Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыМамандықтың бəрі жақсы. орта топ

Мамандықтың бəрі жақсы. орта топ

Скачать материал

 Білім беру саласы: Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы«Мамандықтың бәрі жақсы!» 
Мақсаты:
Балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағлұмат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сюжетті - рөлді ойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтың қыр - сырын ашу.
«Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап алу арқылы балалардың ой - қиялдарын дамыту.
Балалардың қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, сергіту сәті, дидактикалық ойын, ғажайып сәт.
Сөздік жұмыс: Мамандық

Билингвалды сыңары: мамандық-профессия

Көрнекіліктер: тақырыптың суреттері, мамандық иелерінің құралдары мен киімдері, ойынға қажетті суреттер, сиқырлы қорап.

  Іс-әрекет

   кезеңі

          Тәрбиешінің қызметі

      Балалардың 

       Іс-әрекеті

 

 

Мотив.қоз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйым.ізд.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлек.түз.

 

 

 

 

       Сәлемдесу  жаттығуы.

Балалар  ортаға шеңбер болып тұрайықшы. Мен сендерге бірнеше сурет  көрсетемін. Егер  суретте  «Күн» бейнесі бейнеленсе, бір-бірімізге  күлімдей  қараймыз, «Алақан» бейнеленсе, бір-бірімізің  қолымызды қысып амандасамыз. Ал «Жүрек» бейнесі бейнеленсе,  бір-бірімізбен құшақтасамыз.

 

- Балалар, сендер аяздан қорқасыңдар ма?
- Далаға шыққанда тоңасыңдар ма?
Егер тоңатын болсаңдар, қане қолымызды жылытайықшы (үрлеу әдісі)
- Қане, жылындық па?
Жылынып, болсақ, бір сәт өзімізді сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
- Балалар айналаның бәрі қандай?
- Қардың түсі қандай?
- Ауа - райы қандай?
- Мұның бәрі қай мезгілде болады?
Дұрыс айтасыңдар балалар, бүгінгі ашық оқу қызметіміздің  тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталады.
Біз бүгін мамандық иелері туралы өтеміз.

-Балалар сендер мына  күнделікті келіп жүрген, өздерің тұрып жүрген үйлерді салатын адамдар бар, ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын біз сөзбен айтқанда  мамандық иелері  дейміз.

- Балалар біреу есік қағып жатқан сияқты?

Ғажайып сәт: Топқа  көңілсіз Дімбілмес қолында  қорабымен кіреді.

-Сәлемсіңбе, Дімбілмес?

-Балалар, бұл Дімбілмес.

-Сен неге  көңілсізсің?

Дімбілмес:-Өйткені мен өскенде кім болатынымды  білмеймін мен барлық құралдарды  алып  әр  мамандықты  таңдадым, енді мүлдем  шатасып  кеттім. Сендерден көмек сұрап келдім -деп  басын төмен түсіреді.

-Балалар, Дімбілмеске  көмектесемізба?

Д\ойын: «Кімге не қажет?»

Шарты: Қораптағы заттарды  қай  мамандық  иесіне қажет  екенін  ажырату.

-Дімбілмес  енді  сен кім болатыныңды шештіңбе?

-Сен отырып жақсылап  ойлан, өйткені менің балаларым  Болашақта  кім болатындарын біледі.

-Балалар, шаршаған боларсыңдар олай болса серігіп алайық.

Сергіту сәті: «Мамандықтар»

1.Суретке түсіруші.

2.Қабырға сырлаушы

3.Жүргізуші.

4.Ұшқыш.

Д\ойын: «Кім боламын»

-Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын сендер жауабын шешіп кім болатындарыңды айтып бересіңдер.

Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі.
(Мұғалім)

 

 

 

 


- Өте жақсы, олай болса бүгін бізде Мерей мұғалім болады.
(Мерей мұғалім болып, балалармен әңгімелеседі)
- Рахмет. Мерей

-Енді келесі жұмбақты жасырайын:
Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

 

 

 

Өте жақсы, Руфат бізде дәрігер болады.
- Балалар қанеки 1 - 2 бала шығып, дәрігеріміз Руфаттан ем қабылдайық.
- Рахмет. Руфат

Тағы жұмбақ:
Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді.
(Тігінші)
Тігінші қызымыз Мөлдірді  шақырайық:

 

 

 

 


- Балалар мен Мөлдірге өзімнің бет орамалымды тіктіргім келіп тұр.(Мөлдір тігін машинасымен іс тігіп балаларға көрсетеді)
- Біздің балаларымыз қандай өнерлі.

 Келесі жұмбақ:
Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім?
(Солдат)
Біздің арамызда ел қорғаны болам деп Нұрсұлтан отыр екен. Олай болса Нұрсұлтанды шақырайық:

 


- Қанеки 2 - 3 ұл ортаға шығып Нұрсұлтанның бұйрығын орындап, болашақта сарбаз болатынымызды дәлелдейік.

- Ал балалар соңғы жұмбақ:
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
- Біздің бүгінгі аспазымыз Айару.

 

 

 

 

- Қанеки тағы 2 бала шығып біздің аспазымыздың қолынан дәм татайық.
- Рахмет балалар.
-Жарайсыңдар, балалар!

Д\ойын: «Қыйынды суреттерді құрастыру"

-Дімбілмес, сен енді  таңдадыңба өзіңе бір мамандық?

Дімбілмес: -Иә, мен  құрылысшы  боламын!

-Ал сен құрылысшының  не істейтінін білесің бе?

Дімбілмес:-Олар тамақ пісіреді.

-Балалар, ол әлі де түсінбепті. Ендеше, біз ұлдар  құрылысшы болып,  үй  құрастырып берейік! Ал қыздар  аспазшы  болып тоқашті пісіруге дайындап, әзірлеп берейік.

Жұмысымызды бастамас бұрын саусақ жаттығуын орындайық.

Саусақ жаттығуы:

«Салат»  саусақ ойыны.

Сәбізді алып тазалаймыз,

Үккішпен  үгіп майдалаймыз.

Дәмдеуіштер сеуіп дәмдейміз,

Дәмдеуіштерді араластырамыз.

Міне дайын нәр тағам,

Дәруменге байыған.

Енді жеп көреміз.

-Өте тамаша жарайсыңдар.

1.Үй.

2.Тоқашты дайындау.

Балалар екі топқа бөлініп өз беттерінше жұмыс жасайды. Балалардың жұмысын бақылаймын, қиналған балаларға көмектесемін.

Дімбілмес:-Рахмет балалар, өте әдемі үй құрастырып, дәмді тоқаш әзірлеп бергендерің үшін. Мені дімбелмейді деп ойламаңдар менде кейбір заттарды білемін мен бір ойын білемін сендермен ойнағым келім тұр.

Д\ойын: «Сөйлеп тұрған кім?»

Шарты: Балалар сөздерді тыңдап қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайды.

Қорытынды сұрақтар.

-Тарағы  бар қолында ол?

-Қолында  бар  кірпіші ол кім?

-Қолында бар ожауы ол кім?

-Жарайсыңдар балалар, өте тамаша.

- Балалар бағанадан бері сендер көптеген мамандық иелерінің еңбегімен таныстыңдар.Сендер сондай маман иелері болу үшін көп оқып, еңбектенулерің керек. Балалар, бүгін оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар көп рахмет.

-Дімбілмес енді түсіндің бе? Еңбек етуден қашпау керек!

Дімбілмес: -Мен бәрін түсіндім.Үлкен рахмет сендерге, балалар! Менің де сендерге сыйлығым бар-деп балаларға сыйлығын беріп, қоштасып шығып кетеді.

 

 

Шеңберге тұрып  бір-бірімен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Иә

 

-Иә

 

Қолдарын үрлеп жылытады.

-Иә

 

 

 

 

-Қар.

-Ақ.

-Суық, аяз.

 

-Қыз мезгілінде

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешіні  мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызаға қарайды.

 

 

 

 

Дімбілмеспен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

-Иә көмектесеміз.

 

 

Қораптың  ішіндегі заттарды таңдап  қай мамандықтың  құралы екенін  айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимылдармен  орындайды.

 

 

 

 

 

 

-Мұғалім

 

 

Мерей:

Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын!

 

 

 

 

 

 

-Дәрігер

Руфат:
Кішкене әлі баламын,
Таудай болар талабым.
Ақ халатты абзал жан,
Мен дәрігер боламын.

 

 

 

 

-Тігінші

 

Мөлдір:

Өрнектетіп, сәндетіп
Тігістерін бүгетін
Тігінші болам мен ертең.
Киім - кешек тігетін!

 

 

 

 

 

 

-Солдат

 

Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Шынығамын таңертең
Ағалардай Отанға
Солдат болам мен ертең!

 

 

 

 

 

 

-Аспазшы.

 

Айару:

Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Саусақ жаттығуын орындайды.

 

 

 

 

Екі топқа бөлініп жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қызаға ойын ойнайды.

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  қуанады.

 

 

 

                            

                                      Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Үлкендердің еңбегін бағалай біледі.

Игереді: Әр түрлі мамандық иелері туралы мағлұматы болуы керек.

Меңгереді: «Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап бере білуі керек.

 

          

        Қордай ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Темірлан»

                                    балалар  бақшасы  М.К.Қ.К

 

                                                                                        Бекітемін

Б\б-ша меңгерушісінің

Міндетін атқарушысы

                                                                                      _________Ж.Н.Мухашова

 

 

 «Мамандықтың бәрі

             жақсы»

                               

                                                                        

 

 

                   «Күншуақ» тобы

       Тәрбиеші: Кенгизбаева.Ж.Ф 

 

                                                                                                                                                                        2016-2017 оқу жылы                                       

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мамандықтың бəрі жақсы. орта топ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 727 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2018 937
    • DOCX 33.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенгизбаева Жазира Фарходовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кенгизбаева Жазира Фарходовна
    Кенгизбаева Жазира Фарходовна
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 65953
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные подходы к деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Менеджмент и управление проектами в ДОУ в условиях реализации ФГОС

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс повышения квалификации

Решение школьных проблем: интеграция нейропсихологического подхода и подготовка детей к школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 156 человек