Инфоурок Другое Другие методич. материалы1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттің сценариі

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттің сценариі

Скачать материал

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттің сценарийі

 

Өтетін орны: Малыбай ауылының мәдениет үйі

Өтетін уақыты: 28-сәуір, 2016 жыл

Басталу уақыты: сағат 15.30.

Алаңдағы  үлкен сахна  мерекеге сай гүлдермен, түрлі түсті шарлармен безендіріледі. Достық, татулық, бірлік туралы әндер ойналып тұрады.

Сахнада қазақ жерінің байлығы, халықтар достастығы жайлы бейнеролик жүріп жатады.

Фанфар беріліп ортаға жүргізушілер шығады. (Арайлап таңым)

 

Сабина:                                

Ел ұрандап,қағып достық дабылын,

Көшеменен лек-лек болып ағылды.

«Мәңгі достық, бірлік» деген үнменен,

Бейбітөмір барабаны қағылды.

Қуат:                              

Мерейі өссе шарықтап көкке ұшқаным,

Ақ саумал ессе, сеземін өрбіп, құшқанын.

Болашақтарға болаттай бекіп жол тартқан,

Сүйемін мәңгі, сүйемін сені,Қазақстаным!

(Әнұран орындалады)

СМ:
Армысыздар, құрметті қонақтар, ауылдастар!
«Ынтымақ, достық, береке – ұранымыз!» атты мерекелік концертімізге қош келіпсіздер!
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен баршаңызды құттықтаймыз!  

Мерекелік құттықтау үшін сахна төріне ауылымыздың әкімін шақырамыз.

Келесі сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.

Арман:                                

Достар биін билегенде халықтар,

Ұлы дүбір бар әлемге шарықтар.

Мамыр айы бейбітшілік бастауы,

Берекені болашаққа алып бар, - деп сахнаға 4-сынып оқушыларын шақырамыз!

(музыка фоны өзгеріп, қазақ  биі биленеді)

Қуат:Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген, иә, Сабина

Сабина:Иә, Қуат оған достық, ынтымақ туралы қазақтың даналық сөздері дәлел емес пе?!

Қуат:Ой, қойшы осы сен. Ал айтшы кәне өзің білесін бе?

Сабина:МММ-мысалы, Ырыс алды - ынтымақ.

Қуат: Сол-ақ па, «Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді»
Сабина:Достық түбі - береке, береке түбі - мереке.

Қуат: эээ«Қырғыз, қазақ - бір туған»,

Сабина: Олай емес қой, «Өзбек - өз ағам, қырғыз бауырым»

Қуат: Рас сондай да бар, жүрші Жанар Алтаевнадан сұрайық,

Ааа «Өзбек - өз ағам» сахнада өзбек биі, ду қол шапалақ, шапалақ.
СМ
1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында бүгінгі дүние жүзіне үлгі болып отырған - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым, болды.
Арман:
Бүгінде бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес Қазақстандағы барлық ұлттардың басын біріктіріп отыр.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», - демекші сахнада 2-3-сынып оқушылары - грузин биі, қарсалыңыздар!

Арман:

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 

СМ:

Дұрыс айтасың, Арман, олардың ішінде ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар бар. Біз олармен татумыз, доспыз, - ендеше сонау Мысыр елінен келген қонақтарды қарсыалайық!!!

Арман:

Мен сізге бір анекдот айтайшы,

Бір кезде, бастары қосылган бес-алты кісі "Орыстың, немістің және қазақтың пойызын жарыстырып көрейік, қайсысы дәл уақтысында келеді екен” дейді қай ұлттың қандай екендерін білгілері келіп. Пойыздар тура сагат жетіде вокзалга келуі керек болады.

Сагаттың тілі жетіге бес минут қалганда орыстың пойызы келеді. Арада үш минут өткенде немістің пойызы келіп тоқтайды. Дәл сагат жетіде қазақтың пойызы кіріп келгенде орыстар мен немістер таңдана қараса керек.

- Сендер қалай дәл уақтында келдіңдер?! Өмірі кешігіп жүресіңдер, бұлай болуы мүмкін емес! - деп ашуланады орыс бұрқан-талқан болып.

- Е, бұл біздің "опозданиемен” келе жатқан кешегі пойызымыз гой, - деген екен қазекең асықпай маңдай терін сүртіп қойып.

СМ: 

Сахнада жігіттер КВН командасы.         

СМ: 

Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін, деп сахнаға мектеп алды даярлық тобының оқушысы Ержан Жаннұрды шақырамыз.

Арман:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін, - дей келе сахна төрінде орыстың ұлттық әні «Калинка-малинка».

Сабина:

Сен дәмбердіңменің су мен наныма,

Сен қанқостыңтамырыма, қаныма.

Барлықұлттытуысеттіңхалқыма,

Оғанбүгінжердіңжүзітанымал, - дей отырып сахна төріне 8-сыныпты шақырамыз, немістің ұлттық биі полька.

Қуат:

Тәуелсіздік! Туы бекем тұр елім,

Жұмыр әлем жұдырықтай жүрегім.

О,Халайық, қуанышқа шашайын,

Ел бірлігін айқындайтын той биін. (Флэшмоб)
Барлық қатысушылар сахнаға шығады.

«Қазақ елі» әні орындалады.

1-Жүргізуші: 

Жаралған ұят, ар-намыстан,

Азаттық жолында алысқан.

Достықтың киелі мекені,

Сүйікті Отан – Қазақстан.

2-Жүргізуші:             

Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

3-Жүргізуші: 

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Осымен «Ынтымақ, достық, береке – ұранымыз!» атты мерекелік концертіміз аяқталды, келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттің сценариі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Армысыздар, құрметті қонақтар, ауылдастар!

«Ынтымақ, достық, береке – ұранымыз!» атты мерекелік концертімізге қош келіпсіздер!
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен баршаңызды құттықтаймыз!

Достар биін билегенде халықтар,

Ұлы дүбір бар әлемге шарықтар.

Мамыр айы бейбітшілік бастауы,

Берекені болашаққа алып бар, - деп сахнаға 4-сынып оқушыларын шақырамыз!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 980 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2017 1448
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айгазинова Самал Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айгазинова Самал Муратовна
    Айгазинова Самал Муратовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20050
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой