Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.

библиотека
материалов


Маутқанова Ж.К. тәрбиеші

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.

Білім беру саласы: Көркем әдебиет.

Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, ертегі кейіпкелерін ажырата білуге үйрету, балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.

Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, шелек, мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, дүкенші, тауық, тышқан киімдері.

Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен амандасайықшы:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң, апайлар!

Тәрбиеші: - Балалар, бүгін біз ертегі әлеміне қонаққа барамыз. (музыка ойналады «Ертегі әлемі»). Балалар көздерінді жұмып, ақырын айналамыз, балалар қараңдаршы қандай әдемі. Мына үстел-үстіне назар аударыңдаршы бізге тапсырма бар екен.

1-тапсырма: Мына саусақ театрының кейіпкерлерін рет-ретімен орындарына қойып, қандай ертегі екенің атаңдар.

Тәрбиеші: Мынау не балалар?

Балалар: Шалқан.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл шалқан, енді «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін орындарына қояйық. Ал мынау не?

Балалар: Үйшік.

Тәрбиеші: Өте, дұрыс балалар бұл үйшік, ендеше «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлерін орындарына қояйық., енді келесі үстелге барайық, мұндада тапсырма бар екен.

2-тапсырма: Балалар бұл қолғап театры, қандай ертегінің кейіпкерлері, соны атаңдар.

Балалар: «Қызыл телпек» ертегісі.

Тәрбиеші: Өте дұрыс балалар сендер 2 тапсырманыда жақсы орындадыңдар. Ал, енді 3-ші тапсырманы оқиын.

3-тапсырма: Ертегі еліне қонаққа келген балалар сендерге келесі тапсырмамі «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналандар.

Тәрбиеші: Ал, балалар сендер «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білесіңдер ме?

Балалар: Білеміз.

Тәрбиеші: Ендеше ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап, сахналаймыз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі құйрығы келтеде,

Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.

Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.

Мақта қыз:

- Мияуым менің, қайдасың?

- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)

- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)

Тәрбиеші: Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.

Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мақта қыз: Мысығым-ау, мысығым,

Тарғылы жақсы түсінің.

Таңертең де, кеште де,

Бетін жуған пысығым.

Піш - піш десем, келе ғой,

Айтқаныма көне ғой.

Шақырғанда піш-піш деп,

«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.

Тәрбиеші: Сол кезде мысық шығып Мақта

қызға өлең айтып береді.

Мысық: Менің атым мысық,

Екі көзім қысық.

Тышқан аулап отырамын

Сүт-көжемді ішіп –дейді

Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?

Мақта қыз: -Айтпаймын!

Мысық: -Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.

Мақта қыз: - Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!

Тәрбиеші: (құйрығын кесіп алады)

Мысық: Берші, құйрығымды!

Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр: Менің атым сиыр,

Өрісім алыс қиыр.

Етім үшін, сүтім үшін,

Адамдар маған үйір - дейді.

Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!

Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.

Ағаш: Мен жасыл ағашпын,

Күтсеңдер гүл ашам,

Жолыңа нұр шашам,

Жапырағым азық,

Бұтағым қазық.

Саяма сағаларсың,

Салқындап дем аларсың.

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!

Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Қыздар: Су - тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің.

Тазалықтың негізі,

Су деп қана білгейсің.

Тәрбиеші: –деп қыздар әндетіп жүреді.

Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.

Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер, біз саған су береміз.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.

Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.

Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз беремін.

Тәрбиеші: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық: Мен ақ тауықпын,

Өзім қақсауықпын.

Тәрбиеші: -деп тауық әндетеді.

Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

Тәрбиеші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.

Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

Тышқан: Мен тышқанмын,

Өзім дән екпеймін.

Егістен ұзап кетпеймін,

Айналам толы ән,

Қоймам толы дән,

Дәнді тастап кетпеймін.

Тәрбиеші: - деп ән салып

жүрген тышқанды мысық

бас салып ұстап алады.

Мысық: Айт, үйіңде не

бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.

Мысық: «Қошақаным» әнін айтып береді.

Жазда апамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шықты ойнақтап жүгіріп.

Тәрбиеші: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір уыс тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді.

Тәрбиеші: Мысық қуанып, қатықты мақта қызға береді.

Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын.
Тәрбиеші: Сөйтіп Мақта қыз қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен. Ал, енді балалар кішкене сергіп алайық

Мынау – менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы атқарған

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Тәрбиеші: Балалар сендер «Мақта қыз бен мысық» ертегісін жақсы ойнадындар, енді тобымызға оралайық, көзімізді жұмып, айналайық (музыка қосылады). Орнымызға отырайық.

  • Балалар бүгін біз қайда қонаққа бардық?

  • Біз қандай ертегіні сахналадық?

Балалар, сендерге көп-көп рахмет ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін, театры түрлерін ажыратып атап бергендеріне, менім сендерге аздаған сыйлықтарым бар.



Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2349
Номер материала ДВ-532589
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх