Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Мамандықтар әлемінде қазақ тілінен сабақ

Мамандықтар әлемінде қазақ тілінен сабақ

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар әлемінде

Сабақтың мақсаты:

1. салаға қатысты атқаратын қызмет түрлерін қазақ тілінде еркін жеткізу. Сабақ барысында қозғалатын мәселелермен танысу, тиянақты білім сапасын арттыру, тыңдаушылардың танымдық қабілетін дамыту. Тыңдаушы өзінің жұмысы /лауазымы, мамандығы, жұмыс орны туралы ауызша, жазбаша мәлімет және сұрақ құрастыра алуға, грамматикалық құрылымдарды пайдалана алуға үйрету.

2. түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, мәнерлеп оқу


Амандасу

Қал-жағдайларын сұрау

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

II Үй жұмысы

Үйге берілген жаңа сөздерді ойын түрінде тексеріп шығу. Ойынның шарты бойынша тыңдаушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Шеңберде тұрып бір-біріне допты лақтыра отырып, жаңа сөздерді айтады. Допты қағып алған тыңдаушы сөл сөздің аудармасын айту керек.

IIIЖаңа сабақ

Компьютермен жұмыс

Кіріспе: Бүгін біз сіздермен «Мамандықтар әлемінде» тақырыбын бастаймыз.

Жаңа сөздер




Мамандық – профессия

Жұмысшы – рабочий

Жүргізуші- водитель

Заңгер-юрист

Хатшы-секретарь

Аудармашы-переводчик

Елші-посол

Сәулетші-архитектор

Даяшы-официант

Ғарышкер –космонавт

Дәрігер-врач

Медбике-медсестра

Сазгер - композитор

Тергеуші – следователь

Қорғаушы – защитник

Қаржыгер -финансист

Лауазым - должность

жоспар - план
бос уақыт – свободное время
тапсырыс - задание
алдағы – предстоящий
апталық - недельный
айлық - месячный
тоқсандық - квартальный
жартыжылдық - полугодовой
еңбек демалысы – трудовой отпуск

Оқылымhello_html_2c4b83c3.jpg

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар.

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Біреулер мамандықты жас кезінен таңдайды. Оларға мамандық таңдауға ең бірінші айналасындағы ортасы, жолдастары, туысқандары әсер етеді. Көбінесе балалар кішкентай кезінде дәрігер немесе мұғалім болғысы келеді. Өйткені өмірге ең алғаш келгенде көретіні дәрігер, одан кейінгі өмірдің бірінші баспалдағында танысатыны мұғалім. Одан кейінгі ер жеткен соң, саналы түрде мамандық таңдайды.

Сөйлеп жаттығыңыз.

- Сіз қандай мамандықты білесіз?

- Мен ------------------- мамандықтарды білемін.

- Сізге қандай мамандықтар ұнайды?

- Маған ----------------- ұнайды.

- Сіздің мекемеде қандай мамандық иелері жұмыс істейді?

- Менің мекемемде --------------------жұмыс істейді.



Мәтінді аударыңыздар:
Менің атым – Айман. Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Дене шынықтыру жаттығуларын жасаймын. Сонан соң жуынамын, киінемін, таңғы асымды ішемін. Сағат сегізде үйден шығамын. Жұмыс сағат тоғызда басталады. Жұмысқа автобуспен келемін. Сағат 9.15-тен 9.35-ке дейін лездемеге қатысамын. Сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін құжаттармен жұмыс істеймін. Сағат 13.00-де асханадан түскі ас ішемін. Түстіктен кейін
қайта жұмысқа кірісемін.Жұмыс сағат 19.00-
де аяқталады. Жұмыстан кейін дүкеннен
керекті азық-түліктерді сатып аламын. Үйге келген
соң киімімді ауыстырып, қолымды жуып, кешкі
ас ішуге отырамын. Кешкі астан кейін,
теледидардан жаңалықтар тыңдаймын, кино
көремін. Ұйықтар алдында газет оқимын.
Сағат он жарымда ұйықтаймын.


Тыңдалым

Бейнебаян оқу құралы 28-30 бет мамандық таңдау

Сөйлесім

Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіздің мамандығыңыз кім?
2. Қай жерде жұмыс істейсіз?
3. Жұмыс орныңыз қай жерде орналасқан?
4. Лауазымыңыз қандай?
5. Қызметтік міндетіңізге не кіреді? (не кірмейді?)


Зат есім.

Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Мысалы: Кім? – оқытушы, Кімдер? – оқытушылар

Не? – оқулық , Нелер? - оқулықтар

hello_html_m14cff866.jpghello_html_65aa033c.jpg hello_html_m23669321.jpg hello_html_m37ff2815.jpg

мамандықтар сату+шы оқыту+шы дәрі+гер




Грамматикалық минимум

Сөз тіркесі

Словосочетание


Сөз тіркесі дегеніміз-толық мағыналы екі не бірнеше сөздің бір-біріне мағыналық жағынан бағына байланысуы. Басыңқы сөздің қай сөз табынан жасалуына қарай сөз тіркесі есімді тіркес, етістікті тіркес болып жіктеледі.


Сөз тіркесі (словосочетание) –это связь двух или нескольких полнозначных слов, связанных по смыслу и грамматически. В зависемости от того, из какой части речи образовано главное слово словосочетание, бывают следующие виды данной единицы: именные и глагольные.


Есімді тіркес Етістікті тіркес

Жақсы маман достармен кездесу

Биік ғимарат хат жазды

Кең бөлме бөлме тазартылды

Жаңа жол жол салынды


Сөздердің байланысу түрлері

Типы соединения слов


Қазақ тілінде сөздердің байланысуының 4 түрі бар: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу.

В казахском языке существуют 4 типа связи слов: согласование,управление, взаимоподчинение, примыкание.


Қиысу (согласование)

Қиысу – сөз бен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысуы.

Согласование –вид связи, при котором зависимое слово согласуется с главным в личных окончаниях и спряжении.

Мысалы: Мен ұзтазбын. Сен мамансың. Сендер мамансыңдар.


Меңгеру (управление)

Меңгеру- бағыныңқы сөздің атау мен ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы басыңқымен байланысуы.

Управление – вид подчинительной связи, где зависимое слово сочетается с главным в падежной форме (кроме именительного и родительного падежей).

Мысалы: үлкенді сыйлау, домбырамен ән салу, қалаға бару т.б.


Матасу (взаимоподчинение)

Матасу – сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы.

Взаимоподчинение –вид связи, при котором слова согласуются в форме родительного падежа и притяжательной форме.

Мысалы: мекеменің қызметкері, ауылдың ауасы, әжемнің әңгімесі т.б.


Қабысу (примыкание)

Қабысу – сөздердің бір-біріменешбір жалғау және шылаусыз , тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.

Примыкание –вид связи, при котором зависимость слова выражаетя лексически, порядком слов и нтонацией, без применения окончаний и служебных слов.

Мысалы: жаңа көше, қызық оқиға, үлкен ғимарат т.б.


Жазылым

2-тапсырма: Сәйкес жауапты табыңыз.

1-Б

2-

3-

4-

5-

6-

7-

8-

1.Кең дала А) меңгеру

2.Жанар дәрігер Ә) матасу

3.Сенің курстасың Б) қабысу

4.Қызметке қабылдау В) қиысу

5.Ұжыммен тіл табысу Г) меңгеру

6.Ортақ міндет Ғ) қиысу

7.Біздің құпиямыз Д) қабысу

8.Ол табыскер Е) қабысу



3-тапсырма. Бос орындарға керекті мамандық атауларын қойыңыз.

----------- ән айтады. ----------------- тәрбиелейді.

----------- би билейді. ---------------- есептейді.

----------- сурет салады. ---------------- сатады.

----------- хат тіркейді. ---------------- күзетеді.

----------- кітап береді. ---------------- қорғайды.

------------- кен қазады ---------------- аударады.

------------- оқытады ---------------- тігеді.

------------- жүргізеді ---------------- тергеу жүргізеді



4-тапсырма. Қажетті қосымшаны жалғаңыз.

Абай - банк қызметкері. Ол банк + ...

Әлия - мұғалім. Ол мектеп + ...

Шынар - кітапханашы. Ол кітапхана + ... жұмыс

Айгүл - аспаз. Ол асхана + ... істейді.

Мұрат - хирург. Ол емхана + ...

Ербол - тергеуші. Ол сот + ...


5-тапсырма. Суретті сөзбен жазып, жалғауын дұрыс жалғаңызhello_html_1a1b2eeb.jpg

Мен (-мын) дәрігер (-мін )

Сен (-сың) (-сің )

Сіз (-сыз) (-сіз)

Ол



Біз (-ымыз) (-міз)

Сендер (-сыңдар) (-сіңдер )

Сіздер (-сыздар) (-сіздер)

Олар (-лар) (-лер )


6-тапсырма. Сөйлем құраңыздар.

1. мамандығым, хирург, менің

2. жұмыс, орны, бос, бар, бізде.

3. хабарландыру, мен, бойынша, келдім.

4. несие, қажет, маған.

Сергіту сәті

«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.

Қойшы балаларды оқытып жүр.

Жүргізуші машина жүргізеді

Аспазшы үй салып жүр.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Жазушы хат, газеттер тасып жүр.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды емдеп жүр.

Ұшқыш әдемі киім тігеді.

Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.

Суретші сахнада ән айтып тұр.


ІV.Бекіту

Менің мамандығым

а) Көп нүктенің орнына «і,ү,ө» әріптерін қойыңыздар



ә) Аудармасын табыңыздар.



7-тапсырма. Жұптастырыңыз және тексеріңіздер.

Мен әнші

Сен дәрігерсіз

Сіз ұшқышпын

Ол аспазсың


Біз қызметшісіңдер

Сендер басшылар

Сіздер сазгерміз

Олар оқытушысыздар



8-тапсырма. Сұрақтар бойынша сөйлем құраңыздар.

Кім?

Қайда

Кімді? Нені?

Не істейді?

Мұғалім

Дәрігер

Бағдарламашы

Қаржыгер

Қызметші

Құрлысшы

мектепте

баланы

оқытады.

9-тапсырма. Жұптастырыңыз және тексеріңіздер.



Сәулетші

білім береді

Аспаз

бизнеспен айналысады

Мұғалім

адамдарды емдейді

Кәсіпкер

сурет салады

Суретші

үй құрылысын жоспарлайды

Құрылысшы

тамақ пісіреді

Дәрігер

үй салады.



10-тапсырма. Сұраққа жауап жазыңыздар.



















11-тапсырма. Адамдардың іс-әрекетіне байланысты мамандықтарын табыңыздар.

Гүлнар науқастарды емдейді. Ол кім? Ол - -----------------

Манарбек көлік жүргізеді. Ол кім? Ол - --------------------

Әлия киім тігеді. Ол кім? Ол - -------------------------------

Рауан банк жұмысын ұйымдастырады. Ол кім? Ол - ------

Назерке құжаттарды тіркейді. Ол кім? Ол - ----------------

Жасұлан спортшыларды жаттықтырады. Ол кім? Ол - ----




12-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар:

Бухгалтер считает заработную плату сотрудников.
Официант приносит меню.
Водитель водит машину.
Повар готовит вкусную еду.
Учитель учит детей.
Строитель возводит здания.
Юрист защищает права граждан.
Продавец продает вещи.
Артист снимается в кино.



V.Қорыту

Тест

1. Мамандық сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

а) профессия

ә) юрист

б) финансист

в) охранник

2. Кім білім береді?

а) құрылысшы

ә) мұғалім

б) дәрігер

в) аспаз

3. Кәсіп сөзіне тиісті жұрнақты жалғаңыз.

а) - шы

ә) - ші

б) - қар

в) – кер

4. Кім үй құрылысын жоспарлайды?

а) дәрігер

ә) кәсіпкер

б) құрылысшы

в) сәулетші

5. Құрылысшы сөзіне ІІ-жақ жалғауын жалғаңыз

а) -сыз, -сіз

ә) -мын, -мін

б) -сың, сің

в) -мыз, -міз

6. Кім адамдарды емдейді?

а) аспаз

ә) дәрігер

б) сәулетші

в) мұғалім

7. Аспаз сөзіне ілік септігінің жалғауын жалғаңыз.

а) -ның

ә) -дың

б) -нің

в) -дің

8. Бағдарламашы сөзін жіктеңіз.

Мен ------------ Біз ---------------

Сен ------------ Сендер ------------

Сіз ------------ Сіздер -------------

Ол ------------- Олар ---------------

9. Манарбек көлік жүргізеді. Ол кім? Ол - -----------------

а) әнші

ә) құрылысшы

б) сазгер

в) жүргізуші

10. Медбике, қорғаушы сөздерін септеңіздер.


VI. Үй жұмысы

Мәтінді толықтырыңыз.
Менің білімім _____ , мамандығым _____ . Мен _____ болып жұмыс істеймін. Жұмыс өтілім _____ жыл.
Жұбайым - _____ . Оның білімі _____ . Ол _____ жұмыс істейді. Жұмыс өтілі - _____ .
Менің әріптесімнің аты-жөні _____ . Оның жұмыс өтілі _____ жыл. Оның білімі _____ . Ол _____ болып жұмыс істейді.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 13.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров19
Номер материала ДБ-348197
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх