Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Тесты / Мамандықтың - бәрі жақсы. (ересектер тобы)

Мамандықтың - бәрі жақсы. (ересектер тобы)

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


Мамандықтың - бәрі жақсы.

(ересектер тобы)

Мақсаты: мамандықтар жайында түсінік беру, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту, мамандық түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері, тұзды қамыр, тақтайша, қуыршақ Айсұлу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші:Балалар, күнге қарай қолымызды созып, жылуын алып, бір-бірімізбен амандасайық.Бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айсұлу келіпті.Айсұлу мамандықтар туралы айтып берсеңдер – деп сендерден көмек сұрап отыр. Айсұлудың кім болғысы келетінін байқайық.

Айсұлуға көмек көрсету үшін біз қандай мамандықтармен танысқанымызды айтып берейік.

-Сендер қандай мамандықтарды білесіңдер?( Теледидардан мамандықтарды атау.)

Суреттерге қарап, мамандықтар туралы айту, тақпақ оқу.

Тігінші киім тігеді.

Үстіңде киім болмаса,

Елдің бәрі күледі.

( Тігіншінің суреті көрсетіледі. )

Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы.

( Аспазшының суреті көрсетіледі. )

Келген еді шаштараз

Өзі сондай таза адам.

Өсіп кеткен шашқа араз.

( Шаштараздың суретіні көрсетіледі. )

Біз дәрігер, дәрігер,

Ауруды емдеп жазамыз.

Науқас келсе әбігер.

( Дәрігердің суреті көрсетіледі. )

Дәрігерлер күні-түні адамдарға қызмет етеді. Дәрігерлер сендер ауырмай, сымбатты болып өсу үшін не істеу керек дейді?

Айсұлу бізге мынадай жаттығу ала келіпті. Кәне, жаттығуды бәріміз бірге жасайық. ( Аудио-жаттығу.)

Тәрбиеші: Балалар, бұл суреттерге қараңдаршы, мына адамдар не істеп жатыр?

-Нан пісіріп жатыр.

Дұрыс айтасыңдар, бұл кісілер нан пісіретін адамдар екен, ал мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

Нан сататын дүкеннің сөрелеріндегі нандар.

-Иә, балалар, бұл нан сататын дүкен екен. Ал біздің дүкеніміздің сөресіне қарайықшы, бос сөрелерді көріп тұрсыңдар ма?

-Иә.

-Ендеше, сендер қалаш жасап, мына сөрелерді толтыруға көмектесесіңдер ме?

-Иә.

-Онда, сендер менің қалаш пісіруші көмекшілерім болып ойнайықшы, мен сендерге қалаштың қалай жасалатынын көрсетемін. Алдымен, қамырды қалай дайындайтынын айтып берейін. Қамырға: ұн, ашытқы, қант, тұз, су қажет.( Теледидардан дайындалу жолы көрсетіледі.) Балаларға қалаштың қалай жасалатынын бірнеше рет көрсетіп береді.

Әрбір балаға жеке көмек көрсете отырып, балалардың жасаған жұмысын бағалауға мән беріледі.

Балалар қалашты жасап болған соң пісіреміз деп асхана пешіне жібереді.

Келесі сабақта дайын болған қалаштарды алып келіп, дүкеніміздің сөрелеріне

қоямыз.

Қуыршақ Айсұлу: Рахмет балалар, сендердің жасаған қалаштарың өте әдемі болыпты. Енді мен кім болатынымды білдім. Наубайханашының қызметімен таныстырғандарыңа көп рахмет. Сау болыңдар!

Рефлексия:

-Біз кім болып ойнадық?

-Кімге көмектестік?

-Не жасадық?

Наубайханашылар күні-түні адамдарға қызмет етеді.






Автор
Дата добавления 24.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Тесты
Просмотров110
Номер материала ДВ-374801
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх