Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары

Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:



Сыныбы_9 а,ә,б,в,г________ Күні__19/23.12.2015_______



Тақырыбы: Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға машина шығарудың технологиялық кезеңдерін, икемді технологияларын, машина жасауды орналастыру факторларын

құрылымын, заңдылықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.



Болжамдап отырған нәтиже: Қазақстан химия өнеркәсібімен танысқан тұлға.



Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.



  1. Машина жасау кешені дегеніміз не?

  2. Еліміздің ғылыми техникалық прогресін ілгерілетудегі және экономикалық дамуында машина жасаудың маңызы бар ма?

  3. Машина жасауды дамытуда қандай бағдарламалар қабылданды?

  4. Машина жасау өнеркәсібінің басым бағыттарын анықтаңдар?





Қорытындылау.



ІІІ. Жаңа сабақ

Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді:

1)машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару);

2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу);

3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).

Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды өндіру, керісінше, машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес. Машина жасау кешені мен агроөнеркәсіптік және көлік кешендерінің арасында қандай байланыстар бар?



Мамандану – өндірісті ұйымдастыру формасы, бұл жағдайда даярланған өнімдер, оның бөліктеріне орындалған жекелеген операциялар дербес салалар мен оқшауланған кәсіпорындарда әр түрлі машиналарды құрастыру үшін бірегей бөлшектер мен бөліктерді шығаруда шоғырландыру ұтымды.

Мамандану және кооперациялану - машина жасау кешенін аумақтық ұйымдастырудың маңызды бағыты. Атап айтқанда, басты және сабақтас кәсіпорындардың жақын орналасуы машина жасауда маманданған өнеркәсіптік аудандардың қалыптасуы үшін қолайлы алғышарт болып табылады.

Икемді технология – машина жасауда инновацияны пайдалану мүмкіндігі жұмысшылар санының аздығы, жүйелі біріккен (интеграцияланған) компьютерлендіру және жылдам бағдарланған өндіріс жағдайында тауарлы өнім шығаруда әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылатын икемді өндірістік жүйелердің технологиясы.

Орналасу факторлары мен географиясы

Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Ол әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді. Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металды тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мындай фактор - тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан.Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады. Түрлі көліктерді шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек шығыны қажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек қорларымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында металлургтер қаласы - Өскеменде конденсатор мен аспап шығаратын зауыттарды орналастырған. Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті кеп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен бірігіп жұмыс істеу қажет. Бұл салалар өрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналғантехнопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған. Металды көп қажет ететін өнімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясынашоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарында шоғырланған.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Машина жасау өнеркәсібінің шикізаттарына нелер жатады?

2. машина жасау өндірісі қандай сатылардан тұрады?

3. Машинаның барлық бөлшектерін бір зауытта жасау тиімдіме?

4. Мамандану түрлері қандай?

5. Икемді технология дегеніміз не?

6. Машина жасау кәсіпорындарының орналасуына қандай факторлар әсер етеді?



V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.





Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров161
Номер материала ДВ-331740
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх