Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Машқар Гумеров " Күмән "

Машқар Гумеров " Күмән "



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_3cccb6a.png

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде дайын білімге негізделгеноқыту басым болып тұр.Ал, «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың еркін ойлануына,  өзіндік шешім қабылдауына, сапалы білім алып, өмірде қолдана алатын дағдылар игеруіне  кедергі болады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 33 бет). Осы жағдайда заман талабына сай педагог оқушыны қалай және неге оқыту керек? Бұл мәселені шешуде ең алдымен мұғалімнің кәсіби дамуына аса маңызды көңіл аударуды қажет етеді. Осыған қатысты маңызды түйіндер Кембридж бағдарламасының мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады. Жеті модульдердің барлығында  қарастырылатын идеялары білім алушылардың өзінің түсінігі қалыптасуына, белсенді білім алуына, әлеуметтік серіктестікте білім алуға, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, өзара тілдік қарым-қатынас орнатуын дамытуға негізделген. Негізгі идеяларды іске асыру үшін мұғалім тұлғаның бойында еркін ойлап, өз ойын тілдік қарым-қатынас барысында еркін ашық айта білу қабілеттерін қалыптастыру керек.

Д. Дьюи бойынша оқушы егер «өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра» алса, белсенді болады (S.M.Fishman, L.McCarty, 1998). Бұған қалай жетуге болады? Бағдарламаның идеялары тұлғаның өзіндік ізденуіне,  сыни ойлап, сұрақ қоюдан және сол  шешімін талап ететін проблемаларды айқындауында, шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қалыптастыруда диалогтік оқыту  арқылы  нәтижеге қол жеткізуге болатыны мәлім.

Кей жағдайда білім беру үрдісі барысында кездесетін  мәселе, оқушылардың көпшілігі еркін ойлауда, ойларын жеткізуде біршама қиналатындығы байқалады. Мысалы, мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар мәтіннің үзіндісімен ғана жауап береді. Кіші жастан бастап диалогтік оқытудың өзіндік негізі қалыптаспаса  жоғары сыныптарда қиыншылықтарға тап болатыны белгілі. Бұл жағдай әсіресе оқушылардың бастауыштан орта буынға ауысуы тұсында байқалады.

Балалардың қажеттіліктерін ескере отыра дағды және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.

Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды. Ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес қоғам үшін тиімді болуына бағыттау керек екенін мойындатты.

«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер т.б.. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену маңызды болып табылады.

 http://centre.ipksko.kz/images/thumbnails/images/poisk.opit.reshenie/8/1-500x239.png

http://centre.ipksko.kz/images/thumbnails/images/poisk.opit.reshenie/8/2-500x265.png

 

«Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісінің негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? т.б.  сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады. Сондай –ақ осы жұмыс арқылы оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың  мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу,  дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. Диалогтік оқыту барысында   әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік-дамытушылық, әлеуметтік-бағдарлаушы  міндеттері қамтылуы маңызды болып табылады.

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі: «төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда  ғана танымдық сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың ізденуіне  қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін  жақсартады және білім, ақпарат алу көкжиектерін кеңейте түседі. Сондықтан да өткізілген сабақтар барысында қойылған сұрақтар баланың  санасына қойылатын талаптар тұрғысынан ойластырылса нұр үстіне нұр болады. Жоғары дәрежелі сұрақтар балалардан ақпаратты белгілі дәрежеде қолдануды, қайта ұйымдастыруды, дамытуды, бағалауды, талдауды, яғни, ойлау операцияларына дайын болуды талап ететін сұрақтар. Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға әлдеқайда жоғарырақ деңгейде ойлануға көмектеседі.

Сұрақтардың түрлері

Төмен дәрежелі

Жоғары дәрежелі

Жабық немесе дұрыс емес

Қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға, талдауға тиіс

Сұрақ қоюдың техникалары

 

Түрткі болу

Сынақтан өту

Қайта бағыттау

  • Жауап алу үшін

  • Оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін

  • Сұрақты қарапайым қою

  • Өткен материалға оралу

  • Ойға салу

  • Дұрысын қабылдау, толығырақ жауап беру

  • Толық жауап беру

  • Ойларын анық білдіру

  • Идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп  құру

  • Сіз мысал келтіре аласыз ба?” тапсырманы орындау барысында бағдар беру

 

 

Сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау “Көмектесе алатындар бар ма?”

Сұрақтардың маңызы:

  • Ынталандырады

  • Қызығушылығын анықтайды

  • Зерттеуге ынталандырады

  • Білімін қалыптастыруға көмектеседі

  • СТО ықпал етеді

  • Басқа идеяларды құрметтеуге ықпал етеді

  • Оқытуды қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды

 

 

 

Белсенді әдістерді қолдану барысында орта қалыптастыру, әрекет арқылы үйрету және үйрену, өмірмен байланыстыра отыра өзінділік пен дербестікке баулу керек.

Орта қалыптастыру:

  • білім алушы оқып үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;

  • үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатыынас орнату;

  • үйренушілерге білімді дайын күйінде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Әрекет арқыылы үйрету және үйрену:

  • үйренушілерге білімнің  өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетінін дәлелдеу;

  • үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін игеру.

Өмірмен байланыстыру:

  • үйрету және үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты  күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу үшін қарастыру.

Өзінділік пен дербестікке баулу:

  • үйренушілердің дайын жауабын ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру;

  • сыни тұрғыдан ойлауларына жағдай жасау.

Осының нәтижесінде үйренеді:

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • өз әрекеттері мен идеяларыын талдау және оларға баға беру;

  • ақпаратты өздігінен түсініп, оны сараптап, дұрыс таңдай білу;

  • пікірталасқа қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

  • шешім қабілдау және қиын мәселелерді шешу;

  • басқалармен тиімді қарым-қатынас құрып, өзара бірлесе жұмыс атқару;

Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу  - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі  алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе  «пікір алмасу» барысында  тең құқылы серіктестер болып табылады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдылыққа ие болады.

Білім беру үрдісінде  оқушыларға  білім беруде  тиімді  әдістерді  пайдалану арқылы  оқушының  білімге деген  ынтасын дамытып, ойын еркін жеткізе білу қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға негіз  болады деуге болады. Сондай-ақ мұғалімдер осы  бағытта жұмыстар атқарса оқушы мен мұғалім арасында өзара серіктестік пайда болады. Сонымен қатар еркін тілде сөйлеп өзінің сыни көзқарасын білдіріп, басқаларға  жеткізе  алатын, бәсекеге қабілетті  тұлғаға  айналады.

Диалогтік оқыту – мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап етеді.

Білім беру барысында диалогтік оқытуды дамыту үшін мұғалімнің тәжірибесінде не қажет? Әрине, оқытудың әдіс-тәсілдерінің сынып жағдайында дұрыс таңдалуы нәтижеге жетудің бастамасы болып табылады. Бұл мұғалімнен біліктілік пен шеберлікті қажет етеді.

Кембридж әзірлеген Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясына басым назар бөледі. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.

 

 

 

 

Оқу үрдісі  барысында келесі жайларды ескерген жөн

 

оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ету

 

әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасап, кейбір болжамдар бойынша ойларын білдіре алуларына жағдай жасау

 

көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістеуіне мүмкіндік беру

 

оқушылардың бастапқы білімдерін жаңа біліммен өзара байланыстыруға мүмкіндік тудыратын жағдай жасау

 

Сондай-ақ диалогтік оқыту барысында  оқушылардың өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу, оқытуда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүргізу дағдысы қай денгейде екенін үнемі назарда ұстау маңызды болып табылады.

Диалогтік   оқыту арқылы сыни тұрғыдан  ойлауды дамытудың  негізгі ерекшелігі -  ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі оқытудың талаптарына  сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын. Оқушыларға  жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті тәсілдердің бірі ретінде диалогтік оқыту  арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету деп ойлаймын. Осы жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, жаңа сабақтың аясында қосымша қызықты деректерді ұсынуға, қиын тақырыптарды әр түрлі жұмыс түрлері арқылы жеткізуге, жаңа идеяларды әсерлі етіп көрсетуге  болады. Бағдарламаның жеті модулін білім беру үрдісіне енгізе отырып мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырып, келешек өмірге жол ашамыз.

Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.

Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін қалай оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман талабы. Көштен қалуға болмайтындығын бәріміз де түсінеміз.

Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болсақ:

  • барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады;

  • барлық оқушылар  өздерін  еркін  сезінеді;

  • олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады;

  • жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік   сезімі   пайда болады;   

  • сабақ оқушы үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады;

  • ең бастысы олар бір- біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және  бірін-бірі  үйретеді.

Білім беруде жақсы істер жалғасын тапса оқушы қалай оқу керектігін түсініп, өзін-өзі реттеп, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйде болары анық. Мен үшін ең тиімді сабақ ол - нәтижелі сабақ. Ал, сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрінеді.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров168
Номер материала ДВ-368504
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх