Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мастер-класс пән тәлімгерлік жұмысын жүргізу: «Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану жолдары».
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мастер-класс пән тәлімгерлік жұмысын жүргізу: «Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану жолдары».

библиотека
материалов


«Рудный қаласы әкімдігінің № 19 орта мектеп» КММ
















Мастер-класс.


Тақырыбы:

«Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану жолдары».










Өткізген: Сармурзина Ж.С.














2015 оқу жылы




Мастер-класс пән тәлімгерлік жұмысын жүргізу

Тәжірибелі мұғалімдерге мастер-класс әдеттегі жағдайларға немесе проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға көмектеседі. ХХІ ғасырда педагогтің рөлі өзгеріп, заманауи білім беру жүйесі жаңа талаптар қоюда. Мұғалімдерден жағдайға байланысты жылдам өзгеру, шығармашылық, жан-жақтылық, тұрақсыздық жағдайда шешім қабылдай білу және әрекет ету, болашақтағы идеяны тыңдай білу/көре білу талап етіледі. Бұрын – мұғалімдерге барлық уақытта алда жүріп, соңынан өзгелерді ерту керек болатын. Қазіргі уақытта және болашақта – мұғалім – мұғалімдердің қабілетін аша білетін адам болуы тиіс. Педагогтерді қалай өсіру керек? Не ықпалды болмақ? Даму және білім алудағы жаңа әдістерді сөз ете отырып, бүгінгі таңда жай ғана жекешелендірілген әдіс және тыңдай білу ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің әлеуетін ашу – бұл оның негізгі міндеті мен негізгі нәтижесі екенін ашу барынша тиімді бағыт болып отырғанын атап өту керек.

Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.


Мастер-класстың тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану жолдары.

Сілтеме:      Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірмелі материалдар.

Мақсаты: Қазақстандағы  мұғалімдердің  білім саласын  дамытуда  Кембридж  университетінің бағдарламасы  аясында  қалыптасқан оқытудағы жаңа тәсілдерді  өз   тәжірибесінде қолдану арқылы  оқу үдерісінің даму деңгейін  қалыптастыру. Күнделікті сабақты жоспарлау барысында қажетті     критерийлерді  меңгертуге ықпал ету. Топпен ынтымақтаса ықпалды жұмыс жасауға дағдыландыру.

Оқыту нәтижесі: Оқыту процесін ұйымдастыру барысында   кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білу мақсатында ұстаздар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастық.  Оқытудың жеті модулін сабақ барысына кірістіре білуге бағыт беру.

Негізгі (түйінді)  идеялар: Топпен ынтымақтаса жұмыс жасаудың заман қажеттілігі екенін ұғынады.

1.Тренинг:

Бір-бірімен таныстыру. Мұғалімдер шеңберді құрып, бірнеше скрепка алады. Содан кейін өзіннің атын айтады және неше скрепка бар өзінді сипаттайды. (1 скрепка – бір сын есім)

2. топқа бөлу:

Музыка әуенімен билеп жүріп, 2,3,4,5,6 сандарын айтып тұрады сол кезде музыка әуені тоқтаған кезде бір-бірін ұстап қалады. Сол бойынша топқа бөлінеді.

3. Мәтінмен жұмыс:

Миға шабуыл Ассоциация: көлік туралы. (Қандай бар? Қандай болады?)

Әр топқа мәтінді беру. Әр топ спикерді таңдайды. Сол спикер басқа топқа барады, өз тақырыпты түсіндіреді.

1-топ. Аэростат (аэро... және грек. statos — тұрған, жылжымайтын) — ауадан жеңіл ұшу аппараты. Оның кетерілу күші қабыққа (баллонға) үрленген, атмосфералық ауаға қарағанда жеңіл газ арқылы жасалады. (Архимед заңы бойынша).Аэростат еркін ұшатын (басқарылатын немесе басқарылмайтын) және байлаулы болып бөлінеді. Басқарылатын Аэростатқа дирижабльдер жатады. Соғыс мақсаты үшін еркін ұшатын (экипажбен ұшатын, автоматтық радиозондтар, ұшкышшарлар және т.б.) және байлаулы Аэростаттар, атап айтқанда, артиллерия атысын дәлдеу, әуе кедергілерін жасауға арналған аэростаттар қолданылады.

Аэростаттар тарихы 200 жылдай уақытты қамтиды. Ауада ұшу тарихы Францияда, Монгольфье атты ағайындылардың 1783 ж. жылы ауамен толтырылған әуе шарында ұшқаннан бері бастау алады. олардың атымен кейде жылулық аэростаттарын - монгольфьер деп атайды. 

Оларды байлаулы, жеңіл ұшатын және қозғалтқыштары бар - дирижабльдер деп бөледі. Толтыру типіне сәйкес оларды:

  • газдық - шарльерлер;

  • жылулық - монголфьерлер;

  • комбинированды - розьерлер деп қарастырады.

Аэростаттар алғашқы рет адам баласына ауаға көтерілу мүмкіншілігін сыйлаған болса, кейін стратосфераға көтерілуді де қамтамасыз етті. Ресейде атмосфераны зерттеу мақсатымен ең алғашқы рет аэростатпен ұшуды ұйымдастырған адам - А.М.Кованько болды. 

C:\Users\жадра\Desktop\Hot_Air_Balloon_2003.jpgC:\Users\жадра\Desktop\1024px-Sky_Park_at_the_Daejeon_Expo_Science_Park.jpgC:\Users\жадра\Desktop\BallonKathedrale01.JPG


2-топ. Автомотриса - фр. аutomotrice ( көне грекшеαὐτός «өзі» және лат. mōtrīx «жылжытушы») - іштен жанатын қозғалтқыш арқылы өздігінен жүретін автовагон.
Шағын қашықтықтағы темір жол линияларында жолаушылар тасымалдауға арналған. Қозғалтқыш қуаты Автомотрисаның жетекші доңғалақтарына электр генераторы мен электр қозғалтқышы арқылы берілді. Кейбір Автомотрисада механикалық, не гидромеханикалық берілістер де қолданылады. Бұл жағдайда қуат гидравликалық қондырғылар мен жылдамдық қорабының көмегімен беріледі.

Техникалық мінездеме

Автомотриса 2 және 4 осьті болып келеді,
орын саны 50-70,
жылдамдығы - 50-70 км/сағ
қозғалтқышының қуаты - 100-180 а.қ.
Бір секциялы 'Автомотриса 1-2 вагоннан тұрады.
Бір-біріне жалғастырылған бірнеше секциялы Автомотриса поезд деп аталады. Ол бір жерден басқарылады. Поезд кұш қондырғысының қуаты -600-1600 а.қ., жылдамдығы120-140 км/сағ.

C:\Users\жадра\Desktop\Bensinmotorvagn._Trafikerade_linjen_19,_Karlaplan_-_Frihamnen_1924_-_1929.JPGC:\Users\жадра\Desktop\PESA_620M.JPGC:\Users\жадра\Desktop\1024px-ADM1.3sm.jpg


3-топ. Чхонан корветі

Оңтүстік Корея флотының әскер кемесі. 1989 жылы жасалған. 2010 жылғы 26 наурызда Солтүстік Корея тарапынан жасалған шабуылдан қирады.

2010 жылғы 26 наурызда Оңтүстік Корея әскери-теңіз флотының құрамындағы "Чхонан" корветінің артқы бөлігінде жарылыс болды. 1200 тонналық корвет 21:20-да (Корея уақыты бойынша) Сары теңіздегі Пэннён аралының маңында су түбіне кетті. Пэннён аралы Оңтүстік Кореянің солтүстік шекара сызығында орналасқан. "Чхонан" корветінде жалпы 104 адам бар еді, бірақ бар болғаны 58 адам ғана құтқарылды.

2010 жылғы 26 наурызда Оңтүстік Кореянің әскери министрі Ким Те Уең: "Чхонан корветінің апатының себебі торпедоның тиюі болуы мүмкін" деп айтты және жағдай мырзалар Чхонан корвет апатты зерттеу үшін Кореяда келеді.

2010 жылғы 10 мамырда Оңтүстік Корея үкіметі "Чхонан корветінің апаты Солтүстік Кореянің торпедо шабуылы себебінен болды" - деп жариялады. жағдай мырзалар тағы мына Оңтүстік Корея үкіметтің хабарламада келісіді.

C:\Users\жадра\Desktop\PCC-783.jpg


4. Сергіту сәті. Жайлы музыкаға билеп, көңіл көтеру сәті.    

5. Постермен жұмыс. Вен диаграмма бойынша көліктерді сипаттайды. Қандай айырмашылығы, ұқсастығы бар екенін көрсетеді.

6. Топпен презентация.

7. Рефлексия. Бейне жазба: "Әлем өзгереді, бізде өзгереміз" осы бейне жазбаны қарай отырып, «аяқталамаған тезис» жазғызу. Мұғалімдер өз ойларын жазады.

8. Тренинг «Жақсы тілек – жан жылуы» Мұғалімдер бір-біріне гүл беріп, жақсы тілек айтады.

9. Мұғалімге арналған нұсқаулық беру.

6a00d834527c1469e200e54f1e645c8834-800wi

МҰҒАЛІМДЕР НЕЛІКТЕН ӨЗГЕРУІ КЕРЕК?

Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз?

Себебі - сіз алғашқыда мұғалімдікке неліктен келген болсаңыз, сол себепті өзгересіз. Сіздің табыс көзіңіз ешқашан жай жұмыс болған емес – көбіне ол миссия, міндет, сондықтан сіз өзгересіз. Сіз балаларға жаныңыз ашиды, әрі ол білім мен дағдыларды меңгергенше дейін сіз оларды балаларға бере алмайсыз, сондықтан сіз өзгересіз.

Неліктен өзгеру қажет? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Қарым-қатынастың маңыздылығын интуициялы түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істеріңіз арқылы өз балаларыңызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, сіз өзгересіз. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен сіз өзгересіз.

Неліктен өзгеру қажет? Себебі мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және танымалдықтан да артық екендігін ұғынып, мұғалім болу туралы шешім қабылдадыңыз. Сіз әлемді өзгерту - жалпы өзгеріс болдыру үшін мұғалім болдыңыз… Сіз дұрыс бірдеңе істеу үшін өзгересіз – себебі ол дұрыс және сіз басқаларға үлгі болу қажеттігін түсінесіз, өйткені олардың да дұрыс істегені жөн. Сіз көп сағаттар бойы тынымсыз жұмыс істеуге әдеттендіңіз. Сіз өзіңізге жүктелген міндеттерге мойынсұндыңыз және аз танылғандығыңызға үйрендіңіз. Сіз істегендеріңіздің ұзақ нәтижесі бар екенін білесіз.

Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз, және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет.






















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров266
Номер материала ДВ-153793
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх