Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы«Мамандық таңдау және оған құрмет.»

«Мамандық таңдау және оған құрмет.»

Скачать материал

Тақырыбы: «Мамандық таңдау және оған құрмет.»
Мақсаты: Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындылығы болатындығын жете ұғындыру.  Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын, қызығушылықтарын арттыру .

Міндеті: Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу. Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі екенін ұғындыру. 
Жоспар: 
I. Ұйымдастыру: 
1) Кешке қатынасатын қонақтар мен оқушылардың дайындығын бақылау қадағалау. 
2) Кештің тақырыбын, мақсаты мен жүрісін таныстыру.

II. Негізгі бөлім:

 1) 11 – сынып оқушыларының таңдаған мамандықтары жөнінде пікірлері
2) Қазіргі  заманға қажетті мамандықтар (Пікірталас)
3)     "Психогеометрия"- өзін- өзі тану.

III. Қорытынды.
1) Мамандықты дұрыс таңдап көрейік.(слайд) «Мамандықтар әлемі»
2) Қорытынды.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді.
Мамандық таңдау - жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенімен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.

Мамандық таңдаудың екі әдіс-тәсілі бар:

      Бірінші әдісі:

      Сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады, бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын сыйлайды.Бұған адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін.
Екінші әдісі:

       Қандай мамандық таңдаса да, әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін ойын, есте сақтауын, қабылдауын білу.
Өзің туралы білген соң, мамандық әлеміне танысуға, сол мамандықтағы өз мүмкіншілігін білуі қажет.
Тағы бір үшінші жолы бар:

      Ол-өзінің ата-анаңның, атаңның немес бабаларының мамандығын таңдау.Мұндай жағдайда егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады.Бірақ ең бастысы-адаманың өз мамандығына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ.
Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңғы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де өз мойынына алады.

11  сынып оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау.
Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандық таңдау дегеніміз не?
1. Оқушының өз жеке басының ерекшеліктерін тануы;
2. Өзінің жүрегіне үңіліп, бейімділігін бағамдауы;
3. Ұнататын кәсіптердің арасынан біреуін таңдау;
4. Өзінің таңдаған кәсіби аумағын тануы керек.
Арнайы зерттеулер көрсеткендей 14 - 16 жас аралығындағы жеткіншектер өз бетінше мамандық таңдай алмайды, себебі мамандық таңдағанда олар тек бір ғана белгіге назар аударып, жағдайды жан - жақты талдай алмайды. Оқушылардың 40%- ы ғана еңбек мағынасын қызығушылықпен таңдайды. Сондықтан олардың көбісі өздерінің мамандықтарын тез таба қояды жұмысқа деген шығармашылық қатынасы да ерекшеленеді.
Негізінен, мамандық таңдауды жас адам мектепті бітіру кезінде түсінеді, сосын өз қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін, өздерінің жеке қасиеттерін, мамандықтың қажеттіліктерін, еңбек нарқының қажеттіліктерін біле отырып, сұранысқа қарай таңдайды.
ІІ – негізгі бөлім

1)      Мұғалім: Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық. 

Гүлдана: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата-анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта-ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата-анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді.
Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата-анам бұл талабымды құптайды.

Дәулетхан: Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықты таңдаған жөн деп ойлаймын. Сонымен қатар шет тілін оқып үйренуге, осы тілде шетелдіктермен мүдірмей сөйлесетіндей деңгейде болу қажеттігін ұғынғанын қалаймын. Бұл нарық талабы. Менеджмент пен менеджерлікті меңгермей нарық көшіне ілесу мүмкін емесі жастар жадында жүрсе деймін.

Кұрбанәлі: Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернетке шығудың қыр-сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине алдымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Менде техник-программист мамандығын қалаймын.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, сыныптастарыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін.
Мұғалім. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.
Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.
2) Мұғалім: Бүгінгі тақырыптың мағынасын ашу үшін  келесі кезекті «Қазіргі  заманға қажетті мамандықтар»  тақырыбында  пікірталасқа  берсек.

 1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек ?
2) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?

3) «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?
4) Қазіргі  заманға қажетті мамандықтар қандай мамандықтар деп ойлайсыздар ?
5) Өзіңнің  тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет?.
ІІІ- қорытынды

Мұғалім. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде - кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ.

1) Мұғалім. Аймауытов айтқандай, “Өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік!” деген екен
(слайд) Мамандық әлемі.
Ойлай болса мамандықты дұрыс таңдап көрейік.
Адамның арманы шексіз ғой, оқушыларыма әрқашан сәттілік тілеймін. Әрбірі өмірден өз орнын тапса, мен үшін одан артық бақыт жоқ.

мамандық таңдау бойынша оқушыларға арналған жадынама

      Мамандық таңдау – маңызды және жауапкершілікті талап ететін жұмыс! Мамандық таңдауда ең бірінші орында қызығушылық пен қабілетіңе, арман – тілектеріңе назар аудару керек, тек содан кейін ғана отбасының салт- дәстүрлеріне, отбасының қызығушылығын ескеріңіздер.

      Мамандық таңдау – маңызды және жауапкершілікті талап ететін жұмыс! Мамандық таңдауда ең бірінші орында қызығушылық пен қабілетіңе, арман – тілектеріңе назар аудару керек, тек содан кейін ғана отбасының салт- дәстүрлеріне, отбасының қызығушылығын ескеріңіздер.

3) "Психогеометрия"- өзін- өзі тану:

Мұғалім Бүгінгі кездесудегі әңгімемізді қорытындылай келгенде, қандай мамандық болмасын, оның қыр-сырын жетік меңгеру қажет. Қазіргі кезде мамандықтың түрі өте көп. Тек жақсы маман иесі болу үшін мектептен жақсы білім, сапалы тәрбие алуы қажет.. Сонымен қатар жастайынан әркімнің өзінің көкейінде жүрген арманы болады. Соған жетуге талаптанып, еңбек етуіміз керек екен
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды осы жерден тәмамдайық.

Тындағандарынызға рахмет.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мамандық таңдау және оған құрмет.»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 993 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2015 1922
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем НАСЫРОВА БАХЫТ АХМЕТБЕКОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    НАСЫРОВА БАХЫТ АХМЕТБЕКОВНА
    НАСЫРОВА БАХЫТ АХМЕТБЕКОВНА
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15554
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек