Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / Маша мен Миша (танымдық ойын)

Маша мен Миша (танымдық ойын)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:







Тақырыбы: «Маша мен Миша».

Мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын ашу. Сұрақ қою арқылы ауызекі сөйлеуге үйрету. Ойын арқылы ұйымдастыру.

2. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, қиялын, дене қимыл-қозғалысын жетілдіру. Балалардың тілдік қатынас жасау дағдыларын, халықауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылығын дамыту.

3. Балаларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Күні: .02.2016ж.

Тобы: «Балдырған» шағын орталығының ІІ кіші тобы.

Тәрбиеші: Малғаждарова Қ.С.

Түрі: Танымдық ойын.

Көрнекі құралдар: Бейнетаспа, телевизор, ойынға қажетті құралдар, автобустың суреті.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Топ іші безендірілген және спорт киімін киген тәрбиеленушілер жартылай шеңбер жасап отырады.

Тәрбиеші: -Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберіне тұрғызып, жаттығу жасату /бейнетаспа арқылы/.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.



Балалар қимыл-қозғалыстар арқылы жаттығу жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші: - Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Маша мен Миша» ертегісі. «Маша мен Миша» ертегісінен үзінді көрсету /бейнетаспа арқылы/.

- «Маша мен Миша» ертегісі орыс халқының ертегісі. Бұл ертегінің бас кейіпкерлері кімдер?

- Маша мен аюға мінездеме беріп көрейік.

- Сендерге қайсысы қатты ұнайды?

Тәрбиеші: - Балалар, бізге осы ертегінің бас кейіпкерлері де қонаққа келіп қалыпты /автобустың суретін ұстап кіреді/.

Маша: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ой, біз адасып кеттік, жол көрсетіп жіберіңдерші. Астанаға бара жатыр едік, біз өзі қайда келдік?

Тәрбиеші: - Балалар, оларды құр қайтармайық, бірге ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Тәрбиеші: - Ендеше, балалар, екі топқа бөлініп жарысамыз. 1-топ – Машаның тобы, 2-топ – Мишаның тобы болады.

- Менің сендерге мынадай тапсырмаларым бар. Барлық тапсырмалардан сүрінбей өткен топ жеңіске жетеді.

Ойын жоспары: 1.Кедергілерден өту / жүру, секіру арқылы/.

2. Допты ойыншыққа дәл тигізу.

3. Жемістер мен көкөністерді жинау.

4. Кубиктардан үйдің қабырғасын тұрғызу.

5. Машина жарысы.

Балалар телевизордан ертегі үзіндісін көре отырып, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.


-Маша мен Миша.




-Балалар өздерінің ойларын айтады.



Балалардың көңілдері бір көтеріліп қалады, амандасады.-







Біздің балабақшамыздасыздар.




-Ойнаймыз.





-Жарайды.






Балалар ойынды жақсы көңіл-күймен белсене ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші: - Балалар, бүгін бізге қонаққа кімдер келді?

-Сендерге ойын ұнады ма?

-Ендеше, сендерге көп рахмет. Сабаққа белсене қатысқандарың үшін мынадай сыйлық беріледі /шиколад пен фишкалар/.

Маша: - Балалар, сендерге бізбен бірге ойынды жақсы ойнағандарың үшін көп рахмет. Қайтатын уақыт та болып қалыпты. Бізбен бірге Астанаға жүріңдер.

Балалар:

-Маша мен Миша.

-Иә.




Балалар қуанады.




Балалар бәрі автобуспен қуана шығып кетеді.





Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Дене қимыл-қозғалыстарын орындай білуі керек.

Болуы керек: Ертегі туралы түсініктері болуы керек.

Істей білуі керек: Жалпы дамыту жаттығуын, негізгі қимылдарды орындай алуы керек.



hello_html_90837e9.jpg








Автор
Дата добавления 02.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров159
Номер материала ДБ-002675
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх