Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / 9 мамыр Жеңіс күні
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

9 мамыр Жеңіс күні

библиотека
материалов

 «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар»

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толып отыр. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті. Сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы  9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды.  

 Жүргізуші:

 Бұлт түнеріп аспаннан

 Талмай көзден жас тамған

 Тұтқиылдан жау тиіп

 Қырғын соғыс басталған – дей келе ортаға оқушыларымызды шақырамыз.

Әдеби монтаж

 Жүргізуші:- Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Осы соғыста Кеңес Одағының басқа  республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына 1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.

Жүргізуші:

 Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

 Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

 Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы. 

Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Жантемиров Ғалымбек Қазбекұлына беріледі.

Келесі құттықтау сөз тыл ардагерлеріне беріледі.

________________орындауында «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнін қабыл алыңыздар

Алдарыңызда 7 сынып оқушыларының орындауында «Калинка» биі

Қамалиденова Нүргілдің орындауында «Синий платочек» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:
Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс- халық санасынан ұмтылған жоқ. « Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ауылымыздан аттанған аталарымыз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін,сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында аттанғаны мәлім. Елден аттанған сарбаздарымыз кеуделерін оққа тосып, жеңісті өз өмірлерінің өтеуімен жақындатты, олар туған жердің топырағын қайта оралып баса алмады. Батыр ағаларымыз бен әкелеріміздің ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алуға тиістіміз.

Олай болса майдан даласында, сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін өз өмірлерін құрбан еткен аталарымыздың рухтарына тағзым ете отырып, өсіп келе жатқан ұрпақтың санасында жатталсын деген ниетпен аты-жөндерін оқып шығуға рұқсат етіңіздер.

Соғыс даласында шахит болған ата-бабаларымыз:

СЛАЙД

Жүргізуші:

 Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедекті жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)

  Жүргізуші- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан, баласынан айырылды, бала әкесінен айырылды.

Ән: Отан қорғаушылар Қамалиденова Нүргүл

Жүргізуші:
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлемінде қайта оранды.
Соғыста өлгендер ғана оралмайды,
Бірақ ұрпақ оларды мәңгі еске алады.
Ақерке мен Алуаның орындауында «Ризамын» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:

Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді.

6 сыныптың орындауында «Ақ көгершін» әні

Жүргізуші:
Батыр бол ,балаларым,бәрің дағы,
Тап берген дұшпан иттің сынды сағы.
Жаса,жаса бейбітшілік,
Не құрыса қанды соғыс мәңгілікке құрысын.

Қажмағанбетов Азаматтың орындауында «Көк тудың желбірегені» әні

Жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

11 сынып оқушыларының орындауында «Алға қазақ жігіттері» әнін қабыл алыңыздар

1-жүр:Жеңіс деген келер дәйім күреспен,

Жеңіс үшін қарт бабалар күрескен.

Жеңіс үшін арпалысты әкелер,

Тек жеңіске қол созумен ұл өскен.

Қажмағанбетов Азаматтың орындауында «Елім менің» әні

Жүргізуші: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Алдарыңызда бастауыш сынып оқушылары «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен /хор/

ХОР «Жаса Қазақстан!»

1жүр: Ешқашан соғыс болмасын,

Аспанымызды соғыс бүлты торламасын.

Аналар жесір, балалар жетім қалмасын

Бар әлемде бейбітшілік орнасын!

Құрметті ардагерлер, қонақтар!Осымен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік шарамыз аяқталды келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!

1-оқушы: Сен құрметте оны,

Түсіндің бе, қарағым,

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын,

Кеше елге қатер төнгенде,

Ол жауға қарсы шапты,

Жалмамақ болған біздерді

Өр кеудесімен жапты....

2-оқушы: Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,

Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.

Жеңіс тойын жақындатып әкелген

Төккен қаны, әке - аға, інінің.

3-оқушы: Жеңіс деген шат күлкісі баланың,

Тыныштығы жер мен жаһан даланың.

Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,

Тыныштығың сол Жеңістен басталған.

4-оқушы: Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты,

Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты.

Құс сайрап, жануарлар сайран салып,

Жайқалып өсімдіктер шешек атты.

5-оқушы: Жеңдік жауды, алдық кекті,

Мөңкіп тулап, басылды апат.

Мең - зең етіп, жер мен көкті,

Тынды - ау ақыр бір ғаламат.

6-оқушы:

Мәлік, Қасым, Бауыржан
Жеңіспен елге қайтқан күн.
Айрылған әке, бауырдан
Туысқа көңіл айтқан күн.

Бұл соғыстан қазақтар
Ерекше ер боп келген күн.
Тарихқа талай ғажаптар
Аңыз болып енген күн.

Ұшқыш Хиуаз, Талғаттар
Ұшақтардан шыққан күн.
Түбінде әлем ардақтар
Қазақты көп ел ұққан күн.

Жігітше екі қызымыз
Батыр боп атақ алған күн.
Азаткерлік ізіміз
Еуропада да қалған күн. (О.Асқар)

7-оқушы:

Фашистің күнін батырған
Сұрапыл соғыс біткен күн.
Рейхстагқа Рахымжан
Жеңістің туын тіккен күн.

Дүниежүзілік соғысты
Бейбітшілік жеңген күн.
Ондай соғыс жер үсті
Болмасына енді сенген күн.

Көрінбейді медальдан
Батырлардың кеудесі.
Жолықсын тек енді алдан
Соғыстың тарих көрмесі. (О.Асқар)

8-оқушы:

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім, күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңда жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Барлығы:

БОЛМАСЫН СОҒЫС, БОЛМАСЫН!!!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров94
Номер материала ДБ-073624
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх