Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Презентации / «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ «(ПРЕЗЕНТАЦИЯ)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ «(ПРЕЗЕНТАЦИЯ)

библиотека
материалов

«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ «(ПРЕЗЕНТАЦИЯ)


Мамандық таңдау табыстың кілті
Мақсаты: Оқушының  өзі таңдайтын мамандық  туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік, міндеттілік, зерттеушілік  әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту, оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ  кәсіби  бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау



Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау сауалнамасы


Құрметті мектеп бітіруші! Өзіңнің көңіліңнен шығатын сауалды белгілеуіңді сұраймыз.
1. Сен болашақ мамандығыңды дәл таңдадың ба?
2. Таңдау себебі- материалдық қызығушылық па?
3. Таңдаған мамандығыңда Сені ең алдымен жұмыс процесі қызықтырады ма?
4. Сен жұмыс (оқу) орнын оған достарың барғандықтан таңдадың ба?
5. Сен жұмыс (оқу)орнын сенің үйіңе жақын болғандықтан таңдадың ба?
6. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған жағдайда қосымша баламаң бар ма?
7. Өзің таңдаған мамандық туралы басылымдардан оқисың ба?
8. Таңдаған мамандығыңның зиянды тұстарын білесің бе?
9. Кім болып істеген маңызды емес, маңыздысы қалай жұмыс істеуде.
10. Сенің пікіріңше мамандықты таңдауды ойламас бұрын куәлікті алу қажет пе?
11. Сенде өзің таңдаған мамандыққа қажет қандай сапалық көрсеткіштер жетіспейді?
12. Кәсіби маңызды сапаларды дамытуда жұмыс жасайсың ба?
13. Сен денсаулықтың мамандық таңдауға әсері жоқ деп ойлайсың ба?
14. Мұғалімдер сен таңдаған мамандықты құптайды ма?
15. Сен өзің таңдаған мамандықтың жағымсыз тұстарын білесің бе?
16. Сен таңдаған мамандыққа жақын қызмет түрінен сынақ жасап көрдің бе?
17. Сен дәрігермен болашақ мамандықты таңдау туралы кеңестің бе?
18. Мамандықты таңдауда маңыздысы-кәсіптік оқу орнына түсу мүмкіндігі.
19. Сен өзің таңдаған оқу орнына түсу шарттары туралы білесің бе?
20. Сен өзің таңдаған мамандық бойынша жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы білесің бе?
21. Сен туыстарыңның жұмысқа (оқуға түсуге) орналасуда көмек беретініне сенімдісің бе?
22. Өзің таңдаған мамандық өкілдерінің табысы туралы білесің бе?
23. Егер өзің таңдаған оқу орнына түсе алмасаң қайтадан түсуге талаптанасың ба?
24. Мамандықты дұрыс таңдау үшін «қаладым» деген сөз жеткілікті ме?
Алынған нұсқаларды төмендегіше екі бағанға қойып шығыңыз.  
1- қатар-1,3,6,7,8,11,12,14,15,16,17,19,20,22,23- сұрақтарға «иә» жауаптарыңыз жиынтығы.
2- қатар-2,4,5,9,10,13,18,21,22,23-сұрақтарға «жоқ» жауаптарының жиынтығы.
Алынған сандарды қосып, келесі шкала бойынша оқушылардың мамандық таңдауға дайындық деңгейін анықта:
0-6 ұпай- дайын емес;
7-12 ұпай – төмен дайындық;
13-18 ұпай-орта дайындық;
19-24 ұпай – жоғары дайындық.
Білім беру ұйымының мониторинг матрицасына оқушылардың жалпы жауаптар санының есебінен пайыздық қатынаста жалпы берілгендер енгізіледі.
Ескертулер бағанына жауап берген оқушылар санын енгізу қажет.

Конец формы































































Мамандықтың сыры неде?

10 қазан 2014 - Алтынгүл Берсүгірова

Мамандықтың сыры неде?

Информатика және математика пәнінің мұғалімі

Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

79 негізгі мектеп

Қызылтам бекеті

 

Тақырыбы:    «Мамандық таңдаудың сыры неде?»

Мақсаты:

·        Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту.Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру.

·        Елімізде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып өз көзқарастарын, ой пікірлерін дәл, еркін  жеткізе білуге тәрбиелеу.

Түрі:  Кездесу  сабақ

Әдісі:Пікірталас

Көрнекілігі:Презентациялық слайд /нақыл  сөздер, президенттің өмірі, мамандық әлемінде/, бейне таспа.

Барысы:

       І.   Ұйымдастыру  кезеңі.

Кіріспе:  

     Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25  млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.  Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін.

Тренинг:

«Мен және менің таңдауым»

Өз есімі мен болашақ таңдаған мамандығын  таныстыру.       

  ІІ. «Болмасаң да  ұқсап  бақ ...»

   «Мамандық таңдаудың сыры неде?» тақырыбындағы пікірталас Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылап отыр.

Елбасымыздың балалық шағы, еңбек жолы.     

ІІІ. «Сен  қай  мамандықты  таңдадың?»

Өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты.  Сонымен қатар мамандық таңдау факторларына мыналарды жатқызуға болады:

«Білгім келеді» -(қызығушылық, бейімділік).

«Қызығушылық» -қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге, оны зерттеуге деген құмарлық.

«Бейімділік» -қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.

«Қолымнан келеді» -(қабілет, денсаулық жағдайы).

«Қабілет» -адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке – дара қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.

«Маған керек» -(қажеттілік, сұраныс)

                                 «Мамандық»сөзіне  анықтама беру.

      Профессия — латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

 Мамандық таңдау — өте жауапкершілікті және маңызды іс.

 

     Сен өз келешегіңді таңдау алдында  тұрсың!

      Осы жолды бастар алдындағы негізгі міндетің мамандық таңдау. Ендеше

1.     Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің? Мамандық таңдау не үшін керек?

2.     Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек?

3.     Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың? Қорқынышты ма?

4.     Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады  деп ойлайсың?

5.  Сен таңдаған мандық қаншалықты сұранысқа ие?

6.  Сен осы мамандықтың иесі бола тұра жұмыс таба алатындығыңа сенімдісің бе?

7. Таңдаған мамндығыңа басқа адамдардың ықпалы бар ма?

8. Қазіргі уақытта қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз?

                                 /Мамандықтар туралы слайд/

 

  ІV.  Мектеп түлегінің моделі.

      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер  сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп  өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек! Ендеше мамандықты дұрыс таңдай алатын мектеп түлегінің моделі қандай болу керек деп  ойлайсыңдар?

      Мектеп түлегінің моделі :

·        ӨЗІНЕ  СЕНІМІН   АРТТЫРУ

·        ӨЗ ЖҰМЫСЫН  ҰЙЫМДАСТЫРА  БІЛУ

·        ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ  БОЛУ

·        ӨЗІН- ӨЗІ   ОҚЫТУҒА   БЕЙІМДІ

·        ҰЖЫМҒА  ӨЗ  ҮЛЕСІН  ҚОСУШЫ

·        ПІКІРТАЛАСТА  ӨЗ  ОЙЫН  БІЛІП, ӨЗ ОРЫНЫН  ҚОРҒАЙ  АЛАТЫН

·        ТӘЖРИБЕДЕН  ӨЗІНЕ  ПАЙДАЛЫСЫН  АЛА  АЛАТЫН

·        ПРОБЛЕМАСЫН  ШЕШЕ  АЛАТЫН

·        ӨЗ БЕТІМЕН ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАЙ  АЛАТЫН  ТҰЛҒА БОЛУ ШАРТ

 

   V. Болашақ мамандығыңды ақылмен таңда:

 I. Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс.

  Бұл ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан!

Мамандық таңдай алмау проблемасына келіп тоқталсаң, өзіңе мынадай сұрақтарға жауап беруге тырыс:
 

1. Маған немен айналысқан ұнайды?
 

2. Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет: Не істеп жүргеніңді… Қандай іс атқарып жатқаныңды… Атқарып жатқан жұмысың өзіңе ұнай ма? Жұмысың өзіңе немесе айналадағы адамдарға пайдасы бар ма? Осы сұрақтарға мұқият ойлан

Себебі мамандық таңдау - ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.
 

II. Қызықтырған мамандықтарыңның тізімін жаса.

ҰБТ бойынша мамандықтар тізімін ашып, бесінші пәнді есепке ала отырып қалаған мамандықтар тізімін жазып ал.

III. Таңдаған мамандықтар бойынша гранқа түсу өту баллдарын анықта.

Ол үшін 2014  жылғы грант тағайындау конкрусының нәтижелерін көр.
 

IV. Түйін шығар!

Грантқа өтініш жазу барысында саған 4 мамандық таңдау мүмкіндігі беріледі. Қазірден бастап сол 4 мамандықты анықтап алуға тырыс.
 

1. Бірінші, жаныңа ең жақын мамандықты жаз. Ойыңдағы мамандық талап етілетін балдар байқау сынақтарында алған балдарыңнан жоғары болады.

2. Екінші, маңыздырақ болған мамандықты таңда,  бірақ мамандықтың минималды өту баллы сенің балыңмен бірдей немесе сәл төмен болсын. 
 

3. Үшінші, бұл тізімге 100 пайыз түсетін мамандықты жазуға тырыс. Сенің баладарың минималды өту балынан әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

4. Төртінші, соңғы мамандықты үшінші тізім принципі бойынша таңда.  

Егер сенде ауыл квотасын иелену құқығы бар болса, онда 3 және 4 тізімдегі мамандықтарды ауыл квотасы тізімінен таңда.
 

Минималды өту баллынан ҰБТ нәтижең жоғары болғаны сенің грантқа түсу мүмкіндігіңді арттырады.

Ал егер де "Алтын белгі" иегері болсаң, онда сенде қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі өте жоғары. Себебі ең алдымен гранттар "Алтын белгі" иегерлері арасында конкурсқа түседі.
 

Егер сен ҰБТ емтиханынан  төмен балл алған болсаң, радиотехника, электроника және телекоммуникация секілді жоғары бәсекелестігі бар мамандықтарды таңдамағаның лазым. Ең дұрысы Құрылыс секілді грант көп бөлінетін мамандыққа тапсырғаның жөн.

Сәттілік!

     

  Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

 

Жауаптар:

-         Компьютерді білу;

-          Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.

-          Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.

-          Өз тауарын, қызметін өткізе білу.

-          Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.

-          Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.

 

         VІ. Сабақты  қорытындылау.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Менің мамандығым – оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастысы. Менің мамандығым ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.

  Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев ағамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі кешімізге келген сіздерге рахметімді айта отырып, бұл кездесу  болашақта  өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне  сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймын.

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.















«Мен қаладым» саралаушы-диагностикалық сұрақнамасы







«Мен қаладым» саралаушы-диагностикалық сұрақнамасы

 

Бұл сұрақнама сенің бейімділігің мен кәсіби

қызығушылықтарыңа жауап алуға мүмкіндік береді. Сұрақнама негізінде адамды

еңбек процесінде байланыстсратын заттар мен нысандар белгісіне қарай, барлық

мамандық түрлері 6 типке бөлінген.

Басқа

адамдар. Бұған көбінесе, адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың бір-біріне

тигізетін әсеріне байланысты мамандықтар жатады. Мысалы, дәрігер, менеджер,

мұғалім, психолог, әлеуметтік қызметкер, сатушы, жаттықтырушы. Бұл мамандықтарға

икемделу үшін адамдармен тіл табысып үйреніп, қарым-қатынасқа бейімделу керек.

Мұндай мамандықтарға кәсіби даярлау екі негізгі бөлікті біріктіреді: біріншісі

– жұмысты орындау саласына байланысты ( мысалы, жаттықтырушы өз спорт түрін

жақсы білсе, сатушы ұсынатын тауарларының ерекшелігін ) , екіншісі – адамдармен

тиімді іскерлік қарым-қа тынас жасауға даярлау.

Табиғат. Мұндай жұмыс тірі

табиғат нысандарына бағытталған. Мысалы, бұл агроном, фермер, кинолог,

ветеринар, гүл өсіруші, микробиолог, ара өсіруші, орманшы, қызметтеріне

байланысты. Биологиялық нысандары күрделі, стандартқа сәйкессіз өзгермелі,

олармен табыс жұмыс істеу үшін ішкі сезім, қамқорлық, бастама көрсету, жеке

жұмыс тән. әдетте адамдар тірі нысандарға өзгеше қарым-қатынас көрсетеді. Кейде

табиғат демалыспен байланыстырылады. Бірақ мұндай бейім түрін өзіңе мамандық

ету үшін бір ғана сүіспеншілік жеткіліксіз, ол үшін өсімдіктер әлемімен және

жануарлар дүниесімен үнемі әрі белсенді байланыста болу қажет.

Техника. Бұл мамандықтар: техникалық

тетіктерді қайта жөндеу мен қызмет көрсетуге байланысты жүргізуші, ұшқыш, поезд

машинисті, компьютер жүйесіне қызмет көрсететін маман, инженер-технолог және

т.б. Сонымен қатар бұл мамандықтар тобына «жұмысшы» деп аталатын балқытушы,

дәнекерлеуші, станокшы, краншы және т.б. жатады. Мұндай мамандар негізінен

пайдалы қазбаларды қазу мен өңдеу, металлургия, машина жасау, көлік, құрылыста

жұмыс істеу үшін өнеркәсіптің түрлі салаларында қажет. Осы типтес мамандық

салаларына табысқа жету үшін техникалық ақыл-ой, дәлдік, нақты әрекеттерге

деген бейімділік керек.

Белгілер

жүйесі. Бұл

мамандықтарда мәтінмен, құжаттармен, түрлі қор деректерімен, математикалық

қосындылрмен істелетін жұмыс басым болып келеді. Мысалы, аудармашы,

программист, бузгалтер, экономист, коррктор, іс жүргізуші, эксперт-сараптамашы.

Мұндай жұмыстар үшін асқан дәлдік, шыдамдылық, сараптан-саралайтын ақыл-ой

қажет. Мәтіндерге, кестелерге, формула, сызба, карта, түрлі сипаттағы шартты

белгілерге деген қызығушылығы болғаны жөн.

Көркем

образ.

Мұндай мамандардың қызметі түрлі бейнелеу құралдары арқылы көркем образдарды ойлап

табуға, жетілдіруге, жөндеуге бағытталады. Бұл сұңғат, мүсін, сәулет өнері,

әдеби мәтіндерді құрастыру, киноматография және т.б. салалары. Осы салаларға

байланысты суретші, бухгалтер, мүсінші, жазушы, әдеби редактор, режиссер,

кинооператор, дизайнер, көркем шығарманы жөндеуші мамандықтарын жатқызуға

болады. Мұндай мамандықтар шығармашылық жұмыстарды қажет ететіндіктен, оны

меңгеру үшін соған сәйкес қабілеттер, ой-қиялының күштілігі, жаңа, ерекше

жағдайларда әрекет етуге дайындығы керек.

Адамның

өзі. Бұл

мамандықтар адамның өзін-өзі жетілдіруге негізделгендіктен, жалақыны жұмыс

нәтижесіне байланысты алады. Мұндай мамандықтар көп емес, бірақ олрдың жұмысы

көпшіліктің алдында. Мәселен, спортсмендер, каскадерлер, кино және театр

актерлері, әншілер, фотомодельдер, цирк әртістері. Бұл мамандық түрлері бойынша

жетістікке жету үшін адам табиғатынан зейінді, қабілетті, көпшіліктің алдында

өзін көрсетуге талаптануы мен соған дайын болуы, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге

ұмтылуы, ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуі шарт.

Кейбір мамандықтарды осы аталған типтердің

ешқайсысына да жатқызуға болмайды, олар осы типтердің ортасында жүреді. Сөзіміз

дәлелді болуүшін банк жүйесіндегі кассир-операция жүргізушіні айтып көрелік. Ол

өз клинттерімен қарым-қатынас жасайды, ақша түскен жағдайда, деректер қорын

толықтырады, есептерді қадағалап отырады, жұмысында компьютерді белсенді

қолданады. Шаштараз да солай, өз клиенттерімен байланысты болады және түрлі шаш

үлгілерін ойлап табады. Хатшы-секретардың ( кеңсе менеджері, директордың

көмекшісі ) да жұмысы сондай, мекемеге келген адамдармен қарым-қатынас жасайды,

телефонга жауап береді, компьютерді қолдана отырып, құжаттарды рәсімдейді,

операцияларды орындайды. Сонымен қатар «фирманың бет-бейнесі» ретінде

танылатындықтан, сыртқы жүріс-тұрысы соған сай болып, өзін көрсете білуі керек.

Келесі әдістеме сенің қандай еңбек құралымен жұмыс

істеуге бейім екендігінді көрсетеді.

Нұсқау: сен белгілі бір оқу

түрін тәмандаған соң, кез келген жұмысты біркелкі табысты істеуге қабілетті

болып шықтың делік. Кестеде алуан түрлі жұмыс түрлері берілген. Егер жұмыс

жұбының біреуін ғана таңдау қажет болса, сен қайсысын қалар едің? Кестеде

келтірілген түрлі жұмыс жұптарынан өзіңе ұнамды біреуін ғана таңдап ал да, оның

нөмірін жаз.

 

 

Нашақорлықта пайдаланылатын заттарды іздеп табатын қызмет иттерін өсіру

мен тәрбиелеу

Тұрмыстық техникалардың жаңа үлгілерін жасап шығару

Авария мен зілзала апатынан кейін адамдарды құтқару

Құжаттарды куәландыру, сенім хатпен келісім шартты рәсімдеу

Музыкалық топта ән салу

Үнемі жаттығу, жетілдіру арқылы жаңа спорттық нәтижелерге жету

Компьютерлер мен құралдардың жұмысын жөндеу, ретке келтіру

Тауарлар туралы әңгімелесу, адамдарды сатып алуға үгіттеу

Ғылыми мәтіндерді аудару

Әңгіме, сценарий, фельетон жазу

Ауыр дене салмақтарына төзімді болу үшін өз ағзаңды жаттықтыру

Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауда іс-шаралар жүргізу

Оргтехника, компьютерлер мен телефондарды жөндеу

Басылымға дайындалып жатқан мәтіннің 

мағыналық және  стилистикалық

қателерін түзету

Ғимараттарды гүлмен безендірумен айналысу

Ластанған орта жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың жай-күйін саралау

Автомобиль, автобус, трейлер, поезд локомотивтерін басқару

Компьютердің көмегі арқылы фотосуреттерді иүзету немесе музыканы іріктеу,

үйлестіру

10а

Спорт зал, бассейн, стадион, корт және т.б. күнделікті атлетикалық

дағдыларыңды жаттықтыру

10ә

Спорттық автомобильдердің жұмысын ретке келтіру, бұзылған жағдайда

механизмдерін ауыстыру

11а

Басқа қалалар мен елдерге туристік сапарларға шығу үшін адамдарға

ақыл-кеңес беру

11ә

Әмбебап дүкендердің сөрелерін, концерттер мен шоуларды безендірумен

айналысу

12а

Декоративті балықтарды өсіру және 

кеңселердегі аквариум балықтарын күту

12ә

Адамдарға медециналық жәрдем көрсету

13а

Фирманың құжаттарын реттеу, жаңа құжаттарды дайындау

( келісім-шарт, есеп, ведомость, сенімхат және т.б. )

13ә

Сахнада өнер көрсету үшін әдемі жүріс-тұрыс, икемді қозғалыс дағдыларына

дайындықтар жүргізу

14а

Генетиканы зерттеп, өсімдіктердің жаңа түрлерін өсіру

14ә

Мұрағат қорларында істеп, қажетті құжаттарды табу

15а

Нұсқаушы есебінде күрделі туристік саяхаттарда адамдарға жол көрсету

15ә

Күрделі акробатикалық трюктерді, ойлап табу және жасау, дайындықтан

өткізу

16а

Ит, мысық, жылқы және т.б. емдеу

16ә

Компьютерлерді жинақтауды іске асыру

17а

Түрлі формаларға қызметкерлерді іріктеу, қажетті адамдарды іздеу

17ә

Бағалы қағаздар нарығына қаржы талдауларын жүргізу

18а

Сахнада ойнау, киноға түсу, трюктер қою

18ә

Спорттық өнер көрсетулердің алдында әдемі әрі нақты қозғалыс-қимылдарды

жаттықтыру мен дайындықтан өткізу

19а

Медициналық лазерлердің, ультрадыбыс аппараттарының жұмыстарын ретке

келтіру

19ә

Мектепте, техникумда, институтта және т.б. оқу орындарында түрлі пәндерді

оқыту

20а

Тауарды тұтынушыларға тасымалдаудың тиімді жолдарын табу, санау

20ә

Сайттарды, кітап, журналдарды безеңдіру

21а

Жарыстарға, турнирлеоге, өнер көрсетуге үнемі психологиялық,

физиологиялық дайындықты іске асыру

21ә

Табиғат құбылыстарын зерттеуге арналған экспедицияларға қатысу

22а

Жоспар бойынша үй тұрғызу, жобаға сәйкес электр жарығын жүргізу

22ә

Қаржы заңдарымен, кодекстерімен жұмыс істеу

23а

Бақшалық – саябақтық зоналарды жобалау, өсімдіктердің көмегімен

учаскелерді безендіру

23ә

Қанның молекулалық құрамын талдау

24а

Жаңа өндіріс құралдарын, үйлерді жобалау

24ә

Тарихи орындарда қайта жөндеу, сәулеттендіру жұмыстарын жүргізу

25а

Шаршау мен қорқыныщқа қарамай, спорттық жаттығуларды орындау

25ә

Спорттық тренажерлердің, велосипедтердің, спорттық құралдардың жаңа

үлгілерін жасау

26а

Мерекелерді ұйымдастыру, асабалық қызмет атқару

26ә

Концерттік бағдарламаларды жүргізу, көрермендерге орындаушылардың

аты-жөні мен нөмірлерді хабарлау

27а

Электронды микроскоптың көмегімен ағзалардың тіршілігін зерттеу

27ә

Адамдарға психологиялық көмек көрсету, сенім телефондарымен жұмыс істеу

28а

Әлеуметтік деректерді өңдеп, талдап, жинақтау

28ә

Өз дене бітіміңнің сымбатты да тартымды болуы үшін кәсіби жұмыс істеу

29а

Зақымдаушылар мен вирустардан өсімдіктерді қорғаудың құралын жасап шығару

29ә

Компьютерлік бағдарламаларды жазу

30а

Фитнесзалдарда, бассейндерде, спорттық алаңдарда адамдарға ақыл-кеңес

беру

30ә

Жалпы төзімділікті шыңдап, жаттықтыру, жеке спорттық, әртістік дағдыларды

жетілдіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының аты-жөні___________________________________________________

Сынып____________Мектеп___________________________Күні_____________

 

Табиғат

Техника

Басқа

адамдар

Белгі

жүйесі

Көркем образдар

Адамның

өзі

 

 

 

 

 

10а

 

10ә

11а

 

11ә

 

12а

 

12ә

13а

 

13ә

14а

 

 

14ә

 

 

 

 

15а

 

 

15ә

16а

16ә

17а

17ә

18а

18ә

 

19а

19ә

20а

20ә

21а

21ә

22а

 

22ә

23а

 

23ә

24а

 

 

24ә

25а

 

25ә

26а

 

26ә

 

27а

 

27ә

28а

 

28ә

29а

 

 

29ә

 

 

 

 

30а

 

 

30ә

 













Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту, Кім болғым келеді?

Дәйексөз:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

                             (Абай Құнанбаев)

Педагогикалық ұстанымым: 

«Әр сабақ өмірге сабақ болсын»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Мамандыққа байланысты мәтін арқылы оқушылардың лексикалық қорын байыту.Әңгімелеу арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.Грамматикадан алған білімдерін тексеру.

2.Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге  үйрету.

3.Тәрбиелік: Әр түрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, салыстыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Кіріспе сөз:

              Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Кім болғым келеді?» Сендер үш айдан кейін мектеп табалдырығынан аттап, жаңа өмірге есік ашасыңдар.Қай жоғары оқу орнын таңдайсыңдар? Қай мамандықты ұнатасыңдар? Бүгінгі таңда мамандық таңдау – осы бір қарапайым ғана сөз тіркесі қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды.Сендер қателеспей мыңдаған мамандықтын лайықтысын таңдайсыңдар деп сенемін.

 

Негізгі бөлім:

«Ми шабуылы» - ой қозғау: Мамандық дегеніміз не?

(Топтастыру әдісі арқылы) 

Топтастыру.

Дәптермен жұмыс.

«Мамандық» сөзіне анықтама беру.

Профессия – латын сөзінен шыққан, «professio» - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді түсініп оқыңыз.

2.Мамандық атауларына  қызметтерді  жазыңыз.

3.Мәтіндегі сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

 

Мамандығым – мақтанышым.

          Өмірде мамандықтың түрі көп.Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар.Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді.Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек.Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты.Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.Менің мамандығым – оқытушы.Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым.Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастысы.Мен қазақ тілін оқыту арқылы көптеген адамдармен танысып, оларға қолымнан келген көмегімді көрсетіп жатырмын.Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі.Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.

 

4.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді аудар.

5.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

- Қандай мамандық түрлерін білесіз?

- Дәрігер не істейді?

- Құрылысшы не жұмыс атқарады?

- Тігінші не істейді?

- Мамандықты қалай таңдау керек?

 

Сәйкестендір. 

Сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.

 

Жүрегімнің қалауы  бойынша                                армандадым

жауапкершілікпен                                                   ән айтады

мен бала күнімнен                                                   бала оқытады

дәрігер                                                                       үй салады

оқытушы                                                                   адам емдейді

құрылысшы                                                              атқарады

әнші                                                                           таңдайды

 

Қазіргі заманда керек  мамандықтар:

(Құрылысшы, дәнекерлеуші,ағаш шебері, жүргізуші, ұста, электрші)

 

Тест сұрақтары.             /Өтілген тақырыптар бойынша/

1.Жуан дауысты дыбыстарды табыңыз.

А)ө,у

В)ы, и

С)а,о

D)е,ұ

2.Буын үндестігіне бағынбаған сөзді табаңыз.

А)етікші, балықшы

В)атаммен, өнерпаз

С)үйді, ұшқыш

D)таулар, қалалар

3.Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А)күміс көмей

В)күміс алқа

С)күміс күлкі

D)күміс той

4.Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

А)бөлменің

В)менің мектебім

С)кілемдер

D)айтамын

5.Зат есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

А)сапалық, қатыстық

В)жалпы, жалқы

С)негізгі, туынды

D)деректі, дерексіз

6.Етістіктен жасалған сын есімді табыңыз.

А)жазғы кеш

В)тапқыр бала

С)кекшіл адам

D)тарихи қалалар

7.Өздік есімдігі қай түбірден тарайды?

А)өз

В)өзің

С)ө

D)өзі

8.Оқшау сөздердің белгісін табыңыз.

А)сөйлем мүшесі бола алады

В)тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады

С)сөйлем мүшесі бола алмайды

D)қиыса байланысады

9.Қимыл-сын пысықтауышты табыңыз.

А)Қарттың аты – Амантай.

В)Бес жердегі бес – жиырма бес.

С)Біз оны мұқият тыңдадық.

D)Оның арманы ауылға бару.

10.Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлы тұлғалар қайда дүниеге келді?

А)Жетісу

В)Жамбыл тауы

С)Сарыарқа

D)Шыңғыстау.

 

Оқулықпен жұмыс.

4- тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Сен қандай жоғары оқу орнын таңдадың?

2.Қандай мамандық саған ұнайды?

3.Таңдаған оқу орнына түсі үшін қалай оқуын керек?

4.Қазір дайындығың қандай?

5.Мектепті қандай бағамен аяқтаймын деп ойлайсың?

 

Диалог құру.

Бір мамандық бойынша диалог құрып өзара сөйлесіңдер.

Тақтамен жұмыс.

Мамандық  сөзін тәуелде.

Психологиялық тренинг.

Мамандық таңдаудың формуласы.

«Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік)

Қызығушылық – қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге, оны зерттеуге деген құмарлық.

Бейімділік - қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.

«Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы).

Қабілет – адамның қандай да бір қызметті орындауындағы жеке – дара қабілеті,шығармашылық мүміндігі.

«Маған керек» - (қажеттілік, сұраныс).

Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет.Мамандық таңдауда өзінің мамандынның еңбек рыногыдағы сұраныс, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігін білу.

 

Ой қорыту.

Бүгін сабақта не туралы білдік?

Мамандық дегеніміз не?

Мамандықтың қандай түрлері қазіргі заманға қажет?

Қандай мамандық саған ұнайды?

Несімен ұнайды?

Үй жұмысы:

Тапсырма: Бір жоғары оқу орнындағы барлық мамандық бойынша қысқаша мәліметтер дайындандар.

Загрузка...


Соңғы жарияланған материалдар тізімі







Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау. Жұмысшы мамандықтарымен танысу. Мамандық түрлері.(теория)

Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мамандық туралы түсінік беру, мамандық түрлерімен және маман иелерімен таныстыра отырып, оларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгерту, кәсіптік бағдар беру.
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге, икемділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: қанатты сөздер, слайд, буклет, тірек-сызбалар
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Жоспары:
1. Кіріспе. а) «Мамандық таңдау-өмірді таңдау»
ә) Кеш қонақтарын таныстыру.
2. Негізгі бөлім.
а) «Мамандықтар классификациясы»
б) «Мамандықтар әлемі»
• Қазіргі заманның табысты мамандықтары
• Дипломды қажет етпейтін мамандықтар
• Ауданымызда тапшы мамандықтар
в) "Мен және фигура" психогеометриялық жаттығу.
 1.Кіріспе сөз

 

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық - дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
3. Қорытындылау.



























Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Презентации
Просмотров955
Номер материала ДВ-486512
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх