынсыз қабылданады. Дұрыс жауабы беріледі де талқылауға тағы сұрақтар беріледі. Қатысушылар топпен ұйымдаса отырып талқыға салады, яғни Алекс Осборнның «Ой-талқы» әдісі тиімді пайдаланылды. «Ми шабуылы» әдісінің артықшылығы неде дейтін болсақ? Қатысушылардың  тең құқылы болуы мен жетекшілік етуде авторитарлық стильге

жол берілмеуінде. Әдісте жалқаулық пен ескішіл ойлау, эмоционалдық «алау» мен рационализм, өзін еркін ұстауға, интуиция мен қиялды белсендетуге арналған психологиялық микроклиматтың көмегімен автоматты түрде жоғалады. Сонымен

қоса «ми шабуылы» әдісі проблемалардың шешімін іздеуде жаңа идея, ой, пікірлер шығару барысында «ақылсыз ойлардан» қорықпауға, интенсивті «ой кезбелігінде» күлкілі жағдайда қалған кезде қысылмай еркін сезінуге үйрететін бірден-бір әдіс болып келеді. Тақырыпты талдау кезінде қатысушылар тек қана ақшаға тіреп, ол көбірек ақша алып, одан да жақсы үй салғысы келді деген жауаптарына ұялатындарын айтып күліп жатты.       Ал, жаңа үлгідегі: «Қызыл телпек» ертегісін «Рөлдік ойын» әдісімен орындауда бірінші қатысушылар топ болып мәтінді оқып, талқылап, ақылдасады. Екінші мәтінді топ ішінде рөлге бөліп оқиды. Сосын мәтін бойынша рөлдік көрініс ұйымдастырады. Ойын соңында әр қатысушыға кері байланыс жүргізіледі. Қатысушылар рөлге енгендері соншалықты ертегіні өздерінше толықтырып та отырды. Кері байланыс нәтижесінен  диалог арқылы сөйлеу дағдысын дамытуға өте тиімді әдіс екеніне көз жеткізгендерін байқадым.

«Фишбоун стратегиясы». Мақсаты: сыни ойлайды, біріге жұмыс істейді, зерттеу жұмысы жүреді, оқыған материал бойынша білімдері жинақталады. Бұл әдіс болған жайдың себептерін терең талдап, мақсат қойып, мәселенің әр түрлі бөліктерінің өз ара байланыстарын көрсетуге өте ыңғайлы. Тақырыпты құрылымдауға көмектеседі. Осы тапсырманы орындауда топ мүшелері қызығушылықпен, шығармашылықпен өз жауаптарын постерге түсірді, тақырыпты шешудің көптеген идеяларын ұсынды, негізгі мағынасын қысқа әрі түсінікті түрде көрсете алды. Көптеген мұғалімдер осы әдісті толық түсінбей жүргендерін, енді оның миға шабуыл кезеңінде қолданса өте тиімді болады екен деген шешімдерін де айтыпты.   Келесі бір әдіс «Пікірсайыстар», яғни Дебат оқушылар бір тақырып бойынша қойылған мәселені «иә, жоқ, қарсы» шешуі зерттеледі. «Құмырсқа мен шегіртке» ертегісі бойынша  бөлініп әңгіме дебат өткіздік. Қатысушылар  бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйренеді. Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлауын, талдау, маңыздысын ажырату іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Элементтері: дәйектерді құру; проблемаға байланысты түрлі көзқарастарды ашу; проблеманың фактілерін және идеясын көрсету. Талдау нәтижесінде пікірлер әр түрлі болды. Бір топ құмырсқа дұрыс істеді, еңбек етпеген ішіп-жемейді десе, екінші топ құмырсқа дұрыс айтты, бірақ көмекке зәру кісіге есікті жабуға болмайды. Бұның бәрін қазіргі кезде «жұмыс» деген түсінігі белгісіз, әркімнің әр түрлі өмір сүруін де мысалға алып кейбіреулер жұмыс істемей-ақ өмір сүруде, ал кейбіреулерге сәті түспеген болар сол себепті көмектесу керек  деген ұсыныс айтты. Христиан моралін мысалға ала отырып қатысушылар Европаның цивилизациясының алдыңғы қатарда болуы туралы да ой-пікірлерін айтты. Шынына келсек «Құмырсқа мен шегіртке» ертегісі осыншама талқыға түседі деп ойламап едім, көңілім толды.

Айта кетсем осы тәсілдер «Интербелсенді» оқуға негізделген деуге болады.
Интербелсенді оқу/оқыту әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрену, үйрету болып табылады. Мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді. Бұған дәлел оқушы жадында бірнеше мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң-үйренемін!»
        Баланың бойында терең ойлану, өз идеялары мен әрекеттерін талдау, бағалау, пікірталастарға қатысып өз ойы мен пікірін дәлелдеу, басқа балама пікірді ескеруі және шешім қабылдауы, қиын мәселелерді шешуі барысында бала сол күнгі білімді есте сақтайды.

         Кездескен кедергілерге келетін болсам, бір сабақта көп әдісті қолдануға болмайтындығы, себебі әр тапсырма уақытты талап етеді. Уақыт тар болғандықтан толық ашылуға уақыт жетпеді. Екіншіден топтың дұрыс бөлінбеуі, бір топта гуманитарлық пән мұғалімдері жиналғандықтан олар шапшаңдау болды деп ойлаймын. Негізінен кері байланыс нәтижесі бойынша мақсатыма жеттім, енді әдістемелік күні сабақтарында қалай қолданатындарын  көріп, қорытынды жасай аламын. Қазірдің өзінде қызығушылық танытып жатқан ұстаздарымыз келіп көмек көрсетуімді сұрауда.  
         Менің ойымша, әр мұғалім«сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасында айтылғандай түрлі тәсілдерді күнделікті сабақта тиімді қолданса білсе  ғана еңбегінің жемісін көреді. Сондықтан жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Яғни, бала жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұғалімнің рефлексиясы "Интерактивті әдістің тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мұғалім рефлексиясы

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта  «Интербелсенді әдістің тиімділігі» тақырыбында мектеп ұжымына шеберлік – сынып өткіздім. Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін  таңдау керек және осы әдісті қолдану жолын өзі жақсы білуі керек.

 Интербелсенді әдіске тоқталатын болсақ, ол оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін қолданылатын  әдіс. Интербелсенді оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқаруда оқушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту, яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап етеді. «Интерактивтік»деген сөз энциклопедияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 855 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2014 3582
    • DOCX 617.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем МУХАТАЕВА НАЗИРА ДАЛИБЕКОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    МУХАТАЕВА НАЗИРА ДАЛИБЕКОВНА
    МУХАТАЕВА НАЗИРА ДАЛИБЕКОВНА
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 40496
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 564 человека из 73 регионов

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 24 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 26 регионов

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 22 регионов