Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Математика "қайталау сабағы" (4 сынып)

Математика "қайталау сабағы" (4 сынып)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қайталау сабағы

Математика 4 - сынып
Тақырыбы: Қайталау сабағы
Мақсаты: а) Үш таңбалы санға көбейту, бөлуге есептер шығару арқылы білімднрін кеңейту.
ә) Адамгершілікке табиғатты қорғауға, тазалыққа тәрбиелеу.
б) Ауызша есептеу дағдыларын дамыту.

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Көрнекілігі: Жемсауыт, машина, көктем суреті, таңғажайып алаң, карта, микрофон.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, табиғаттану, ән.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.

Жүрісі:
І. Арна теле ақпарат бағдарламасы.
ІІ. Есептеуді үйренейік.
ІІІ. Кітап – сенің досың
ІҮ. Табиғатты қорғайық.
Ү. Таза қала.
ҮІ. Таңғажайып алаң.

І. Ұйымдастыру бөлімі:
Диктор: Саламатсыздар ма теледидар көрермендері! Бүгінгі бағдарламамен таныс болыңыздар.
8 - 00 Арна теле ақпарат бағдарламасы.
8 - 10 Есептеуді үйренейік.
8 - 15Кітап – сенің досың
8 - 30 Табиғатты қорғайық.
8 - 35 Таза қала.
8 - 40 Таңғажайып алаң.
Хабар соңында келесі күнгі бағдарламамен таныс боласыздар және ауа - райы туралы мәліметтер.
Қазір Арна теле ақпарат бағдарламасы болады.

ІІ. Арна
Саламатсыздар ма. Бүгінгі хабарымызда 4 сынып оқушыларының үй тапсырмасын тамашалайық.
№815амалдарды орында
1. 9700
2. 1538
3. 4806
4. 6378
5. 72500
6. 5537
7. 41376
8. 18300
9. 10362
10. 23868
Амалдарды орындалу тәртібіне байланысты сұрақтарды қою.
Қаламызда көптеген жеке кәсіпкерлер ашылып, жұмыссыздық саны азаюда. Азаттық көшесінде тігін фабрикасы ашылды. Мұнда қолдарынан майы тамған шеберлер жұмыс жасайды. Бір шебер 2 метр матадан бір бала көйлегін тігеді, 46 метрден қанша бала көйлегін тігеді?
46: 2=23көйлек
Әр жұмыс орнында бір қиыншылық болады. Бұл фабриканың тігін машинасы ескі болғандықтан май құю керек. Олар қазіргі мезгілде 6 ыдыста 48 л май бар, 8 ыдыста қанша май бар?
48: 6*8=64л
Сіздер бүгінгі жаңалықтарымызбен таныс болдыңыздар.

ІІІ. Есептеуді үйренейік.
Бүл хабарымызда жас бүлдіршіндердің есепке жүйріктігін байқаймыз. Оқулығымыздағы № 818 мысалды шығарамыз:
149040: 345=432
307360: 452=680
175040: 547=320
679070: 763=890
Есепті өте жақсы шығардыңыздар. Ал енді ауызша есептерді қалай шығарасыңдар:
14*5, 27*4, 26*3, 70*50,
Хабарымыз аяқталды.

ІҮ. Кітап - сенің досың.
Кітап – кез - келген адамның рухани байлығы. Кез - келген адамның бітпейтін сұрағына жауапты кітап беттерінен табуға болады. Кітап бізге білім береді. Эстетикалық адамгершілік қасиет дамытады.
Біздің мектеп кітапханасында көптеген әдеби кітаптар бар. Соның ішінде мынадай жаңа кітаптар келіпті. Алып оқыңыздар. Өте қызықты кітаптар. Ал енді осы дәптер, кітаптар біздің алдымызға келгенше көптеген еңбекпен келеді. Біз кітапты қадірлеп, күтіп ұстауымыз керек. Кітап, дәптер салмағы үнемдеуі туралы тілшіміздің репортажын тамашалаңыздар.
№820
А) бір кітаптың салмағы 300 грамм. 3 тонна қағаздан осындай қанша кітап жасалынады?
3 т = 3000000 г: 300г= 10000кітап
Ә) бір кг қағаз қалдықтарынан 20 дәптер шығады. Бір дәптерге қанша қағаз қажет?
1кг=1000г 1000: 20=50г
Б) 1ц қағаз қалдықтарынан 2100 дәптер шығады. 300кг қағаздан қанша дәптер дайындауға болады?
1ц=100кг 2100: 100=21
21*300=6300 дәптер.
В) 1т қағаздан 20000 дәптер дайындалады. 350г қағаздан неше дәптер дайындалады?
1т=1000000г
1000000: 20000=50г
350: 50=7 дәптер
Осындай еңбекпен келген кітапты таза, ұқыпты ұстаңдар.

Ү. Табиғатты қорғайық.
Біз өткен хабарымызда көктем мезгілінің керемет сұлулығын, ауа - райын айтып суреттеп, мынадай сурет салған болатынбыз. Көктем мезгілін әнге қосып жырлайық:
Сергіту сәті:
Осы көктем мезгілінде құстар ұшып келетінін айтып, оларға ұя салған болатынбыз. Ал бүгін жемсауыт жасайық. Ол үшін №823 есепті шығарамыз.
Осындай жемсауыт жасап, ауладағы талға іліп құстарға жем салып, көмек көрсетіңіздер. Бүгінгі табиғатты қорғайық хабарымыз аяқталды.
ҮІ. Таза қала
Атырау облысының әкімі Атырау өңірін тазалау мақсатында төтенше жағдай жариялап, жер жерлерге тазалау айлығын ұйымдастыруда.
Міне, осындай айлық біздің ауламызда да өтіп жатыр. Бізге №3367 қоқыс тасушы машинасын бөлді. 3367 машинасы 33 рет рейс жасағанда 111111 кг қоқыс қалдығын тасыпты.
Міне, қанша қалдық қаламызды ластайды. Әр адам өз ауламызды ауыл, қаламызды таза ұстауымыз қажет.
ҮІІ. Таңғажайып алаң
№824 Амалдарды тест ретінде әріптерді табу арқылы табады, соңында жарайсыңдар деген сөзі шығады.
ҮІІІ. Ауа райы
Картадан ауа райын айта отырып, оқушыларды бағалайды.




Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров335
Номер материала ДВ-552220
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх