Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Мамандық -өмір таңдауы" тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Мамандық -өмір таңдауы" тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Тақырыбы: Мамандық - өмір таңдауы.

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану

аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу: қазіргі

заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа бағыттау.

Cабақтың түрі: Пікір алмасу

Көрнекілігі: нақыл сөздер, Н. Назарбаевтың нақыл сөзі, интерактивті тақта.

Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар , Қазақстанның жарқын болашақтары! Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін сабақта біздер осы маңызды тақырыпқа тоқталамыз.

Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау міндеті тұрады . Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деген сөзін басшылыққа алу керек.

Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып , тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.

Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.

Психолог мамандардың айтуынща, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келген мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. Мамандық таңдауда әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек.Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар.Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 –ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен.Олардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап алу үшін бізге икем, қабілет және мінез қажет.

Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар.Міне адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы,тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады.

Осы мақсатта біз «Мамандық - өмір таңдауы» пікірсайысымызды бастаймыз. Пікірсайысымыз 8 кезеңнен тұрады.

  1. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»

  2. Менен сұрақ, сенен жауап.

  3. Мен мамандық әлеміндемін

  4. Ең жақсы ойыны

  5. Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

  6. Мамандықтарды сәйкестендіру

  7. Қазіргі заманның табысты мамандары

  8. Жағдаяттық сұрақтар.


1.Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады

Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілеті, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауартпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан қайтпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

«Мамандық» сөзіне  анықтама беру.

      Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

    Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

      Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет.



2.Менен сұрақ, сенен жауап


1) «Маман иесі»-дегенді қалай түсінуге болады?
2) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
3) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.


4). Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

5)Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

6)Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?

7)Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

8)Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

9)Адам белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек?

10)Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ:

Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:

 Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер

Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

  Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік білім алуға болады.

 Жоғары кәсіптік білім:  ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.


Еліміздегі ЖОО жайлы айта кетер болсақ, статистика агенттігінің мәліметі бойынша қазір елімізде 148 ЖОО орны бар, оның 52 Алматыда орналасқан.Университеті көп өңірлер қатарына Қарағанды(13), Астана қаласы(12), ОҚО (10), ШҚО (10).

Елімізде айрықща мәртебесі бар мемлекеттік жоғарғы оқу орындар(ұлттық):

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті(Алматы),

Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. (Алматы)

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана)

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті. (Алматы)


3. Мен мамандық әлеміндемін

Көптеген жасөспірімдер мамандық таңдауда қателіктерге ұрынып жатады.

Ол қателіктер мыналар:

  1. Мамандықты ата-ананың таңдауы;

  2. Мамандықты сүйікті пәнмен шатастыруы;

  3. Мамандықты досыңа қарап таңдауың;

  4. Қабілет –қарымыңды ұштастыра алмауың;


Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – өнер.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, бағдарламашы, ЭвМ операторлары, инженер, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь, радиомеханик, компьютер құраушы жатады.

Адам – өнер: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

4.“Ең жақсы” ойыны.


Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
-          Ең жасыл................
-          Ең тәтті...................
-          Ең ақшалы .............
-          Ең жауапты ............
-          Ең күлкілі ................
-          Ең адамдармен көп араласатын  .........       

  • Ең салмақты...............




5.Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

  • Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

  • Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

  • Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

  • Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

  • Ақша болса, мамандық қажет емес

  • Мамандық таңдауда психологтің  көмегі қажет

  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

  • Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды

  • Мамандық таңдау – күн көріс қамы

6. Мамандықтарды сәйкестендіру

1)қазіргі уақытта жоқ, жойылған

2) ХХ ғасырда пайда болды

3) соңғы 10 жылдықта пайда болды

 

Суретші,  ЭВМ операторы, машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, атқосшы, дәрігер, продюсер, экскурсовод, космонавт, аспазшы, гувернер, клоун, дизайнер, педагог.



7.Қазіргі заманның табысты мамандары



























Тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болуы үшін сендер өз үлестеріңді қосуларың керек. 11 жылдық мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуларың қажет. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.

Араларыңызда кейбіреулерің қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды армандап жүрген шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Осы орайда осы заманға лайықты табысты мамандықтармен таныстырып өткім келіп отыр.

Аниматор-суретке жан бітіруші. Мультипликатор-мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор-үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды.. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

Витражист-көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра алатын мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

Декоратор- түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар.

Интерьер дизайнері-үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналыстыра білетін маман.. Бұл қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.

Импрессарио немесе продюсер- түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы.Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге де болады. Аса бір қабілеттілікті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.

Клипмейкер-бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап тауып, қысқа бейне хабарламалар жасайды.


8.Жағдаяттық сұрақтар.

1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандығыңа ата-анаң қарсы.Сен ол кезде не істер едің?


2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасың.
Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол мамандыққа жаның қас. Не істейсің?

Қорытынды. Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді...Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет , қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.






























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров4197
Номер материала ДВ-303346
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх