Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Мақсатты келер шақ" тақырыбында 7-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

"Мақсатты келер шақ" тақырыбында 7-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Скачать материал

ОҚО, Түркістан қаласы, Оранғай ауылы,

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі  А.А.Досановтың 7-сыныпқа

арналған ашық  сабақ жоспары

 

Сабақтың тақырыбы:    Мақсатты келер шақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Етістіктің шақтары туралы білімдерін кеңейту.Келер шақтың бір түрі мақсатты келер шақ,оның жасалу жолы туралы мысалдар келтіре отырып түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін,зейінін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Етістіктің шақтарын ажырата білуін,сөйлем құрау дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру.Отаншылдыққа, ,тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілі:түсіндіру,талдау,сұрақ-жауап,тест жұмысы

Сабақ көрнекілігі:кесте,тірек сызба,сөзжұмбақ,семантикалық  карта

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

1.Сынып оқушыларымен сәлемдесу,түгендеу

2.Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау

3.Оқушылардың зейінен сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан-жағыма қарап ап,
Аздап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз

.Сабаққа дайындық

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болмағым,бақытым,дара тілім.

 - Міне,балалар,кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі-туған тіліміз - қазақ тілі сабағымызды бастаймыз

«Қайталау-оқу анасы» парағы

Миға шабуыл

Етістік дегеніміз не?

Етістіктің шақтары туралы не білесіңдер?

Осы шақ, келер шақ, өткен шақ дегеніміз не?

Келер шақ нешеге бөлінеді?

Болжалды келер шақ дегеніміз не?

Тақтада мысалдар берілген көп нүктенің орнына керекті болжалды келер шақты қойып жазамыз.

1.Оқысаң ...,

   Оқымасаң ....

2.Ерінбеген етікші ...,

    Ұялмаған өлеңші ....

Керекті сөздер:озарсың,тозарсың,болар.

«Жаңа сабақ құпиясы» парағы

Жаңа сабақ: Мақсатты келер шақ

Жаңа сабақты тірек сызба арқылы түсіндіремін

Мақсатты келер шақ - қимылдың іс- әрекеттің келешекке мақсат етіле орындалатынын білдіретін келер шақ түрі.

Етістіктің  түбіріне

-мақ, -мек,-пақ, -пек,-бақ, -бек  жұрнақ жалғану арқылы жасалады

Мысалы:Мен ауылға бармақпын. Ол ерте кетпек

Етістіктің –мақ, -мек,-пақ,-пек,-бақ, -бек, жұрнағынан кейін –шы, -ші  жұрнағы арқылы да мақсатты келер шақ жасалады.

Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын

Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі

Жақ                    Жекеше                                                        Көпше

І     бармақпын, бармақшымын            бармақпыз, бармақшымыз

ІІ   бармақсың, бармақшысың           бармақсыңдар,бармақшысыңдар

      бармақсыз, бармақшысыз                бармақсыздар, бармақшысыздар

ІІІ  бармақ, бармақшы                               бармақ, бармақшы

«Кітап –досың, ақылшың» парағы

Жаттығу жұмыстарын орындау

119 – жаттығу. Оқып шығып,мақсатты келер шақты тауып,қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Үйренбек - - бек жұрнағы арқылы жасалған, түбірі - үйрен, салт етістік.
Саумақ - - мақ жұрнағы арқылы жасалған, түбірі - сау, салт етістік.
Болмақ - мақ, түбірі - бол, салт етістік.
Шашпақ, ашпақ - - пақ, түбірлері - аш, шаш - салт етістік.
Кетпекші - пек,- ші жұрнақтары арқылы, кет - салт етістік.

120– жаттығу.

Сергіту сәті.

121– жаттығу (ауызша).

Білімді мыңды жығар парағы

·         Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ

·         Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес

·         Ақылды қара қылды қырық бөлмек,

Әр нәрсеге өзіңдей баға бермек

·         Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек,

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек

ҮІІ. Семантикалық кестемен жұмыс
Сөздер                        Осы шақ                             Өткен шақ                            Келер шақ
Жыртып жүр                    +
Жазып отыр                      +
Барар                                                                                                                        +
Айтыппын                                                                       +
Оқыған едік                                                                     +     
Келесіңдер                        +
Барғанмын                                                                       +
Келіп отыр                        +
Келіп кетпек                                                                                                             +

Үйге тапсырма: Ережелерді жаттау

Оқушыларды бағалау:  сабаққа қатысуына байланысты бағалаймын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мақсатты келер шақ" тақырыбында 7-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 094 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2017 896
    • DOCX 49.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досанов Алтынбек Алимжанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Досанов Алтынбек Алимжанович
    Досанов Алтынбек Алимжанович
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10092
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой