Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Математикадан оқушылардың ауызша есептеу қабілетін дамыту

Математикадан оқушылардың ауызша есептеу қабілетін дамыту

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

МАТЕМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Ж.П.Исаева

Қарғалы аудан, Әлімбет орта мектеп – балабақшасы.


«Математиканы білмейінше, қазіргі техника негіздерінде де,

ғалымдардың табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды

қалай зерттейтінін де түсіну мүмкін емес»

А.Н.Колмогоров

Баланың білім алу арқылы тұлға ретінде дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі амалдары анықталып жүзеге асырылуда. Бұл орайдағы мектептің мақсаты – баланың табиғи күштері мен мумкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдайлар жасау.

Оқушылар тұлғасының дамуына ықпал жасауда дәстүрлі мектеп баласында іске асыруда әрбір мұғалімнің рөлі –танымдық, іс- әрекеттерді ұйымдастырушы, негізгі талабы –оқушының ойын дамыту, қызметі –кеңес беру бағыттап отыру, оқыту әдісі –ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы іскерлікке, өзара сыйластыққа бағытталғаны тиімді.оқушы тұлғасын дамыта отырып, сабақтардың тиімділігін арттыруда төмендегі жәйттерді басшылыққа аламын:

  • Жаңа материалды оқып- үйренуге және оқып игеруге деген оқушылардың қызығушылығын тудыру;

  • Жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырма оқушының қабілетінұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп әзірлеу;

  • Оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрл күрделілік дәрежеде орындату арқылы оқушылардыңбілімін саралауды ұйымдастыру.;

  • Білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзібілімді қарқынды ой еңбегі қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастыру;

  • Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс тәсілдерді кеңінен қолдану;

  • Оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап отыру.

Сондай-ақ математиканы оқып білудегі маңызды мәселелердің бірі оқушыларды есептерді уақыт үнемдеп ауызша есептеуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда ерекше рөл атқарады. Амалдарды ауызша есептеу сандарды жазбай-ақ, нәтижені бірден жазумен орындалады. Математиканың негізгі мазмұнын арифмтикалық материал құрайтыны белгілі. Себебі натурал сандар мен оларға амалдар қолдану шамалары туралы ұғым арифметикаға жатады. Арифметиканы жақсы біліп, одан тиянақты білім алмай, математианың басқа саласын жете түсініп, меңгеру мүмкін емес. Өйткені, математикалық есептеулердің барлығы, тіпті ең күрделісінің өзі арифметикалық төрт амалға келіп тіреледі.

Арифметикалық мысалдар мен есептер оқушылардың ақыл -ой қабілетінің дамуына, ғылым негіздерін берік игеріп, алған білімдерін практикада қолдана білуге әсер етеді. Демек, бастауыш класс оқушылары арифметиканы жақсы меңгеруге міндетті. Алайда, мектепте бастауыш класс оқушыларының көбі ауызша есептеуге шорқақ келеді. Шын мәнінде сабақ сапасын арттырудың бір шарты- оқушыларды ауызша есептеуге дағдыландыру. Сондықтан әрбір мұғалім бірінші кластан бастап, ауызша есептеуге ерекше көңіл бөліп, өзінің жұмыс стилін қайта құру қажет. Ауызша есептеудің түрлерін, міндеттерін мұғалім сабақта үнемі есте ұстауы тиіс. Ауызша есептеу күнделікті тұрмыста көп қолданылады, оған дағдылану баланың зейінін арттырады, жазбаша есептерді жеңілдетеді. Ауызша есптеулердің мұғалімдер үшін методикалық жағынан да маңызы өте зор. Мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде сабақты ауызша оңай шығаратын мысалдар мен есептерден бастап, құрылымы ұқсас, бірақ жазып шығаруды керек ететін күрделі есептерді шығаруға біртіндеп көшеді. Оқушыларды ауызша есептеуге дағдыландырып, нәтижені тез табуға қол жеткізу үшін әрбір сабақты осы мақсатқа 5-7 минут арнайы уақыт бөлу қажет. Мұны сабақтың қай кезеңінде жүргізудің тиімділігін мұғалімнің өзі таңдайды. Ауызша есептеуге тек кіші сандарды ғана алмай, тақырыпқа сәйкес үлкен сандарды да алған жөн. Ауызша есептеудің екі түру бар. Біріншісі – тек есту арқылы оймен ғана есептеуде, екіншісі – көру-есту арқылы, таблицаларды пайдаланып, ауызша есептеу. Сабақта екеуін де қолдану керек. Екінші түрі жазбаша нумерацияны өткеннен кйін өолданылады. Мұғалім ауызша есептеудің әртүрлі тәсілдерін қосу, азайту және көтейту, бөлу таблицаларын өткеннен кейін үйрету тиіс. 3-4 кластарда тақырып материалы күрделеніп, мысалдар мен есептерді шығару қиындайды.

Көп таңбалы сандарды көбейту мен бөлуді өткенде ауызша есептеуді орынды кірістіріп отыру керек. Көп таңбалы көбейтуге дейін, оқушылар екі таңбалы сандарды көбейтуді жақсы меңгеруі тиіс. Оның әртүрлі тиімділігі бар. Оқушылар 10, 100 және тағы басқа, яғни 0-мен аяқталатын сандарды көбейтуді тез меңгереді, себебі көбейтерде неше 0 болса, сонша 0 тәркеп жазамыз дейді.

І. Екі таңбалы санды 11-ге көбейту. Екі таңбалы санды 11-ге көбейту үшін, берілген санның цифрларын өзгеріссіз қалдырып, сол цифрлардың қосындысын ортасына жазу керек.

Мысалы: 1. 23х11 =253

2. 62x11=682

3. 98x11=1078

Берілген сан цифрларының қосындысының оннан артық болған жағдайда, бірінші цифр 9-ға 1-ді қосып жазмыз. Сонда 98x11=1078

58х11= 638 мұнда да қосындысы 10-нан артық, сондықтан 5-ке 1-ді қосып 6 деп жазамыз. Оқушыларға осы жағдайды ерекше ескерту керек. Енді коп таңбалы санды 11-ге көбейту үшін берілген санның бірінші және соңғы цифрларының арасын ашық қалдырып сол күйінде жазамыз. Олардың арасында берілген санның цифрларының оңнан солға қарай жазамыз.

  1. мысал 2436 2- мысал 71236 3- мысал 6174

х 11 х 11 х 11

26796 783596 67914

бұл мысалдардың өзгешелігі 7+4 =11.

Қосындысы екі таңбалы сан. Көбейтіндіге бірліктегі бірді жазамыз. Бірнеше мысалды қарастырғаннан кейін оқушылар мұндай мысалдарды тез игеріп алады, қызыға шығарады. Бір таңбалы сандарды қосуды, көбейту кестесін оқушылар көбінесе жаттау арқылы бөледі, сондықтан көп таңбалы сандарды көбейтудің бірнеше тәсілін құрастыруды жөн көріп отырмын.

ІІ. Екі таңбалы санды 12-ге көбейту. Екі таңбалы санды 12-ге көбейту үшін, ол сандардың бірліктерін көбейтіп, көбейтіндіге жазамыз.

Мысалы: 13х12=156

15х12=180

17х12=204

22х12=264

Көздеген мақсатқа жоғарыда айтылған қысқаша көбейту әдістерін сабақта жүйелі түрде пайдаланып отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Мұғалімнің негізгі мақсаты – математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету. Ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушыларлдың ойлау қабілеті кеңейіп, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады.

Д. Пойа айтандай: «Егер мұғалім өз пәніне шын ықыласымен берілсе, онда бүкіл класта бұл пәнге ынтасымн берілетін болады. Егерде, пән сізді қызықтыра алмаса және оны терең білмесеңіз онда сабақ беруден бас тарту керек. Себебі сіз ешқашанда сабақты жақсы бере алмайтын боласыз». [№1, 2003,56 бет] Расында да, пәнді сүю және оны терең білу - мұғалімге қажетті шарт, алайда бұл жеткілікті емес. Мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының боына сіңіре білу қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Математика және физика №1, 2003ж

  2. Кудрявцев Л.Д. Современная математика и ее преподавания. М. «Наука» 1980г

  3. Темірғалиев Н. Жаңа астанаға – сапалы математикалық білім және ғылым ИФМ №2 2001ж


















































Тіркеу


  1. Тегі, аты- жөні Исаева Женискул Перлепесовна

  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ----

  3. Жұмыс асайтын мекемесі, қызметі Әлімбет орта мектеп – балабақшасы

  4. Мақала тақырыбы Математикадан оқушылардың ауызша есептеу қабілеттерін дамыту


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров224
Номер материала ДВ-145671
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх