Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Математика ақыл ойдың әуені" сыныптан тыс жұмыс

"Математика ақыл ойдың әуені" сыныптан тыс жұмыс

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Тақырыбы: Математика – ақыл –ойдың әуені.

Мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша алған білім - танымын кеңейту, сондай-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойындағы қабілетті ашып, талаптарын ұштау, өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру; ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : топтық сайыс

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, қажетті құрал-жабдықтар

Барысы:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Баршаңызда «ИФМ – әлеміне саяхат» атты апталықтың төртінші күнінде өткізгелі отырған «Математика –ақыл ойдың әуені» атты сыныптан тыс жұмысқа қош келдіңіздер! бүгінгі математикалық сайысымызға 7-8-9 кластардан келген білімді және ұшқыр ойлы оқушылардан құралған топтар келіп отыр. Әр топ 3 оқушыдан тұрады. Ендеше, сайысқалы тұрған топтарымызбен таныс болайық. «Арифметика», «Логика», «Математика»

Сабақтың жоспарымен таныстырып өтейін:

І – кезең «Өмірдерек» (Топтың атын, ұранын таныстыру)

ІІ – кезең: «Үй тапсырмасы»

Саналы тәрбие

Білгенге маржан

ІІІ – кезең: Сапалы білім (Есептер шығару)

IV - кезең: Қимылды ойын

Әр қолда – өзінің ісі

Кім жылдам?

Практикалық тапсырма

V -кезең «Сен білесің бе?» (Логикалық тапсырмалар)

VI - кезең Кім тапқыр?

Геометриялық фигуралардан сөз құрау

Ойымды жалғастыр (Оқушылардың ақындық талабын байқау)

VII -кезең Капитандар сайысы

VIII кезең Қорытынды.

Шын жүйрік шабысынан танылды,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады – деп бүгінгі сайыскерлерге әділ баға беретін әділқазы қазыларды қошеметпен орнындарына шақырайық.

  1. Математика жаратылыстану әдіс бірлестігінің жетекшісі: Шарапиева Секін

  2. Оқу ісінің меңгерушісі: Нурмаганбетова Ботакоз

  3. Химия пәнінің Мұғалімі: Алшағырова Тұрсынгүл

Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы – заман талабы. Мектебімізде болашағына үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушыларымыздың қатарында жүрген бүгінгі сайыскерлеріміз дайын болса, сайысымызды бастайық.

Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.

Танысайық ғажап ойын, ғажап күн,

Тілегіміз бір батырақ та емес, байда емес.

Емеспіз бе азаматы қазақтың – демекші топтармен танысу рәсімі «Өмір дерек» деп аталады.

І – кезең: «Өмірдерек» (Топтың атын, ұранын таныстыру)

ІІ – кезең: «Үй тапсырмасы» деп аталады. Бұл кезең 2 бөлімнен тұрады.

Мен зерттедім қазақтың мақалдарын,

Әр мақалда байқадым сандар барын.

Не деген дана болған ата-бабам,

Есепке жүйрігіне қайран қалдым.

Мақалды қолданамыз, мән бермейміз,

Сайрап тұрған сандарды біз көрмейміз.

Комьпютердің заманы келген кезде,

Ұрпақтар сол сандарды білсе дейміз. Бұл бөлімде құрамында саны бар мақалдарды кезектесіп мүдірмей айтуы керек. Бір оқушы 2-3 мақал айтуына болады, бірақ бір мақал екі қайталанбауы керек. Бір мақал 1 ұпай болып есептеледі. Сайыскерлер сөз кезегі өздеріңізде.

«Үй тапсырмасының» келесі бөлімі «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл бөлімде математиканың құдіреттілігін, маңызын мысал арқылы түсіндіреді.(жоғары ұпай 10 ұпай түсіндіру шеберліктеріне қарай)

Біз тәуелсіз ел деп кіндік қаламыз Астананың асқарлы болуын, ордамызға құт-береке қонуын және шәкірттеріміздің жан-жақты білімді болуын қалаймыз.

Қате жазсаң біреуін, кідіресің

Жол таба алмай әрі қарай мүдіресің

Есеп шығару кезеңі келген кезде

Алған барлық білімді білдіресің- демекші келесі кезең «Сапалы білім» деп аталады. Бұл кезеңде үш топқа кеспе қағазына жазылған есептер беріледі. Дұрыс есепке 5 ұпай Ал ендеше іске сәт сайыскерлер! «Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды» демекші өз білімдереңізді таразылай біліңіздер.

ІІІ – кезең: Сапалы білім (Есептер шығару)

1.Жақшаны ашыңдар: (2х+3)2

2 Есептеңдер: hello_html_m20257d96.gif

3.Үшбұрыштың екі қабырғасы 10 см және 17 см, ал периметрі 40 см. Оның үшінші қабырғасын тап.

4. 3,08+5,54+19,75

5. Самат бір сан ойлады. Егер оны 30-ға бөліп, шыққан бөліндіден 5-ті азайтса, айырма 7-ге тең болады. Самат қандай сан ойлады.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие – тәлім табар мән.

Ұйымдасып істеген

Әр істің бір мәні бар.

Әр қимылдың өзінше

Ырғағы бар сәні бар

Жылдамдықпен талай нәрсе өлшенеді

Жігерлі жас, болсаң егер белсенді

«Қимылды ойын» кезеңінде сайыстың,

Тапсырмасын орындап бір көрші енді – деп келесі кезеңіміз «Қимылды ойын»

Бұл кезең 3 бөлімнен тұрады. Кезеңнің әр бөліміне жоғары ұпай 10 ұпаймен бағаланады. 1-ші бөлім «Әр – қолда өзінің ісі» деп аталады. Тапсырма үш топқа бірдей болмақ. Үш топтан үш оқушы шақырамыз. (шеберліктеріне байланысты.)

Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, оң қолмен шеңбер салу керек.

2- ші бөлім «Кім жылдам?» бұл бөлімде жылдамдық, ұқыптылық ескеріледі. Әр топтан бір оқушыдан үш оқушы шығады.

Тапсырма: Әр стакандағы суды ас қасықпен тасып келесі стакандарға жылдам, төкпей құю керек.

3-ші бөлім. Практикалық тапсырма деп аталады.

Тапсырма: үш топтан 3 оқушы шығып, берілген лентадан 20 см лентаны көзбен мөлшерлеп қиып алу керек

Төрешілер айтар сайыс кесімін,

Миды қозғап, ойлап қойсақ несі мін

Енді бір сәт, ойлап , тауып көрейік

Логикалық тапсырманың шешімін. Дұрыс жауапқа 5 ұпай

І – топқа:

  1. 66 санын ешқандай амал қолданбай бір жарым есе арттыр (99)

  2. Математикалық жағынан қарастырғанда бір поездің екінші поездан айырмашылығы неде? (поезд нөмірінде)

  3. Жараста жеті таяқша бар еді, ол біреуін екіге бөліп алды. Жараста неше таяқша қалды? (8)

  4. 2 адам 4 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнайды? (4 сағат)

  5. Ағашта 50 торғай отыр. Аңшы 20 торғайды атып алды. Қанша торғай қалды? (20 торғай)

  6. 81 санынан 63-ті алып, 86 санына 12-ні қосамыз сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады? (18, 98)

ІІ - топқа

  1. Айқасқан екі таяқ ,

Тұрады жоқты сұрап. (икс)

  1. Алманың жартысы неге ұқсайды? (алмаға)

  2. Қараңғы бөлмеде керосин шамы мен шырағдан шамы қатар тұр. Бірінші қайсысын тұтатасың? (бірінші сіріңкені тұтатамыз)

  3. Қара ағаш басында бес алма өсіп тұр. Оның біреуі жерге түсіп қалды?. Нешеуі тал басында қалды? ( қара ағашта алма өспейді)

  4. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда бар? (барлық айда)

  5. Он санын нөлсіз қалай жазуға болады? (Х)

ІІІ – топқа.

  1. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті. (1 сағат, 43 минут)

  2. Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар? (5 пен 3)

  3. Торғайлар бұтаққа бір-бірден отырса бір торғай, ал олар екеуден отырса бір бұтақ артық қалады. Торғай қанша, бұтақ қанша? (3 бұтақ, 4 торғай)

  4. Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. барлығы неше алма? (3 алма)

  5. Бөлмеде 5 ит, 4 торғай, 3 шыбын бар. Бөлмеде неше аяқ бар? (46)

  6. Қатар тұрған үш санның қосындысы көбейтіндісіне тең. Бұл қандай сандар? (1,2,3)

VI - кезең Кім тапқыр?

  1. Геометриялық фигуралардан сөз құрау

  2. Ойымды жалғастыр (Оқушылардың ақындық талабын байқау)

Бұл бөлімде геометриялық фигураларды әріптермен ауыстыру керек. Сонда шыққан сөздің мағынасын түсіндііледі. Қандай сөз шығады екен? Нені білдіреді ? жауап іздеп көрелік? Кім тапқыр? Ойлануға 1 минут.


hello_html_21780047.gif

hello_html_1c80d805.gifhello_html_54a8965e.gifhello_html_m371d2982.gifhello_html_m21d855e2.gifhello_html_m43825ee5.gifhello_html_54a8965e.gifhello_html_m371d2982.gifhello_html_m7055dcfd.gifhello_html_m42a1e811.gifhello_html_54a8965e.gif


hello_html_m765c9016.gifhello_html_m7055dcfd.gif



hello_html_m7055dcfd.gifhello_html_219129be.gifhello_html_mf3da135.gifhello_html_47707567.gifhello_html_54a8965e.gifhello_html_m5853dd42.gifhello_html_5ed4d5d1.gifhello_html_327b361c.gifhello_html_m5d8e1814.gifhello_html_m7055dcfd.gifhello_html_m42a1e811.gifhello_html_327b361c.gif

hello_html_1b60a155.gifhello_html_28b69b12.gifhello_html_47229970.gifhello_html_m45df9ecd.gifhello_html_m3f010b2c.gif



hello_html_197ba9b5.gifhello_html_7ad03f91.gifhello_html_m6072f85e.gifhello_html_m167b3f35.gifhello_html_m21f642.gif













«Кім тапқыр?» кезеңінің 2-ші бөлімі «Ойымды жалғастыр» деп аталады. «Ақын жанды болмаған адам матаематик те бола алмайды. Себебі ақындар басқаның көре алмағанын көреді. Математик те сондай болу керек» деген екен. С. Ковалевская. Ендеше оқушыларымыздың ақындық талабын байқап көрелік

2-ші бөлім: Ойымды жалғастыр Тапсырма өлең құрастыру.

  1. Бес жерде бесім 25

Матем мен тарих бір емес.

.............................................

............................................

  1. Мен шығарам деп ерледі

Қол көтеріп Есепгүл

......................................

.....................................

  1. Шәкіртім, жарқын сенің келешегің

Алдыңда қарызың көп берешегің

VII -кезең Топбасшылар сайысы

І топтың топбасшысына сұрақ. (Жедел жауап беру қажет дұрыс жауап 10 ұпай)

  1. Ең үлкен үш таңбалы сан (999)

  2. ¶- санның жуық мәні? (3,14)

  3. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан? (Әл-Хорезми)

  4. Диаметрдің жартысы (радиус)

  5. Санның 1/100 бөлігі (пайыз)

  6. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)

  7. Пифагор теоремасын айтып бер (тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең)

  8. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

  9. Бес санына кері сан (1/5)

10)Сағаттың төрттен бір бөлігі (15 минут)



ІІ топтың топбасшысына сұрақ

  1. Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

  2. Ең кіші жай сан? (2)

  3. «Математика - ғылымдар патшасы» деп сөз қалдырған ғалым (К. Гаусс)

  4. Миллионда неше нөл бар? (6)

  5. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

  6. Екі теріс санның көбейтіндісі (Оң сан)

  7. Қандай өрнекті әріпті өрнек дейміз ( құрамында әріпі бар өрнек)

  8. Ең кіші үш таңбалы сан (100)

  9. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Алашқа

Қалды сонда неше алма? (24)

10)Ширек санның қандай бөлігі (төрттен бір)

ІІІ – топтың топбасшысына

  1. Тік бұрышты үшбұрыш туралы теореманы кім дәлелдеді? (пифагор)

  2. Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар не деп аталады? (қарама –қарсы сандар)

  3. Үстелде төрт алма жатыр біреуі екіге бөлінген, үстелде неше алма жатыр (4 алма)

  4. Ақиқатты дәлелдейтін сөйлем (теорема)

  5. Жазыңқы бұрыштың жартысы (тік бұрыш)

  6. «Арифметика – дегеніміз математиканың негізі» осы сөзді айтқан орыс жазушысы (Л. Толстой)

  7. Бір –бірімен қиылыспайтын түзулер (параллель түзулер)

  8. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш (шаршы)

  9. 45 құртты 9 табаққа сандары бірдей етіп қалай бөлуге болады? (5 түйірден)

10)Көбейтіндісі бірге тең болатын сандар (өзара кері сандар)

VIII – кезең Қорытынды.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Қай топтың жауаптары дұрыс шықты

Математикалық сайыста

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты

(Әділқазы алқасына сөз беріледі. )

Сайыс қорытындыланып, топтар марапатталады.







Бұлақтыкөл орта мектебі







Сыныптан тыс жұмыс


Математика - ақыл -ойдың әуені






Дайындаған: Құрманалина А




2013-2014 оқу жылы


Общая информация

Номер материала: ДБ-334583

Похожие материалы