Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем 8-сынып

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем 8-сынып

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін:

Пән: қазақ тілі

Пән мұғалімі: Сулеева Ш.

Күні,уақыты: 2.03.2015ж.

Сабақ ұзақтығы: 45 мин

Сынып: 8 «А»


Сабақтың тақырыбы: Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Сабақтың модулі: сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер (диалог), оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ,

Сабақтың әдіс – тәсілі: «6W?» , Джиксо әдістері, кластер дайындау, топтастыру стратегиясы

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін ажырата біледі. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгереді;

  • Оқушылардың білімі мен дағдылары сыни тұрғыдан ойлау қабілетері дамиды, топтық және жұптық жұмыста белсенділік көрсету қасиеттері артады;

  • Топ ережесін ұстануға, пікір алысуда өз тұжырымдамасын дәлелдеуге үйренеді.

Оқу нәтижесі: 1.Топта жұмыс істеуге үйренеді.

2.Әр оқушы өз пікірін айтады.

3.Шығармашылық жұмыс жасауға дағдыланады.

Ресурстар: Оқулық (оқу құралдары), үлестірмелі материалдар, интербелсенді тақта, көңіл-күй күнделігін білдіру парақтары, электронды оқулық

АКТ мүмкіндіктері: Слайдтар, электронды оқулықтар интербелсенді тақтадан көрсетіледі

Бағалау түрі: Топта өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» әдісімен бағаланады.

Сыныпты ұйымдастыру.

Сәлемдесу, түгендеу және зейіндерін бір ортаға тоғыстыру.


Уақыты

Жұмыстың түрі



Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушының іс-әрекеті


2 мин.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Жылдың үш мезгілін білдіретін үш түрлі ақ, жасыл, сары қағаздар арқылы оқушыларды топқа бөлу.

1-топ «Күз»

2-топ «Қыс»

3-топ «Көктем»

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтерді таратып, көңіл-күй күнделігін толтыру

hello_html_m77c230ae.jpg





Бір топқа жиналады

Сабақ барысында өздерінің көңіл күйлерін смайликтер арқылы білдіреді.


І. Қызығушылықты ояту сатысы

Үй жұмысын тексеру

5 мин.




Үй тапсырмасы

1-тапсырма. «6 W?» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

1.Сөйлемді құрылымына қарай жай және құрмалас сөйлемдер деп екі топқа бөлеміз. Неліктен?

2.Сабақтас сөйлемнің түрлерін мағынасына қарай алты түрге топтаған. Неліктен?

3.Құрамындағы жай сөйлемдері бір – біріне бағына байланысады. Неліктен?

4.Қимыл –сын бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары көсемше мен есімшенің жұрнақтарынан жасалады. Неліктен?

5.Сабақтас сөйлемнің өмірде қандай маңызы бар? Неліктен?

6. Өз сөз қолданысыңда сабақтастың қай түрін жиі қолданасың? Неліктен?




Оқушылар-

дың қызығушы-

лығын ояту

Оқушылар әртүрлі деңгейлі сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану сатысы

Жаңа сабақ

5 мин.

1.«Джиксо» әдісі .

2. Электронды оқулық.

1.Үлестірмелі қағаздарды оқушыларға үлестіреді.

2.Электронды оқулықтан тақырыпқа байланысты айтылымды қосады.

1.Оқушылар материалды оқып, бірінші үй тобында, сосын зерттеуші топта талдайды.

2.Оқушылар айтылымды тыңдап, алғаш алған мәліметтерімен салыстырады.









3 мин.


Оқулық бойынша тапсырма.

144- жаттығу. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарына кластер дайындау.



Мұғалім бағыт –бағдар береді.


hello_html_m6d860887.gifОқушылар кластер дайындайды.

10 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Жаттығуды бірдей етіп береді, топпен жұмыс жасағанда оқушылардың бір-біріне көмектесуі мен кез-келген оқушының бос отырмауын қамтамасыз етеді.




145- жаттығудағы аяқталмаған сөйлемдерді мақсат бағыныңқылы сабақтас етіп байланыстырады, жасалу жолын талдайды. Топтағы көшбасшы оқушылар үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі.

Ой толғау сатысы


15 мин.

«Менің алға қойған мақсатым.» деген тақырыпта эссе жазады.


Оқушыларға эссені диалог түрінде жазуды тапсырады.


Оқушылар эссені жазу барысында мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемді қатыстырып, қоғаммен байланыстырып жазады.

1 мин

Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгей:
146-жаттығу.

Мүмкіндік деңгей: Б.Момышұлы туралы әңгіме жазу.

Тапсырманы мұғалім түсіндіреді.

Оқушы күнделікке жазып алады.


2мин

Бағалау:

«Бағдаршам» әдісі

Формативті бағалау арқылы жиынтық бағасын қояды.


Формативті бағалаудың жиынтығын санап бағаланады.


2мин

Рефлексия

Стикерлерге өз ойларын жазып, сабақтан алған әсерлерімен

бөліседі.

Тапсырмалар орындалып болғаннан кейін мұғалім смайликтерді белгілеуін сұрайды және стикерлер таратады.

Оқушылар сабақ соңында көңіл күйлеріне қарай смайликті белгілейді және сабақ жөнінде өз пікірлерін жазып береді.

























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров1330
Номер материала ДВ-159330
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх