Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Математика. Ашық сабақ. "Санның кубы"

Математика. Ашық сабақ. "Санның кубы"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика

Сабақтың тақырыбы:  Санның кубы

Мақсаты: текше (куб) туралы түсініктеме беру, санның кубын есептеу.

Пәндік нәтиже: оқушылар текшемен (кубпен) танысады, осы фигураларды танып, олардың элементтерін атай алатын болады.

Сабақ барысы

Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.

Жаңа материалды қабылдауға дайындық жасау үшін геометриялық фигуралар туралы білімін бекіту керек.

Сәуленің басы неден басталады? (нүктеден)

Үш нүктені қандай сызықпен қосуға болады? (сынықтармен)

Түзу бойындағы екі нүктенің арақашықтығы нені құрайды? (кесіндіні)

Циркульдің көмегімен қай фигураны салады? (шеңбер мендөңгелек)

Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш қалай аталады? (шаршы)

Түзудің басы бар, ұшы жоқ бөлігі қалай аталады? (сәуле)

Тақтаға геометриялық фигуралардың суреттері ілінеді. Мұғалім тіктөртбұрыш пен шаршыны, текшені және дөңгелек және шарды оқушыларға салыстыруды ұсынады. Ең маңыздысы, оқушылар қандай фигура жазық және қандай фигура денелерді құрайтынын білгені жөн. Мұғалім жазық фигураның екі өлшемді, ал дененің үш өлшемнен құралатынын көрсетеді (оқулықтағы 2-жаттығу).

Текшенің (кубтың) элементтерін суреттен көрсетуге болады, дегенмен қағаздан оның жазбасын дайындап, оларды оқушылармен бірге жапсырып, текшені қолмен жасаған дұрыс. Оқушылар текшемен практикалық жұмыс барысында танысады.

Жаңа білім - «санның кубын» іс-әрекеттік технологиясы көмегімен енгізуге болады. Кеңістіктегі денелермен танысу үшін мұғалім оқушыларға текшенің көрнекі моделін ұсынады. Технология сабақтарында алдын ала текшенің моделін қагаздан жасайды. Оқушылар модельді жасап, барлық жақтарының шаршы екенін білуі керек. Содан соң кеңістіктегі денелер туралы түсінікті алғашқы бекіту оқулықтағы тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады (2-тапсырма орындалады).

Санның кубымен танысу үшін санның квадраты туралы білімді қайталау маңызды, оны 3 (а) тапсырманы орындау арқылы еске түсіреді, одан соң санның кубы түсінігі енгізіледі- үш бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі (3(ә) тапсырма) түсіндіріліп, есептеледі. Санның квадраты мен кубының жазылуын салыстыру маңызды.

Санның квадраты 3 (а) тапсырмада есептеледі. Екінші бағандағы мысалдарды құрастырудағы заңдылықты табу. Оны қысқаша жазуқарастырылады.

3х3

2х2х2

6х6

5х5х5

8х8

8х8х8

9х9

3х3х3

7х7

4х4х4

Қиындықтың орны мен себебін анықтау.

Оқушылар үш бірдей көбейткіштің көбейтіндісін қысқаша қалай жазу керектігін білмейді.

Қиындықтан шығу жобасын құру.

Оқушылар санның кубы жазуымен таныс болмауына байланысты, мұғалім сабақ барысында оқулықтан анықтамалық материалды ұсынады.

Дауыстап түсіндіру арқылы алғашқы бекіту.

Оқулықтагы 4- тапсырма орындалады.

Үлгі бойынша өзіндік тексерумен өздік жұмыс жасау.

Өз бетінше оқушылар 5- тапсырманы орындайды. Өтілген материалды зерделеу үшін 7-тапсырма беріледі.

Іс-әрекетті қорытындылау.

Үй тапсырмасына 6-тапсырма беріледі. Амалдардың орындалу тәртібін анықтап, есепте.

Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров131
Номер материала ДВ-459444
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх