Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы" математика ашық сабақ"

" математика ашық сабақ"

Скачать материал
библиотека
материалов

Математика
Сабақтың тақырыбы:
Қайталау.Есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:  Есепті талдау және шығару, кері есеп құрастыру, теңдеу шешу біліктерін жетілдіре түсу. Қосу мен азайту әдістерін мысал шығаруда қолдана білу, фигуралардың периметрін табу дағдыларын пысықтау. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Зиянды тағамдарды қолданбауға, дұрыс тамақтана білуге,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кестелер, графопроектор
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп , сабаққа назар аудару 

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,

Оқып, білім аламыз

Туған жердің төрінде,

Жұлдыз болып жанамыз.

- Жұлдыз болып жану үшін не істеуіміз керек?

- Мықты денсаулық болу үшін не істеуіміз керек?

- Біздің апталығымыз не туралы?

- Апталық барысында зиянды тағамдарға тәжірибелер жасап, сауалнама жүргізетін боламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру № 6, 135- бет

Мысалдар тізбегін жалғастыру: Ең бірінші мысалдың мәніне келесі мысалдағы бірінші қосылғыштың толық ондығын қоса береді. Екінші бағанда сәйкесінше кері амал орындалады.

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру : Сұрақ – жауап әдісі
–Қосудың қандай қасиеті бар? Ауыстырымдылық , терімділік
- Тік төртбұрыштың қасиеті қандай? Тік төртбұрыштың қарама – қарсы қабырғалары тең болады.
- Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш қалай аталады? (Шаршы)

- 7 мен 8-дің қосындысы. (15)
- Периметрді қалай табамыз? (Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын табамыз).

- кг қай шаманың өлшем бірлігі? Масса өлшем бірліктерін ата.

- 16 мен 9-дың айырмасы. (7)

- 2 тәулікте неше сағат бар?

- 1 дм неше см бар?

- 3 ондық пен 15-тің айырмасы. (15)


ІҮ. Мақсат қою кезеңі : Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау .

Ү. Дәптермен жұмыс:

- Дәптерімізді ашып, күннің жадын, тақырыпты жазамыз. Көркем жазу 53 53 53

53=50+3 53= 5 онд. 3 бірл.

- Бұл қандай сан? (екі таңбалы, тақ сан)

ҮІ. Оқулықпен жұмыс:

1 тапсырма. Есепті оқыту, талдау.

- Есеп не туралы? Ненің шырыны?

- Шырын зиянды ма, пайдалы ма?

-Дұрыс айтасыңдар.

- Жеміс-жидек және көкөніс шырындарында нәрлі заттар көп және оларды ағза  оңай сіңіреді. Тамақта дәрумен тапшы болатын қыс пен ерте көктем айларында жеміс және көкөніс шырындары, әсіресе балалар үшін өте бағалы тағам болып табылады. 

Шие шырынының пайдалы қасиеттері: қан құрамын жақсартады, қан тамырларын қатайтады, суық тиюді емдейді, ағзаны күшейтеді.

- Есепте не белгілі, не белгісіз?

- Есепте нені табамыз?

- Есеп неше амалмен орындалады? (2)

Есептің шарты:

1-қорапта-10 ыдыс 10 ыдыс ?, 4 >

2-қорапта- ? ыдыс ? < 16 ?, 4 < ? 6 ыдыс ?

Ш: 10- (16-10)= 4 (ыдыс) (10-4)+10=16 (6+4)+6=16

н/се; 16-10=6 (2 қораптағы ыдыс саны)

10-6=4 (2 қорапта 4 ыдыс кем)

Ж: Екінші қорапта 4 ыдыс кем. Барлығы 16 ыдыс бар. Барлығы 16 ыдыс.


Бекіту:

- Бұл есептер қандай есептер?

- Кері есеп қалай құрылады?


3 тапсырма. Үш қатарға бөліп беру. Өзіндік жұмыс:

Есепті оқыту, талдау.

Әр қатар өз есебін оқиды, бірге талдау жүргізіледі. Шарты құрылады. Құрылған шарты слайдта көрсетіледі.Оқушылар дәптерге шешуі мен жауабын жазады.

- Есеп не туралы? Түйме туралы.

- Түйме деген не? (ілгек)

- Түйменің түр-түрі бар. Олардың пішіні де, жасалу материалдары да әр түрлі болады. Түймелерді жинақтау «филобутонистика» деп аталады.

- Не белгілі, не белгісіз? Нені сұрайды?

- Бұлардың деген сөз қай түймеге қатысты айтылып тұр? (үлкен)

- Яғни, бұл есепте үлкен түймелердің кішкентай түймелерден 3-еуі артық деп тұр. Бұл жерде қандай амал орындалады?

- Есеп неше амалмен орындалады?


а) Ү.түйме- 9 3-еуі >

К.түйме- ? ?

Ш: 9-3+9=15 (к.түйме)

Ж: 15 кішкентай түйме қадалды.


ә) Бұл есеп те дәл жоғарыдағыдай талданады.

- Есеп не туралы?

Шоколад   какао ағашынан алынатын какао жемісінің ұнтағына оның дәмін және хош иісін келтіретін компоненттер қосып дайындалынған кондитер өнімі. Адамзат баласы шоколад дәмін алғаш татқалы бері осымен екі мың жылдан астам уақыт өтті. Шоколадтың құрамына енетін кейбір заттардың әсерінен шоколад жүйкеге оң әсер етеді. Сол себепті, бұл тәттіні жегенде көңіл күйіміз көтеріледі. Десек те, шоколадтың пайдалы қасиеттері мен қатар, зияны да бар екенін ескергеніңіз жөн. Біріншіден, ол өте құнарлы. Шоколадтың азықтық құндылығы сары майдың нәрлілігіне бара-бар. Сондықтан оны белгілі бір мөлшерде жеген абзал.

Ирис   сүт кәмпиттің бір түрі. Оның құрамы  қанттан, сүттен, майдан және дәмдік, хош иістік заттардан тұрады. 
- Есепте не белгілі, не белгісіз?

- Барлығын табу үшін қандай амал қолданамыз?


Шоколад-48

Ирис- ?, 29 < ?

Ш: 48+ (48-29)=67 (кәмпит)

Ж: барлығы 67 кәмпит сатып алынды.


б) Есепті оқып, талдау жасау.

Үйеңкі — әдемі жапырақты бұталы немесе ағаш тектес өсімдік. Ерте көктемде гүлдейді. Канада, Америка, Еуропа, солтүстік Африка, Азия аймақтарында таралған. Қазақстанда негізінен “Татар үйеңкісі” деп аталатын түрі көбірек өседі. Үйеңкінің жалпы 150-ге жуық түрі бар. Биіктігі 20-55 метр аралығында болады. 150 — 200 жылдай жасайды. Үйеңкі ағашы бағалы үй жиһаздарын, музыка аспаптарын жасауға пайдаланылады. Күзде жапырақтары алуан түсті болғандықтан саябақтарда, көше бойларында әсемдік үшін өсіріледі. 

Қайың — сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл. Табиғатта қайыңның 140 түрі бар. Елімізде оның көптеген түрлері кездеседі. Ең кең таралған түрі - кәдімгі қайың немесе аққайың. 


Үйеңкі- 14 6-уы >

Қайың- ? ?

Ш: 14+ (14-6) = 22 (ағаш)

Ж: барлығы 22 ағаш отырғызылды.


Бекіту:

- Бұл есептер неше амалмен шығарылды?

- Бір санның екінші саннан нешеуі кем, нешеуі артық екенін табу үшін не істейміз?

ҮІ. Сергіту сәті:


4. Теңдеу шешу. Тақтаға орындау.

- Бірінші теңдеуде не белгісіз? Оны қалай табамыз?

- Екінші, үшінші теңдеуде ше?


Бекіту: - Теңдеу дегеніміз не?


5. Жұппен жұмыс: Кестеге орындалады.

53, 9, 50, 77

Бекіту:

- Қандай сандар жазылды? (екі таңбалы және бір таңбалы)


6. Тақтамен жұмыс: Мысалдардың мәнін жазу.

Бекіту: Жақшасы бар өрнектер қалай орындалады?


Шығармашылық тапсырма:

- Қандай фигура құрастырылған?

- Оның неше төбесі, неше бұрышы, неше қабырғасы бар?

Балаларға төртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу тапсырылады.

Р=23 мм+54 мм+54 мм+46 мм =177 мм= 17 см 7 мм


Қорытынды:

- Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар атқарылды? Не үйрендік? Не білдік?

Бағалау:

Үйге тапсырма: №2, №7. 136-137 беттер.




























  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.