Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Математика, Қазақ тілі, Дүниетану пәндерінен тест жұмыстары. III тоқсан
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Математика, Қазақ тілі, Дүниетану пәндерінен тест жұмыстары. III тоқсан

библиотека
материалов


Қазақ тілі III тоқсан


  1. Қосымша нешеге бөлінеді?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) бөлінбейді

  1. Не істеді? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөз табы:

А) етістік В) сан есім С) сын есім Д) зат есім

  1. Буынға бөлінбейтін сөзді анықта:

А) әке В) тарс С) кие Д) алты

  1. Үш буынды сөзді тап.

А) әлдеқашан В) жолдас С) кітап Д) әріптес

  1. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет.

А) балалар В) құрылысшылар С) кітаптар Д) ұндар

  1. Зат есімді тап:

А) әдемі В) өлең айт С) білім Д) сұр

  1. «Ауру» сөзіне мағынасы жуық сөзді тап:

А) сау, мықты В) науқас, кесел С) арман, үміт Д) абайлау, абыржу

  1. «ң» әрпін тиісті жерге қой:

А) та...дау В) орма... С) тү...гі Д) жа...ды

9. Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер:

А) қарама-қарсы сөздер В) мағынасы жуық сөздер С) қаратпа сөз Д) түбір сөз

10. «Қарағым, балам, оқу оқы, босқа жүрме»  Сөйлемдегі қаратпа сөзді тап.

А) оқу В) жүрме С) қарағым, балам Д) оқы

11. “Сен гүлді алма ” Осы сөйлемдегі    алма  сөзі қандай сөз табына жатады?

А) зат есім В) сын есім С) етістік Д) сөз табына жатпайды

12. Ақымақ сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді тап.

А) қорқақ В) ақылды С) жақсы Д) арам

13. Аяды сөзін қандай тұрақты сөз тіркесімен алмастырып айтуға болады?

А) төбе шашы тік тұрды В) екі езуі екі құлағында С) жаны ашыды Д) жүрек жұтқан

14. Мәтін неден құралады?

А) буындардан В) сөздерден С) сөйлемдерден Д) әріптерден

15. Жалаң сөйлемді тап:

А) Аулада гүл өсті. В) Гүл өсті. С) Қызыл гүл жайқалып өсті. Д) Аулада қызыл гүл өсті.

16. Жайылма сөйлемді тап:

А) Мұрат кітап оқыды. В) Мұрат жүгірді. С) Мұрат жүзіп жүр. Д) Мұрат оқып үйренді

17. Күрделі етістікті тап

А) қорықтым В) піседі С) қоймады Д) қарап тұрды.

18. Болымды етістікті тап

А) айтты В) бармады С) үндемеді Д) жыламады

19. Жалғау жалғанған сөзді көрсет

А) балақан В) өнерпаз С) билетте Д) балапан

20. Түбірлес сөзді анықта:

А) биші, билер, биле В) өзен, су, мұхит С) кітап, дәптер Д) жалғау, жалау





Дайындаған: Т.Нурекешова





Математика III тоқсан


1. 5 жүздік 6ондық 3 бірліктен құралған санды белгіле:

А) 563 В)536 С)356 Д) 653

2. 739 санының разрядтық қосынды түрінде жазылуын көрсет

А) 739=730+9 В) 739=709+30 С) 739=700+30+9 Д) 739=700+39

3. Салыстыр, < белгісін қайсысына қоюға болады?

А) 396*39дм 6см В) 329см*3м 3дм 9см С) 586см*4м 8дм 6см Д) 2м 5дм 7см*25дм 6см

4. Көбейтумен алмастыруға болатын өрнекті тап

А) 5+3+3+7+1 В) 9-39+3-9+8-3 С) 3+3+3+3+3 Д) 4+4+3-3+4

5. х-тің мәні 714-ке тең болатын теңдеуді тап:

А) х+457=660 В) x-425=289 С) x+200=810 Д) 900-x=187

6. Бір орамға 64м жіп, екіншісіне біріншіге қарағанда 20м жіп аз оралған. Екі орамға

барлығы неше метр жіп оралғанын қалай табуға болады?

А) 64-20 В) 64+20+64 С) 64+(64-20) Д) (64-20)+64

7. 30 см лентаның үштен бір (1/3 ) бөлігі қанша?

А) 5 В) 10 С) 15 Д) 30

8. Кенже 3 түйеқұс, одан 7-еуі артық үйрек, ал үйректен 17-сі артық тауық асырады.

Кенженің барлығы неше құсы бар?

А) 27 құс В) 37 құс С) 40 құс Д) 29

9. Тік төртбұрыштың ұзындығы 7 см, ені одан 2 см қысқа. Периметрін тап.

А) 18 см В) 24см С) 5см Д) 9см

10. Ауданы 81см2 болатын шаршының қабырғасының ұзындығын тап.

А) 8 см В) 9см С) 7см Д) 10см

11. Бөлінгіш 32, бөлгіш 8, бөліндінің мәнін тап.

А) 40 В) 24 С) 4 Д) 42

12. 43 шарды 6 шардан неше балаға беруге болады және неше шар артық қалады?

А) 7 балаға, 1 шар қалады В) 7 балаға, 2 шар қалады

С) 6 балаға,7 шар қалады Д) 7 балаға, 6 шар қалады

13. Тура емес теңдікті белгіле:

А) 17∙4 = 4∙17 В) 160-14 = 150 С) 15∙3 = 45 Д ) 3∙3 = 9 1

14. 93 минут неше сағат, неше минут болады?

А) 1 сағ 23 мин В) 1 сағ 33 мин С) 1сағ 32 мин Д ) 1 сағ 25 мин

15. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбіз жеп қойған. Әкесі шешесіне

қарағанда 5 сәбіз артық жеген. Ал баласы 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?
А) 15 В) 28 С) 29 Д) 30



Дайындаған: Т. Нурекешова



Дүниетану III тоқсан


  1. Өсімдіктер тобы

А) ағаш,бұта,шөп В) қарағай,бұта,шөп С) итмұрын, ағаш, бұта Д) бақбақ, бұта, емен

  1. Ешқандай күтімсіз өздігінен өсетін өсімдік

А) жабайы В) көпжылдық С) біржылдық Д) мәдени

3. Мақта, күріш, асқабақ өсімдіктерінің бейімділігі

А) ылғал сүйгіштілігі В) жарық сүйгіштігі С) жылу сүйгіштігі Д) суыққа төзімділігі

4. Жарық сүйгіш өсімдік

А) жүгері В) үшбұрыш С) қынжыгүл Д) саумалық

5. Күннің көзін,суды көп керек ететін өсімдік

А) қызғалдақ В) күріш С) жусан Д) айдаршөп

6. Ылғал сүйгіш өсімдік

А) бақбақ В) қойбүлдірген С) қауын Д) саумалдық

7. Тұңғыш қазақ ғарышкері

А) Т.Бигелденов В) Т.Мұсабаев С) Т.Әубәкіров Д) Ю.Гагарин

8. Су қоймасы өсімдіктері

А) қалың құрақ,қоға,қамыс В) жүгері,жүзім,мақта

С) жауқазын,ақ таспа,қызғалдақ Д) көктерек,қайың,тал

9. Дәнді дақылдар мол өнім беретін топырақ

А) тұзды топырақ В) сор топырақ С) құмды Д) қара топырақ

10. Емен ағашының тіршілік ету жылы

А) 50 жыл В) 150 жыл С) 100 жыл Д) 1000-1500 жыл

11. Маңғыстаудағы қорық қалай аталады?

А) Алатау В) Барсакелмес С) Үстірт Д) Ақсу-Жабағылы

12. Қай жерде өсетін өсімдіктердің тамыры болмайды?

А) таулы В) орманды С) су қоймасында Д) жазық далалы

13. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер қатарын белгіле:

А) Жебіршөп, Сәлбен В) Саумалдық, Әйкен

С) Шалқан, Асбұршақ Д) Жантақ, Сүттеген

14. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің тамыры қалай өседі?

А) қысқа В) жанамалап С) ұзын Д) Тамыры болмайды

15. Саумалдық, қынжыгүл сияқты шөптесін өсімдіктердің арасында өсуге бейімделген ағаш:

А) Қарағай В) Қайың С) Емен Д ) Шырша















Дайындаған: Т. Нурекешова




















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-530184

Похожие материалы