Инфоурок Другое КонспектыМамандықтың бәрі жақсы 9 сынып

Мамандықтың бәрі жақсы 9 сынып

Скачать материал

Сабақ жоспары

Пән: қазақ  тілі

Сынып: 9

Мұғалім: Жукенова А.Т.

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты:
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру; зат есімнің жалғауларын қайталау
- сурет бойынша сөздер, сөз тіркестерін және шағын мәтіндер құрастыруға үйрету; сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту,
- басқаның пікірін тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу. Диалогты сөйлеуге жаттықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу
.
Ауызекі сөйлесу
1. Бүгін нешесі?
2. Бүгін қай күн?
3. Бүгін ауа райы қандай?
4. Жылдың қай мезгілі?
5. Айналада қандай өзгерістер бар?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың үйге берілген тақырыптар бойынша құрастырған әңгімелерін тексеру. «Мен бос уақытымды қалай өткіземін», «Менің досымның әуес ісі»,
«Көп біліп, көп үйрену қажет».
ІІІ. Жаңа сабақ барысы.
1. Әзір ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
... Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім оқиды?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
(кестені толтыр)
Тірек схеманы интерактивті тақтада көрсету.
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау.
ІҮ. Тақтадағы суреттермен сүйемелдеп көрсету - көрнекілік әдісі бойынша мамандыққа байланысты сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрастырып, дәптерге жаздыру.
Үлгі: Мынау тігінші. Тігінші ательеде жұмыс істейді. Бұл он саусағынан өнер тамған тігінші. Аудан адамдары бұл тігіншіні қатты сыйлайды
1. Жүргізуші
2. Өрт сөндіруші
3. Тігінші
4. Әскери қызметкер
5. Әртіс
6. Құрылысшы
7. Аспазшы
8. Дәрігер
9. Етікші
10. Шаштараз
11. Мұғалім
12. Кітапханашы
V. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
VІ. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
1. Жаңа сөздермен танысу
:
мамандық таңдау - выбор профессии
мақсат - цель
дегеніне жете алады - умеет достигнуть цели
қалауымен таңдап алады - выбирают по желанию
арашашысы - спасатель
өрнек салады - плетет узоры
терең - глубокий
білім алуға талпынады - стремится получить знание
әрқашан үндесіп жатады - всегда созвучны
2. Мамандық таңдау. Мәтінмен жұмыс
Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.
Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер – адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады.
Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады. Көп оқиды. Өз бетінше ізденеді. Басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады.
3 Мәтінді оқып, жоспар құрыңдар
4. Оқушылар жоспар бойынша диалог құрастырады
VІІ. ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Зат есім деген не?
Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
Оның қандай жалғаулары бар?
Жалғаулар қандай заңға жүгінеді?
Кестені толтыр, мысалдар келтір (интерактивті тақтаны қолдану).
Мысалы: мамандық+тар (көптік жалғау)
мамандығ+ым (тәуелдік жалғау)
мамандық+тың (септік жалғау І. с)
маман+мын (жіктік жалғауы)
Мәтіндегі зат есімдерді тауып, жалғауларын анықта.
Сабақ қорытындысы.
«5 саусақ бірдей емес» дегенді қалай түсінесіңдер? Әрине, әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
ҮІІІ. Үй тапсырмасы:
Сөздерді жаттау.
«Менің болашақ мамандығым» тақырыбына әңгіме құрастыру.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағал

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мамандықтың бәрі жақсы 9 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 513 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2016 1715
    • DOCX 15.2 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жукенова Асем Тюлегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жукенова Асем Тюлегеновна
    Жукенова Асем Тюлегеновна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21796
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой