Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Мақтанышым - Мемлекеттік Рәміздері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Мақтанышым - Мемлекеттік Рәміздері

библиотека
материалов

Мақтанышым-Мемлекеттік Рәміздер

Мақсаты:Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету,өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып-үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдісі:іздену, сұрақ-жауап,әңгімелеу

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздері,Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларының суреттері, буклеттер, карта, Отан, жер туралы нақыл сөздер, оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Кіріспе бөлім:Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Қазақстан Республикасының Гимн орындалады.

Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді...

Отан-ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

1-оқушы:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

2-оқушы:Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

Хор: Атамекен


Ту туралы. Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Еңселі Елтаңба.

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер:

Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.


Сұрақтар :

2.Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар рәміз? (Ту)

Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде, мектептерде орындалатын ән? (Әнұран)

Оқушыларды үш топқа бөліп Ойындар мен тапсырмалар беріледі

Оқушылар шығармашылығы:

1.Менің Отаным-Қазақстан (2 оқушы )

2. Отан, Туған жер туралы мақал- мәтелдер айту

-Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Отан туралы кім көп мақал-мәтелдер біледі? Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

Отан- елдің анасы , Ел-(ердің анасы)

Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).

Отанды сүю-(отбасынан басталады)

Отан оттан да (ыстық)

Пәлен жерде алтын бар ( Өз жеріңдей қайда бар)

Отансыз адам-( ормансыз бұлбұл)

Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)

Ел іші- (алтын бесік)


Мақал- мәтелді көп айтқан оқушы жеңімпаз атанады.


3. .Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба Байрақ Әнұран

Ел Бай Ән

Таңба ай Ұра

Таң қар Ұн

Аң ар нан

Қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билер-Төле би,Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.

Төле би:

Уа, халқым, сөз қадірін білесің:

Жаңбыр жаумаса-жер жетім,

Басшы болмаса-ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім…

Қазыбек би:

Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт-берекең-атаң қымбат

Аймалайтын-анаң қымбат,

Мейірімді-апаң қымбат.

Әйтеке би:

Бай болсаң

Халқыңа пайдаң тисін.

Батыр болсаң,

Жауға найзаң тисін.

Әумин!

Оқушыларға стикерлер берип өзінің отанға деген ,туған жерге деген тілектерін жазып тақтаға оқып жабыстыру керек.



Жүргізуші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық балалар. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін!!! Құрметті қонақтар бүгінгі ашақ сабағымыз осымен аяқталды, алтын уақыттарынды биз ушин киып келгендеринизге кок рахмет!!!









Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров138
Номер материала ДВ-449251
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх