Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Видеоуроки / Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстаным
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстаным

библиотека
материалов

Бекітемін

Директордың оқу-тәрбие

жөніндегі орынбасары

Дауылбай Т. ______

________________



Сабақтың тақырыбы: Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстаным

Мақсаты: Оқушыларды Желтоқсан құрбандарымен таныстыру. Аға-апалардың ерлігі туралы айту.

Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу.

Көрнекілігі: ҚР туы, Елтаңбасы, Қ.Рысқұловтың, Л.Асанованың, Е.Сыбытаевтың т.б. суреттері, нақыл сөздер жазылған плакат.

Мұғалім: Құрметті,қонақтар, ұстаздар,оқушылар! Сіздерді алдымен келе жатқан үлкен мерекеміз 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! 1987 жылдың басынан 1991 жылдың соңына дейін не бәрі 5 жыл ішінде Қазақстан Ресейдің келешегі күнгірт, тәуелді ,одақтас республикадан дүниежүзіндегі іргелі мемлекеттермен терезесі тең тәуелсіз елге айналды. Тарихтан осындай қысқа мерзімі ішінде ғасырлардың үлесіне татитын ауыр да маңызды жолдан өтті. Олай болса, «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстаным!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім: О,туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышты қанат қып,саған қарай,

Балапандай талпынып ұшамын мен.

Сен де, тас та қастерлі,аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау,

Менің мынау өмірге құштарлығым,

Сені жақсы көруден басталған-ау

Данасы мен батыры көп қазақпын

Көрген талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін,тәуелсіздік азат күн!

Мұғалім: Тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген – әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертең сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл республиканы үздіксіз басқарып келген Д.Қонаев орнынан түсіріліп,орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. Келесі күні таңертеңнен бастап, Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) адамдар жинала бастады. Олардың дені студенттер мен жұмысшы жастары еді. Жиналғандар орталықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне наразылық білдірді. Желтоқсан оқиғасына қатысқан 8500-ге жуық адам ұсталып, жаза тартты. Толық емес мәліметтер бойынша, 720адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқаннан, қала сыртына апарып тастағаннан, ауырған адамдар есепке алынбады. 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 ректор орнынан түсті. 240 студент оқудан шықты. 99 адам сотталды. Оның 2-еуі өлім жазасына кесілді. Шерушілерге қарсы сапер күректері, үйретілген иттер, өрт сөндіруші машиналар, бронды транспортерлер жіберілді. Қолға түскен қыздар мен жігіттер қақаған аязда қар үстінде жатқызылды. Қаладан алысқа апарылып, жұқа және су киімдерімен, түнгі аяз ызғарына ұсталды. Ербол, Қайрат,Ләззат,Сабира т.б. сынды апа-ағаларымыз осы желтоқсан құрбаны болды.

Рахым: Дүр сілкінді қайран да қоңыр аймақ,

Бағы жана ма? Қала ма соры қайнап.

Ұран жазып, қып-қызыл ту көтеріп,

Бізде шықтық алаңға «Елім-айлап» (Ербол)

Жұлдыз: сүймейтұғын болдық қой,күймей ғұмыр,

Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген?

Уа,сыртымыздан қашанғы билейді бұл? (Ләззат)

Мұнара: бұл дегенің Қазақстанда беделдің қалмағаны,

Тілің құрып барады,білесің бе?(Сәбира)

Айбаршын: Алаңға шығып ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып таңы еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым. (Гүлнар)

Мұғалім: Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

  • Құрметті,қонақтар! «Желтоқсан құрбандарын» еске алайық(1минут үнсіздік).

Келді осылай аңсаған күнімізде,

Көптен күткен Тәуелсіздік келді бізге.

Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан,

Қасиетті тіліміз бен дінімізде.

Күндер өтті кешегі,

Жігер құм боп жасыған.

Несіне оны жасырам?

Әнұраным бүгінгі

Баға жетпес асыл ән (Әнұран орындалады).

Осындай еркіндікті ел тілесін,

Бақыт құсы басымызға еркін келсін.

Ал,енді, тәуелсіздік құтты болып,

Көк байрақ мәңгі бақи желбіресін!

Осымен, «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстаным!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.









Автор
Дата добавления 09.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Видеоуроки
Просмотров97
Номер материала ДБ-018575
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх