Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Мамандығым-өмір жол" кездесу кеші

"Мамандығым-өмір жол" кездесу кеші

Скачать материал

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандығым – өмір жолым


Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.

 

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы  күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандығым – өмір жолым» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

 

Кешімізді бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, “Мамандық магазині” атты тренинг өткізейік . бұл жерде магазинді дүкен деп ойлап қалмаңыздар, қазір кез — келген оқушыға бір мамандықты атаймын , келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.


- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.


Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтарымызбен өз ісінің мамандарымен таныстырып өтейін.

1. 42 жыл өмірін өзінің сүйікті мамандығына арнаған  ұлағатты ұстаз  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразай Сейілханұлы

2. «Кітап –рухани байлығымыз» демекші Қызылжар ауылдық кітапхана меңгерушісі Нұрзия Қуанғалиқызы

3. жәнеде өзінің өмірін денсаулық саласына  арнаған, ақ халатты абзал жан Гүлнар Қуанқызы

4. Мектебімізге жаңадан келген жаста, өз ісіне жауапты аспазымыз Ұлжан апаларың

5. Сүйікті ұстаз, өзінің өмір жолын баланың тәрбиесіне арнаған бастауыш сынып мұғалімі Гүлзада Оразайқызы

6. Мектебіміздің химия және биология пәні мұғалімі Қарлыған Аймурзиевна.

 

Қонақтарымызбен танысып  болсақ  шағын бейнероллик көріп алайық сосын кешімізді жалғастырамызү

Видеороллик қарау

 

Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды  іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

 

Оқушылар айтыңдаршы қандай  мамандықтарды білесіңдер?

 

Слайд көрсету

 

Әлемдегі біз білмейтін қызықты мамандықтар бар екен олар:

Арман сатушы. Чикаго компанияларының бірі адамның кез-келген арманын орындаумен айналысады. Бар керегі кеңсеге келіп, не жайлы армандайтыныңызды айтып, маман айтқан соманы төлеуіңіз керек. Бірақ, арманды орындаудың ең төменгі сомасы 150,000 доллар екенін ұмытпаңыз.

Допты қадағалаушы. Мұндай мамандықты үлкен гольф-клубтарда кездестіруге болады. Оның жұмысы гольф алаңында кездейсоқ жатқан доптың болмауын қадағалау.

Құмырсқа ұстаушы. Оның міндеті жасанды құмырсқа фермаларында тұқымды жалғауға қызмет ететін құмырсқаның ерекше түрлерін таңдап алу.

Жұмыртқа жарушы. Бұл мамандықты игерген адамның негізгі міндеті арнайы машинаға тұтас жұмыртқаны салып, оның ағы мен сарысын бөліп алу.

Әңгімелесуші. Олар Токионың ең адам көп аудандарында отырып, кез-келген адамның сырын тыңдап, әңгімелеседі. Бір аптада әңгімелесуге 10000 қала тұрғыны қонаққа келеді..

Кезекте тұрушы. Британияда адамдардың кезекте тұрмауына көмектесетін кеңсе ашылды. Олардың орнына кезекте арнайы дайындалған адам кезекте тұрады. Олардың қызметі де арзан емес, сағатына 40 бакс.


Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

 

Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет . Ендеше бүгінгі қонақтырымздың ақыл-кеңестерін  тыңдаған артық етпейді деп ойлаймыз. Олай болса бүгінгі кешіміздің қонақтарға оқушылардың осы мамандық таңдау жайында бірнеше сұрақтары бар екен. Өз ойларыңызды айта отырыңыздар.

 

Оқушы сұрақтары:

1.      Құрметті ұстаздар бүгінгі кездесу кешгіне қош келдіңіздер. Менің сұрағым осы мамандықты қалай таңдадыңыз, мамандық таңдауға кім себеп болды. Және  біздер сияқты оқып жүргенде кім болуды армандадыңыз?

 

2.      Осы мамандық иесі болып қанша жыл қызмет атқардыңыздар?

Студенттік кездегі қызықты оқиғаларыңыз немесе естен кетпейтін оқиғаларыңыз барма?

 

3.      Осы қызыметке келгенде қандай қиыншылықтарыңыз болды? Мамандықтарыңыз қиын деп айта аласызба.

4.      Құрметті қонақтар бүгінгі кешімізге келгендеріңізге көп рахмет айтамыз. Менің сұрағым Осы ауылымздың болашығының өркендеуі үшін қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар?

 

5.      Сәлеметсіздерме,менің сауалым бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие және екінші сауалым  жақсы маман болу үшін қандай болу қажет деп ойлайсыз?рахмет.

 

6.      Осы мамандық таңдауда оның жоғарғы жалақысы маңыздыма әле жүрек қалауың ба? Қалай ойлайсыздар Рахмет.

 

 

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

 


Әңгімелесу
Оқушылар өздерің қандай маман иесі болуды армандайсыңдар?

 

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Сонымен оқушылар мамандық сөзіне анықтама беретін болсақ  ол.-Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі

 

Құрметті  қонақтар, оқушылар «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп

М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Бүгінгі кешімізді қазақ халқының даналық сөздерімен аяқтағым келеді

 

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

 

Байлық-қанағат пен еңбекте.

 

Аз жұмыс қиынсыңсаң-көп жұмысқа тап боласың.

Азға  қанағат қылмасаң-көптеп құр қаласың.

 

Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.

Еңбек етсең қара жер де береді, құр тастамайды.

 

Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талаптта,

Ешбір кемеңгер де шықпайды.

 

Сау саламатта болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мамандығым-өмір жол" кездесу кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 125 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2017 989
    • DOCX 26 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базарова Алтын Бауыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Базарова Алтын Бауыржановна
    Базарова Алтын Бауыржановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57008
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой