Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / "Математика әлемі" оқушылардың сабақтан тыс математикадан білімі көтеруге, математиканың қыр-сырын ашуға мүмкіндік беретін факультативтік бағдарлама 2-4 сыныптар үшін
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

"Математика әлемі" оқушылардың сабақтан тыс математикадан білімі көтеруге, математиканың қыр-сырын ашуға мүмкіндік беретін факультативтік бағдарлама 2-4 сыныптар үшін

библиотека
материалов

УДК

ББК


Математика әлемі (факультативтік курс бағдарлама) 2-4 сынып

Авторы: ЖАКАНОВА М.С.,бастауыш сынып мұғалімі

Қостанай қаласы, 2014ж,-21 бет






ISBN


Пікір жазғандар:

Сарычева Л.Н.- № 5 «А» М-Г директоры

Орынбаева Ж.Т. –ОТЖ орынбасары


«Математика әлемі» факультативтік курс бағдарламасы 2-4 сыныптарға арналған. Баланың абстрактілі ойлау деңгей-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмалары орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама мазмұны күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарларының үлгілерінен тұрады.















Түсінік хат

2-4 сыныптарға арналған «Математика әлемі» факультативтік курс бағдарламасы төмендегі негізде әзірленген:

-ҚР білім беру заңына сәйкес;

-3 бап, баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

-білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

-әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық –физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

-білім беруді дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

-жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-оқу бағдарламасына сәйкес;

Аталған жұмыс бағдарлама нұсқасы 2-4 сыныптарда «Математика әлемі» атты факультативтік курс үшін құрастырылған.

Бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының математиканың көптеген қызықты сұрақтарымен танысуға, мектеп бағдарламасынан тыс аталған ғылымның қыр-сырын тереңінен түсінуге мүмкіндік береді. Логикалық ойлауға қатысты математикалық есептерді шешу арқылы, ой-өрісінің, танымдық іс-әрекетінің дамуына деген баланың қызығушылығын арттырып, жалпы тұлғалық дамуын, өз бетімен жұмыс жасау, ойлау, шығармашылық тапсырмаларды шешу, сонымен қатар нақты сұрақ төңірегінде өзіндік көзқарасын дәлелдей білу қабілетін жетілдіреді.

Бағдарлама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының танымдық дамуына сәйкестелген, оқу мотивациясын дамыта отырып, қарапайым математика әлемінде, математикалық білімін кеңейте, тереңдете отырып, оларға жоғарғы талап деңгейінде жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынады, басқа тұлғалар арасында өзінің тұлғалық іс-әрекетінің ең бастысы қызығушылық пен зейінін, есте сақтау қабілетін, сезімін және тілдік дамуын, пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз білімін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алады.

Бағдарлама баланың математикалық ойлау бейнесінің дамуына бағытталған: нақты сөйлеу, математикалық терминдерді дұрыс қолдана білу, танымдық және шығармашылық, тұлғалық жеке бас рухани және тұлғалық қасиетінің дамуына, сенімді ортада өзінің психикалық денсаулығын нығайтады.

Аталған бағдарлама баланың шығармашылық дамуына логикалық ойлау, математикалық тілін, зейінін, математикалық жоба құрастыра білу, сараптау, ребустарды шешу, басқатырғыштар, қорытынды шығару, ойымен бөлісу қабілетін қалыптастырады.

Бағдарламаның педагогикалық мақсаты ақыл-ой дамуының қалыптасыру тәсілдерімен түсіндіріледі: сараптау, жинақтау, салыстыру, топтасыру, толықтыру, қорытындылау.



Бағдарламаның айқындылығы:

-оқытудың қағидалары (даралық, қолжетімділік, ғылымилық, сабақтастық, нәтижелік)

-саралап оқыту

-бақылау әдістерінің икемділігі

Ақыл-ойға берілген тапсырмалар: пішін құрастыру, өзгерте білу, шешу жолдарын табу, ойын құралдары, ойын әрекеттері арқылы сандарды тауып алу. Тапқырлық, ептілік, зеректік бастамалары белсенді іс-әрекет негізінде байқалады.

Математикалық материалдардың қызықтылығы әр тапсырмада ойын элементтері, логикалық жаттығулар, басқатырғыштар, ребустармен толықтырылған.

Оқушылар көрнекіліктер арқылы тәжірибе негізінде қарапайым геометриялық пішіндермен танысады, олардың ауданы мен енін табудың тәсілдерін үйренеді. Кесте, диаграммалармен жұмыс жасауда сараптау біліктілігі артады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: әр баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің деңгейіне сәйкес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдай тудыру.

Жалпы мақсаттан мынандай міндеттер шешімін табады:

-бала тұлғасының дұрыс өсуіне, ақыл-ойдың дамуына оқушылардың тұлғалық, сезімталдық-еріктілік, белсенділік қалыптастыру;

-математиканың болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылайтын және қоршаған ортаны танып білуге ықпал ететін екендігі туралы түсінік қалыптастыруға әсерін тигізу;

-оқушы білімін тереңдету, кеңейту және математикалық құзіретттілігін қалыптастыру;

-өмірге және мектептің келесі сатысында білім алуды жалғастыруға қажетті білім, білік және дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру;

-қызықты тапсырмалар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-шыдамдылық және табандылықты қалыптастыру;

-есте сақтау түрлерін, жалпы оқытудың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

-математикаға қабілетті, дарынды балаларды анықтау;












Бағдарламаның мазмұны мен логикалық құрылымы бастауыш білім беру стандарт талаптарына сәйкестелген.

«Математика әлемі» факультативтік курсты оқытуа 2-4 сыныптарда барлығы 102 сағат, аптасына 1 сағаттан, әр сыныпта жылына 34 сағат.

«Математика әлемі» факультативтік курс

Бағдарламалық материалды жүргізудегі оқу сағаттарын бөлу.



Тараулар мен тақырыптар

Сағаттар саны (сабақтар)

2сынып

3сынып

4сынып

2-4сынытар

1

Кіріспе сабақ «Математика –ғылым атасы»

1

1

1

3

2

Сандар.Сандардың шығу тарихы.Сандар сыры және олармен жұмыс.

8

5

6

19

3

Қызықты есептер

10

6

10

26

4

Ребусты шешіп үйренейік

3

-

-

3

5

Сыныптың математикалық қабырғасын безендіру

2

1

1

4

6

Олимпиадалар, сайыстар

3

3

3

9

7

Ғажайып геометрия

3

3

5

11

8

Танымал адамдар өмірі

2

-

-

2

9

Пішіндер. Симметрия

-

2

-

2

10

Пішіннің ауданы мен көлемі

-

4

-

4

11

Арифметикалық сиқырлар, ойындар, басқатырғыштар

-

3

2

5

12

Жобалық іс-әрекет

-

2

2

4

13

Қорытынды

2

4

4

10

Барлығы:

34

34

34

102


Оқыту жүйесін ұйымдастыруда оқытудың жаңа тиімді әдістері мен түрлі тәсілдерін интерактивті жабдықтар арқылы кіріктілген сабақтар, аралас сабақтар жүргізіледі.

Бағдарламаны жүзеге асыру жүйесінде түсіндіру әдісі, көрнекілік әдісі, практикалық әдісі, ізденіс әдісі, өзіндік жұмыс жасау әдісі, көтермелеу әдісі қолданылады.

Бағдарлама дәстүрден тыс сабақтар, кіріктілген сабақтар, сынақ сабақтар, ойын сабақтар, тәжірибе сабақтар түрлерін пайдалануды көздейді. Фроньтальдық, топпен, жеке жұмыс, жұптасып жұмыс жасау қолданылады.

Оқушылар әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып бақылауға, салыстыруға, қорытындылай білуге, сараптауға үйренеді.

Бағдарламада жаңашыл оқыту технологиялары мен әдістері: тәрбие мен оқытудың дамыта оқыту технологиялары, ойын технологиясы, компьютерлік технология, жобалау технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, зерттеу іс-әрекет қолданылады.

Ұсынылған курс төмендегідей дидактикалық қағидаларды есепке ала отырып құрылған:

-қолжетімділік: курс мазмұны оқушының танымдық қабілетінің мүмкіндіктерін еске алады:

-оқушының жас және жекеленген өзгешелік қағидасын есепке алып, баланың психо-физиологиялық даму мүмкіндіктеріне сай әдістер мен тәсілдер қолдану:

-өзектілігі: оқушылардың математика деген ішкі құлшынысын, зияткерлік мүмкіндіктерін ашатын орта құру;

-ғылымилығы: логикалық тұрғыда ойлау, пәндік құбылыстың сан қырын танып, жалпылау, қорытынды шығару, ойын ортаға салу;

-жүйелілігі: жекеленген мысалдарды шешуден жалпы есептерді шешуге құрылған;

-практикалық бағыттылығы: факультативтік сабақтың мазмұны оқушыға математикалық терминдерді оңды меңгертіп, қызықты есептерді шығаруда, мектеп және қалалық, олимпиадаларда қатысуда оңай жұмыс жасауына бағытталған:

Оқушылардың негізгі іс-әрекет түрлері:

-қызықты есептер шығару;

-математикалық қабырғаны безендіру

-математикалық байланысты танымал ғылыми әдебиеттермен танысу;

-жобалық іс-әрекет;

-өз бетімен жұмыс жасау;

-жұппен, топпен жұмыс;

-шығармашылық жұмыстар;




БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ

Курс мазмұны

2 сынып

Кіріспе сабақ « Математика – ғылым атасы (1 сағ) 2-ші сыныпқа арналған «Математика әлемі » факультативтік курс сабағының мақсаты, міндеттері және мазмұнымен таныстыру.

Сандар және олармен жұмыс (8сағ). Ауызша есептеудің қызықты тәсілдерімен таныстыру. Жүздіктер класымен таныстыру. Көп таңбалы сандарға арналған жаттығулар. Ұжымдық санау. «Өз қатарыңды біл» ойыны, «Кімде қандай сан?»

Практика «Ойлан және шеш». Таңба элементтер жүйесімен танысу.

Қызықты есептер (10 сағ) Тақпақ түріндегі есептер, логикалық есептер, толықтыру және артығын табу, берілгенін толықтыруға арналған есептер.Олимпиадалық есептерді шешу. «Кенгуру» халықаралық ойын есептерін шығару. Стандарттан тыс есептер шығару. Бірнеше тәсілмен шығарыталтын есептер.

Ребусты шешіп үйренеміз. (3 сағ) ребустармен танысу және оларды шешу тәілдері.

Сыныптың математикалық қабырғасын безендірейік.( 2 сағ)

«Математика әлемі» газетін шығару: математикалық жинақтау, безендіру.

Олимпиадалар, сайыстар (3сағ). Математика пәні бойынша мектепішілік олимпиадаларға және «Кенгуру» халықаралық сайысқа қатысу.

Көрікті геометрия (3сағ). Көлемі үлкен заттармен танысу. Пішіні жағынан сәйкес келетін топтарға бөлу. Геометриялық моделдер призма, пирамида, цилиндар, тонус және шарлар.

Танымал адамдар өмірі (2сағ). Ұлы математик Архимед пен Пифагор, Әбу Насыр Әл –Фарабимен таныстыру.

Қорытынды (2сағ). Математикалық КВН, « Қорытынды шығарамыз» дөңгелек үстел.


2сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Білуі тиіс:

-арифметикалық амалдардың сипаттарын;

-жүз көлеміндегі көптаңбалы сандардың разрядтық құрамын;

-призма, шар, конус, пирамида, цилиндр геометриялық фигуралардың атауын;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешу тәсілдерін;

-Архимед және Пифагор көне математиктердің өмірбаянын;


Үйренуі тиіс:

-ауызша есептеу тәсілдері;

-есептерді шығаруда өз білімін қолдана білуді;

-геометриялық пішіндерді тану және бейнелеуді;

-басқатырғыштарды, шарадалар, ребустарды шешу және сараптау, талдауды;

-логикалық есептер мен жоғары деңгейдегі есептердің шешімін өз бетімен таба алуды;

-мектепішілік және қалалық олимпиадаларға, халықаралық «Кенгуру» сайысына қатысуды;


Курс мазмұны

3 сынып (34 сағ)

Кіріспе сабақ «Математика-ғылым атасы» (1сағ), 3-ші сыныпқа арналған «Математика әлемі" факультативтік курс сабағының, міндеттері және мазмұнымен таныстыру.

Сандар және олармен жұмыс (5сағ). Миллиондар класымен танысу. Көптаңбалы сандар. Ұжымдық санау. Көптаңбалы сандармен жаттығулар. Разрядтар кестесімен жұмыс. «Өз қатарыңды тап» ойын. Танымдық ойын «Ойшыл математик»

Арифметикалық шытырмандар, басқатырғыштар (3 сағ). Ұзындығы бірдей таяқшалармен басқатырғыштар, тылсымды шаршылар, арифметикалық басқатырғыштар.

Олимпиадалар, сайыстар(3сағ). Математика пәні бойынша мектепішілік олимпиадаларға және «Кенгуру» халықаралық сайысқа қатысу.

Көрікті геометрия (3сағ). Геометриялық жаттығу «Геометриялық әлеміне саяхат». Қағаздарға сызықтар сызып үйрену жаттығулары. «Таңғажайып шаршы» ойын. Жазықтықта фигуралар құрастыру.

Фигуралар симметриясы (2сағ). Симметриялы фигуралармен танысу, құрастыру. Қосу және басып өту сызықтары симметриялы фигуралар сызу.

Фигураның ауданы және көлемі (4 сағ). Фигураның ауданы және көлемімен танысу. Фигураның ауданын табу. Фигураның көлемі. Геометриялық фигуралардан заттар құрастыру.

Қызықты есептер.(6сағ) Күлдіргі есептер, логикалық есептер, әртүрлі тәсілдермен шешуге болатын жағдаяттарды сараптау. Логикалық ойын «Қулар мен тапқыштар» Компьютерлік математикалық ойындар. Халықаралық «Кенгуру» жарысы есептерін шығару. Стандарттан тыс есептер шығару. Кесте және диаграмма құрастыру.

Жобалық іс-әрекет. (2сағ) «Ұлы математиктер», «сандар сыры», «Шаршының шынайы бейнесі» жобаларын орындау. Тұсаукесер безендіру.

Сыныптың математикалық қабырғасын безендірейік. (1сағ). «Пифагор» газетін шығару: материалдар жинақтау, безендіру.

Қорытынды (4 сағ). Математикалық КВН. «Қорытынды шығарамыз» дөңгелек үстел. Білімділер сайысы. Шығарма «Менің өмірімдегі математиканың орны».


3 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Білуі тиіс:

  • арифметикалық амалдардың сипаттарын;

  • ауданды өлшеу;

  • миллион көлеміндегі көп таңбалы сандардың разрядтық құрамы қатарын;

  • геометриялық фигуралардың атауын; басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешу тәсілдерін;



Үйренуі тиіс:

  • арифметикалық амалдардың сипаттарын;

  • есептерді шығаруда өз білімін қолдана білуді;

  • геометриялық пішіндерді тану және бейнелеуді;

  • симметрия осін сызықтар арқылы аталған фигураны құрастыруды;

  • басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешу және сараптауды;

  • өз бетімен шешім қабылдауды;



Курс мазмұны

4 сынып (34 сағ)

Кіріспе сабақ « Математика – ғылым атасы» 4-ші сыныпқа арналған «Математика әлемі» факультативтік курс сабағының мақсаты, міндеттері және мазмұнымен таныстыру.

Сандар және олармен жұмыс.( 6 сағ). Натурал сандар тарихы, сандар мен цифрлар сыры, заңдылық. Миллиардтар класымен танысу. Үлкен –сандар.Ұжымдық санау. Көп таңбалы сандармен жаттығу. Разрядтар кестесімен танысу. « Өз орныңды біл» ойын. Геометриялық фигуралар. Зерттеу жұмысы. «Таңғажайып шаршы»

Қызықты есептер шығару (10сағ). Мәтін есептер. Есептерді әртүрлі тәілдермен шығару. Ерте кездегі есептерді шығару, күлдіргі есептер. Математикалық ойындар, ребустар, сөзжұмбақтар. Логикалық есептер шығару. Сіріңкемен шығарылатын есептер.

Арифметикалық шытымандар, ойындар, басқатырғыштар (2 сағ).

Арифметикалық сиқырмен танысу. Математикалық ойындар, басқатырғыштар.

Сыныптың математикалық қабырғасын безендірейік.(1сағ). Материалдар таңдау: қызықты есептер, басқатырғыштар, сиқырлы шаршылар. Материалдарды безендіру.

Жобалық іс-әрекет (2сағ). Жоба құрастыру. Тұсаукесер жасау.

Көрікті геометрия. (5 сағ). Берілген тапсырмалар бойынша жазықтықта геометриялық фигуралар құрастыру және өзінің фигураларын құрастыру. Геометриялық фигуралармен конструкция. Параллелограмм. Цилиндр, конус, шар. Танымал заттармен жаңа геометриялық фигуралардың сәйкестігін анықтау.

Олимпиадалар, сайыстар (3сағ). Математика пәні бойынша мектепішілік, қалалық, олимпиадаларға және « Кенгуру» халықаралық сайысқа қатысу.

Қорытынды (4сағ). Білімділер сайысы. «Бәйге» ойын. Математикалық ойындар, ребустар, кроосвордтар.


4 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Білуі тиіс:

-миллиард көлеміндегі сандарды разрядтық құрамға жіктеу;

-геометриялық фигуралардың атауы: конус, параллелограмм, цилиндр, шар;

-ерте кездің өлшем бірліктері;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешудің алгоритмін;

-жобалау жасау алгоритмін;

-бөлшек: оқу,жазу, бөлшектерді қосу мен азайтудың қарапайым тәсілдерін;


Үйренуі тиіс:

-есептерді шығару жолдарының ең тиімді тәсілін таңдай білуді;

- тұсаукесер безендіруді;

- берілген тапсырмалар бойынша жазықтықта геометриялық фигуралар құрастыру және өзінің фигураларын құрастыруды;

-геометриялық фигуралар құрастыруды;

-жазықтықта көлемі үлкен фигураларды бейнелеуді, құрастыруды;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешу және сараптауды;

-өз бетімен шешім қабылдауды;

- математикалық терминдерді пайдалануды;





































ТҮЛЕКТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Факультативтік сабақтардың оқушы беретін көмегі:

-математика пәні бойынша негізгі базалық мазмұны мен оны түсінудің

кілтін үйрену;

-зерттеушілік іс-әрекетінің тәсілдерімен қаруландыру;

-шығармашылықпен ойлауды қалыптастыру;

-әртүрлі деңгейдегі есептерді шығару қасиетін төсілдіру;

-олимпиадалар, ойындарда, сайыстарда табандылықпен орындау;


Білуі тиіс:

-арифметикалық амалдардың қыр-сырын;

-көптаңбалы сандар қатарын разрядтарға жіктей білуін;

-ерте заманның өлшем бірліктерін;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешудің алгоритімін;

-жобалар жасау алгоритмін;

-бөлшек: оқу, жазу, бөлшектерді қосу мен азайтудың қарапайым тәсілдерін;


Үйренуі тиіс:

-ауызша есептеу тәсілдерді;

-есептерді шығаруда өз білімін қолдана білуді;

-геометриялық пішіндерді тану және бейнелеуді;

- симметрия осін сызықтар арқылы аталған фигураны құрастыруды;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешу және сараптауды;

- өз бетімен шешім қабылдауды;

- есептерді шығару жолдарының ең тиімді тәсілін таңдай білуді;

-геометриялық фигуралар құрастыруды;

-жазықтықта көлемі үлкен фигураларды бейнелейді, құрастыруды;

-есептерді шығару жолдарының ең тиімді тәсілін таңдай білуді;

-жазықтықта көлемі үлкен фигураларды бейнелейді, құрастыруды;

-есептерді шығару жолдарының ең тиімді тәсілін таңдай білуді;

-тұсаукесер безендіруді;

-берілген тапсырмалар бойынша жазықтықта геометриялық фигуралар құрастыру және өзінің фигураларын құрастыруды;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешу және сараптауды;

-математикалық терминдерді пайдалануды;









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қызықты математика Алматы кітап 1998.

  2. «Ойнайық та, ойлайық» Алматы кітап 1996.

  3. 12 жылдық білім 2008, №7.

  4. Қазақстан Республикасы бастауыш білім стандарты.Алматы, 2013 ж.

  5. «Кім зерек?» Алматы 1993

  6. «Сказочные задачи» 2 сынып О.В.Лысова, О.В. Кутянина

  7. Математика және информатика журналы 2002,№6

  8. «Бастауыш мектептің математикасы» Т.Л. Пахомова

  9. «Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары» авторлары: К. Ерешева, Г.Жамалбекова « Өлке» баспасы Алматы 2009

  10. «Қызықты математика» Ә. Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева, В.В. Буровова «Алматы кітап» 2011ж.

  11. «Математикалық дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар»Ш.Х. Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева, Р.Қ.Өміртаева «Атамұра» 1997 ж.

  12. «Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К. Жикалина,Алматы «Рауан» 1993 ж.

Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров696
Номер материала ДВ-266373
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх