Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Мастер-класс по тему "Бағалау түрлері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мастер-класс по тему "Бағалау түрлері"

библиотека
материалов

Шебер - сынып жоспары...

10. 12. 2014 жыл

А. Б.Джумадилова

Сабақтың тақырыбы:

Бағалаудың түрлері

Сілтеме:

МАН 26-29- беттер

Оқу нәтижесі:

Оқу мен оқыту үдерісіндегі қазіргі бағалаудың негізгі тетіктері жайлы тәжірибе бөлісу. Бағалаудың жаңа түрлерінің тиімділігі туралы ой қозғау

Түйінді идеялар:

- 1-ден 5-ке дейінгі ранг бағалау жүйесі туралы ой бөлісу;

- Заманауи бағалаудың анықтамалығы;

- Оқыту үшін бағалаудың маңызы;

- Оқуды бағалаудың қолданысы;

- Бағалаудың түрлері және әдіс - тәсілдері;

- Бағалаудың түрлері және әдіс - тәсілдері;

Сабақта қолданылатын материалдар:

А2,А3,А4 форматты ақ қағаздар, стикерлер, фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар

Оқыту әдістері:

АКТ

Топтық жұмыс

Шығармашылық тапсырма

 Кері байланыс

Сабақ бойынша коуч мен қатысушылардың іс-әрекеті

Уақыт мөлшері

Жүргізушінің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

2 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі. Қош келдіңіздер!

 

Қатысушылар дөңгеленіп тұрады.

3 мин

ІІ. Танысу кезеңі. «Жылы сөз»

Ескерту: Бүгіні бағалау туралы шеберлік сыныбымды коучинг түрінде бастауды жөн көріп отырмын.Өйткені жаңа оқу жылынан бері ғана іске кірістім.(3 ай ғана).

Шеберлік сыныбы / Мастер-класс / Master class - білімдер мен дағдыларды тарату мақсатында мұғалім өзінің жинақталған кәсіби тәжірибесін өзінің әріптестеріне ұсынатын жұмыс түрі

Есімінің алғашқы әріпі бойынша өз бойындағы жақсы бір қасиетін атайды.Мысалы: Сабырлы Сара...

Әр тақырыпшаға 2 мин. (Барлығы 10 минут)

ІІІ. Миға шабуыл (брэйнсторминг). Мұғалім мен бала және баға. Бұл –біздің өміріміз. Біз қалай бағалап жүрміз?Мемлекеттік стандарт (Слайд). Мұнда 5 адамға тақырыпша беріледі.

1.Жаттандылық пен жалтақтық.

2.Шектеулі баға – шектелген дарын.

3.Қойдырмайтын және қойылмайтын баға.

4.Пайдасы жоқ пайыз.

5.Өтірік баға және өлім (суицид).

Ситуациялық сұрақ: Жоғарыдағы мәселелерден кейін:

1.Мемлекеттік стандарт - ранг жүйесіндегі бағаны толық қойып жүрміз бе?

2. Кім өзін «қара қылды қақ жарған» тек әділетті баға қоямын деп есептейді?

3. «Қалай дұрыс бағалауға болады?»



 

Тақырыпшалармен берілген мәтін дауыстап оқылады.Қысқа да нұсқа пікір айтылады.

10-12 минут постер құру, қорғауға 2-3 минуттан

ІҮ.Топтық жұмыс. . «Молекула» ойыны бойынша үш топқа бөлінеміз (теңге, доллар, евро). Тапсырма:

1.Қазіргі кезде қалай дұрыс бағалауға болады? Оның ең маңызды тетіктері. Сіздер ұсынатын үлгінің моделі.

2.Елімізде оқу үшін бағалау және оқуды бағалау реформасын жасау сіздерге берілсе, қандай модель ұсынар едіңіздер?

3.Бұрынғы шектік бағадан қалай құтыламыз? Болашаққа ұсынар сіздердің жоба-жоспарларыңыз.




Үш топқа бөлінеді, тапсырма алады.Постер құрып, қорғайды.

5 мин

Ү.Қорытынды. Слайд. Бағалаудың түрлері.

Слайд көрсетіледі. Мұнда қазіргі бағалау дың түрлері, тиімділігі, бағалаудағы жаңа терминдер түсіндіріледі.

5 мин

ІҮ.Кері байланыс

Стикер арқылы сабақтағы әсерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы білдіру.

 

Өз ой-пікірлерімен бөліседі









Жаттандылық пен жалғаңдық

Бүгінгі біздің оқыту мен оқу жүйесіндегі бағалаудың бағасын бағамдайық.Бала күнделікті баға алады.Ол қандай баға? Қазіргі оқушылар түсініп «төрт» алғаннан , көшіріп «бес» алған тиімді санайды.Өйткені басына білім жинағанша, ата-ананы да, мұғалімді де қуантатын жақсы баға керек-ақ. Ата-ана баласын бағасы арқылы бағалайды, мұғалім де солай. Баға –тағдыр, баға- өмірге айналды.

Жалған баға соңынан қуған оқушы бағаға берілгені соншалық, баға алу қиындау тиетін, математика бастаған жаратылыстану ғылымдары маңайына ҰБТ-ның тесті жақындағанша жуымайды, өйткені есеп «шығарып» үш алғанша, ереже жаттап, анықтама айтып төрт алу маңызды.

Осындай сан себеп кесірінен бүгінгі ұрпақ жаттампаздық пен жалған білім, жалған баға жинап жалаң ойға бет бұруда. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргісі келетін дағды қалыптасып, он жыл өзін де, ата-анасында алдаған бала болып тәрбиеленді. «Қамқаршы ата-ана» он бірінші жылы ҰБТ-ға дайындықта орталықтарын жағалап, пара беру, тамыр-таныс іздеу мәселесімен бас ауыртады.Сонда оқушының бәрі нөл пайыз осындай емес, бірақ өте аз.Неге? Ойланайық...





Шектеулі баға – үштік

Баға ұстаз үшін де салыстырмалы дүние, алдындағы оқушының деңгейіне сай ең мықтысы - бес, орташасы - төрт, ал әлсізі - үш алады, бұл - қатып қалған стандарт

Сіз енді қараңыз, біреу келіп кетіп жүрсе болды үш алады, ал, біреу талпынады, бірақ шамасы жетпеген соң үш алады, кейбір қабілетті балаға да тәртібі үшін үш қойылады, келмеген балаға да үш. Содан бірте-бірте, қойшы бәрібір үш алам, одан да сол үшті ұйықтап жүріп алайыншы деген күйге жетіп, бала бағын тең қойылған бағамен байлайды. Ал, оның ұстаз талпынысына төрт қояйын десе төрттегі одан жақсыларын беске, ал бесті алтыға шығаруы керек, бірақ амалы не алты деген баға жоқ. Ал ойларсыз ең нашар балаға, келмей, келсе де ұйықтап кетіп жүргендерге екі қоймай ма деп. Жоқ! Екі қойуға болмайды. Неге?

Сонда білімді бағалаудағы 1-ден 5-ке дейінгі ранг бағалау жүйесі қайда? Әр пәннің стандартында жазулы емес пе?Ойланайық, оны кім құртты?...

Ал бес алған бала жұлдыз бәрін біледі, ол оқушыда әрі қарай білген үстіне біле түсейін деген талпыныс жоқ, бес деген ең жоғары өзінен басқа ешкім жоқ. Ал шындық білім деңгейі шынайы ма, ол жағы белгісіз.

Қойдырмайтын және қойылмайтын баға

Қойылмайтын негізінде «қойдырмайтын» баға, бұл қандай баға? Бұл – екі. Неге? Бұның сан астары бар, санап көрелік.

Бірінші: сіз екі қойсаңыз, ата-ана бастап айқайлайды, баласының білмейтіндігін ойлап қынжылмайды, балама білгізе алмадың деп айқайлайды. Өзі тоқсанның соңына дейін баласының күнделігін бір ашып, үй тапсырмасын қадағалауға шамасы келмейтін «жұмысбасты» ата-ана, мектепке ата-аналар жиналысына жалынып шақырсаң да келмейтін ата-ана.Баласы екі алса, тоқсан соңында сені өзі іздеп табады.

Екінші: сіз екі қойсаңыз, әкімшілігіңіз қосылып айғайлайды: «Оқи алмайтын бала жоқ, сен оқыта алмайсың»- дейді. Қатты кетсе: «Оқушыға қойған екі -өзіңе қойған екі»- дейді. Ал енді, өзіңізге, сұрақ қойыңыз - сіз оқыта алмасаңыз, алдыңыздан шығып жатқан үздіктерді кім оқытып жатыр?

Сондықтан сіз екі қоймайсыз, өйткені өзіңізге жаныңыз ашиды…

Үшінші: сіз екі қойсаңыз, қат-қабат қағаз басады, сыныптан-сыныпқа қалдыра алмайтын оқушыңызды, өзіңіз қойған екі үшін өзіңіз сабақ өтіп, қағаз толтырып, үшке шығарасыз.«.

Ал, оқушы ше? Тоқсандыққа екі шықпайтынын білген бала келмей қалудан, келсе де ұйықтап келіп, ұйықтап кетуден, тәртіпке бағынбаудан қорықпайды.Өйткені балаға ештеңе болмайды.Ол оны өте жақсы біледі, «таяқ» тисе, мұғалімге тиеді Бала ешқашан «екі» алдым-ау деп ойланбайды.

Осылайша күндер зулайды.Ең соңында, тыныштықпен күн көру үшін, өзінің де өтірікші, баланың да өтірікші болғанын байқамай да қаламыз.



















Пайыз және пайда

Сіздің біліміңіздің көрсеткіші - алдыңыздағы оқушының пайызы.Сабақ берген сыныбыңызға қатаңдау талап қойып,білім сапасын төмен көрсетсеңіз – педкеңес сайын қаралып, сұрақтың астында қаласыз.Содан кейін, « құда да тыныш, құдағи да тыныш» деп үндемей жүріп, жаныңызды қинамай бағалағанды өзіңізге пайдалы санайсыз.

Ал бастауыш сыныпта бар пәннің бәрін беретін апай төрт жыл оқытқан баласы өз баласындай болып кетеді, әрі пайыз түсірмеу керек, сонымен бастауыштың жартысы үздік, тоқсан пайызы екпінді, ал бесінші сыныпқа келіп әр мұғалімнің қолына түскенде үздіктен біразының үміті үзіледі. Ал бесінші сынып- сол үшін де мектептегі ең даулы сынып.

Өрден төмен жалтақтап жүріп, көнгіш көптің бірі боласыз. Сөйтіп жүргенде алдыңыздағы балада, қиналмай жүріп тырнақша ішіндегі «төртін» алып кете барады. Ал ұлттық бірыңғай тестте ше…

Енді бала болашағы не болар, ойланайық…











Өтірік баға және өлім (суицид)

«Жалғандық жарға жығады» деп айтушы еді, атам қазақ. Бүгінгі жалған баға өлімге (суицидке) бірақ әкелуде. Қалай дейсіз бе?

Әр жерде әрқалай бағаланып, әр түрлі білім алған балаға (қалада ма, ауылда ма, гимназия ма, лицей ме, материалдық жағдайы қалай) Ұлттық бірыңғай тест бірыңғай беріледі. Өмірі үш, төрт, бес алып жүрген бала ұлттық тесттен ұшып екіге түскенде (негізгі білімі - екі, тек бұрыннан көтермеленіп келген бала), өмірі екіні көрмеген бала- екі деген бағаны көргенде өзі де аң-таң, балам екпінді болып оқиды деп жүрген ата-ана да аң-таң. Ата-ана балаға, бала құлағы тыныш далаға қарайды.

Ата-ана баланың тағдырын ойлап жылайды, бала ұяттан немесе ата-анадан естір сөзден қорқып өзін өлімге байлайды. Қоғам шулайды, ұстаз ішіндегісін айта алмай асау аттай тулайды. Өкінгенмен бұл сәтте ештеңе де орнына келмейді, бәрі де кеш…өтеді кетеді.







Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1027
Номер материала ДВ-534015
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх