Инфоурок Другое Другие методич. материалыМастер класс "Тіл дамыту сабақтарын жоспарлау жолдары"

Мастер класс "Тіл дамыту сабақтарын жоспарлау жолдары"

Скачать материал

                

                                                                          Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Саумалкөл селосы

Саумалкөл №1 орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Калиева Толкынай Аманжоловна


 

3 айлық бағдарламасы бойынша шеберлік сыныбының жоспары

 

 Шеберлік сыныбының тақырыбы: Тіл дамыту сабақтарын жоспарлау жолдары.

Шеберлік сыныбының мақсаты: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту бойынша өз тәжірибеммен мұғалімдермен алмасу. 

Шеберлік сыныбының міндеті: Ұстаздарды топ бойынша бірлескен әрекетке икемдеу, әрбір қатысушының өзінің топ мүшесі екенін сезіндіру арқасында білімдерін жетілдіру

Модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,  ИКТ, диалогтік оқыту.

Жұмыс түрлері: Жеке, жұптық, топтық

Жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ватмандар, маркерлер

 

 

Шеберлік сыныбының барысы:

 

І. Педагогикалық тәжірибе таныстырылымы

Кіріспе: Салеметсіз бе, құрметті ұстаз қауымы!

Уақыт  өз орнында тұрмай алға қарай жылжи береді,сол уақыттың әрбір минут, секундымен бірге біз, ұстаздар қауымы да өз білімімізді жетілдіріп, қазіргі заман талабына сай білім беруде жаңашылдыққа құмартып, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгеруге тиіспіз. Осы мақсатпен алдарыңа шеберлік сыныбын өткізуге келіп тұрмын.  Өзіммен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.Өзіммен таныстыру (1 слайд)

2.Үш  айлық бағдарламасы бойынша мектеп жұмысымен таныстыру (2 слайд).

 Презентация арқылы өзіммен, үш  айлық бағдарламасы бойынша мектеп жұмысымен таныстырамын.

 

ІІ. Үлгілеу

1. Кіріспе.

Мақсаты: Қатысушылардың қызығушылығын арттырып, тақырыпқа байланысты   ойларын жинақтау, топқа бөлу.

Қадамы: Араласаңыз (қатып қозғалмаңыз) (еркін жүріңіз)» стратегиясы арқылы  «Тіл дамыту»  тіркесіне ой жинақтау (ассоциация).

Уақыты нақ беріледі , қатысушылар екі минут ішінде бір бірімен араласып жүріп  алғашқы келген ойларын айтып, ортаға салып, ойларын жинақтайды, жұпта жалғастырады, топқа бөлініп, соңғы топпен жұмыс тобын құрады.

2. Топтарға тапсырма беру кезеңі. (2мин.)

Менің мақсатым: Қатысушылармен стратегиялық шеберлік сыныбын өткізу барысында тапсырмаларды тарату, оның орындалу барысына бағыт-бағдар беру.

Қатысушылардың мақсаты: Ұстаздарды топ бойынша бірлескен әрекетке икемдеу, әрбір қатысушының өзінің топ мүшесі екенін сезіндіру.

Қадамы: Әр топқа түрлі тапсырмаларды үлестіру. Әр топ топ ережесімен танысып және оны сақтай отыра, өз тапсырмаларын орындайды. Тақырыптық идеяларды негізге ала отырып сабақта қолдануға болатын тиімді әрі ұтымды  әдіс-тәсілдердің тізбегін көрсететін болады

Топтың ұстанымы:

«Ойлан, жұптас, ортаға сал»

 Топтың ережесі:

Спикеріміз бар және алмасып отырамыз

Уақыт қадағалаушымыз бар                                        

Бәріміз белсенді жұмыс істейміз                                                                                

Әрдайым көмекке дайынбыз 

Әр топтың идеясын сыйлаймыз

Жаңа мәлімет аламыз              

Әр топтың іс-әрекеттері (2мин.)

 І топтың іс-әрекеті:

«Сатылай кешенді талдау»  технологиясы  бойынша   Тіл дамыту сабақтарын тиімді жоспарлау-әр ұстаздың міндеті  сөйлеміне синтаксистік талдау жасау

 

                                           I.  Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:

                                                 Лепті, хабарлы, сұраулы, бұйрықты

                                           II. Құрылысына қарай:

                                                 Жай  сөйлем

                                                 Құрмалас сөйлем

 

                                           ІІІ.Сөйлем мүшелері:

     а) бастауыш  ә) баяндауыш    б)толықтауыш в) анықтауыш  г)пысықтауыш

                                            IV.  Жай сөйлемнің түрлері:

         а) жалаң,жайылма  ә) толымды,толымсыз   б) жақты,жақсыз  в) атаулы

                                            V.   Сөз тіркестері:

         а)  еркін тіркес (есімді,етістікті)  ә)  тұрақты тіркес

           VI.   Сөздердің байланысу түрлері:

         а) қиысу  ә) меңгеру  б)матасу  в)қабысу  г) жанасу  

             VII.   Сөздердің байланысу тәсілдері:

         а) интонация  ә)жалғаулар  б)септеулік шылаулар   в) орын тәртібі

ІІ топтың іс-әрекеті: СТО бойынша құрылған сабақ жоспарын толықтырыңыз, қағазға түсіріңіз. Оқушының тілі қаншалықты дамиды? сұрағына жауап беріңіз

 

 

Сабақтың тақырыбыЗат есім

 

Сабақтың мақсаты:

        Оқушылар нені білу керек? 

(мазмұнға байланысты)

____________________  туралы білімдерін толықтырып, жаңа мәліметтер алатын болады, Тақырып бойынша түрлі мәліметтер жинай біледі.

 (СТО – ға байланысты):

Өз істеріне талдау жасай алатын болады. Пікір таластыруға, шешім қабылдай білуге үйренеді.   Оқулықтан басқа ақпараттар арқылы (қосымша мәтін, ғаламтор көздері) алған білімдерін өмірде қолдана алатын болады.

(Топтағы жұмыс):

оқушылар кішігірім топ іс-әрекеттерін жоспарлап ұйымдастыра алатын болады, бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді.

Өздерін бағалауға үйренеді.

 

Көрнекілігі: ғаламтор, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар

 

Жұмыс түрлері: Жеке, жұпта, топта

 

Сабақта қолданылатын модульдер: диалог, АҚТ, СТО («Ой қозғау», ассоциациалар, «Топтастыру», «Кері байланыс» стратегиялары),  бағалау

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

 

Кезеңдері:

Берілетін уақыт   

Барысы:

I Қызығушылықты ояту сатысы-ой қозғау кезеңі

1.1. Кіріспе 

2 мин.

« Менің отбасым» тақырыбы бойынша тренинг.

Шарты:  Тренинг арқылы    диалог құру,  қызығушылықты ояту, ой қозғау.

1.2. Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру.

 Үй жұмысын тексеру

1 мин.

Мұғалімнің көмекші сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбын атап, мақсат қою

_______________________ тексеру, бағалау парағына баға қою

 

1.3. Табысқа жету жолдарын анықтау

2 мин.

Сұхбаттасу арқылы табысқа жету критериясын құру

II Мағынаны тану сатысы.

Тапсырмаларды белсенді түрде қабылдау (Ізденіс жұмысқа бейімдеу)

2.1. Тапсырмаларды белгілі агоритм бойынша мұғалім көмегімен орындау 

 

5 мин.

 

 

 

 

 

5 мин.

 

 

 

6 мин.

1.3Әр топ өз сөйлемдерін құрып, ауызша талдап кетеді

1.     Мәтінмен жұмыс

 2.1Әр топ өз сұрақтарына жауап іздеп, тақырыптың мазмұнын ашады.   Жұмыс жеке, жұпта, топта талқыланып, ортаға салынады.

2.2 Қорғау кезеңі. Негізгі идеяның мазмұнын ашу

 

2.2. Өздік жеке, жұптық, топтық жұмысы

 (мұғалім көмегі төмендей түседі).

3 мин.

______________________________ бойынша сұхбаттасып, бір-біріне көмек көрсетіледі, талдауларды ауызша талдап кетеді

 

3.1Өздік жұмысына көшу

 

8 мин.

 Ұнаған стратегия бойынша жұмысыңды жалғастыр

3.2. Эвристикалық тапсырмалар  (шығармашылық,   жоғары деңгейдегі)

5 мин.

 

IV Үйге тапсырма

 

2 мин.

V Рефлексия. Кері байланыс. Ой толғаныс. Бағалау

3 мин.

 

3 мин.

«Кері байланыс».стратегиясы арқылы сабақтың барысын талдау

Бағалау

 

ІІІ топтың іс-әрекеті: Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалардың деңгейін анықтып, дәлелдеңіз, толықтырыңыз, қағазға түсіріңіз. Оқушының тілі қаншалықты дамиды? сұрағына жауап беріңіз

 

Зат есімнің анықтамаларын еске түсіріп жаз: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Анықтамаларға сүйеніп,зат есімдерді түріне қарай жіктеп, топтастыру  арқылы жазып көрсету:

 

  

 , , , , ,  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1 - тапсырма
Өз біліміңді басшылыққа ала отырып, «Өрмекші» техникасы арқылы қысқа  қатысты зат есімдерді қолданып, «Өрмекші» сызбасын жаса:
2 - тапсырма
Ережелерді басшылыққа алып, берілген мәтіннен зат есімдерді тауып, «Өрмекші» сызбасын түрлендір. Бірнеше зат есімді өзің қос.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

 

Аңдардың аттарын еске түсіріп, олардың ертегілерде қандай болып келетінін тауып, бағыт сызбасы арқылы сәйкестендір, жаз.
Жеке жұмыс/ өзін - өздері бағалау+мұғалім бағасы/

 

5 сөзден кем емес «Әдептілікті білдіретін қасиеттер жинақтамасын» жобасын жасап ұсын: Жеке жұмыс/ өзін - өздері бағалау+мұғалім бағасы/

Тапсырмасы: « Өмірде зат есімдерді пайдаланбай сөйлеуге бола ма?» Өз ойыңды дәлелде.
Жеке жұмыс жасау /бірін - бірі бағалау

ІY топтың іс-әрекеті: Дәстүрлі сабақтың жоспарымен танысып,  талқылап, қағазға түсіріңіз. Оқушының тілі қаншалықты дамиды? сұрағына жауап беріңіз

Сынып:                                                    Өтілетін күні

       Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

       Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі туралы  түсінік беру. Сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыруға үйрету. Алған білімдерін тексеру.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3.     Тәрбиелік: Қазақ тілі пәніне сүйіспеншіліктерін арттыру, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, кеспе қағаздар

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, кезекшімен сұхбат жүргізу.

2.     Тіл дамыту кезеңі:

А) Сенің атың кім?

Ә) Нешінші сыныпта оқисың?

Б)Қазір қай жыл мезгілі?

В)Күзде ауа райы қандай болады?

Г)Құстар қай жаққа ұшып кетеді?

3. Фонетика.

Қазақ тілінің төл дыбыстарына мысал келтіру. Ережелерді қайталау.

Оқушылардың сөздік қорын тексеру. Фонетика,  дыбыстар, буындар, фонетикалық талдауды қайталау.

4.     Жаңа сабақ:

1)Сабақтың мақсатын хабарлау.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста  қолданылады.Сол байланыстың негізінде сөйлемдегі сөздердің  белгілі орын тәртібі болады. Сөздердің орын тәртібі  сөйлем мүшелері  ыңғайында былай болады.

1.Бастауыш  баяндауыштан бұрын тұрады.

2.Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен, анықтауыш  өзінің  анықтайтын сөзінен, пысықтауыш өзінің  пысықтайтын сөзінен  бұрын тұрады.

Мысалы : Жаңбыр жиі-жиі жауады.

    5.  Тапсырманы орындау

Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.

а) Күздігүні , жинайды, егін, диқаншылар.

б) Жеміс, піседі, бақта.

в) Сарғайып , жерге , жатыр ,жапырақтар , түсіп.

г) Жауады,жаңбыр, жиі .

4- тапсырманы орындау   41-бет

Мақал-мәтелдерді аударып, жаттап алыңдар. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар .

6. Қорытындылау:

7. Үй жұмысын беру: 40-беттегі  жаңа сөздерді     жаттау.

8.Бағалау. Мұғалім бағалайды. Қоштасу.

Ү топтың іс-әрекеті: «Галереяда ой шарлау» стратегиясы. Бұл кезеңде Ү топтың қатысушылары әр топты шарлап, әр топтың жұмыстарымен таныса отырып, әр топқа сұрағын қойып кетеді және де бір түйінге келіп,  қорытып, рефлексия жасайды.   

 3. Әр топ 2 минуттан кейін жұмыстарын қорғайды. Қорғау кезеңіне де екі минут беріледі. Екі минуттың бір минуты – жұмыстарын қорғауға жіберіледі, бір минут – пікір алмасуға бөлінеді.  

ІІІ. Рефлексия.

 1.«Авторға сұрақ қою» стратегиясы арқылы Ү топ жұмысты қорытындылайды.

Ү топ автор рөліне еніп, « Галереяны шарлау» кезеңінде немесе әр топтың жұмысымен танысу барысында туындаған мәселелерді ортаға салып, пікір алмаса отырып, қорытындылайды.

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мастер класс "Тіл дамыту сабақтарын жоспарлау жолдары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 054 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 2285
    • DOCX 57.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Толкынай Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Толкынай Аманжоловна
    Калиева Толкынай Аманжоловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 8166
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов