Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / Мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі.

Мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі.

  • Русский язык и литература

Поделитесь материалом с коллегами:

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мамбеталина Дина Агалбаевна

Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға үстеу, үстеудің қүрамдық түрлері, үстеудің
мағыналық түрлері, мақсат үстеуі және себеп-салдар үстеуі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру. суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгендеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Мақсат үстеуі және себеп-салдар үстеуі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, т.б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, т.б

Себеп-салдар үстеуі.

Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, т.б. сөздерге жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 288-жаттығу жұмысының орындалу

  1. Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең,
    кешке, бірге, әрең, талай, төмен, т.б.

  2. Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарлары қалай
    дыбысталса, солай жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, т.б. сөздер осылайша
    айтылуынша жазылады. Бүлар бұл+күн, бұл+жыл, қыстың+күні сияқты күрделі үстеулердің
    сыңарлары
    әрбір тұлғасын сақтап жазылады.

  3. Сөздердің қайталануынан немесе қосарлануынан жасалған күрде-лі үстеулер дефис
    (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез, қолма-қол, т.б.



  1. Сөздердің тіркесуінен қүралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады.
    Мысалы: таң сәріде, күні бойы, т.б.

Тақтамен жұмыс.

Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып, емлесін түсіндір.

Көру диктанты І.Түлкідей түн қатып, Бөрідейін жол тартып. (Махамбет).

  1. Ендігәрі мұндай ісіңді көрмейтін болайын.

  2. Ол қаннен-қаперсіз жүріп келеді.

  3. Дұшпан ұшақтары қала үстінде күні-түні ұшып, бомбаларды боратып жатыр.
    в) Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру.

Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.


1-топ. Перфокартамен жүмыс

жүргізеді (ауызша)




Мысалдар

мезгіл

мекен

мөлшер

сын-қимыл

күшейткіш

мақсат

себеп-салдар

Ала жаздай

+







Сол үшін






+


Аса





+



Ақырын




+




Мұншама



+





Қасақана







+

Тысқары


+






2 топ.


Үстеудің мағынасына қарай түрлері

Үстеулерді жаз

Мезгіл


Мекен


Мөлшер


Сын-қимыл


Күшейткіш


Мақсат


Себеп-салдар


Үлестірмелі кеспе қағаздармен жұмыс.

Шарты. Үстеу орнына сүұаулары берілген. Ойлап тауып ориына қой. №1.

  1. Еріншекке ( кашанғыдан? қашанғы?) оңай.

  2. (Қай уақытта?) түрған жігіттің ырысы артық?

2.

Қазша қанатын жаяды, Үйрекше мойнын созады, Құсша қонады.

3. Ендігәрі, ерте, жазгытүры үстеулерін қатыстырып сөйлем ой Сұрақ қою арқылы мақсат жэне себеп-салдар үстеулерін тауып, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 289-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден үстеуді табыңдар. Олардың түрлерін ажыратыңдар, қай сөзбен тіркесіп түрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 290-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден үстеулерді тауып, сүрақ қою арқылы түр-түріне ажыратыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  1. Үйге тапсырма: 291-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров562
Номер материала ДВ-333208
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх