Инфоурок Биология Другие методич. материалыМАН "Көгалдандыру" биология 7 сынып

МАН "Көгалдандыру" биология 7 сынып

Скачать материал

Алматы облысы

Қаратал ауданы

Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп

Мұратбекова Шынар 7а сынып

 

 

 

           Тақырыбы: Сәндік өсімдіктерді көгалдандыру

                                мақсатында пайдалану

 

 

         

            Бағыты:   биология

 

 

 

           Секция:    биология

 

     

 

           Жетекшісі:  Ауельбекова М.Б.

 

 

 

 

Аннотация

Жұмыс тақырыбы:   Сәндік өсімдіктерді көгалдандыру  мақсатында пайдалану.

     

     Ғылыми жобаның өзектілігі:

-      Көгалдандыру мақсатында отырғызылатын қылқан жапырақты ағаштар

-      Бөлме өсімдіктері.

 

     Ғылыми жобаның мақсаты:

-      Сәндік мақсаттағы өсімдіктерді көбейтіп,жасыл желекке айналдыру.

 

     Зерттеу пәні: биология,әдеп,география,медицина,химия

     Зерттеу әдістері:

-      Ғылыми-әдебиеттермен жұмыс

-      Бұхаралық ақпарат құралдарындағы материялдарды саралау.

-      Сауалнама жүргізу,қоғамдық сананы байқау.

 

Ғылыми жобаның практикалық құндылығы:

-      Зерттеу жұмысы халықтың ұлттық мәртебесін көтеруге және өсел ұрпаққа беретін тәрбиелік мәні зор.

  

     Ғылыми жобаның қорытындысы:

-      Ғылыми жобаның өзектілігін ескере отырып,келешекте жалғастыру.

 

 

 

 

     МАЗМҰНЫ

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім:

2.1. Әсемдік үшін аландарда,саябақтарда,үй іргесінде өсірілетін өсімдіктер.

2.2. Көгалдандыру мақсатында отырғызылатын сәнді өсімдіктер.

3.Гүлзарлар.

3.1.Бөлме өсімдіктеріне жалпы сипаттама.

4.Қорытынды.

5.Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

 Кіріспе

Улы газбен тұмшаланып, «таза» табиғаттан жырақта жатқан үлкен қалалар үшін бүгінде көгалдандыру жұмыстарының орны ерекше. Күніне арлы-берлі мыңдаған автокөлік ағылып жатқан көше бойларына ағаштар отырғызып, түрлі хош иісті гүлдермен үлкенді-кішілі гүлзарлар түзу – қазіргі қалалардың басты міндеттерінің бірі деуге болады.Көгалдандыру жұмыстарында ерекше мәнге ие гүлзарлардың саны жыл өткен сайын артып келе жатқаны қуантады. Соңғы кездері саябақтар мен үлкен көше – аллеяларда, алаңдарда түрлі-түсті қызылды-жасылды гүлдерден көздің жауын аларлықтай әдемі кілемдер «тоқылған». Қала көркіне сән беріп тұрған өсімдіктер топырақтың шаң болып көтерілуінен сақтап ұстап тұруымен қатар, ауаға тараған көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп, оттегі бөлетінін де білеміз. Мұның бүгінде улы газдың құрсауында қалған қала тіршілігі үшін айтарлықтай маңызға ие екені түсінікті. Сондай-ақ мамандардың айтуынша, қала көшелерін көгалдандыру ауа температурасын қыста 2-3 гарадусқа көтеруге, ал жазда ыстықты 3-4 градусқа төмендетуге мүмкіндік береді екен.Бау-бақша, саябақ, түрлі мекеме мен тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаңдардан, яғни гүлзарлардан гүлдердің түр-түрін кездестіруге болады. Өйткені әдемі кілемшелер «тоқу» үшін гүлдердің сан түрі пайдаланады. Алдымен олардың биологиялық ерекшеліктері назарға алынса, гүлдің әсемдігі ғана емес, оның түр-түсі, пішіні, көлемі, жапырақтарының үлкен-кішілігі, сабағының қысқа-ұзындығы, сонымен қатар гүлдеу мерзімі, ұзақтығы, өсімдіктердің бір-бірімен үйлесімділігі де ескеріледі. Осындай бірнеше сынақтан өтіп, талаптарға сай таңдалып алынған гүлдерден клумбалар, рабаткалар, ландшафтық және басқа да сан түрлі мән мен мазмұнға, тарихи танымға ие гүлзарлар түзуге болады. Қаламызда гүлзар өсіруде көбінесе геометриялы және көркем сызықты-өрнектеу әдістері қолданылады. Әсіресе, қазақ халқының түскиіз, текемет оюларының нақышын келтіретін ұлттық ою-өрнектер (қошқар мүйіз, жас бұта, гүл, жапырақ, т.б.) қызғалдақ, сарғалдақ, қалампыр, боз кілем, т.б. гүлдердің түрлерімен беріледі. Осы орайда гүлдермен «сурет салып, кілем тоқитын» гүлзар бағбандарының еңбегін ерекше ескерген жөн. Өйткені сан түрлі гүлдің табиғатын, қыр-сырын тану, оның аты мен затын, бағымы мен баптауын жан-жақты зерттеп біле отырып, әр түп гүлді қайда және қалай қиюластыруды ойластырып, орын орынымен қолдану, сондай-ақ жасаған жұмыстарын бұзып алмай ұзақ уақыт қалыпты сақтау – біраз білім мен білгірлікті, қажыр мен қайратты қажет ететіні сөзсіз. Осындай үлкен жұмыстың нәтижесінде раушан гүлі, сүттіген өсімдігі, еңлік гүлі, кактус, қазтабан гүлі, шырайгүл, ауруға ем болатын түймедақ гүлі, қызғалдақ пен сарғалдақ сияқты гүлдердің түр-түрін пайдалана отырып, қала көшелері мен саябақтарда неше түрлі әсем гүлзарлар түзілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Әсемдік үшін аландарда,саябақтарда,үй іргесінде өсірілетін өсімдіктер.

       

Кызғалдак  туысы (тюльпан — Тшіра). Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қызғалдақтар Евразия мен Солтүстік Африканың жазы қүрғақ, өрі ыстық болып келетін, ал көктемде жөне күзде аздап ылғал түсетін шөлді, жартылай-шөдді және шөлейт аймақтарыңца кең таралған, сиректеу ормаңды жерлерде де кездеседі. Олар тегістікте де жөне таулардың барлық белдеулеріңде өседі, бірақ мәңгі мүз басқан биіктікте сирек кездеседі. Қызғаддақтың баданасы 45 см тереңдікте, кейде одаңда тереңдеу жатады. Баданасының сырты пленка тәрізді жылтыр болып келеді. Гүлдері үлкен, қанық боялған, өр өсімдікте біреуден болады. Өте сөнді, бірақ иісі болмайды. БОР-дың территориясында 60-тай түрі бар, олардың көпшілігі Орта Азияда өседі. Қазақстанда қызғаддақтьщ 32 түрі бар, оның біреуі (Регел қызғалдағы -тюльпан Регеля) жойылуға жақын түр ретінде, 6-уы сирек кездесетін түрлер ретінде Қазақстанньщ қызыл кітабына енген (Борщев қызғалдағы, Корольков қызғаддағы, Леман қызғалдағы, Островский қызғалдағы, әртүрлі күлтелі қызғалдағы, Шренк қызғалдағы).
         Қызғалдақты сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Қазіргі кезде қызғалдақтың 800-дей сорттары белгілі.
Батыс Европа
ға қызғалдақты отырғызу XVI ғасырда Түркиядан ауысқан. Бұл өсімдікті өсіру өсіресе Голландияда жақсы жолға қойылған. Гүлсерігі қарапайым, тек күлтежапырақша түрінде берілген. Күлтежапырақшала-рының мөлшері бірдей, олар үш-үштен топтасып екі қатар шеңбер түзіп бос орналасады. Гүлінің формуласы лалагүлдің гүлінің формуласымен бірдей: Аталығының саны 6, оларда үш-үштен топтасып, екі қатар шеңбер түзеді. Гүлдің ортасыңда үлкен аналық орналасады, оның қысқа мойны үш жақтауы бар аналықтың аузымен аяқталады.
     Казжуа туысы (гусиный лук). Туыста шамамен 70 т
үр бар. Қазжуа туысы ерте көктемде өсетін эфе-мероидтар. Олар өте үсақ өсімдіктер, жапырақтары жіңіш-ке, гүлдері ұсақ, түсі көпшілігінде сары болып келеді.
Қазжуалар ерте көктемде гүлдейді де, вегетациялық кезеңі тез аяқтайды. Қазақстанда 38 түрі кездеседі, олардың барлығы дерлік шөлді және шөлейт аймақтың өсімдіктері.

Лалагүлі бір түптен

Бірнеше гүл жарады.

Көрген жанның назары

Оған бірден ауады.

Бақшаларды Лала егіп

Жайнатуға болады.

Лалагүл (Lіlіum) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық, жуашықты өсімдіктер. Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі — бұйра Лалагул (L. maztadon) — Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі. Биіктігі 60 — 100 см, сабағы түкті. Жапырағы таспа, немесе қандауыр пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, ені 1,5 — 2 см. Гүлдері ірі, жеке немесе шашақ гүл шоғырына топталған. Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара дақтары бар, түкті, олар түтік немесе қоңырау пішінді, ұзындығы 13 — 15 см, хош иісті. Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Маусым — шілдеде гүлдейді. Лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады. Лала – екі мыңға жуық түрі бар бақша гүлі. Маусым айында гүл жарады. Сұрпы мен түріне байланысты гүлінің түсі әр алуан. Оның Қазақстан табиғатында Алтай ,Тарбағатай тауларында табиғи бір түрі ғана өседі. Көгалдандыруда лалагүлін көбінесе ауладан көруге болады. Алты күлтелі гүлі гүлсабақтың басына орналасқан. Биіктігі 60-100 см аралығында. Соңғы уақытта шет елдерден гүлі сабақтың бойына қатарласа орналасқан түрлері әкелініп жатыр. Шетелден әкелінетін лаланың жерсіндірілген лаладан айырмашылығы, жергілікті лалалардың түбінен жыл сайын балапандары өсіп шығады. Ал, шетелдік лала төрт, бес жылға дейін тек бір пиязшықтан ғана өнеді. Лалагүлдің күзде сабағын қырқып тастап отыру керек. Бүгінде лалагүлдің сұрыптарын өсіріп шығарушылардың қатары көбейіп отыр. Ресейлік мамандар будандастырған лалалардың ерекшелігі, суыққа төзімді, көп күтімді қажет етпейді және маусым айында гүлдейді. Ал,Америкадан келетін лалагүл – хош иісті, гүл күлтесінде секпілі бар және шілде айында кеш гүлдейді. Лалагүлін флористика саласында да көп пайдаланады.

 

Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі.Қазақстанның барлық жерінде кездесетін 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Раушангүл тұқымдасының көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар (алма, алмұрт, айва, шие, өрік, шабдалы, т.б.); жидек (таңқурай, қойбүлдірген, сиыр бүлдірген, қарақат, т.б.), әсемдік түрлері (раушангүл, шетен, тобылғы, долана, т.б.) және дәрілік түрлері (итмұрын, түзу қазтабан, бүршікгүл, т.б.). Жемісі тамаққа пайдаланылады, құнарлы мал азығы, гүлінен ара бал жинайды. Қазақстан ҒА-ның Бас ботаник. бағында 1957 — 84 ж. аралығында Раушангүл тұқымдасының әсемдік түрі — раушан гүлінің 16 сорты шығарылған. Ең бастылары: “Қазақстандық мерекелік” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызыл түсті); “Алматыдан сәлем” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызғылт түсті); “Алматы хош иістісі” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызғылт түсті, хош иісті); “Қызжібек” (биікт. 110 см, гүлі қызыл күрең түсті); “Аққу” (биікт. 250 см-дей, гүлі ақ түсті); “Гүлсұлу” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызыл күрең түсті, қыста үсімейді), т.б.

 Қырмызыгүл (лат. Caléndula) — күрделігүлділер тұқымдасына жататын жартылай бұта, бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік. Биікт 50 ігісм-дей. Сабағы бұтақтанып өседі. Жапырақтары ұзынша қондырма, қандауыр пішіндес, жиектері тегіс. Гүл шоғы ұзын гүл сидамына орналасқан себетгүл, оның шетін 1 — 2 қатар жапырақ қоршап тұрады. Гүлі көбіне сары, сарғыш түсті, сондай-ақ қос жынысты, хош иісті. Тұқымы таға пішінді. Мамыр айының аяқ шенінен бастап, суық түскенге дейін гүлдейді. Жемісі — дәнек. Қазақстанның барлық аймағында егілетін 1 ғана түрі бар, ол — дәрілік қырмызыгүл (С. offіcіnalіs). Оның құрамында календен атты ащы зат, шайыр, әр түрлі қышқылдар, шырышты заттар және каротиноидтар, алкалоидтар, эфир майы бар. қырмызыгүлдің дәрілік қасиеті ежелгі Грекияда белгілі болған. Халықтық медицинада қырмызыгүл жара, безеу, шиқан, ұшық және көз ауруларын емдеуге қолданылады. Себеті тамаққа пайдаланылады. Саябақтар мен гүлзарларда әсемдік үшін қолдан егіледі. ырмызыгүл – қашқаргүлдер тұқымдасына жатады. Тұқымдасында 30-ға жуық түрі Жерорта теңізінің жағалауында таралған. Көбінесе ол біржылдық өсімдік. Қырмызыгүлдің өзіне тән жұпар иісінен алыстан тануға болады. Көгалдандырудан гөрі емдік мақсатта өте ерте заманнан қолданылып келеді. Біржылдық гүлдердің ішінде жер талғамай тұқымы шашылып өздігімен де шыға беретін гүлдің бірі. Биіктігі сұрпына қарай 15-75 см аралығында болады. Сабақтары қырлы, жабысқақ түкті болып келеді. Гүлдері сабағына тығыз орналасады. Жай күлтелі және гүлпарлы болып екіге бөлінеді. Диаметрі 4-10 см аралығында. Түсі солғын сарыдан, қызғылт сары түске дейін болып келеді.  Көгалдандыруда гүлінің ашық бояуы, ұзақ әрі мол гүлдеуімен, күтімді аса қажет етпейтіндігімен бағалы. Оны гүлзарларда, жол жиектеріне, ыдыстарға отырғызып қала көгалдандыруында да, жеке бақшаларда да көп қолданады. Биік түрлерін тек көгалдандыруда ғана емес, кесіп гүлшоқтарын жасауға да пайдаланады. Кесілген қырмызыгүлдер 10 шақты күнге дейін әдемілігін жоғалтпайды. Көшеттерін еккенде, арақашықтығы 20-30 см болуы керек. Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 5-7 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінде бір-екі жапырақ шыққанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің соңында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін, көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап, 50-60 күннен кейін гүлдей бастайды. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан егетін болсаңыз, жаздың ортасында гүлдейді.

 

Бақытгүл , хризантема (Chrysanthemum) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер туысы. Олар негізінде Еуропа, Азия, Африкада таралған, 200-дей түрі белгілі. Қазақстанда бау-бақшаларда,саябақтарда, гүл шаруашылықтарында шеңберше тәрізді Бақытгүл (C. coronarіum) түрі қолдан өсіріледі. Бақытгүл биіктігі 0,5 – 1,5 м-дей, көп сабақты бұта. Жапырақтары күңгірт жасыл, шеті тегіс не тілімденіп келеді, сабақта кезектесе орналасады. Ақ, қызыл, күлгін түсті гүлдері ірі гүл себетіне топтасып, күрделі гүлшоғырын құрайды. Қазан – қараша айларында жаппай гүлдейді. Бақытгүлді көктем айларында арнаулы жылыжайда, көшетханада қалемшелеу әдісімен көбейтеді. Кесіліп, суға салынған Бақытгүл 20 – 25 күнге дейін сақталады. Бақытгүлі – көгалдандыруда алғашқы орындарға ие болып келе жатқан көпжылдық, шөптесін бақша гүлі. Гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі. Биіктігі мен гүлдеу уақыты сұрыптарына байланысты әртүрлі боп келеді. Ол жаздың күзге ауысқан мезгілінен қар жауғанға дейін молынан гүлдейтін бірден-бір өсімдік. Сондықтан да оны мектеп, балабақша аулаларына еккен тиімді. Үш айлық демалыстан соң білім нәрін игеруге құлшына кіріскен оқушылардың көңіліне мектеп ауласында құлпырып тұрған бақытгүлі ерекше қуаныш сыйлары сөзсіз. Бақытгүлін әсіресе, жапондар қатты қадірлейді. Жапон елінде бақытгүліне қатысты жыл сайын тойланатын дәстүрлі “Бақытгүлі” мерекесі бар. Бақытгүлі қар түскенге дейін гүлдейтіндіктен, қураған сабағын тек көктемде ғана кесу керек. Егер күзде кесер болсаңыз, қысқы суықта тамыры зақымданып, өліп қалуы мүмкін. Бақытгүлінің түбі үлкейіп кетсе де гүлдемей қалуы мүмкін. Сондықтан уақыт оздырмай, жыл аралатып түбін бөліп отырған жөн. Қышқыл топырақты ұнатпайды. Сол себепті қарағай, шырша секілді қылқанжапырақты арқылы көбейтеді. Ең оңай жолы, ерте көктемде түбін бөлу. Сұрып ағаштардың түбіне егуге болмайды. Тұқымы, қалемшелеу және түбін бөлу  түрлерін тұқымы арқылы көбейтуге болмайды.

  

 

 

                                                                                      

 

 

 

Көгалдандыру мақсатында өсірілетін өсімдіктер.

КӨГАЛДАНДЫРУ– қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін Көгалдандыру жұмыстары мекенжайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, тағы басқа қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ға кемиді, 35%-ға өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ға азаяды, ал 65%-ға өсірілсе, шаң 95%-ға кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шуды азайтып, мекенжайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқыл газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататынфитонцидтері арқылы ауадағы зияндымикроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, тағы басқа жатады. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы,топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетті су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақтаорналасқан питомниктерден алынады.

 

              

 Қылқан жапырақты ағаш (орыс. хвойная порода дерева) — жапырақтары енсіз, ине тәірізді, кейбір ағаштар тұқымы. Ағаштың бұл тұқымдарынан жиһаздар және безендірілген бұйымдар жасалады.

Гүлзарлар.

    Гүлзар-бау-бақша,саябақ,мекеме және тұрғын үй маңын,жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң.Гүлзарларда бір,екі не көп жылдық және кілем тәрізді өң беретін өсімдіктер өсіріледі.Ол үшін өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері,гүлінің әсемдігі ғана емес,гүлдің түсі,пішіні,жапырақтарының үлкен кішілігі,сабағының ұзындығы,гүлдеу мерзімі,ұзақтығы,өсімдіктердің бір-бірімен үйлесімділігі ескеріледі.Гүл жарып,солған өсімдік орнына жаңасы отырғызылады.Гүлзарлар түрліше болуы мүмкін клумбалар,рабаткалар,ландшафтық. Гүлзарлар түрлеше болуы мүмкін: клумбалар, рабаткалар, ландшафтық гүлзарлар- миксобордерлер, партерлер. Гүлзарлар үшін өсімдіктерді таңдап алғанды олардың биологиялық ерекшеліктерін ғана емес, сондай-ақ бояуларының ұштасып, үйлесіп келуін де ескеру керек. Түстің көп болуы ұтымды емес. Күңгірт түстер ашық түстермен жақсы ұштасады, ашық қызғылт ақшыл көкпен, қызыл ақпен, т.с.с. жақсы үйлесім табады.
      Колумбалардың формасы әртүрлі (төрт бұрышты, сопақ, дөңгелек) болуы мүмкін. Шеттері 10см, ал ортасы 30-40см биіктікте болады. Клумбаның шетіне газоннан шағын (10-20 см) жиек жасалуы тиіс. Клумба жасау үшін алдымен оның шекарасын сызып алып, топырақты бір күрек бойы қазып, құнарлы топырақ төсеу керек. 10-15 күннен кейін (топырақ нығыздалған соң) ортасынан бастап өсімдіктерді отырғыза бастуға болады.
Бедерінің тым кішкентай және күрделі болмағаны дұрыс және клумбаны тым үлкен жасаудың керегі жоқ. Өсімдіктерді таңдап алғанда оның түстерінің үйлесімділігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ жекелеген өсімдіктердің өсу сипаты мен биіктігін ескеру қажет. Өсімдік неғұрлым биік болған сайын ол ортасына таман орналасуы тиіс. Аласа өсетін өсімдіктерді тығыз отырғызып клумба жасаудың қажеті жоқ.

     Осындай әсем гүлзарды бұрқақтың жанына шеңбер жасап орнату адамның бойында табиғаттың әсемділігіне сүйсінетін ерекше сезім тудырады, сонымен қатар адамның шаршағанын басатын тамаша бір дем алатын, яғни рекреациялық орны болады. Бұрқақты кез келген жерге орнатудың түк қиындығы жоқ. Өйткені бұрқақты салу құрылысында негізінен физика заңына сүйенеді, яғни су айналым жүйесін білу шарт. Бұрқаққа негізінен әр түрлі насостарды қолдануға болады. Алайда арнайы бұрқақ насосын қолданған жөн. Себебі біріншіден, ол аз энергияны қажет метеді, екінщіден, үлкен моторесурсты болып келеді, үшіншіден, бұл насос дірілсз және шусыз жұмыс істейді. Аппарат бөгеннің астына бетонды немесе металды лауатқа бекітіліп, бұрқақтың бір ұшы су деңгейінің үстіңгі жағына орнатылады.


 

 

Бөлме өсімдіктеріне жалпы сипаттама.

Бөлме өсімдіктері де қолдан өсіріліп, мәдени түрге айналған. Олар тек сәндік мақсатта емес, өте қажетті қызмет атқару үшін де бөлмеле өсіріледі. Алоэкактусбегониябальзаминқазтамаққытайлық раушан және т. б. биология кабинетінде көбірек өсіріледі. Бұлардың ішінде бальзаминқазтамақ,қытайлық раушан әдемі гүлдерімен бөлмеге сән береді. Дәрілік мақсатта көбірек қолданылатын түрлері де бар.

Бөлме өсімдігі кактустың жапырақтары түгелдей тікенекке айналған. Бұл оның қоршаған орта жағдайына бейімделу айғағы. Лимонапельсинмандарин, пальма, қырықжапырақтарды (папоротник) бөлмеле өсіруге болады. Демек бөлме өсімдіктерінің ішінде шөптекті, бұта, шала бұта қалпында өсетін өсімдік түрлері бар. Бөлме өсімдіктері негізінен алғанда жас өркендерінен (қаламша) көбірек көбейтіледі. Алоэ - лалагүлділер тұқымдасына, даражарнақтылар класына жататын шырынды өсімдік. Оның шырыны сағақсыз жапырақтарына жиналалы. Жапырағының пішіні сәл иілген қылышқа ұқсайды. Жиектері тікенектермен көмкерілген, өркенге кезектесіп орналасады. Тыңайтылған ылғалды топырақта жақсы өседі. Жас өркендерін шығарып, түптеніп өсе береді, жас өркендерін бөліп алып, 1 — 2 күн солдырып, құмырадағы топыраққа отырғызады. 5 - 6 жылда, кейде 10-15 жылда сабағының ұшынан шашақ тәрізді гүлшоғыры шығады. Күлтесі қызғылт-сары түсті болады.

Алоэны мынадай мақсаттарға:

1.  Жапырақтардың құрылысын өткенде сағақсыз жапырақтың мысалы ретінде;

2.  Жапырағына шырын жинап, суды аз буландыратын, шөлді жерлерде төзімді өсімдік ретінде;

3.  Дәрілік қасиетімен танысуға пайдаланылады.

Алоэның жапырағын кескенде дәмі ащы сары түсті шырын ағады, ол шырыннан медицинада түрлі дәрілер жасайды. Алоэ дәрісі - асқазан, ішектегі жараларға, дизентерияға, терідегі іріңдеген жараларды жазуға пайдаланылады.Туберкулез ауруына қарсы қолданады. Абайсызда қолды пышақ кескенде, іріңдеген жара шықса, алоэ жапырағын ортасынан қақ жарып жараға таңыл қоюға болады.

Бөлме өсімдіктері адам ағзасына өте пайдалы, бөлмеге түрлі өсімдіктер өсіруді әдетке айналдырыңдар.Тағамға пайдаланылатын бау-бақшалық жемістер көкөністер (орамжапыраққиярсәбіз) деп аталады. Ал көкөніс алу үшін өсірілетін мәдени өсімдіктерді көкөніс дақылдары (сарымсақ, қызанақ, асқабақ, т. б.) дейді. Шырынды және құрғақ жеміс-жидектер болады.

 

               Гүл жамылған өлкедегі,

                Бұталар да ән төгеді

                Күн шуағы аймалаған

                Елім неткен көркем еді!

 

 

Бальзамин гүлі. ҚЫНАГҮЛ (IMPATIENS БАЛЬЗАМИН) бальзаминдер  тұқымдасына жатады. Отаны – тропикалық Африка аймақтары. Гүлдің 850-дей түрі белгілі. Сабақтарының биіктігі 40-50 см, тік орналасқан, сулы, жартылай мөлдір. Жапырақтары ұзыншақ сүйір болып келген, жиектері майда аратісті, түсі ақшыл жасылдан, қою жасыл аралығында. Гүл күлтелері жай және гүлпарлы, ал түстері күлгін, ақ, қызыл, ақшыл көк, қызғылт болады. Мол әрі ұзақ көктемнен күзге дейін гүлдейді. Жарық мол түсетін жерге орналастыру керек. Бірақ тіке күн сәулесінен қорғау қажет. Қыста 18ºС төмен түспегені абзал. Жаз айларында топырағы ылғалды болып тұрғаны абзал, қыста суды топырағының беткі қабаты құрғағанда ғана құю керек. Жапырағына су бүркіп тұру қажет. Гүлдеп тұрған кезінде гүлін қалқалап барып су бүрку керек, әйтпесе су тамшылары гүл күлтелерінде дақ қалдырады. Көктемнен күзге дейін гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріледі. Ауа құрғап кетсе өрмекші құрты, кене, өсімдік биті секілді зиянкестердің әсерінен ауырады. Қалемшелеу, тұқымы арқылы көбейтеді.

 Кактус (Cactaceae) – қос жарнақты көп жылдық, шырын сабақты шөптесін өсімдік; әдетте, жуан, етженді, шырынды сабақтары тікенекті, түкті, қылтанақты болады. Кактустың бұтаағашлиана тәріздес түрлері де кездеседі.

Кактустердің Американың шөлді аймақтарында, Оңтүстік және Оңтүстік Американың ылғалды жерлерінде, тропиктік Африкада және Мадагаскар аралы мен Шри-Ланкада өсетін 220 туысы, 3000-дай түрі бар. Сондай-ақ, Австралияда,ҮндістандаЖерорта теңізі жағалауындағы елдерде жерсіндірілген.

Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде үйде, немесе оранжереяда өсіріледі. Кактус сабағы шар, жұмыртқа, цилиндр, діңгек, жапырақ сияқты жалпақ пішінді, бунақталған болады, түсі жасыл. Сабағының биіктігі 2 – 5 см-ден 10 – 15 м-ге дейін жетеді. Сабағының қабығы мен өзегінде су жиналады, мысалы, кейбір ірі кактустердің сабағында 2000 л-ге дейін су болады. Олардың бір ерекшелігі – суды үнемді пайдалануында.

Техас кактустерін зерттеу нәтижесінде, үш ай қуаңшылық кезінде де көпқылтанды опунция (Opuntіa polyacantha) сабағының құрамында 81% су сақталғаны байқалды. Көпшілігінің жапырақтары болмайды (нағыз жапырақ тек – перескияда сақталған), кейбір түрлерінде біз сияқты (опунцияда), немесе қабыршақ тәрізді (рипсалисте) келеді. Гүлі дара орналасқан, алуан түске боялған. Аналығы 3, кейде көптеген жеміс жапырақтарынан тұрады. Аталығы өте көп (мысалы, карнегиде 3500-ға жетеді). Жемісі – етті, жидек тәрізді. Кактус тағам (жемісі мен шырынды сабағы), діңі – отын және құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Кейбір түрлерінен (лофофора, селеницереус) дәрілік препараттар жасалады.

Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биікт. 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара шығады. Маусым-тамыз айларында гүлдеп, шілде- қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулитті емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі.      

ҚАЗТАМАҚ (PELARGONIUM ПЕЛАРГОНИЯ (ГЕРАНЬ)) – герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны – Оңтүстік Африка. 280-ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді. Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зияндымикробтарды, [[стафилакокк] бактерияларын жоюға пәрмені бар өсімдік. Қазтамақ тез өсетін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп, жыл сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет.

Қазтамақ гүлі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау- озық қоғамның алғы шарты. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаған орта мен адамның жекедара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланаған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен танысудың маңызы зор.
Жалпы мектеп алаңында осындай мәдени- эстетикалық сауықтыру орталығының құрылысы жүзеге асатын болса, ертеңгі үкіліген үмітіміз- болашақ ұрпақтың бала кезінен бастап экологиялық мәдениет, оның ішінде туған өлкенің табиғаты, жалпы табиғат деген кең ұғымды дүниені аялау, оны қорғау сынды алдын алу шараларымен таныстыру – бүгінігі күннен бастау керек. Гүлзар және бұрқақ – бұл адам дем алатын, өзінің бойында эстетикалық мәдениетті қалыптастыратын табиғаттың ғажайыбы іспетті.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Л
ұқпанов Ж., Әлімқұлова Р., Тәртенова М., “Өсімдік өмір
2. Иващенко А.А., “
Қазақстанның өсімдіктер әлемі” Энциклопедия 
3.
Әлімқұлова Р.Ә., Тәртенова М.А., “Өсімдік – табиғат қазынасы”
4. Таубаев Т., “Жасыл
әлем ғажаптары” Алматы-1964 
5. “Г
үлстан” журналы № 5,7 2008 ж, № 1,5
6. “Биология ж
әне салауаттылық негіздері” журналы № 5, 2007
7. “В мире Растений” журналы - № 5, 2008
8.
Әбілов Д., “Өсімдіктер тіршілігінің кейбір сырлары” Алматы-1978 
9. М
ұсақұлов Т., “Ботаника” Алматы-1967 
10. Арыстан
ғалиев С.А., Рамазанов Е.Р., “Қазақстанның өсімдіктері” Алматы-
11.
Массагетов Т.С., “Өсімдік әлеміне саяхат” Алматы- 1988 
12. Школьник Ю., “Растения полная энциклопедия” Москва-2007
 
13.
Құлжабаева Г., “Мектептегі көгалдандыру жұмыстары туралы әдістемелік құрал”
14. Вовченко Ю.А., Орехов М.С., “Энциклопедия цветовода” Санкт-Петербург-2000
 
15. Межакова А.К., “Знамительные садоводство” Алматы-1974
 
16. Сало В.М., “Зеленые друзья человека” Москва-1975
 
17. Залатаева И.А., “Книга о кактусах” Москва-1974
 
18. Сулимов Б.Н., “Цветы и кустарники в грунте и

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "МАН "Көгалдандыру" биология 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 657 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 4273
    • DOCX 3.8 мбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ауельбекова Махабат Бакытбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19328
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 48 регионов