Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Мастер- класс (для студентов колледжа 1курс)

Мастер- класс (для студентов колледжа 1курс)


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_c4c8ff7.gifhello_html_m1fd19b99.gifhello_html_m42f9ac3f.gifhello_html_1c0fc9aa.gifhello_html_m2a3818ac.gifhello_html_m1ce3f546.gif«М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӚЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ


АҚТАУ КӚЛІК КОЛЛЕДЖІ» ЖШС

















ШЕБЕР-СЫНЫП Тақырыбы: «Карбон қышқылдары»


































Жасақтаған: оқытушы БаенбаеваГ.К.














Ақтау -2015


Тақырыбы: "Карбон қышқылдары" Педагог-шебер: Баенбаева Гулдарига Курманбаевна


Болатын күні: 2 сәуір 2015 жыл Болатын уақыты: 1100-1140


Болатын жері: Ақтау кӛлік колледжі 118-кабинет


Шебер-сыныптың ұзақтығы: 40минут


Шебер-сыныптың мақсаты: қаныққан карбон қышқылдарын атауға, оларды алу және химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакцияларды жаза білу біліктілігін қалыптастыру.


Міндеттері:


білімділік: қаныққан карбон қышқылдарын атау, оларды алу және химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакцияларды жаза білу біліктілігін қалыптастыру.


дамытушылық: студенттердің парасаттылық қабілетін, кӛңіл бӛлу, тәжірибе жасай білу біліктілігін дамыту;


тәрбиелік: студенттердің ӛздігінен, топпен жұмыс жасауға, сабаққа белсенді болуға тәрбиелеу.


Жабдықтар: Блум ромашакасы, А3 форматты қағаз, маркерлер,

лабораториялық құрал-жабдықтар;


Таратылатын материалдар:


Топқа бӛлуге қажетті альдегидтер мен спирттердің формулалалары, зертханалық жұмыстың орындалысы жазылған тапсырмалар, түрлі-түсті қағаз қиындылары.


Шебер сынып құрылымы


І. Кіріспе бӛлім (2- 4мин) ІІ. Негізгі бӛлім (30-32мин)

ІІІ. Қорытынды бӛлім (3-4мин)


І. Кіріспе бөлім: (2-4мин).


а) Психологиялық дайындық. «Альдегидтер», «Спирттер» тобына бӛлу ә) Дәрісхана дайындығы.


ІІ. Негізгі бөлім: Проблемалық жағдай туғызу

(5-7 мин) " Блум Ромашкасы " стратегиясы


Қарапайым сұрақтар:


1) Біз органикалық қосылыстардың қандай тарауын қарастырып жатырмыз? (Оттекті органикалық қосылыстар)


Нақтылау сұрағы:


2) Қандай оттекті органикалық қосылыстарды білесіңдер, олардың құрамында міндетті түрде оттегі атомы болады деген дұрыс па? (иә, дұрыс біз спирттер мен альдегидтерді білеміз.)


Практикалық сұрақ:


3) Спирттерді қайда қолданады? (еріткіш ретінде, органикалық синтезде, дәрілік заттар алады, зарарсыздандырғыш зат ретінде т.б. қолданады.)


Түсіндіру сұрағы:

4) Құрамы С2Н4О2 формуласымен берілген зат туралы не айта аласыз? (бұл оттекті органикалық қосылыс құрамында гидроксил тобынан да, карбоксил тобынан да ӛзгеше функциональды топ болуы мүмкін)


Шығармашылық сұрақ:


5) Осындай формулалы қосылыс сутегінен бұрын тұрған металды ығыстырып шығарады, метилоранждың түсін қызғылт түске бояса бұл қандай қосылыс болады? (демек қышқыл болуы мүмкін).


Бағалау сұрағы:


6) Бұл қышқылдар «Карбон қышқылдары» деп аталады, оған тұрмыста қолданылатын сірке қышқылы жатады. Ол қайда қолданылады және тағы қандай осы типтес қышқылдар білесіңдер? (ол тамақ ӛндірісінде, түрлі салаттар жасауға, консерві жабуда, торттар мен тәттілер пісіруде т.б. қолданылады, одан ӛзге лимон қышқылын, қымыздық қышқылын білеміз).


Оқытушы:


Дұрыс –ақ сендердің бүгінгі тақырыптарың «Карбон қышқылдары». Олардың құрамында -СООН функциональды тобы болады. Бұл топ карбоксил тобы деп аталады. Енді осы қосылыстар жӛнінде келесі тапсырманы орындап кӛріңдер.


Жүзеге асыру (15 мин). "Ағаш" стратегиясы


А3 форматты қағаз парақта ағаш суреті салынады. Оқулықтан тақырыпты мұқият оқып, ағаштың бетіне келесі жоспарға сәйкес жазу жазып, постер


қорғау:






Жер - анықтамасы





Тамыры – негізгі формуласы, құрылысы, изомерленуі


Діңі – табиғатта таралуы




Бұтақтары - алыну жолдары




Жапырақтары – физикалық, химиялық қасиеттері



Жемісі - қолданылуы





Тапсырманы орындауға

15 минут уақыт

бӛлінеді,

топ ішінде

жауапкершілікті бӛліп алу керек

(біреу ағаштың суретін салады,

бір студент

қандай да бір ақпаратты

оқып табады, ал жазумен безендіруге барлығы

қатысады.) Жұмыс

3 шапалақ кӛмегімен аяқталады,

барлығы жұмыстарын

аяқтайды.






Уақыт біткеннен кейін әр топ ӛз постерін қорғайды, ӛзгелер 1-2 сұрақ

береді. Топтар бір-

бірін

бағалайды. Қалған 8-10

минутта

зертханалық


тәжірибе жүргізіп, есеп береді.


Зертханалық жұмыстар №2 (8-10минут) «Сірке қышқылы мен тұз қышқылының қасиеттерін салыстыру».


Зертханалық тәжірибе жасап, әр топ есеп береді.


ІІІ. Қорытынды бөлім Рефлексия


(4 мин) "Синквейн» стратегиясы «Карбон қышқылдары» тақырыбына тӛрт жол ӛлең шығару


«Альдегид» тобына тапсырма


Зертханалық тәжірибелер


Керекті құрал-жабдықтар: сірке қышқылы мен тұз қышқылы ерітінділері, сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы, индикатор қағазы немесе метилоранж индикаторы ерітіндісі, сілті ерітіндісі, мырыш түйірі, кальций карбонаты (немесе бор) ұнтағы



1. Тұз және сірке қышқылдарының физикалық қасиеттері, олардың индикаторға әсері


Сынауықтың біріне тұз, екіншісіне сірке қышқылдарын құйып алып, олардың түрі мен иісіне назар аударыңдар. Әр сынауыққа индикатор қағазын немесе ерітіндісін тамызыңдар. Не байқалады? Карбон қышқылдарының химиялық күші жӛнінде не айтуға болады?


  1. Тұз және сірке қышқылдарының сілтілермен әрекеттесуі

Алдыңғы тәжірибедегі сынауықтарға индикатор түсі ӛзгергенше сілті


ерітіндісін қосыңдар. Бейтараптану реакцияларын жазыңдар.




«Спирт» тобына тапсырма


Зертханалық тәжірибелер


Керекті құрал-жабдықтар: сірке қышқылы мен тұз қышқылы ерітінділері, сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы, индикатор қағазы немесе метилоранж индикаторы ерітіндісі, сілті ерітіндісі, мырыш түйірі, кальций карбонаты (немесе бор) ұнтағы


  1. Тұз және сірке қышқылдарының белсенді металдармен әрекеттесуі

Сынауықтың біріне- тұз, екіншісіне-сірке қышқылдарын құйып алып,


олардың әрқайсысына мырыш түйірін салыңдар. Газдың бӛлінуіне назар аударыңдар. Оған қарап карбон қышқылдарының химиялық күші жӛнінде не айтуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.


  1. Тұз және сірке қышқылдарының сілтілермен әрекеттесуі


Сынауықтың біріне- тұз, екіншісіне - сірке қышқылдарын құйып алып,


олардың әрқайсысына натрий карбонатын салыңдар. Газдың бӛлінуіне қарап сірке қышқылы мен кӛмір қышқылы күші жӛнінде не айтуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.






Қандай оттекті органикалық қосылыстарды білесіңдер, олардың құрамында міндетті түрде оттегі атомы болады деген дұрыс па?











Қандай оттекті органикалық қосылыстарды білесіңдер, олардың құрамында міндетті түрде оттегі атомы болады деген дұрыс па?











Спирттерді қайда қолданады?











Құрамы С2Н4О2 формуласымен берілген зат туралы не айта аласыз?









Осындай формулалы қосылыс сутегінен бұрын тұрған металды ығыстырып шығарып, метилоранждың түсін қызғылт түске бояса бұл қандай қосылыс?


.









Бұл қышқылдар «Карбон қышқылдары» деп аталады, оған тұрмыста қолданылатын сірке қышқылы жатады. Ол қайда қолданылады және тағы қандай осы типтес қышқылдар білесіңдер?



Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров139
Номер материала ДВ-284208
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх