Инфоурок Математика КонспектыМАТЕМАТИКА - АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ӘУЕНІ" атты көңілді тапқырлар ойын сайысы

МАТЕМАТИКА - АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ӘУЕНІ" атты көңілді тапқырлар ойын сайысы

Скачать материал

МАТЕМАТИКА - АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ӘУЕНІ"

атты көңілді тапқырлар ойын сайысы

Барысы:

Жүргізуші:

Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Ұзақ ұйықтап, жұмса түз бесігінде

Естімеппін Архимед есімін де.

Жерді қозғау қиялы былай тұрсын,

Жемісі де тимепті несібіме.

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.

Жансызга жан бітіріп жолға салып

Сары құзы ақсақалға көрсетті елге.

Бұл жерде танысасың Пифагормен,

Кемеңгер, ол - философ кезінде өткен.

Кездесесің дәл сондай тағы да бір

Ғылымдармен жер жаһанда білім еккен.

Архимед, Пифагорың айтқаным бұл

Талаптанып, білімге зейінің бұр,

Таудан аққан төбеден текті олар нұр,

Судай тасыр, әр бесік белден асқан,

Дүниеге сан алуан өнер шашқан.

Білім алып, олардың жолын қуған,

Әрбір адам өмірде өрге басқан.

 

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт - ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлыкты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да, тартымды әлеміне сапар шегесіздер.

Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты әрі сан алуан екендігіне көз жеткізесіздер.

Ендеше, «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» - деп Ломоносов айтқандай, «Математика - ақыл-ойдың әуені» атты көңілді тапқырлар ойын сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Бұл сайыстың негізгі мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын артыру, оқушылардың ой-өрістерін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұкыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы топтардың ойыншыларымен танысайық:

8 сынып __________________________________________________

9 сынып____________________________________________________

10сынып_____________________________________________

 

Ойын  шарттары төмендегідей:

1.     Топтын аты , ұраны, таныстыру

2.     Тез жауап. (топтар П, әрпінен басталатын математикалық атауларды жазып; топ басшылары математикалық есеп шығарады)

3.     Геометриялық лото (геометриялык фигуралармен жұмыс)

4.     Сандарды байланыстырып мақал-мәтел айту

5.     Үй жұмысы

6.     Арқан тарту (арқанға тапсырмалар ілінген. Топ мүшелері соны орындайды.)

 

Ендеше, топтарға әділ баға берер әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Ғылымдардың патшасы атанғансын,

Евклид, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән - математика атанғансың!» - деп сайысымыздың алғашқы шартына кезек берейік.

 

Жүргізуші:  Топтын аты , ұраны, таныстыру

8 сынып

9 сынып

10 сынып

 

Жүргізуші: IІ шартымыз «Тез жауап.» деп аталады. Мұнда топ басшылары тез-тез сұраққа жауап береді, қалған мүшелері П әрпінен басталатын математикалық атауларды жазады.

П әрпінен басталатын математикалық атаулар: (топ мүшелеріне)

Пифагор, процент, периметр, плюс, параллель. перпендикуляр, призма, пирамида, параметр, паралелограмм, Пи.

 

Сұрақтар (топ басшыларына)

 

I топ

1. 12-ні 10 есе арттыр. (120)

2. 62-6 неге тең? (56)

3. Қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады? (10, 100)

4. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)

5. Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)

6. «Математика - ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы» сөзінің авторы кім? (Гаусс)

 

II топ

1. Жарты түзудің басқаша атауы. (сәуле)

2. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)

3. Ең алғашқы әйел математик. (Софья Ковалевская)

4. 52 - 5 неге тең? (47)

5. 25% - санның қандай бөлігі? (1/4)

6. Біржазықтықта жататын, бір-бірімен қиылыспайтын түзулер. (параллель)

 

ІІІ топ

1.  Бір жазықтықта жатпайтын, бір-бірімен қиылыспайтын түзулер. (айқас)

2.  Минуттың 1/60 бөлігі (секунд)

3.   Kepi сандардың көбейтіндісі. (1)

4.   Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

5.   1 - қандай сандардын көбейтіндісі? (кері сандардың)

6.   Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған Шығыстың ғұламасы кім? (Әл-Фараби)

 

 

Жүргізуші: IIІ  шартымыз «Геометриялык лото» деп аталады. Мұнда окушылардың алдында әртүрлі геометриялық фигуралардың суреті салынған. Кез-келген фигураға байланысты сұрақ оқылады, ол қай фигура екенін табу қажет. Оқушылар сол фигураның бетіне жұлдызшалар жабыстырады.

1. Геррон формуласы қай фигураның ауданын табу үшін қолданылады? (үшбұрыш)

2. Орта сызығы табандарының қосындысының жартысына тең болады. (трапеция)

3. Диагональдары тік бұрыш жасап қиылсады? (ромб)

4. Барлық қабырғалары бір-біріне тең болатын тік төртбұрыш қалай аталады? (квадрат)

5. Пифагор теоремасы қай үшбұрыш үшін қолданылады? (тікбұрышты үшбұрыш)

6. S=ab - қай дененің ауданы? (параллелограмм)

 

Жүргізуші: Сайысымыздың төртінші  шартына да келіп жеттік Сандарды байланыстырып мақал-мәтел айту

 1. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.

2. 5 бармақ жиналса, жұдырық болады.

3. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.

4. 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.

5. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім іл.

6. Ат баспаймын деген жерін 3 басады.

7. 5 саусақ бірдей емес.

8. 1 тал кессең, 10 тал ек.

9. 1000-ның қамын бір ойлар,

    Біреудің қамын 1000 ойлар т.б.

 

Жүргізуші:Бесінші сайысымыз Үй жұмысы / әр топ әзіл мен көрініс/

Жүргізуші:Алтыншы сайысымыз

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі - арқан тарту. Қазақ жастарының алтыбақанды жығып, жинау негізіндегі ойыны. Аяқ арқан жылқы қылынан жасалады. Осы арқанды екі жақ боп тартатын ойын. Әрине күш және жылдамдық керек. Қазір біз сол ұлттық ойынды ойнайтын боламыз.

Мұнда логикалық тапсырмалар арқанға ілінген. Топ мүшелері соны орындайды. Жауапқа байланысты әр топ ұпай  жинайды.

 

1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

2. Жанұяда екі ұл және әр ұлдың екі әпкесі, бір әкесі бар, әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2 ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы = 6 адам)

3. Мектепке келе жатқан 3 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала )

4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол кандай сан? (1,2,3)

5. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (кұс жолымен)

6. Қалтам канша?

Өзімде бар сан қалта,

Шалбарда екі жан қалта,

Арт жағында қос қалта,

Жейдеде екі төс қалта,

Пиджакта екі іш қалта,

Бір төс қалта және бар,

Сонда есепте, кәне, ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы, пальтом бар.

Онда да төрт қалтам бар. (он бес)

Жүргізуші: 

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса.

Омар Хайям, әл-Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді.

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Ендеше, әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарамын дегенше, мына бір көріністі тамашалап көрейік.

 

Ертеде данышпан деген патшаның елінде «Байлық», «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып калады.

Байлық: менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние –мүлкі, ішіп-жемі мол болады.

Бакыт:  Мен  кімнің басына  қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін.

Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.

Данышпан: Байлық-бір жұттық, бақыт -баянсыз, ақыл, еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар.

Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады.

Міне, бұдан шығатын корытынды: ақыл, білім болған жерде бақытты да, бай боламыз. Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де, білікті азамат болып өсуіміз керек.«Білім азбайды, ақыл тозбайды».

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды тілге тиек етіп, бүгінгі білім сайысымыздың қорытындысын айту үшін сөзді әділқазыларға береміз. (марапаттайды)

 

Жүргізуші:     Осымен    «Математика -  ақыл-ойдың    әуені»    атты    көңілді тапқырлардың ойыны аяқталды.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі

Әділқазы, көрермен, сау тұрыңдар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі, - деп қоштасамыз. Келесі     кездескенше     сау-саламатта болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "МАТЕМАТИКА - АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ӘУЕНІ" атты көңілді тапқырлар ойын сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 283 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 888
    • DOCX 26.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекеева Эльмира Кадыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекеева Эльмира Кадыровна
    Бекеева Эльмира Кадыровна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15530
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания математики в среднем профессиональном образовании в условиях реализации ФГОС СПО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 522 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс повышения квалификации

Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 415 человек

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек