Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мастер-класс на тему: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың фунционалдық сауаттылығын дамыту."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мастер-класс на тему: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың фунционалдық сауаттылығын дамыту."

библиотека
материалов

Қазақ тілі сабағында оқушылардың

фунционалдық сауаттылығын дамыту.


Шеберлік сыныбының мақсаты: қазақ тілі мен әдебиет пәндер мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мәтінмен жұмысты жетілдіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырып дамыту.

Шеберлік сыныбының міндеттері:

  • тыңдаушыларды мәтіндік тапсырмаларымен жұмысты ұйымдастыру;

  • педагогикалық тәжірибемен алмасу


Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде тапсырма берген болатын.

Осы тапсырманың негізінде Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте,оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.

Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік түрі сан қилы.

Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын үлкен құрал.

Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені бәрімізге белгілі. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, бүкіл өміріне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем шығармаларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге

жауап беру, нақтылы және жалпы тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Орта буын оқушылары мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алуы керек.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы.

Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын білу арқылы туған халқының тарихымен,мәдениетімен танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Біздің өзекті мәселеміз: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту.

Біздің ұстанымымыз: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу – біздің күн тәртібіміздегі өзекті мәселелердің бірі.

Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзіреттіліктермен анықталады.

Тәуелсіз Қазақстанда орта білімнің дамуына функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы аса зор. Функционалдық сауаттылық – оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қолдану (түрлі құжаттармен жұмыс, банкте сауалнама толтыру, түрлі ақпараттармен танысу), сыртқы ортамен тығыз байланысты орнату және оқушыларды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылар сыртқы ортада адамдармен, құрбыларымен, жанұясымен қарым-қатынас жасағанда оқу дағдысын қолданады, яғни ақпарат алмасу үшін, ақпарат беру үшін мәтінмен жұмыс жасайды.

Оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой- толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Мысалы PISA зерттеулерін оқу сауаттылығы мәтіннен қажет ақпаратты табумен бағаланады:

1. Мәтіннен қажет болатын көп ақпарат алу;

2. Мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу;

3. Мәтіндегі ақпараттарды жіктеу;

4. Терең мазмұнды ақпаратты табу;

5. Күрделі мәтінді қорытындылау;

6. Мәтіннен ой түю.


Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Бізүшінеңбасты мәселе- оқыту әдісін дұрыс таңдау. Себебі, жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Біздің іс-тәжірибемізде қолданып жүрген тиімді жаңа технологиялардың бірі-«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы.

Біз өз тәжірибемізде оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ауызекі сөйлеуге үйрету үшін әр түрлі әдістерді жүйелі түрде қолданып жүрміз:

- Сұрақ-жауап

- Өз ойын айту

- Сөйлесу

- Әңгімелесу

- Аударма жұмысы

Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс үлкен рөл атқарады, сондықтан біз сабағымызда оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынамыз:

1. Мәтіннен тіректі сөздерді тауып алу

2. Мәтінмен жұмыс істеп болған соң, оқушыларға қайта сол мәтін таратылады , бірақ ол мәтінде грамматикалық және басқа да қателер болады. Оқушылар сол мәтіннен қателерді табу керек. ( осындай жұмыс арқылы біз оқушылардың қаншалықты мәтінді мұхият оқиды екенін байқаймыз) .

3. Мәтінмен арқылы постер жасайды. Біз оқушыларға постерлердің бірнеше түрлерін дайындауға үйреттік. (кесте, сызбалар, ағаш т.б.) Оқушылар кейін постерді қорғау үшін жоспар құрады ( жоспар арқылы біз оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін, ойдың, тақырыптың ашылуын байқаймыз) .

Қазақ тілі сабақтарында ActivStudio мүмкіндіктерін қолдану өз нәтижесін

береді. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады.

Оқушылар Интернет жүйесінен керекті суреттерді, видео-бейнелерді түсіріп әкеліп, флипчарт кітапханасын толықтырады. Оқушылардың флипчарт кітапханасын толықтыру барысында қызығушылықтары артып, білім сапасы жоғарлайды.

Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін білу үшін «сұрақ-жауапты» қолдануға болады. Барлық оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақтаның арнайы activote құралдары қолданылады.

Power Point бағдарламасын және электрондық оқулықтарды қолданамыз. Мәтінді оқығаннан кейін сөйлемдер құрастырып, өздерін тексере алады. Мәтінді қаншалықты мұхият оқығандарын тексеру үшін мынадай «дұрыс-бұрыс», «артықты тап» деген тапсырмалар беруге болады.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін тест әдісін қолдану. Қазіргі тәжірибеде қазақ тілі сабағында тестілеуәдісін қолдану тиімді, пайдалы, әрі нақты педагогикалық өлшемнің бірі болып тұр. Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Бұл әдіс арқылы мұғалім артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге мүмкіндік алады. Тест әдісін

қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Оқушылар да өз білім деңгейлерін көре алады, өздеріне – өзі бақылау жасай алады. Ата - аналар да өз балаларының білімін бақылау мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Тестілеудің ерекшеліктері:

1. Оқушы өзін - өзі бақылайды, бағалайды.

2. Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге

жеткізеді.

3. Нәтижесі тікелей белгілі болады.

4. Барлық оқушыға бірдей талап қойылады.

5. Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады,

әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.

6. Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған

материал тегіс қамтылады.

Бұл тест түрлерін әр сабақта үнемі ауыстырып қолданып отырса, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.

Белсенді оқытуда қысқа әңгіме,ойын түрлері,сөздік ойыны т.б атауға болады.Өзім беретін 5,7-сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым дағдыларын

дамытудамын.Көбінесе топтық жұмыс жасап,достық қарым-қатынасты нығайта отырып,ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.

Өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум жүйесін қолданып келемін.Блумның анализ,синтез,бағалау тараулары арқылы кез-келген тақырыпта сұрыптау жасап,пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтап,баға бере

алатын,жеке көзқарастарын еркін айта алатын жеке тұлғаны дайындау үстіндемін. Блум жүйесі арқылы оқушылардың алға қойған мақсатына жету жолдарын,өз ойың еркін жеткізе алатын жеткіншек дайындау үстіндемін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін үлкен абырой, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келеміз.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Н:Ә. Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. – 2012 ж. «Ана тілі» газеті, №5 – 7-8 бет.

  2. Оқушылардың функционалдық са


Автор
Дата добавления 19.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров193
Номер материала ДБ-367441
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх