Инфоурок Математика Другие методич. материалы"Математика әлемінде" сайыс сабағы

"Математика әлемінде" сайыс сабағы

Скачать материал

Математика әлемінде.

Сабақтың мақсаты: математика пәнінің өмір мен қоғамдағы орны жөніндегі түсініктерін,  пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, пәннің қажеттілігін сезіндіру, сапалы білім алу дағдысын қалыптастыру және жан-жақты тәрбие беру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Көрнекіліктер: плакаттар, тапсырмалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I.                   Ұйымдастыру кезеңі. Топтардың сабаққа дайындығы мен қатысуын тексеру.

II.                Топтардың амандасуы. Сынып оқушыларынан құрылған «Шеңбер» және «Шаршы» топтарын ортаға шақырайық.

1)      «Шеңбер» тобының сәлемдесуі:

Өнер қуған математик жастармыз,

Есебіңді лезде шешіп тастармыз.

Командамыз өңшең тапқыр қырандар

Ерен туған вундеркинд бастармыз

Келешекте өміріміз талапты

Атақ-даңққа бөленеміз қарап тұр

Сегіз қырлы өнері асып туғандар

Оза шауып бәйге атындай жарап тұр

Ұраны: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

2)      «Шаршы» тобының сәлемдесуі:

Қиын пәнді бәріміз меңгереміз,

Қосу менен басқаны теңгереміз

Көбейтуді жаттамай жүрген жалқау

Оқушыны бәріміз жек көреміз

Сандардың біз сырына үңілеміз

Білгеніңді бұл пәннен жасырсаңдар

Бүгін достар, әрине, жеңілеміз

Ұраны: «Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміткерміз жеңіске»

III.             Логикалық сұрақтар

1)      Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айда)

2)      Дайындауға болады, жеуге болмайды, ол не? (сабақ)

3)      Елеуішпен суды қалай әкелуге болады? (мұз күйінде)

4)      10 метрлік сатыдан секіріп қалайша жараланбауға болады? (ең төменгі сатысынан секіру керек)

5)      4 ұлда неше саусақ бар? (80)

6)      Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйткіп келеді. Қарсы бағыттан соққан жел пойызы түтінін қай бағытқа әкетеді? (түтін болмайды)

7)      Барлық сандарға қалдықсыз бөлінетін сан (0)

8)      Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір-бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар? (8)

9)      Ағаш үстіне 30 торғай отыр еді, оның екеуін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды? (2)

10)  Бөлмеде 7 майшам жанып тұр. Сен жанындағы біреуін өшірдің, қаншасы қалды? (бір)

 

IV.             «Қас-қағым сәт» сұрақ-жауап

1-топқа:

1)      Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. (теорема)

2)      Қиылыспайтын түзулер (параллель)

3)      Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

4)      15-тің квадраты (225)

5)      Геометриялық жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)

6)      Үшбұрыштың негізгі элементтерін ата, олар нешеу? (үшқабырға, үшбұрыш, барлығы 6)

7)      Катет қандай үшбұрышта болады? (тікбұрышты үшбұрышта)

8)      Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер. (айқас)

 

2-топқа:

1)      Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)

2)      Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр)

3)      25-тің квадраты (625)

4)      Геометрияның кеңістіктегі фигураларды зерттейтін бөлімі (стереометрия)

5)      Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)

6)      Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш (квадрат)

7)      Ең алғаш әйел математик (С.Кобалевская)

8)      Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? (3,14)

V.                Математикалық жұмбақ

1)      Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)

2)      Күшіне сенген бір мықты

Жығып салып сегізді

Қайда барайын дегізді (шексіздік)

3)      Қыздары қазақтың

Сәукеле деп киген

Күлдіргілер де киеді

Көрермендер сүйген

Бекіту үшін тетікті

Толтыру үшін кетікті

Алғашқы түрі өзгеріп

Қиық та болып кетіпті (конус)

4)      Санға қосып алсаң,

Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады

Көп адамдар ол санға

Шекесінен қараған

Сан осін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған («0» саны)

VI.             «Мені түсін»

Екі топ өздері таңдап алған бетте жазылған сөздерді іс-қимыл арқылы бейнелеуі қажет. (сызғыш, циркуль, транспортир, шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш, принтер, клавиатура, модем)

VII.          Пікір-талас. Математика маған өмірде қаншалықты қажет?

тақырыбына байланысты оқушылар «иә», «жоқ» таңдаулары бойынша пікірлерін айтады.

VIII.       Қорытынды. Әділқазы алқасының шешімін тыңдау, жеңімпаз

топты марапаттап, сайысты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Математика әлемінде" сайыс сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 308 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 1012
    • DOCX 16.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турсинова Багимгуль Абилдаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9324
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 201 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 514 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции