Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Мастер-класс "Ақпараттық құралдар" по казахскому языку
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Мастер-класс "Ақпараттық құралдар" по казахскому языку

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат құралдары.

Сабақтың мақсаты:

білімділік – ақпарат құралдары: радио мен теледидар туралы мағлұмат алу, өздік етіс пен өзгелік етісті пысықтау;

дамытушылық – сын тұрғысынан ойлау, коммуникативті қабілеттерін дағдыландыру;

тәрбиелік – қазақ тіліне, бір – біріне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, әңгімелеу.

Көрнекілік: теледидар, стикер, ватман, фломастерлер, микрофон.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал.

  • Балалар, ортаға шығып, шеңбер құрамыз. Гүл сыйлау арқылы бір-біріне ағылшын тілінде, поляк тілінде және қазақ тілінде бір тілек айтыңдар.

Топқа бөлу.

  • Енді, балалар, үстел үстінде қима қағаздар арқылы, сурет құрастырыңдар. Не суреттелген? Теледидар, радио.

  • Сондықтан, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Ақпарат құралдары: радио мен теледидар» . Және бүгін біз сабақта өздік етіс және өзгелік етісті қайталаймыз.

ІІ. Жаңа сабақ.

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс (топпен жұмыс)

а) оқып, аудару;

ә) постер жасау, оны қорғау;

Радио

Радио (лат. Radio – сәуле шығаратын дегенді білдіреді) – сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындарын пайдаланады.

Радионың негізгі жанлары: ақпараттық, қоғамдық-саяси жанрлар, көркем-публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция); көркем жанрлар (радиоинсценировка, радиопьеса, радиоқойылым).

1924 жылы Орынборда Республика Радио Достары қоғамы құрылды. Республикада радиохабар 1931 жылдың 4 мамырынан Алматыда басталды.

Теледидар

Теледидар деген сөз латын тілінен «қашықтықтан көремін» деп аударылады. Ақ-қара түсті теледидердың орнына қазір түрлі түсті теледидарды пайдаланады.

1958 жылы 8 наурызда Алматы телестудиясы эфирде өз жұмысын бастады. Сол кезеңде Алматыда-4000, ал облыстарда 1007 теледидар болды...

Қазақ теледидарының алғашқы дикторлары Зұлхия Жұматова мен Нейля Омарованың дидарын көрді.Олар көпшілікті Алматыда теледидар хабарларының басталуымен, ал әйелдер қауымен мерекелерімен құттықтап, жылы лебіз білдірді. Содан соң «Үкімет мүшесі» атты көркем фильм көрсетілді. Осылай, қазақ топырағында «көгілдір экран» деген атпен өнердің жаңа түрі-«теледидар» өмірге келді.

- Мәтіннен алғашқы дикторлар кім болғаны туралы білдік. Сонымен дикторлармен бірге радиода, телевидениеде кімдер жұмыс істейді?

- Жақсы. Енді, балалар өзімізді тілші ретінде сынап көрейік, «Репортер» ойыны арқылы.

«Хабар» телеарнасының тілшісі:

  1. Теледидар деген сөз латын тілінен қалай аударылады?

  2. Теледидардың пайдасы көп пе, зияны көп пе?

Телеканал «Мир»:

  1. Часто ли вы слушаете радио?

  2. В каком году в Казахстане начали радио передачи вещаться?

Journalist of BBC

  1. Since what time the term radio is used in Kazakhstan?

  2. Which channel is b road cast trans mission of «A hundred questions to an adult?»

«Polska»

  1. Co oznacza z języka łacińskiego słowa radio?

  2. Kto wynalazł radio?

Сергіту сәті

Тапсырмаларды орындау

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру:

  1. Өздік етіс дегеніміз не?

  2. Өзгелік етіс дегеніміз не?

3-тапсырма. Бірінші топ берілген сөздерді өздік етіс жасап, 5 сөйлем құрастырыңдар: ки, көр, жу, жаз, қара, қос, тара, ойла. Ал екінші топ өзгелік етіс жасап, бір сөйлем құрастырыңдар: ал, же, тыңда, шық, айт, қой, оқы, жүр. (жекеше жұмыс)

ІІІ. Сабақты бекіту.

Синквейн «радио», «теледидар» сөздеріне құрастыру. (жұппен жұмыс)

ІV. Үйге тапсырма.

Бірінші топқа «Радио біздің заманымызда» эссе жазу, екінші топқа «Теледидар біздің заманымызда» эссе жазу.

V. Бағалау.

V. Рефлексия.C:\Users\Admin\Pictures\Безымянный.png







Общая информация

Номер материала: ДВ-364182

Похожие материалы