Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Математика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар 2-тоқсан

Математика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар 2-тоқсан

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту

Қосу кестесін құрастырамыз

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады;

“+”, “–”, “=” таңбасын қолдану;

қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

маркерлер;

топта жұмыс істеу үшін әр оқушыға арналған ламинатталған А4 форматты қағаздар;

қосу кестесінің көрнекі түрі.

Тірек сөздер

қосу кестесi.

Сабақтың мақсаты:

Қосу амалының нәтижесін қосу кестесін пайда-ланып анықтау дағдысын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қосу кестесі қосу амалының нәтижесін тез есептеу үшін қажет. Сабақта оқушылар барлық бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін құрастырып және пайдаланып үйренеді. Соның ішінде ондықтан аттап қосуда да кестені пайдаланады. Кестенің көмегімен 20-ға дейінгі сандарды қосып, нәтижесін тауып үйренеді.

Заттарды сатып алу үшін қажет ақшаны са-нағанда ересек адамдар үнемі сандық сәулені пайдалана ма?


Ересек адамдардың бір таңбалы сандарды қосудың нәтижесін ойша есептейтінін айтыңыз. Олардың алған білімдері қосу мен азайтудың нәтижесін тез есептеуге көмектесетінін айтып өтіңіз. Бір таңбалы сандарды қосу нәтижесін жатқа білу керектігін ескертіңіз.


Кіріспе тапсырма. Бір таңбалы сандарды қосу-дың кестесін құрастыру мақсатында жобалық жұ-мыс ұйымдастырыңыз. Кесте кез келген уақытта пайдалану үшін анықтама кітап түрінде жасалуы мүм-кін. Бұл анықтама кітабына бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу нәтижесі кіру керек екенін ескертіңіз.


Олардан мына сұрақтарды сұраңыз:


Анықтама кітабында бірінші қай мысал тұру керек? (1 + 1 = 2.)

Екінші сан — 1. Бірінші санның орнына қандай бір таңбалы санды қою керек? (Өсу ретімен 1-ден 9-ға дейінгі сандар.)

Егер екінші қосылғыш — 2 болса, бірінші қосыл-ғыштың орнына қандай бір таңбалы сандарды қоюға болады? (Өсу ретімен 1-ден 8-ге дейінгі сандар.)

Анықтама кітапқа ең соңында қандай мысалды жазасыңдар? (1 + 9 = 10.)

Оқушыларды топтарға бөліп, жұмысты жалғас-тыруды ұсыныңыз. Әр топқа қосу кестесінің бір бөлігін құрастыруды тапсырыңыз. Ол үшін оқушы-ларға А4 форматты қағаздарын таратып беріңіз. Оқушылар қағазға қосу кестесінің бір бағанындағы сандарды жазады. Барлығы 9 баған. Тапсырманы сыныптағы құрастырған топтарға байланысты бе-ріңіз. Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырманы дифференциациялаңыз. Мысалы сы-ныпта 3 адамнан тоғыз топ құруға болады. Сонда әр топта қосу кестесінің өз бағанын құрастыруға болады. Топтар саны үшеу немесе төртеу болса, қосу кестесінің үш не төрт бағанын құрастырады. Қосу кестесіне жоба құрастыру аяқталған кезде, барлық беттерді жинап, анықтама кітап жасап, сыныптағы көрнекі жерге қойыңыз. Оқушылардың жасаған жұмыстарына алғыс білдіріп, олар бірге жасаған анықтама кітапты бір таңбалы сандарды қосуды жатқа білгенге дейін керек кезде пайдаланып жүретіндерін ескертіңіз.

Қосу кестесін зертте. Қосу кестесінің қандай бағандардан тұратынына назар аударуын сұраңыз. Бірінші саннан бастап кестедегi қосудың баған бойынша орналасуындағы ортақ негізгі принципін айтыңыз.

Жауабы:


2 саны;


10 саны;

8 мысалдың жауабы 9 болады; Олар мыналар: 8 + 1; 7 + 2; 6 + 3; 5 + 4; 4 + 5; 3 + 6; 2 + 7; 1 + 8.


Ойлан. Тапсырманы барлық оқушылармен бірге орындаңыз.

Қандай сандардың қосындысының нәтижесі 10 болатынын кестені зерттей отырып іздеуді ұсы-ныңыз.


Жауабы:


9 түрлі жағдай:


9 + 1; 8 + 2; 7 + 3; 6 + 4; 5 + 5; 6 + 4; 7 + 3; 2 + 8; 1 + 9.


Шығарып көр. Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Қосу кестесін қолданып, мысал-дарды орындауды ұсыныңыз. Оқушыларды бір-бірі-не көмектесе алатындай етіп бөліңіз. Мысалдардың жауабын параққа жазып, тексеру кезінде бір-біріне көрсетуді ұсыныңыз.


Тапсырмада қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты мысалдар барын ескеріңіз. Бұл заңның кейінірек кеңінен қолданылатынын айтыңыз.


Жауабы:


мысалдың бірінші қатары: 9, 8, 8, 7; мысалдың екінші қатары: 5, 9, 10.


Орындап көр. Жұмысты топпен ұйымдасты-рыңыз. Оқушыларға қосу компоненттерін атауды және мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешуді ұсыныңыз. Талдау жасатыңыз. Қосу кестесінде 0 са-нымен қосудың жағдайлары берілмеген. 0 санының ерекшелігіне байланысты қосу кестесінде бұл сан үшін жеке бағанның болуының қажеті жоқ. 0 санымен қосу амалын орындау ерекшелігін байқап және есте сақтауы керек: 0 санын кез келген санмен қосқанда сол санның өзі шығады.


Жауабы:


7 + 0 = 7;

5 + 0 = 5;

3 + 0 = 3;

2 + 0 = 2;

6 + 0 = 6;

4 + 0 = 4.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қос. Оқушылар мысалдарды қосу кес-

тесінің көмегімен шешеді және жауаптары бірдей мысалдарды сызықтармен қосады.

Жауабы:

4 + 5 = 9; 3 + 6 = 9;

6 + 2 = 8; 4 + 4 = 8;

8 + 2 = 10; 7 + 3 = 10;

3 + 4 = 7; 2 + 5 = 7;

4 + 1 = 5; 3 + 2 = 5;

3 + 3 = 6. 4 + 2 = 6.

Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап.

Mысалдарды мұқият қарап шығып, қосу кестесінің көмегімен тапсырмаға сәйкес келетін нұсқаларды табу керек. Сосын олар бірінші қосылғышты көк, ал екіншісін қызыл қарындашпен қоршау керек.

а) 2 + 8; 7 + 3; ә) 8 + 1, 4 + 5, 7 + 2; б) 2 + 1; в) 8 + 2, 1 + 9.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

қосу кестесін құрастыруды;

бір таңбалы сандарды қосу үшін кестені пай-далануды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгер-

генін білу үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

қосу кестесі не үшін қажет?

қосу кестесінде неше баған бар?

кестедегі ең кіші сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек?

кестедегі ең үлкен сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қосу кестесі

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады;

қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

көрнекі қосу кестесі;

әр оқушыға арналған қосу кестесі;

ламинатталған А4 форматтағы қағаз;

әрбір оқушыға маркер.

Тірек сөздер

қосу

Сабақтың мақсаты:

Бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін пайдалану дағдысын қалыптастыру. “Баған”, “жол” түсініктері арқылы кестедегі санның орнын анықтай білу қабілетін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта оқушылар қосу кестесімен әрі қарай танысады жалғастырады. Кесте бойынша бағдар-лап жаттығады, сандардың орнын тауып үйренеді. Берілген мысал бойынша санның кестедегі орнын табу дағдысын дамыту, бұл дағды қосудың шаршы түріндегі кестесімен жұмыс істеуге дайындық болып табылады.

Қосу кестесінің көрнекілігін пайдаланып, оқу-шыларға мысалдар шешуді ұсыныңыз. Ол үшін мы-салдарды тақтаға іліңіз. Жауаптарын ламинаттал-ған беттерге жазып, сыныптағы басқа оқушыларға көрсетуін ұйымдастырыңыз.

Тиісті мысалды кестеден қалай табатынын сұра-ңыз. Кестемен жұмыс істеудің оқушылар ұсынған әдістерін тыңдаңыз. Оқушылардың білімдерін сұ-рақтар қойып нақтылаңыз.

Кестеден сандардың қосындысының нәтижесін табу үшін қандай сандарды қосқанына назар аудару керектігін айтыңыз. Бірінші сан (бірінші қосыл-ғыш) — бұл кестегі жолдың нөмірі, екінші сан (екінші қосылғыш) — бұл осы жолға сәйкес келетін бағанның

нөмірі болатынын түсіндіріп өтіңіз.

Ескерту: амалдар компоненттері ұғымы әлі енгі-зілмегендіктен, бірінші қосылғыш, екінші қосылғыш деген сөз тіркестерін қолданыңыз.

Мысалы, 3 + 6 өрнегінің мәнін табу үшін кестедегі үшінші баған арқылы алтыншы жолды табу керек.

Осыдан кейін оқушыларға 0 санымен қосу кестесінің бір бағанын топпен құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылар мынадай мысалдарды құрастырады:

1 + 0 = 1

2 + 0 = 2

3 + 0 = 3

4 + 0 = 4

5 + 0 = 5

6 + 0 = 6

7 + 0 = 7

8 + 0 = 8

9 + 0 = 9 Нәтижесін талдай келе, оқушылар мынадай қорытындыға келеді: 0 санын басқа сандармен қосқан кезде, әрбір мысалда қосындының мәні бірінші қосылғышқа тең болады. Осы қорытындыны бекіту үшін, санымен бірнеше санды қосуға мысалдарды ауызша орындауды ұсыныңыз.

Мысалдардың орнын анықта. Кестеден тиісті жауапты анықтауды көрсететін оқулықта берілген иллюстрацияға назар аударуын сұраңыз. Оқу-шыларға тапсырманы жұппен орындатыңыз. Ол үшін оқулықтағы үлгідегідей тапсырмалар жазылған парақшалар таратып беріңіз. Тапсырманы ауызша орындатыңыз. Mақсаты: берілген мысалдардың жауабын табу үшін қосу кестесіне қарап, тиісті баған мен жолдың қиылысындағы санды тауып, нәтижесін анықтау.

Оқушының қолында жеке қосу кестесі болуы шарт. Бұл оның жеке жұмыс жасауына жеңілдік туғызады. Тапсырманы орындау кезінде қиналып отырған оқушылар жұбына көмектесіңіз. Өзара тексеру барысында тапсырманың жауаптарын оқушыларға кезекпен айтқызыңыз. Жауаптары бір-дей болатын мысалдардың кестедегі орнына назар аудартыңыз.

Жауабы:





а)








+

1

2

3







2

2 + 1 = 3

2 + 2 = 4

2 + 3 = 5




3

3 + 1 = 4

3 + 2 = 5

3 + 3 = 6



ә)







+

4

5

6





3

3 + 4 = 7

3 + 5 = 8

3 + 6 = 9





4

4 + 4 = 8

4 + 5 = 9

4 + 6 = 10













Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативті дағдылары дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Қосымша тапсырмалар

Кестедегі нүктелермен берілген бос орын-дарға тиісті санды жазып толтыр. Оқушыларға

қосу кестесінің белгілі бір жерінен қиып алын-ған бөліктердегі бос ұяшықтарды толтыру керек. Оларға тек қосудың нәтижесін ғана тауып қоймай, белгісіз компоненттерді де тауып жазу ұсынылған. Тапсырманы қосу кестесіне сүйеніп орындайды.

б) нұсқауымен берілген кесте зерек оқушыларға арналған.

Жауаптар:




a)








+


2

3

4






2

2 + 2 = 4

2 + 3 = 5

2 + 4 = 6



3

3 + 2 = 5

3 + 3 = 6

3 + 4 = 7



4

4 + 2 = 6

4 + 3 = 7

4 + 4 = 8

ә)








+


1

2

3



5


5 + 1 = 6

5 + 2 = 7

5 + 3 = 8



6


6 + 1 = 7

6 + 2 = 8

6 + 3 = 9



7


7 + 1 = 8

7 + 2 = 9

7 + 3 = 10

б)








+


3

4

5



3

3 + 3 = 6

3 + 4 = 7

3 + 5 = 8



4

4 + 3 = 7

4 + 4 = 8

4 + 5 = 9



5

5 + 3 = 8

5 + 4 = 9

5 + 5 = 10




hello_html_7df5a74a.png

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

бір таңбалы сандардың қосу кестесін қолданып, қосу нәтижесін анықтауды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты мең-гергенін тексеру үшін мынадай бекіту сұрақтарын қойыңыз:

Қосу кестесі неден тұрады? (бағандар мен жолдардан)

Кесте бойынан 5 баған, 4 жолдағы санды тауып көр. (9 саны)

Қосу кестесінен 6 санының орнын тап. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік

баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қосудың шаршы түріндегі кестесі

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады;


“+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

қосудың демонстрациялық шаршы түріндегі кестесі;

қосудың шаршы түріндегі кестесінің сызбасы дайындалған А1 форматты парақ;

әрбір оқушыға арналған жеке қосу кестесі;

қосудың шаршы түріндегі кестесін құрастыруға арналған таза қағаздар;

ламинатталған қағаздар және маркерлер.

Тірек сөздер

+”, “–”, “=” таңбалары

Сабақтың мақсаты:

Сандарды қосу үшін бір таңбалы сандарды қосудың шаршы түріндегі кестесін құрастырып пайдалана білуді үйрету; бір таңбалы сандарды қосудың шаршы түріндегі кестесінің көмегімен есептеу дағдысын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ бір таңбалы сандарды қосу кестесінің жобасын құруға бағытталған. Осы әрекетке қатыса отырып, оқушылар бір таңбалы сандарды қосудың шаршы түріндегі кестесінде сандарды байланыстыру принципін түсінеді, 20-ға дейінгі сандарды қосудың нәтижесін тауып үйренеді.

Сабақты ауызша санаудан бастаңыз. Ол үшін презентация немесе парақшада жазылған мысал дайындаңыз. Оқушыларға жұмыс жасау үшін жеке қосу кестесін таратып беріңіз. Ауызша санау мыса-лына жауапты оқушылар ламинатталған қағаз бетіне жазып және оны сыныпқа көрсету керек.

Ауызша санау барысында оқушылар кестеден тиісті мысалды қалай табатынын анықтаңыз. Кестеден керекті баған мен жолды анықтау әрекетінің ретін қайталаңыз. Оқушыларға бір таңбалы сандарды қосудың мысалына ғана жауап жазылған кесте құрастыруға болатынын айтыңыз.

Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Егер кестеде барлық мысал реттелген болса, яғни белгілі бір бағандарға және жолдарға жазылған болса, онда бұл бағандар мен жолдарды нөмірлеп, жаңа кесте құрастыруға болатынын хабарлаңыз.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға осындай кесте құрастыруды ұсыныңыз. Осы мақсатпен тақтаға кестеге арналған шаршы сұлбаны, ал оқушылардың әрбір жұбына осыған ұқсас кішілеу көлемді сұлбаларды таратып беріңіз. Оқушыларға кестедегі бағандарды 1-ден 9-ға дейін сан ретімен қойып, қалай нөмірлеу керек екенін көрсетіп беріңіз. Оқушылардан кес-тедегі жолдарды қалай нөмірлейтінін сұраңыз. Олар-ға бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.


Оқушылардан 1+1, 5 + 5; 9 + 6 мысалдарының мәнін тауып, өз кестелеріне жазуын өтініңіз. Оқушылардың әрекеті дағдыланған алгоритм бойынша орындалуы тиіс: мысалдағы бірінші нөмір — бұл бағанның нөмірі, мысалдағы екінші нөмір — жол нөмірі.



Әр жұпқа өз кестелерінің 2 бағанын толтыруды ұсыныңыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін олардың тапсырманы қалай тез шешіп және өз кестелері ұяшықтарын тез толтыруға болатынын сұ-раңыз. Оқушылар кестедегі мәндердің рет-ретімен орналасатыны туралы қорытынды жасауы керек. Әрбір келесі мән алдыңғы саннан бір бірлікке артық, яғни сандық сәуледегідей әрбір келесі сан алдыңғы санға 1-ді қосқанда шығады.


Оқушыларға қосу кестесін аяғына дейін толтыру-ға мүмкіндік беріңіз. Жұмыс барысында қиындыққа кездескен оқушыларға көмектесіңіз.


Ойлан. Тапсырманы жұппен орындауды ұйым-дастырыңыз. Оқушыларға кестені қарап шығып, онда барлығы қандай сандар жазылғанын анықтауды ұсыныңыз.

Жауабы:

кестеде 10 әртүрлі сан жазылған: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

Қосындының мәнін қосу кестесінің көмегі-мен тап. Берілген тапсырма қосудың шаршы түрін-дегі кестесін мысалдарды шешу дағдысын бекітуге қолданылады. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.


Шығарып көр. Tапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Бұл үшін оқушыларға қосу кестесінің шағын суреттерін таратып беріңіз немесе сабақтың басында құрастырылған кестелерді пайдалануды ұсыныңыз.


Оқушылар мысалдағы қалдырылып кеткен сан-дарды анықтап, оларды ламинатталған қағаз бет-теріне жазуы керек.


Өзара тексеру өткізу үшін оқушы жұптарына беттерді алмастырып, нәтижелерді салыстыруды өтініңіз.

Жауабы:

түсіп қалған сандар: 4; 2; 10.


Орындап көр. Жұмысты топпен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқушылардан кестедегі тапсыр-маны қарап шығуын өтініңіз.

Бұл тапсырмада қосу нәтижесінің орнында бос ұяшықтар орналасқан кесте ұсынылады. Оқушылар саны бар кестені тапсырма кестемен сәйкестенді-ріп, әрбір үй қай санның орнында тұрғанын анық-тауы керек. Топтағы жұмыс нәтижесін бекіту үшін оқушыларға осыған ұқсас толтырылмаған кесте сызбаларын немесе ламинатталған қағаз беттерін ұсыныңыз. Жұмысты орындағаннан кейін сынып оқушыларымен талқылау жүргізіңіз.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Өткен сабақта меңгерген тірек сөздерді бекіту үшін ойын өткізіңіз.

Ол үшін қосу кестесін пайдаланыңыз. Қосу кестесінде кейбір цифрлардың орнына тірек сөз-дердің әріптерін жазыңыз. Бұл кестелерді оқу-шыларға таратып беріңіз. Қай сан әріптің артына жасырылғанын анықтауды және бұл санды әріп-тің жанына жазып қоюды ұсыныңыз. Осылайша, оқушылардың айтып дағдылануы тиіс тірек сөздің шифры пайда болады.

Түсіп қалған сандарды орнына қой. Оқушылар қосу кестесінің бөліктерін қарап шығуы керек. Бұл бөліктер баған нөмірінен, жол нөмірінен және толтырылуы тиіс бос ұяшықтан тұрады. Оқушылар қосудың шаршы түріндегі кестесі бойынша баған мен жол нөмірлеріне сүйене отырып, қалдырылып кеткен сандарды табатын болады. Қосу нәтижелерін бос ұяшықтарға жазып қою керек. Қосудың бірдей нәтижелері жазылған кестенің ұяшықтарын оқушылар бір түспен бояуы керек.


Сандарды тап. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, әріптің артында қай сан жасырынғанын анықтауы керек. Тапсырмаға жауапты оқушылар мысал түрінде жазуы керек.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

бір таңбалы сандарды қосудың кестесін құрастыруды;

қосу үшін бір таңбалы сандардың қосу кестесін

пайдалануды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін келесі сұрақтарды қойыңыз:

Қосудың шаршы түріндегі кестесі бойынша санау нәтижесін қалай табуға болады?

Қосудың шаршы түріндегі кестесіндегі ең кішкентай сан қандай?

Қосудың шаршы түріндегі кестесінде ең үлкен сан қандай?

Қосу кестесінің көмегімен 8 + 2 қанша болатынын тап.

Қосу кестесінің көмегімен 6-баған мен 3-қа-тардың қиылысындағы санды табыңдар.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қосу мен азайтудың байланысы

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосудың ауыстырымдылық қасиетін біледі; 0 және 1-дің қасиетін қолданады;

бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады;

“+”, “–”, “=” таңбасын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

“Сиқырлы” дорба;

4 адамнан тұратын оқушылар тобы үшін: мы-салдар құрастыру үшін өзара байланысқан үш сан жазылған А4 форматты көлемі 1/4 тең па-рақшалар;

мысалдар жазуға арналған парақша;

оқушылардың әрқайсысына нүктелер қойылған қатты қағаздан жасалған доминоның парақ-шалары.

Тірек сөздер

амалдардың компоненттері.

Сабақтың мақсаты:

Компоненттердің өзара тәуелділігі негізінде қосу және азайту амалдарының арасындағы байла-нысты орнату.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ компоненттердің өзара тәуелділігі не-гізінде қосу және азайту амалдарының арасындағы байланысын анықтау мақсатына жету үшін қоры-тындылау сабағы болып табылады. Сонымен қатар бұл сабақ “қосудың ауыстырымдылық заңы” түсіні-гін енгізу үшін дайындық кезеңі болып табылады. Сабақ барысында оқушылар ойын формасында қосу және азайтуға өзара кері мысалдардың төрттігін құрастырып үйренеді, қосу және азайту амалдары өзара байланысты екенін және олардың нәтижесінің пайдаланылған компоненттеріне байланысты екенін анықтайды. Мысалы, 8 + 2 =10 өрнегіне кері мысал құрастыруға болады. 10 – 2 = 8.

10 – 8 = 2.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларды сабаққа ын-таландыру мақсатында ойын әдісін пайдаланыңыз. Сыныпты төрт адамнан тұратын топтарға бөліңіз. Үстел үстінде ойналатын ойын ойнауды ұсыныңыз.

Сабақтың басында сандар салынған “Сиқырлы дорбаны” алыңыз. Әрбір топ дорбаның ішінен мысалдар құрастыруға болатын бір таңбалы сандар жазылған үш парақшаны алуы керектігін айтыңыз. Қандай амалдарға мысал құрастыруға болатынын сұраңыз: қосуға немесе азайтуға ма? “Қосу және азайту өзара қалай байланысқан?” деген мәселелік сұрақ қойыңыз. Оқушылардың жорамалын тыңдаңыз. Сабақтың мақсаты осы сұраққа жауап іздеу екенін айтыңыз.


Ойын барысы: мұғалімнің белгісі бойынша топ-тағы әрбір оқушы бір мысалды жазып, оны келесі ойын-шыға береді. Оқушылардың жорамалын тыңдаңыз. Сабақтың мақсаты “Қосу мен азайту амалдары өзара қандай байланысқа ие?” деген сұраққа жауап іздеу екенін айтыңыз. Егер парақшада төрт мысал жазылған болса, ойын аяқталған болып есептеледі. Ойынды аяқтаған топ бір-бірінің қолдарынан ұстап, жоғары көтеріп, мұғалімге хабарлайды. Құрастырылған мысалдар сыныппен талқылау үшін тақтаға ілінеді.


Мысалы, егер оқушы: 7, 2, 9 сандарын алса, ол мынадай мысалдар құрастырады:

7 + 2 = 9;

2 + 7 = 9;

9 – 7 = 2;

9 – 2 = 7.


Тапсырманы тез және дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.

Топта оқушылардың назарын диалог жүргізуге аудару маңызды:

топтағы әрбір оқушының дауыс құқығы болуы;

әрқайсысының пікірі маңызды;

талқылау барысында дауыс көтеруге және қатты сөйлеуге болмайды;

тіл табыса, келісе білу дағдысы қажет.

Диалог жүргізе отырып, оқушыларды орындаған тапсырмаға байланысты мынадай қорытынды жа-сауға жетелеңіз: қосу және азайту амалдары өзара байланысты. Қосудың әрбір мысалына қосумен орындалатын кері бір мысал және азайтуға екі мысал құрастыруға болады.

Қосу (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні) және азайту (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні) компоненттерінің атауын қайталаңдар.

Қосу кестесі бойынша құрастырылған мысал-дарды қарап шық. Бұл тапсырманы орындау үшін


жалпы сыныппен жұмыс жүргізіңіз. Тапсырма алын-ған қорытындыны бекітуге бағытталғанын ескеріңіз. Оқушыларға тағы бір рет қосу кестесін талдаты-ңыз. Қосуға және азайтуға кері мысалдарды кесте бойынша қалай құрастыруды анықтауға жетелеңіз. Бұл тапсырмада модельдеу әрекетін дамытуға ерекше назар аудару қажет. Амал компоненттерінің сызба-лық бейнесі және оларды бөліктер мен бүтін арқы-лы белгілеу мен азайту амалдарының өзара қалай тәуелді екенін көрнекті түрде көрсетуге бағытталған. Бұл білімнің алдағы уақытта теңдеулер мен есептерді шешуге негіз болатынын ескертіңіз.

Мысалды шығар: 4 + 3 = ? Тапсырма қосуға берілген бір мысалға тағы үш мысал: бір мысал қосу амалына, екі мысал азайту амалына құрастыруға болатынын бекітуге бағытталған. Оқушыларға оқулықта берілген үлгінің негізінде жұппен жұмыс жасау арқылы мысалдар құрастыртыңыз. 8 + 2 = 10 мысалына мынадай екі мысал құрастырады:


10 – 2 = 8.

10 – 8 = 2.


Қырықбуындар. Тапсырма қосу амалына беріл-ген мысалға кері азайту амалымен мысал құрастыра білу дағдысын бекітуге бағытталған. Оқушылар тап-сырманы орындау үшін, қосу кестесіне және қосу мен азайту амалдары арасындағы тәуелділікке сүйену керек.


Жауабы:


4, 4;


2, 7;

10, 6, 4.


Шығарып көр. Тапсырмада бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай орындайтын қосу мен азайтуға мысалдар келтірілген.


Берілген мысалдарды қосу және азайту амалдары арасындағы тәуелділікке байланысты білімдерін қолданып шығаруы тиіс.

Жауабы:

11 – 2 = 9;

11 – 9 = 2.

Орындап көр. Өзара кері төрт мысал құрасты-руға және оқушының байқампаздық қабілетін да-мытуға бағытталған тапсырма.

Жауабы:

бір мысал ғана келтіруге болады, себебі бірдей сандарды қостық.

Мысалы: 5 + 5 = 10; 10 – 5 = 5.


hello_html_m3d8f56d9.png

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында тірек сөздерді есте сақтау үшін жұмыс жүргізіңіз. Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Пазлды құрастыр. “Пазлдар” — үстелде ойна-латын ойын. Осы ойынның негізіндегі тапсырма өзара байланысты төрттік мысалдарды құрастыруға арналған. Оқушыларға ұсынылған бөліктерден пазлдарды үлгіде көрсетілгендей етіп, бағдарлы сызықпен біріктіре отырып жинау керек. Әрі қарай пазлдың жанына олардағы суреттерге сәйкес келетін төрт өзара байланысты мысалды жазу ұсынылады.


Домино тастарындағы бос орындарды тол-тыр. Тапсырма лото ойыны негізінде құрастырылған. Ол өзара байланысты төрттік мысалдарды құрас-тыру дағдысын жаттықтыруға арналған. Тапсырманы орындау барысында оқушы парақшада жазылған өрнектер арасындағы өзара тәуелділікті анықтауы және жетіспей тұрған өрнектерді аяқтауы керек. Нәтижесінде әрбір “Лотоның парақшасында” төрт мысалдан: екеуі қосуға және кері екі есеп — азайтуға жазылуы тиіс.

Бағалау

Оқушы сабақ соңында:

  1. қосу мен азайту амалдарының арасындағы өзара байланысты орната алуды;

  2. берілген мысалға байланысты төрт мысал құ-растыруды меңгереді.

Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақса-

тында мына сұрақтарды қойыңыз:

3 + 2 = 5 мысалына кері мысалдар құрастыр.

9 – 6 = 3 мысалына кері мысалдар құрастыр.

Қосу мен азайту амалдары қалай байланысқан? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік

баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.










Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қосу кестесімен шығарамыз

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады;

“+”, “–”, “=” таңбасын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

интерактивті тақтадағы “Қосудың шаршы түріндегі кестесінің” презентациясы немесе қосу кестесі; топтарға арналған әріптер жазылған конверттер.

Тірек сөздер

Қосу кестесі

Сабақтың мақсаты:

Кесте бойынша қосу және азайту амалдарының нәтижесін анықтау дағдысын жетілдіру; 20-ға дейінгі сандарды ондықтан аттап қосуға байланысты бір таңбалы сандармен мысалдар құрастыра білу қабілетін бекіту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта оқушылар бір таңбалы сандардың қосу кестесімен жұмыс істеу дағдысын жетілдіреді, соның ішінде ондықтан аттап қосуға байланысты мысалдар шығарады.

Сабаққа қосудың шаршы түріндегі көлемді кестесін дайындап қойыңыз. Оны тақтаға іліңіз. Интерактивті тақтаны да қолдануға болады.

Кіріспе тапсырма. Қосу кестесі бойынша қосу мен азайтудың нәтижесін табу алгоритмін қайталатыңыз. Жұмысты жұппен орындауды ұйымдастырыңыз. Әр жұпқа қосу кестесінің парақшасын таратып беріңіз. Қосу кестесінің көмегімен бір-біріне 2 мысалдан (біреуін қосуға, екіншісін азайтуға) құрастыруды тапсырыңыз. Бұл мысалдарды оқушылар бетке жазып бір-біріне береді. Оқушыларға бір-бірінің құрастырған мысалдарын шешіп, нәтижесін қосу кестесіне сүйеніп тексеруіне жағдай жасаңыз. Жұмыс барысында оқушылардың әрекетін бақылаңыз. Керек болған жағдайда көмектесіңіз.

Қосу кестесінің көмегімен түрлі тапсырмалар орындауға болатынына оқушылардың назарын аударыңыз.

Ненің іздері? Тапсырманы бүкіл сыныппен орындатыңыз. Оқушыларға белгісіз аңның қалдыр-ған іздерінде жазылған мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешуді ұсыныңыз. Оларға нәтижесін сандардың өсу ретімен жазу үшін, бос кесте таратып беріңіз. Мысалдардың жауабы болатын сандарды оқушылар өсу ретімен кестеге орналастырады. Осы ретпен іздерде жазылған әріптерді орналастырады. Нәтижесінде оқушылар белгісіз аңды анықтайды.

Жауабы:

10 – 9 = 1 (Б);

7 – 4 = 3 (A);

2 + 3 = 5 (Р);

3 + 6 = 9 (Ы);

6 + 4 = 10 (C).

Барыс деген сөз шығады.

Төбешіктің ар жағында не жасырынып отыр?

Бұл тапсырмада оқушылар берілген мысалдар-ды шешіп, жауаптарын кему ретімен жазып, қар төбешігінің артында ненің тығылғанын көрсететін сөзді оқуға болады.

Жауабы:

1 + 9 = 10 (Қ);

3 + 6 = 9 (О);

9 – 3 = 6 (Я); 5 – 3 = 2 (Н). Қоян сөзі шығады.

Кестені қолданып, мысалдар құрастыр.

Тапсырманы үш адамнан тұратын топпен орындауды ұсыныңыз. Топтағы әрбір оқушы қосу мен азайтуға мысалдар құрастырады да, шешуін қосу кестесінен көрсетеді, содан кейін ламинатталған беттерге жазады. Өзара тексеру кезінде топтар жазған жұ-мыстарымен ауысады.

Жауабы:

2 + 3 = 5; 2 + 5 = 7; 3 + 7 = 10;

5 + 4 = 9; 6 + 2 = 8.

Шығарып көр. Оқулықта жазылған мысалдарды қарап шығуды ұсыныңыз. Қалып кеткен сандарды табу үшін қосу кестесіне жүгінуді ұсыныңыз. Оқушы-лар мысалдарды оқу барысында қосу және азайту компоненттерін атаулары қажет. Оқушылардың тапсырманы ламинатталған беттерге жазып, өз бетінше орындауына мүмкіндік беріңіз. Өзара тексеруді жұп бойынша ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

1, 2, 3, 5, 4.

соңғы мысалдың нұсқалары: 1 + 6 = 7; 2 + 5 = 7; 3 + 4 = 7, 4 + 3 = 7; 5 + 2 = 7; 6 + 1 = 7.

Орындап көр. Берілген тапсырманы орындау үшін оқушыларға жұп болып бірігуді ұсыныңыз. Мысалдарға қарап, қандай қателер жіберілгенін анықтауды сұраңыз. Тапсырма оқушының зейінін дамытады. Жауаптары жазылған ламинатталған беттерді сынып оқушылары бір-біріне көрсетіп, салыстырады. Жауаптарын дәлелдейді.

Жауабы:

екі мысалда қате жіберілген. Дұрыс жауап нұсқасы:

6 + 4 = 10, 2 + 7 = 9.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Сурет бойынша мысалдар құрастыр. Берілген тапсырма кесте бойынша кері орындалатын әрекет-ті қамтиды. Бұл жолы оқушылар ұяшықтары боялған кестедегі суретті қарап шығуы керек. Үлгіге сүйеніп, боялған ұяшықтар негізінде оқушылар мысалдар құрастырып жазуы керек.

Жауабы:

1 + 5 = 6; 3 + 3 = 6; 4 + 3 = 7;

2 + 5 = 7; 3 + 4 = 7; 4 + 4 = 8;

2 + 6 = 8; 3 + 5 = 8; 4 + 5 = 9;

3 + 1 = 4; 3 + 6 = 9; 5 + 5 = 10.

3 + 2 = 5; 4 + 2 = 6;

Өрнектің суретін сал. Оқушылар мысалдар-ды қосу кестесінің көмегімен шығара алады. Дұрыс жауаптары бар ұяшықтарды қызыл түсті бояумен бояйды. Нәтижесінде олар қазақ халқы ою-өрнегінің элементін алады.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту үшін бір таңбалы сандарды қосу кестесін қолдануды;

қосу кестесіне сүйеніп, мысалдар құрастыра

алуды меңгереді.

Оқушылардың сабақтан алған білім деңгейін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:

Қосумен берілген мысалдардың нәтижесін та бу үшін қосу кестесін қалай пайдаланамыз?

6-ға 3-ті қосқанда қанша болады?

Қандай бір таңбалы сандарды қосқанда 6 шығады?

10 саны шығу үшін 7-ге қай санды қосуға болады?

7-ден 2-ні азайтса қай сан шығады? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолданады;

бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

барлық оқушыға арналған фишка салынған “сиқырлы дорба”;

сандық сәуле салынған парақша;

сандық өрнектер жазуға арналған жол;

сандар мен тірек сөздер жазылған парақша;

“Ауызша есептеу” презентациясы.

Тірек сөздер

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың мысалдарды тиімді әдіспен есептеуге болатыны туралы ұғымын қалыптастыру, қосудың ауыстырымдылық қасиетімен таныстыру, тиімді әдіспен есептеуде ауыстырымдылық қасиетін қолдануға дағдыландыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: қосылғыш-тардың орнын ауыстырса, қосынды өзгермейді. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті оқушыларға тиімді әдіспен есептеуді меңгертеді. Алдыңғы са-бақтарда аталған заңдылықты таныстыру бойын-ша дайындық жұмысы жүргізілді. “Бізді қоршаған әлем” тақырыбына сәйкес қосудың ауыстырымды-лық қасиетін түсіну үшін сабақ барысында заттар-ды қолданып, тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру керек.

Сабақты ауызша есептеу жүргізуден бастаңыз. Оны интерактивті тақта арқылы көрсетіңіз. Ол үшін презентацияны қолданыңыз. Қосу мен азай-туды, сандық сәуле мен қосу кестесін қолдану ар-қылы мысалдарды шығаруды меңгергендері үшін оқушыларды мақтаңыз.

Кіріспе тапсырма. Жұппен жұмыс ұйымдас-тырыңыз. Жұптағы әр оқушыға “сиқырлы дорбадан” бірнеше фишканы алып санауды және мысал құрас-тыруды тапсырыңыз. Бірнеше жұптың жауабын тыңдаңыз. Жұптағы оқушыларға фишкаларымен ауысып, дәл сондай жұмысты орындауды тапсырыңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Қандай қорытынды жасауға болатынын біліңіз.

Өз бетінше қосудың ауыстырымдылық қасиетін тұжырымдау үшін оқушылардың талдау жұмыстарын дұрыс ұйымдастырыңыз. Егер қиындық тудырса, онда өзіңіз: “Қосуда санның орнын ауыстырса, қо-сындының мәні өзгермейді” деп тұжырымдаңыз.

Қай кезде есептеу тиімді болды деп сұраңыз: “Үлкен санға кішіні қосқанда ма, әлде кіші санға үлкенді қосқанда ма?” Қосу амалын орындауда сандардың орындарын тиімді ауыстыру бойынша нақты мысалдар келтіріңіз. Мысалы:

1 + 9 және 9 + 1; 3 + 7 және 7 + 3.

Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық қасиетін дұрыс қолдана білу тез және жеңіл есептеуге кө-мектесетінін айтыңыз. Сонымен қосудың ауысты-рымдылық қасиетін қолдану тиімді болатынына көздерін жеткізіңіз.

Суреттерге қарап, қорытынды жаса. Тә-жірибелік жұмысты орындау алған білімдерді бекі-туге бағытталған. Оқулықта “қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді” деген заңдылық үш түрде: заттардың суреті, оларға сәйкес сандық өрнектер және сандық сәуледегі үлгісі ар-қылы көрсетілген. Бұл ақпараттың осындай тәсілмен берілу мақсаты әртүрлі деңгейде оқушыларға жаңа тақырыпты қабылдауға көмектесу болып табылады.

Шығарып көр. Тапсырма қосудың толық емес кестесін қолданып, мысалдарды шығаруға бағыт-тайды. Екінші жартысы — қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан алынған мысалдар болады. Осы кестеге сүйене отырып, оқушылар қажетті қосын-дының мәнін тауып жаза алады және тиімді әдіспен есептеу дағдысын бекітеді.

Жауабы:

а) 9; ә) 10; б) 10; в) 9; г) 8; ғ) 10; д) 9; е) 8; ж) 8.

Орындап көр. Бұл тапсырма қоршаған ортадағы нысандарды ауыстырымдылық заңын қолданып қо-суға болатынын көруге бағытталған. Оны орындау барысында оқушылардың назарын конструкцияда-ғы текшелердің екі түсіне аударыңыз. Текшелердің саны екі конструкцияда тең болатындай, екінші конструкциядағы текшелер санын басқа түстегі текшелермен толықтыру қажет.

Жауабы:

а) 2 текше; ә) 3 текше.

Есте сақта! Бұл айдарда берілген тұжырымда-мада қосу амалындағы компоненттердің қасиеті көрсетілген. Оны есептеуді жеңілдету және мы-салдарды тиімді тәсілмен орындау үшін алдағы уақытта үнемі қолданып отыру керек.



hello_html_m5683c4c.png

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушыларға өз сөздерінде жаңа терминдерді орынды қолдануға және дұрыс айта білуге қолдау көрсетіп отырыңыз. Тапсырманы жұппен және топпен орындау кезінде оқушылар-дың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Суреттер мен оларға сәйкес келетін мысал-дарды сызық арқылы қос. Оқушыларға “Лего”

конструкторынан құралған тіктөртбұрыштарды қарауды ұсыныңыз. Әр тіктөртбұрышқа сәйкес мы-сал тауып, сызбамен көрсетуін сұраңыз. Тапсырманы орындау барысында бірдей қосылғыштардың орнын ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтыңыз.

Бірдей мысалдарды тап. Тапсырма есептеудің тиімді жолын іздеуге бағытталған. Оқушылар бірдей мысалдарды табуы керек және оларды сызықтармен қосып, мысалдың мәнін табуда қайсысынан бастаған жеңіл екенін анықтап, мәнін есептеуі керек.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қол-данып, 4 мысал құрастыр және жаз. Тапсырма

қосудың ауыстырымдылық қасиетін оқушылардың өз бетінше қолдану жұмысына арналған. Оқушылар қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйеніп, жұп мысалдар құрастырып жазу керек.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдануды ойын арқылы бекітіңіз. Ол үшін оқушыларды топтарға бөліңіз. Топтағы қыздар мен ұлдар санын көрсету арқылы қосудың ауыстырымдылық заңын қолдануын сұраңыз. Ойын барысында оқушылар орындарымен ауыса отырып, саны өзгермейтініне көз жеткізеді.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдана отырып, мысалдар шығаруды;

қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйене

отырып, есептеудің тиімді тәсілін таңдауды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгерy деңгейін тексеру үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:

Егер қосу амалын орындау барысында сан-дардың орнын ауыстырса, қосудың нәтижесі қалай өзгереді?

Қай қосудың нәтижесі артық: 5 + 3 немесе 3 + 5?

Қай мысалды шығару оңай: 2 + 8 немесе 8 + 2? Неге?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Екі таңбалы сандар

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10/11-20 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады;

20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштарға жіктейді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

10-нан 20-ға дейінгі екі таңбалы сандардың де-монстрациялық кестесі;

әрбір оқушыға арналған ламинатталған қағаз парақтары;

екінші ондықтың сандары жазылған сан кесіндісі;

10-нан 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар жинағы.

Тірек сөздер

бірліктер;

ондықтар.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және құрастыруға үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Бұл сабақта оқушылар екі таңбалы сандарды оқумен және жазумен танысады. Екінші ондықтың сандарын оқығанда он санына 1-ден 9-ға дейінгі сандарды қосып айту арқылы оқылады. Мысалы: он бір, он екі т.с.с.

Санның жазылуындағы әрбір цифрдың анықталған орны бар (позициясы). Разряд — бұл санның жазылуындағы цифрдың тұратын орнын білдіреді. Санның жазылуындағы цифрдың мағынасы қай разрядта тұрғанына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Разрядтар санның соңынан бастап саналады. Бірліктер разряды — бұл кез келген сан аяқталатын ең кішкене разряд. Ондықтар разряды — бұл бірлік-тер разрядының алдында тұратын разряд. Егер санда разряд жоқ болатын болса, санның жазылуында оның орнында 0 (нөл) цифры тұрады.

Бұл сабаққа 10-нан 20-ға дейінгі екі таңбалы сан-дар кестесін даярлаңыз. Оны тақтаға орналастыры-ңыз. Оқушылардан кестеде көрсетілген сандар қалай аталады деп сұраңыз (екі таңбалы сандар). Бұл сандар неге екі таңбалы сандар деп аталады?

Кіріспе тапсырма. Екі таңбалы сандардың раз-рядтық құрамымен таныстыру. Ойын түрінде өткізі-ңіз. “Бүгін сендер барлығың сандар балына шақыру алдыңдар” деп хабарлаңыз. Сыныпты екі топқа бөліңіз. Бірінші топқа түскен оқушыларға 1 цифры жазыл-ған парақшаларды таратыңыз. Екінші топқа түскен оқушыларға 0-ден 9-ға дейінгі сандарды таратып беріңіз. Ырғақты музыка қосыңыз да, “сандарға” жұппен емес бір-бірден билеуді ұсыныңыз. Балға шақырыл-ған барлық сандар бір-бірімен танысуы керек. Олар қалай аталатынын және неге оларды солай атайтынын сұраңыз. (Жауабы: бір таңбалы, себебі олар тек бір цифрдан ғана тұрады.)

Балда жұппен билейтінін айтыңыз. Ырғақты му-зыканы қосыңыз және оқушыларға жұппен билеуді ұсыныңыз. “1” цифры бар оқушы өзіне жұпты екін-ші топтан таңдап алуы керек. 1-2 минуттан кейін оқушыларға тақтаға шығуды ұсыныңыз. Тақтада екі қағаз тәж бекітіліп тұру керек. Олардың біреуінде “Ондықтар”, екіншісінде “Бірліктер” деп жазылған. Тақтаға шыққан оқушылар осы тәждердің астына барып тұруы тиіс. Олар тұрған соң басқа оқушылар-дың назарын құрастырылған екі таңбалы санға ауда-рыңыз. Екі таңбалы сандар ондықтар мен бірліктер-ден тұрады. Оқушыларға кезекпен тәждердің астына келіп тұрып, екінші ондықтағы екі таңбалы сандарды құруды ұсыныңыз.

Қалған оқушыларға пайда болған санды оқытыңыз. “Ондықтар” деген жазудың астында тұрған цифр осы сандағы ондықтың санын көрсетеді. Ал “Бірліктер” деген жазудың астындағы цифр берілген сандағы бірліктің санын көрсетеді.

Одан ары сандардың “көршілерін” анықтауға жұ-мыс жүргізіңіз. Оқушыларға көздерін жұмуды сұраңыз. Кез келген екі таңбалы санды атаңыз. Осы санның екі жағында қандай сандар орналасқанын сұраңыз.

Екі таңбалы сандар қайда кездеседі? Оқу-шыларға оқулықтағы иллюстрацияны қарауды ұсы-ныңыз. Олардан өмірде екі таңбалы сандардың қайда кездестіргендері туралы сұраңыз. Оқушыларды топтарға бөліңіз және берілген сұрақтың жауабының нұсқаларын топтарда талдауды ұсыныңыз. Олар өз жауаптарын А3 форматты қағазда жазып көрсетеді. Топтар арасында жұмыстары туралы талдау жүргізі-ңіз. Әрбір топ өзінің сурет түрінде бетке жазған жауаптарын көрсетіп және осы сұрақтар бойынша өз ойын айтады.


Жауабы:


үйдің немесе пәтердің нөмірі, автобустың нө-мірі, электрондық сағаттың цифры, ойыншының кеудешесіндегі нөмір т.с.с.


Орындап көр. Жұмысты жұппен ұйымдастыры-ңыз. Оқушыларға текшелерден құрылған конструк-цияны қарауды және санау арқылы бір бағанда неше текше барын, неше жалғыздан тұрған текшелер барын анықтауды ұсыныңыз. Әрбір конструкцияда барлығы неше текше барын және бұл қанша ондық, қанша бірлік болатынын сұраңыз.


Жауабы:


12; 15; 13.


Екі таңбалы сандар. Тапсырма екінші ондықтың сандарын оқу дағдысын қалыптастыруға бағыттал-ған және оқушылардың екінші ондық сандарының құрастырылуы туралы білімдерін бекітеді. Оқушылар екінші ондықтың сандарының атауындағы заңды-лықты түсіндіре алады, сонымен қатар 20 көлемін-дегі сандарды тура және кері санау дағдысының қалыптасуына жаттығу жасайды. Реттік санау дағды-сын бекіту үшін, тақтаға 20 оқушыны шақырыңыз. Оларға кез келген немесе берілген тәртіппен, мыса-лы, бойына қарай, және өзінің реттік нөмірін айтып ретімен тұруларын сұраңыз.


Шығарып көр. Берілген тапсырма оқушылар сандарды жазу кезінде қолданылған “онд.” және “бірл.” деген қысқартуларды анықтап, шыққан сандарды танып және оларды оқи білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Егер қандай да бір санды 0 ондық және 6 бірлік деп жазу артық, себебі ол бір таңбалы сан.


Жауабы:


16, 17, 14, 12; 11, 15, 6, 18; 19, 10, 20, 13.



hello_html_76f917d3.png

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылармен тірек сөздердің айтылуын қай-талау үшін “Бұл кімнің дауысы?” деген ойын ойна-тыңыз. Ойынды бастамас бұрын хормен тірек сөздерді қайталаңыз. Одан кейін оқушылар бір-бірімен қол ұстасып шеңбер жасап тұруы керек. Жүргізуші сайланады. Шеңбердің ортасында тұрған жүргізушінің көзін мойынорағышпен байлап қою керек. Оқушылар шеңбермен айналып жүреді. Мұғалім көрсеткен оқушылардың біреуі тірек сөзді дауыстап айтады. Жүргізушінің міндеті — тірек сөзді айтқан оқушыны дауысы бойынша кім айтқанын табады. Егер ол дұрыс тапса, ортақ шеңберге тұрады. Ал кімнің дауысын таныса, сол оқушы жүргізуші болып ортаға шығады. Ойын осылай жалғасады.

Қанша балапан? Суреттегі заттардың саны қанша екенін санау керек және сәйкес келетін санмен сызықпен қосу қажет.

Жауабы:

11 қаздың, 17 үйректің, 15 тауықтың балапаны.

Бұл не? Оқушылар суретте кескінделген 1-ден 20-ға дейінгі сандарды өсу ретімен жазылған нүк-телермен сызық арқылы қоса алады. Одан кейін шыққан суретті бояуға болады.

Жауабы:

шегіртке.

Екі таңбалы сандарды жаз. Оқушылар пира-мидадағы сақиналардың санын санай алады және оларға сәйкес келетін екі таңбалы сандарды жазады.

Бірліктерді боя. Оқушылар көрсетілген сан-ның жазылуындағы бірліктің санына сәйкес келе-тіндей нүктелерді бояйды. Осыдан кейін олар кері тапсырманы орындайды. Суреттегі боялған нүктелерге сәйкес келетін сандарды жаза алады.

Ондықтар мен бірліктердің санын анықта.

Оқушылар сурет бойынша ондықтар мен бірліктердің санын анықтайды және оларды жазады.

Жауабы:

15; 12.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында екінші ондықтағы екі таңбалы сандарды оқиды, жазады және құрас-тыра алады.

Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Қандай сандарды екі таңбалы сандар деп атаймыз?

Бұл санда 1 ондық және 6 бірлік бар. Бұл қай сан?

Бұл санның “көршілері” 13 пен 15. Бұл санды ата.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Екі таңбалы сандарды салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады;

20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

0-ден 20-ға дейінгі сан кестесі;

“лего” конструкторының жинағы;

0-ден 20-ға дейінгі сандық сәуле;

әрбір жұп оқушыға арналған екі ойын текшесі;

ламинатталған парақ қағаздар;

маркерлер;

1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар.

Тірек сөздер

Екі таңбалы сандарды салыстыру,

Сабақтың мақсаты:

Сабақ екі таңбалы сандарды салыстыру дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар бір таңбалы сандарды сандық сәуле бойынша салыстыра біледі. Бұл сабақта оқушылар мысалдар арқылы 20 көлеміндегі бір таңбалы сандарды екі таңбалы сандармен, екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандармен салыстыру дағдысын дамытуға мүмкіндік алады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Сабақты проблемалық жағдай туғызудан бастаңыз.

1-қадам. Оқушыларға жұппен 11-ден 20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды ойлап және оны қағазға жазуды сұраңыз.

2-қадам. Жұптарды топқа біріктіріп және оқу-шыларға оларды өзара салыстыруды ұсыныңыз. Олар салыстыру нәтижесін ламинатталған беттерге жаза алады.

3-қадам. Оқушыларға болжауы бойынша дәлел табуды ұсыныңыз. Олар дәлелдеу құралын өз беттерін-ше таңдай алады. Ресурстар нұсқасы ретінде мыналарды алуға болады: “лего” текшелерінің конструкторы, 0-ден 20-ға дейінгі сандық сәуле.

Таңдап алынған ресурстарға байланысты орын-далатын тапсырманы талдау сценарийі дамиды.

Оқушылар бір-біріне әрбір модельдегі ондықтар және бірліктер санын сәйкестендіре отырып, санның графикалық моделін көрсете алады. Сандық сәу-лені таңдап алған соң, сандардың онда орналасуына және нөлден қандай қашықтықта тұруына байланысты сандардың қайсысы артық болатыны туралы қорытын-ды жасайды.4-қадам. Берілген ресурстар үнемі қолымызда бола бермейтін болғандықтан, оқушыларды екі таңбалы сандарды өзара салыстыруға көмегін тигізе-тін ереже немесе іс-әрекет алгоритмін құрастырып шығару қажет деген қорытындыға келтіру.

5-қадам. Оқушыларға екі таңбалы сандарды са-лыстыру кезінде қалай әрекет ету керектігін көр-сететін ережені топпен құрастыруды ұсыныңыз.

6-қадам. Құрастырылған ережелерді талдатыңыз. Оқушыларға екі таңбалы сандарды салыстыру үшін барлығы бірдей қолдануға алатындай етіп, нұсқау-лықты жасап шығуды ұсыныңыз.

Бұл ереже шамамен мынадай мағынада болу ке-рек: екі таңбалы сандарды салыстыру үшін ондықтар разрядынан бастап салыстыру керек. Егер ондықтар разрядындағы сандар бірдей болса, онда бірліктер разрядын салыстыр. Салыстыру нәтижесін “<”, “>” немесе “=” белгілерін қолданып жаз.

Қарындаштар. Берілген тапсырманы жалпы сы-ныппен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға оқулықтағы иллюстрацияны қарауды және қойылған сұрақтар-ға жауап беруді ұсыныңыз. Оларға өз жауаптарын ламинатталған қағаз бетінде жазып және өзара тексеру кезінде барлық сыныптағы оқушыларға көрсетіп беру керектігін ескертіңіз.

Жауабы:

Қарлығашта 14, ал Асхатта 17 қарындаш. Асхаттың қарындашы артық. 3-ке артық.

Мәшинелер жарысы. Оқушыларға тапсырманы өз бетіңше орындап, нәтижесін ламинатталған қағаз бетінде жазуды ұсыныңыз, ал содан кейін жұппен өзара тексеруді өткізіңіз.

Тапсырманың орындалу барысын бақылаңыз. Бағалау кезінде өз бақылауыңыздың нәтижесін пайдаланыңыз.

Жауабы:

а) 15 > 12; ә) 13<19; б) 9 < 18; в) 20 > 10.

Орындап көр. Оқушылармен жұппен ойын ұйымдастырыңыз. Олар тапсырманы орындау барысында тағы да бір рет бір таңбалы сандарды қо су мен оларды салыстыру дағдысын бекітеді. Ойынды ұйымдастыру үшін әрбір оқушы жұбына төрт ойын картасы немесе нүктелері бар төрт ойын текшесі, 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар қажет. Ойынның ережесі:

Әройыншыекітекшенілақтырыпжәнетекшелерде түскен нүктелер санының қосындысын табады.

Ол алынған қосындыны парақшаның көмегімен сәйкес санды көрсетіп белгілейді. Осыдан кейін текшелерді екінші ойыншы лақтырады.

Ойыншылар алынған сандарды өзара салысты-рып, түскен сандардың қайсысы артық немесе кем екенін анықтайды.

Шыққан нәтижелер салыстыру белгілерінің кө-мегімен көрсетіледі.

Ойынды бес рет қайталатуға болады.

Оқушылар жұппен қалай ойнайтынан бақылаңыз. Бағалау үшін бақылау нәтижесін қолданыңыз.


Шығарып көр. Оқушыларға әр жолдан ең үлкен немесе ең кіші санды тапсырмаға сәйкес таңдап алуды ұсыныңыз. Жұмысты жалпы түрде орындауды ұйымдастырыңыз. Әрбір оқушы өзінің болжаған жауабын ламинатталған қағаз бетіне жазып және өзара тексеру кезінде жоғары көтеруі тиіс.

Жауабы:

17.


10.

18.

15.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сөйлеу кезінде “артық”, “кем”, “тең” сөздерін қолдану дағдысын бекітуге арналған ойын ұйым-дастырыңыз. Тірек сөздермен әмір беретініңізді айтыңыз.

Артық!” деп әмір бергенде — оқушылар аяқта-рының ұшына тұрып, қолын жоғары көтеруі тиіс.

Кем!” деп әмір бергенде — оқушылар жүрелеп отырады да, тізесін қолымен құшақтайды.

Тең!” дегенде — оқушылар қолдарын жанына қойып түзу тұрады.

Қар қиыршықтарын боя. Оқушылар бір қа-тардағы сандарды салыстырып, олардың қайсысы артық немесе кем екенін анықтайды. Оқушылар ең үлкен саны бар қар қиыршықтарын көк түспен, ал ең кішісін сарымен бояйды.

Жауабы:

а) ең үлкен — 20, ең кіші — 3; ә) ең үлкен — 16, ең кіші — 9; б) ең үлкен — 19, ең кіші — 8.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

екі таңбалы сандарды салыстыруды;

бір таңбалы сандарды салыстыруды;

екі таңбалы сандарды 11-ден 20-ға дейін тура және кері санауды;

сандық сәуледегі санның орнын анықтауды;

оның реттік нөмірін атауды, оқуды, жазуды;

11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрастырылуын меңгереді.

Оқушылардың бұл дағдыны қандай деңгейде

меңгергенін білу үшін, мына сұрақтарды қойыңыз:

Екі таңбалы сандарды қалай салыстырады?

Данада — 15, ал Динарада — 14 стикер бар. Қайсысында стикер кем? Неліктен?

1 ондық және 1 бірлігі бар саннан 1-ге артық санды ата.

2 ондық және 0 бірлігі бар санан 1-ге кем сан-ды ата.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Ондықпен санау

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңды-лықтарын анықтайды;

cанның жаңа бірлігі — ондық туралы түсінігі болады, 100-ге дейін ондықтармен санайды, жазады, салыстырады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

cанау таяқшалары (бірнеше қорап);

кеңсе резеңке баулары;

10-нан 90-ға дейінгі дөңгелек сандар жазылған парақшалар (4 топтама).

Тірек сөздер

ондық.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ондықты шығарып алу жолын түсіндіру, ондықтармен санауды үйрету, оларды дөңгелек ондықтардың атауымен таныстыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ондық — он бірліктен тұратын сандық өлшем бірлігі.

1 онд. = 10 бірл.,

2 онд. = 20 бірл.,

3 онд. = 30 бірл.,

4 онд. = 40 бірл.,

5 онд. = 50 бірл.,

6 онд. = 60 бірл.,

7 онд. = 70 бірл.,

8 онд. = 80 бірл.,

9 онд. = 90 бірл.,

10 онд. = 100 бірл.

Нөлмен аяқталатын сандар дөңгелек сандар деп аталады. Ондықтар бойынша санауға, дөңгелек сандарды тура және кері ретпен санауға және кез келген ондықтан бастап санауға ерекше көңіл бөлу.

Сабақты өткен тақырыптарды қайталаудан бас-таңыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Қандай сандар бір таңбалы сандар деп ата-лады? Мысал келтіріңдер.

Екі таңбалы сандар дегенміз қандай сандар?

Өткен сабақта қандай санмен таныстың-дар? (10)

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарынан ол санның айырмашылығы қандай?

Үй салуға көмектес. Тапсырманы сыныптағы барлық оқушыларға орындатыңыз. Тапсырма заттарды жаңа тәсілмен өз беттерінше санауды бе-кітуге және ондықтармен санау дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Оқушылардың дөңгелек ондық сандардың атауын нақты айтып жаттығуларын ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

20 немесе екі ондық бөрене және 40 немесе төрт ондық шеге.

Түсіп қалған сандарды ата. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Тапсырмада сандар қатарын реті бойынша ондықтармен толықтыру керек. Тапсырманы орындау барысын бақылаңыз. Бұл бақылау арқылы ондықпен санау дағдысының қандай дәрежеде екенін байқауға болады.

Жауабы:

20, 40, 60, 80.

Шығарып көр. Мүмкіндігінше көп оқушының ой-пікірлерін тыңдаңыз.

Оқушылардан осыған ұқсас есептерді өз бетінше құрастыруды өтініңіз.

Жауабы:

әкем 20 шеге сатып алды.

Сен білесің бе? Оқушылар дөңгелек сандар туралы біледі. Олар неге олай аталатындары туралы өз пікірлерін айтады.

Кім дұрыс санады? Оқушылардан жұпта жұмыс жасай отырып, дұрыс жауабын табуды сұраңыз.

Тапсырмада анасы мен қызының қолындағы па-рақшалар жазылған цифрлар мен жұмыртқа салын-ған науалардың санын салыстыру керек. Қиыншы-лық туындаған жағдайда санау таяқшаларын, яғни буылған ондықтарды пайдалануды ұсыныңыз.

Дөңгелек сандарды ата. Тапсырма дөңгелек сандарды анықтау машығына жаттықтырады. Оқу-шыларға тапсырманы өз беттерінше орындаула-рына уақыт беріңіз де, одан кейін өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

20, 80, 50, 10.

Орындап көр. Оқушылар заттардың санын ондықпен санауына болады. Санаудың нәтижесін олар ламинатталған қағазға жазып, өзара тексеру кезінде бір-біріне көрсетулеріне болады.

Ойлан. Оқушылар сурет бойынша аяқкиімдер-дің жұп санын анықтап, аяқкиімдердің жұп саны мен оқушылар саны бірдей екеніне көз жеткізеді. Дәл осылай оқушылар баскиімдер саны мен балалардың санын салыстырады.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың “ондық”, “дөңгелек сандар” ұғымдарын дұрыс пайдалануына көңіл бөліңіз. Ондықтармен тура және кері ретпен санап кө-ріңіздер.

Жұмыртқаларды қалыбына сал. Әрбір қалыпта неше ондықтан жұмыртқа болды?

Оқушылар алғашында қалыптар санының қанша екенін санайды да, жұмыртқалардың санының да сонша болатынын ұғады. Жұмыртқалардың санын ондықпен тауып, жауабын бос торкөзге жазады.

Жауабы:

бірінші қалыпта — 2 ондық жұмыртқа; екіншіде — 1 ондық жұмыртқа.

Кинотеатрдағы орын саны неше ондық бо-лады? Орындардың нөмірі көрсетілмеген. Сондық-тан да оқушылар өздігінен санап, орын санын бос торкөзге жазуы керек.

Жауабы:

бес ондық орын бар. Барлығы 50 орын.

Керіктің бойы. Оқушылар ондықтармен тура санай отырып, түсіп қалған сандарды жаза алады. Олар бұл сандарды суреттегі бос торкөздерге жазады. Осы сияқты тапсырманы оқушылар ауа шарында да орындайды. Мұнда олар ондықтармен кері бағытта санау дағдысын тексере алады.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

ондықты шығарып алуды;

ондықтарды атауды;

ондықтармен санауды;

дөңгелек сандарды атауды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінге-

нін білу үшін мынадай сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

Бір ондықта неше бірлік бар?

Ондықтармен сана.

Дөңгелек сандарды ата.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындайды;

20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен

100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңды-лықтарын анықтайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:


1-ден 100-ге дейінгі сандардың көрнекі кестесі;


ламинатталған парақтар;

маркерлер.

Тірек сөздер

Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз

Сабақтың мақсаты:

Дөңгелек сандарды ондықтан аттамай қосу және азайтудың ауызша есептеу тәсіліне үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабаққа қатысты деректі материалдар

Бұл сабақта оқушылар бір таңбалы сандарды қосу мен азайту дағдысын қолданып, 100-ге дейінгі дөңгелек сандарды қосып және азайтып үйренеді.

Дөңгелек сандарды қосу немесе азайту үшін ондықтарды қосып немесе азайтып, оң жаққа нөл жазу керек.

Сабаққа 1-ден 100-ге дейінгі сандар кестесін дайындаңыз. Оны тақтаға орналастырыңыз. Ин-терактивті тақтаны пайдалануға болады. Сабақты 100-ге дейінгі сандарды ондықтар арқылы тура және кері ретпен санаудан бастаңыз. Дөңгелек сандардың атауын еске түсіріңіз. Ол сандарды тақтаға жазыңыз. Бір таңбалы сандарды қосу және азайту стратегия-сын пайдаланып, ондықтармен қосу және азайтудың тиімділігін зерттеуге уақыт бөліңіз. Оқушылардан мысалдарды қарап, олардың ұқсастығын және айырмашылығын айтуды сұраңыз: 2 + 3, 20 + 30; 9 – 5, 90 – 50.

Оқушыларға өз ойын айтуға мүмкіндік бері-ңіз. Дөңгелек сандармен жұмыс ондық сандар-ды білдіретін бір таңбалы сандармен жұмысқа ұқсас орындалады, бірақ соңында 0 қосылады деп қорытынды жасатыңыз.

Дөңгелек сандармен іс-әрекеттердің ережесін құрастыртыңыз: дөңгелек сандарды қосу және азайту үшін ондық сандарды қосып азайту керек және оң жақтан 0 цифрын қосып жазу керек.

Кіріспе тапсырма. Жұмысты жұппен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқушыларға дөңгелек сандарды қосып, азайтуға бір-біріне мысалдар ойлап табуды ұсыныңыз. Зерттеу барысында жұппен жұмыс істеу оқу материалын толық меңгермеген оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Осы амалды қолдану қиынға соққан оқушыларға көмек көрсетіңіз.

Тәтті тоқаштар. Оқушыларға иллюстрацияға қарап, кондитердің қанша тоқаш пісіргенін анықтау-ды ұсыныңыз. Оқушылардың қалай әрекет ететінін сұраңыз. Оларды бір-бірлеп санаудың көп уақытты талап ететіні туралы қорытындыға алып келіңіз. Қосу арқылы тоқаштардың жалпы санын білуді ұсыны-ңыз. Оқушыларға сандардың ондық құрамын және “ондық” сөздерін жазудағы шартты қысқартуларды қайталатыңыз.

Есептеп шығару үшін сандағы ондықтардың санын қосып, қасына нөл жазу сияқты меңгерілген әдісті пайдалануды ұсыныңыз.

Жауабы:

3 онд. + 4 онд. = 7 онд.

30 + 40 = 70.

7 онд. – 5 онд. = 2 онд.

70 – 50 = 20.


Есептеп шығар. Оқушыларға тапсырманы жұп-пен орындауды ұсыныңыз. Олар торсықтың артында қандай сан жасырынып тұрғанын есептеп табады. Оқушылардан сұраңыз: “Қай амалдың компоненті белгісіз?”. Есептеу барысында оқушылар бірдей дөңгелек санды алу үшін 10-ды қосып немесе 10-ды азайтып алуға болатыны туралы қорытындыға келеді. Ең маңыздысы, тапсырманы орындау барысында ал-ғашқы сөрелік нүктені анықтай алу болып табылады. Олар бұл үшін 1-ден 100-ге дейінгі демонстрациялық кестені пайдалана алады.

Жауабы:

а) 30; ә) 90; б) 60; в) 0.

Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Олар жолдың ұзындығын дөңгелек сандарды қосу арқылы таба алады. Оқушыларды жұптастырып, өзара тексертіңіз.

Жауабы:

70.

Ойлан. Оқушыларға “ойдағы санмен” сұрақ-жауап ұсыныңыз. Оқушыларды тыңдап алыңыз және жауабын табу үшін олардың жасаған әдістерін талқылаңыз. Жұптарға осыған ұқсас тапсырмалар ойлап табуды ұсыныңыз. Оқушылардың құрастырған жұмбақтарының бірнешеуін сынып болып шешіңіз.


Жауабы:


мен 30 санын жасырдым.


Шығарып көр. Oқушылардың назарын есепті ашық әдісті пайдаланып шешу керектігіне аудары-ңыз. Оқушыларға бір таңбалы сандармен әрекетті орындай келе, бірінші ондықтарды қосып, оның санын анықтауға мүмкіндік беріңіз де. Одан кейін бірліктермен де тапсырманы солай орындатыңыз. Жауапты дөңгелек санмен беріңіз.


Жауабы:

30 бала.


hello_html_m5e0ae63e.png



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отыры-ңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Құлыптың кілтін тап. Оқушылар тапсырманы орындағанда, астында мысалдар жазылған есіктер-ді осы мысалдың дұрыс жауабы жазылған кілтпен сызықтар арқылы сәйкестендеріп қосады.

Жауабы:

60 + 10 = 70;

50 – 10 = 40;

70 + 10 = 80;

40 – 10 = 30.

Білім сандығы. Оқушылар кестедегі бос орын-дарды толтыру арқылы өзара байланысты санды өрнектер (мысалдар) алады. Дифференциация үшін үшінші сандықтағы тапсырманы алуыңызға болады. Оқушылар өз бетінше дөңгелек сандарды таңдап алып, тапсырманы орындаудың өз нұсқасын алуына болады.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

Разряд арқылы 100-ге дейін аттамай қосу және азайтуды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:

Егер біз 3 + 5-тің қанша болатынын білсек, онда 30 + 50 туралы не айтуға болады?

Асан фотоаппартымен табиғаттың 50 суретін және аңдардың 20 суретін түсірді. Асан барлығы неше сурет түсірді?

Қосу нәтижесі 80-ге тең. Қандай дөңгелек сандарды қостық?

90-нан 30-ды азайт. Қандай сан шықты? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Сандық сәуленің көмегімен қосу және азайту

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиын-дардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді;

ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындайды;

“+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

кішкентай ойыншықтар;

геометриялық фигуралар;

тақтаға ілінген цифрлармен жазылған 11-ден 20-ға дейінгі сандары бар сандық сәуле;

11-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;

жіп және қыстырғыштар;

санауға қолдануға болатын кез келген заттар, қаламсап, қарындаш, кітаптар т.с.с.

ламинатталған бет және сандық сәуле сызылған парақтар.

Тірек сөздер

Сандық сәуленің көмегімен қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

Қосу амалының ұғымын екі жиынның бірігуі және азайту амалын қосуға кері амал ретінде қалыптастыру; сандық сәуленің көмегімен қоса және азайта білуге үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сандық сәуле — нүктелері санмен белгіленіп көрсетілген сәуле. Сандық сәуленің көмегімен қосу — оңға қарай қозғалу болса, азайту — солға қарай қозғалу болып табылады. Бүгінгі сабақта оқушылар 20-ға дейінгі сандарды сандық сәулеге сүйеніп қосып және алып үйрене-ді, өрнектерді “+”, “–”, “=” белгілерін қолданып құрастырады, жазады.

Оқушыларға 12 және 3 ойыншықтан тұра-тын екі топпен әртүрлі іс-әрекеттерді көрсетіңіз. Әр топтағы ойыншықтарды жеке-жеке санатыңыз және олардың санының қанша екенін белгілетіп қо-йыңыз. Осы екі топты біріктіріп қайтадан санатыңыз. Одан кейін 12 мен 3-тің бірігуі 15 болатынын айты-ңыз. Осындай тапсырманы ойыншықтардың әртүрлі сандарымен бірнеше рет қайталатып көрсетіңіз.


Кіріспе тапсырма. Оқушылардан кішкентай топтар құрып, топтардың бірігуінен заттардың жалпы санын табуға болатынын бірнеше рет тәжірибе жүр-гізіп көрсетіңіз. Осы іс-әрекетті ойыншықтардың жаңа топтарымен қайталатыңыз. Оқушыларға заттарды біріктірген кезде не өзгеретінін және осы іс-әрекетті қалай атауға болатынын талдатыңыз (жауаптарын тыңдаңыз). Заттар жиынын біріктіру дегеніміз қосу екенін және осы ретте “плюс” белгісін қолданатынымыз туралы еске түсіріңіз. Қосуды сан-дық сәуленің көмегімен орындауды ұсыныңыз.


Сандық сәуле бойынан бірінші топтағы заттар-дың санын көрсететін санды белгілетіңіз. Осы санға қаншаны қосқанымызды сұраңыз. Оқушылардың зейінін қосу амалы кезінде сандық сәуле бойымен оңға қарай жылжитынына аударыңыз. Оқушылармен сандық сәуленің көмегімен қосуды орындап, алған есептеу нәтижесін салыстыртыңыз.


Оқушылармен заттардың топтарын біріктіріп көруге жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз, мысалы: кітаптар, қарындаштар т.с.с. Оқушылар қосудың нәтижесін сандық сәуленің көмегімен анықтап, ла-минатталған бетке жазып көрсетеді.


Жаңадан тағы бір топ құрыңыз. Ондағы заттардың саны бірінші топтағы ойыншықтардың қосындысы, яғни 15 болсын. Егер осы ойыншықтардан 3 ойыншықты алып тастаса, қанша болатынын сұраңыз. Немесе 12 ойыншық алса ше? Азайтудың нәтижесін жазғызыңыз да, оны қосу амалымен байланыстырыңыз.


Оқушыларға, заттардан қандай да бір бөлікті алып тастаса, онда бұл амалды азайту амалы деп атайтынын түсіндіріңіз. Ол кезде “минус” таңбасын қолданады. Азайту амалын өрнек түрінде көрсетіңіз де, онда “–” және “=” белгілерін қолданыңыз.


Екі топтағы заттардың бірігуі заттардың жалпы санын көрсететінін және егер бір топты қайтадан алып тастаса, оның жалпы заттардың санына қалай әсер ететінін тәжірибе түрінде көрсетіңіз. Оқушыларға оның азайту амалы деп аталатынын және қосуға кері амал екенін айтыңыз.

Сандық сәулені қолданып, азайтуды қалай орын-дауға болатынын көрсетіңіз. Оқушыларға азайту амалы сандық сәулемен солға қарай жылжуды біл-діретінін айтыңыз.

Оқушылардан берілген операцияларды күнделікті өмірде кездестірдіңдер ме деп анықтап, мысалдар келтіруді сұраңыз.Аквариум. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді оқуды ұсыныңыз. Сызбаға қаратыңыз. Бөліктерінің қатынастарын (балықтардың әр түрінің саны) және бүтінді (балықтардың жалпы саны) көрсететін сызбанұсқаны қарастыруды ұсыныңыз.

Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Қандай амалдың көмегімен аквариумдағы ба-лық санын табуға болады?

Мұны сандық сәуледе қалай көрсетеміз?

Қосудың нәтижесін табу үшін сандық сәуле бо-йымен қай бағытта қозғалуымыз керек?

Қосу белгісі “плюс” және қосындының мәнін білу үшін сандық сәуле бойымен оңға қарай қозғалу керек деп қорытынды жасаңыз.

Көңілді бақалар. Оқушыларға иллюстрацияны қарауды ұсыныңыз. Суретке қарап бастапқы кезде қанша бақа болғанын, сосын қанша бақаның тоғанға секіргенін, қанша бақаның қалғанын талдаңыздар.

Оқушыларға бөліктер мен бүтіндер арасындағы қатынасты көрсететін сызбанұсқаны түсіндіріңіз және сызбанұсқадағы сұрақ белгісінің нені көрсететінін сұраңыз.

Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:

Қандай амалдың көмегімен жағалауда қалған бақа санын табуға болады?

Мұны сандық сәуледе қалай көрсетеміз?

Азайтудың нәтижесін табу үшін сандық сәуле бойымен қай бағытта қозғалуымыз керек?

Шығарып көр. Оқушыларға амалдардың нәти-жесі дұрыс болу үшін заттардың тобына анықтап қарауды және олардың арасына қандай белгі қою керектігін тапқызыңыз.

Жауабы:

а) плюс таңбасы; ә) минус таңбасы.

Орындап көр. Сандық сәулеге үлкен бағдармен бір мезгілде орындалатын бірнеше қадамды көр-сетуге болатындығына оқушы көңілін аударыңыз. Оқушылар бір үлкен бағдарды қолдануда бірнеше кішкене бағдармен көрсетудің ыңғайлы екенін және бұлай мысалдарды шығару уақытын тездетуге бола-ды деген қорытындыға келуі тиіс. Тапсырма жалпы сыныппен орындалады.

hello_html_45873de3.png

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылар “қосу” мен “азайту” ұғымдарының арасындағы айырмашылықты айқын түсіну қажет және осы сөздерді өз қолданыстарында орынды пайдалана білуі тиіс. 20-ға дейінгі аралықта қосу мен азайтуға парақшада мысалдар дайындаңыз. Оқушылар арифметикалық амалдар мен нәтижесін атауы қажет.

Мысалдарды сандық сәуленің көмегімен шеш. Оқушылар сан түзуінің көмегімен өрнектер-дің мәнін таба алады.

Жауабы:

14 + 3 = 17;

17 – 3 = 14;

13 + 5 = 18;

18 – 5 = 13.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

  1. қосуды екі жиынның бірігуі және сандық сәуленің бойымен оңға алға қарай санау ретінде ұғуды;

  2. азайту қосу амалына кері амал және сандық сәуленің бойымен солға қарай кері санау деп түсінуді;

  3. +” және “–” белгілерін қолданып, өрнектерді құрастыру мен жаза білуді;

  4. 20-ға дейінгі аралықта сандық сәулесін пайдала-нып қосу мен азайтуды меңгереді.

Оқушылардың бүгінгі сабақта өткен тақырып-ты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақ қойып, жауабын тыңдаңыз:

— “+” белгісі қолданылатын амалды қалай атайды?

— “–” белгісі қолданылатын амалды қалай атайды?

Сандық сәуленің бойымен сандарды қосқанда қалай қарай жылжимыз? Ал азайтуда ше?

Сандық сәуленің көмегімен анықтаңдар: егер 13-ке 6-ны қосса қанша болады?

17-ден 5-ті азайтсақ, қай санды аламыз? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік

баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

20-ға дейінгі сандарды қосу

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиын-дардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді;

ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды (ондықтарды) ауызша қосу және азайтуды орындайды;

“+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

санау таяқшалары;

геометриялық фигуралар: 14 жасыл және 3 қызыл дөңгелек;

әріптер жазылған парақша;

1-ден 20-ға дейінгі сандар үлкен етіп жазылған сандық сәуле;

А4 форматтағы ламинатталған қағаз және оқушылардың әрқайсысына маркер.

Тірек сөздер

20-ға дейінгі сандарды қосу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды 20-ға дейінгі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу әдісімен таныстыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушылар сабақта 20-ға дейінгі сандарды он-дықтан аттамай қосу әдісімен танысады. 14 + 3 түріндегі мысалдарды шығарып үйренеді.

Қосудың жаңа әдісін үйрену үшін екі таңбалы сандардың құрамын еске түсіріңіз. Оқушылардан 17, 13, 19, 11, 15 сандарының неше ондықтан, неше бірліктен тұратынын сұраңыз.

Кіріспе тапсырма. Санау таяқшаларын пайда-ланып, екі таңбалы сандарды модельдеу бойынша тәжірибе жұмысын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға бума жасау үшін санау таяқшалары мен резеңкелер таратып беріңіз.

Оқушылардан таяқшалар бумасы және жеке таяқ-шалардың нені білдіретінін сұраңыз. (Таяқшалар бумасы — ондықтар, жеке таяқшалар — бірліктер.)

Санау таяқшаларын пайдаланып 10, 20 сандарының моделін жасауды ұсыныңыз. Ондықтарды бумаларға жинатыңыз. Енді санау таяқшаларымен 14 санын көрсетуді тапсырыңыз (Ол үшін 1 ондық және 4 бірлікті алып қояды.). Сабақта екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қосуды үйренетіндерін ха-барлаңыз. 14-ке 3 санын қосуды ұсыныңыз. Оқу-шылар 3 таяқшаны қосады. Оқушылардың әрекетін бақылаңыз.

Олардан жасаған іс-әрекеттері туралы сұраңыз:

Сендер 3 таяқшаны бумаға қостыңдар ма, әлде бөлек жатқан таяқшаларға қостыңдар ма? (Жеке жатқан таяқшаларға қостық.)

Неге? (3 және 4 таяқша бірігіп 7 таяқша болады — бұл бір ондық емес.) Оқушылардан барлығы неше таяқша болғанын анықтауды сұраңыз. (Барлығы 17.)

Осы амалды өрнек ретінде жазуды ұсыныңыз. Тақтаға 14 + 3 өрнекті жазыңыз. Осы өрнектің сан мәнін сан түзуінің көмегімен шығаруға бола ма деп сұраңыз. Топқа сан түзуінің көмегімен өрнектің шешуін табуды тапсырыңыз.

Сан түзуінің көмегімен екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу үшін сан түзуімен сол жаққа қарай екінші санда неше бірлік болса, сонша бірлікке аттап жылжиды деген қорытындыға келтіріңіз. Осы қорытындыны бекіту үшін ұқсас мысалдарды шығарып көрсетіңіз. Мысалы, 14-ке 3-ті қосқанда, 15-ке 3-ті қосқанда қанша болатынын айтуларын сұраңыз.

20-ға дейінгі сандарды қосу кезінде ауызша есептеуге тырысқан оқушыларды мақтаңыз. Орын-дауды түсіне алмаған оқушыларға көмектесіңіз. Бұл амалдарды тірек сызбасына сүйеніп немесе сан кесіндісі бойынша орындауға болады.

Сурет бойынша қосу амалына мысал құ-растырып шығар. Берілген тапсырма екінші ондық

бойынша сандық сәулені қолданып, сандарды қосу дағдысын бекітуге арналған. Кірпінің солдан оңға қарай қозғалуына қарап оқушылар бұл жағдайда азайту амалы емес, қосу амалының орындалатынын анықтайды. Содан кейін олар кірпінің алмаға жету үшін неше қадам жүруі керектігін санайды да, теңдік құрастырады: 5 + 10 = 15.

Қосу амалын орында. Тапсырманы жалпы сынып оқушыларымен орындатыңыз. Оқушылар есептеу-лер жүргізгенде шығару жолын мүмкіндігінше түсі-ніп, оны толық айтуына назар аударыңыз. Сыныппен бірінші мысалды талдап отырып шығарыңыз. Оқу-шылар мұғаліммен бірге мысалдарды шығару жолын талдап түсіндіреді. Осы қарастырылған әдіспен таныса отырып, оқушылар екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды разрядтан аттамай қосуды есте сақтауы тиіс. Қалған мысалдарды жұппен орындау-ды ұсыныңыз. Оқушылардан тексеру барысында алдымен қосу компоненттерінің атауын айтуды, сосын жауабын сұраңыз.

Жауабы:

13 + 4 = 3 + 4 + 10 = 7+ 10 = 17; 11 + 3 = 1 + 3 + 10 = 4 + 10 = 14; 11 + 7 = 1 + 7 + 10 = 8 + 10 = 18; 14 + 5 = 4 + 5 + 10 = 9 + 10 = 19.

Шығарып көр. Оқушылар әр ыдыстағы дәру-мендер санын анықтауы керек. Ол үшін бірінші ыдыстағы үлгі ретінде көрсетілген нұсқауды сыныптағы барлық оқушылармен бірге талқылып алыңыз да, жұмысты жұппен орындауды тапсырыңыз.


Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда оқушыларға көмектесіңіз.


Жауаптарын ламинатталған қағаздарға жазып, оны бірін-бірі тексергенде пайдалануға болатынын ескертіңіз.


Жауабы:


а) 18; ә) 20; б) 15; в) 19.


Үй құстары. Тапсырманың мазмұнымен танысуды ұсыныңыз. Шешімін табу үшін оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Топтардан бір оқушыдан жауабын айтуға ортаға шақырып, жауапты талқылаңыздар.


Жауабы:


13 құс аулада жем шоқып жүр.


Орындап көр. Тапсырманы жұппен немесе топпен орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар 20 көлеміндегі мысалдарды шешеді. Алған нәтижесін талдайды және “кез келген санға бірді қосқанда, әрқашан келесі сан шығады” деген ереже тек бір таңбалы сандарды қосқанда ғана емес, сонымен қатар екі таңбалы сандарды қосу кезінде де орындалады деп қорытындылайды.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Мысалдарды шығар және оларды сурет арқылы көрсет. Тапсырма 20 көлеміндегі сандар-

ды қосу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар берілген мысалдарды шығара алады. Көрнекілік ретінде әрбір мысалға сурет салады. Мысалдағы бірінші санды білдіретін дөңгелектер суретін оқушылар бір түспен, aл екінші санға сәйкес келетін дөңгелектерді басқа түспен бояйды. Бұлай жасау оқушылардың өзін-өзі тексеруі үшін тиімді болады.

Жауабы:

15 + 3 = 5 + 3 + 10 = 18; 16 + 2 = 6 + 2 + 10 = 18; 18 + 1 = 8 + 1 + 10 = 19.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

сандарды 20-ға дейін разрядтан аттамай, ауызша қосуды меңгереді.

Оқушының тақырыпты түсіну деңгейін анықтау

үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

20 көлеміндегі екі таңбалы сандарға бір таң-балы сандарды қалай қосады?

13-ке 2-ні қосқанда неше шығады?

12-ні 4-ке арттырып көр. Қандай сан шықты?

Гүлнар күзгі демалыста 12 кітап, ал Данияр — 7 кітап оқыды. Олар барлығы неше кітап оқыды?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

20-ға дейінгі сандарды азайту

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиын-дардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді;

ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындайды;

+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

cанау таяқшалары;

геометриялық фигуралар: 17 жасыл шеңбер;

әріптер жазылған парақша;

1-ден 20-ға дейінгі сандар үлкен цифрмен жазылған сандық сәуле;

ламинатталған беттер;

әрбір оқушыға арналған маркер; бұршақ немесе ұсақ кәмпит салынған дорба.

Тірек сөздер

20-ға дейінгі сандарды азайту

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды 20-ға дейінгі сандарды ондықтан аттамай азайтудың ауызша тәсілімен таныстыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта оқушылар 20-ға дейінгі сандарды ондық-тан аттамай азайтудың ауызша тәсілімен танысады, 17 – 3 сияқты мысалдарды шешіп үйренеді.

Азайтудың жаңа тәсілін меңгеру үшін екі таңба-лы сандардың разрядтық құрамын еске түсіріңіз. Оқушылардың келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

17 санында қанша ондық бар? Қанша бірлік бар?

14 санында қанша бірлік бар? Қанша ондық бар? Кіріспе тапсырма. Оқушыларға бума жасау үшін

санау таяқшалары мен резеңке таратып беріңіз. Келесі сандарды: 15,18 санау таяқшаларының көме-гімен ондықтарды бір бумаға біріктіруді ұсыныңыз. Оқушыларға бұл тапсырманы орындаған соң са-нау таяқшаларының көмегімен 17 санын шығаруды ұсыныңыз. Оқушыларға оны резеңкемен буып, 1 ондық және 7 бірлік шығару керектігін айтыңыз. 3 таяқшаны бумадан алып тастатыңыз. Оқушылардың әрекетін бақылаңыз. Олардан жасаған іс-әрекеттері туралы қорытынды айтуды сұраңыз:


3 таяқшаны қайдан алып тастадыңдар? Бумадан ба, әлде шашылып жатқан таяқшалардан ба? (Шашылып жатқан таяқшалардан алдық.)

Барлығы қанша таяқша қалды? (Жауабы: 14 таяқша қалды.)

Оқушыларға сабақта екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту әдісімен танысатындарын айтыңыз. Тақтаға 17—3 мысалын жазып қойыңыз. Геометриялық фигуралардың көмегімен мысалдың қалай шешілетінін түсіндіріңіз. Оқушыларды eкі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту үшін бірліктен бірлікті азайту, ал ондықты өзгеріссіз қал-дыру керек деген тұжырымға алып келіңіз.

Сурет бойынша азайту амалына мысал құ-растыр және шығар. Азайтуды сандық сәулені

пайдалану арқылы қалай орындауды оқушыларға көрсетуді ұсыныңыз.

Ұқсас мысалдарды шешу арқылы жасалған қо-рытындыны бекітіңіз. Мысалы, 15-тен 3-ті азайтса, 19-дан 3-ті азайтса т.с.с. мысалдарды шешкізіп, қан-ша болатынын тапқызыңыз. 20-ға дейінгі сандарды азайтудың ашық амалын қолданып, азайтуға беріл-ген тапсырмаларды ауызша орындауға талаптанған оқушыларды көтермелеңіз. Тапсырманы орындау қиындық туғызған оқушыларға көмектесіңіз. Олар-дың берілген тапсырмаларды, суретке немесе сандық сәулеге сүйене отырып орындауын ұйымдастырыңыз.

Азайту амалын орында. Тапсырманы жалпы сыныппен орындатыңыз.

Оқушыларға есептеу әдістерімен алғашқы танысу кезінде орындайтын әрекеттерге толық түсініктеме беруін ескертіңіз. Бірінші мысалды бүкіл сыныппен шешіңіз. Оларға мұғалімнің соңынан шешу кезіндегі пайымдарын қайталап отыру керектігін айтыңыз.

Көлік тұрағы. Тапсырманы орындау үшін оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. Жауаптарын хабарлау үшін әр жұптан бір өкіл шақырыңыз. Талқылау жүргізіңіз.

Жауабы:

тұрақта 11 мәшине қалды.

Орындап көр. Оқушылар берілген сандардың әрқайсысын 1-ге азайтады. Олар алдыңғы сан шығады деген қорытындыға келеді.


hello_html_m6b2d5815.png


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқу-шылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Мысалдарға сәйкес келетіндей дөңгелектерді бояп, оларды шығар. Тапсырма 20-ға дейін сан-

дарды ондықтар арқылы аттамай азайту дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Қолданылып отырған амалға иллюстрация ретінде әрбір мысалға сурет салу, түрлі түсті қарындашпен мысалдағы бірінші сан нешені білдірсе, сонша дөңгелектерді бояуы керек. Мысалдағы екінші санды білдіретін дөңгелек санын оқушылар сызып тастауы керек. Бұл өзін-өзі көрнекті түрде тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жауабы:

17 – 4 = 7 – 4 + 10 = 3 + 10 = 13; 15 – 1 = 5 – 1 + 10 = 4 + 10 = 14; 19 – 7 = 9 – 7 + 10 = 2 + 10 = 12.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

20-ға дейінгі сандарды ондықтан аттамай ауызша азайтуды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін, мынадай сұрақтар қойыңыз:

Екі таңбалы саннан бір таңбалы санды қалай азайтуға болады?

18-ден 5-ті азайтса, қанша болады?

15-ті 2-ге азайтса, қандай сан шығады?

Кітапта 16 бет. Серік 5 бет оқыды. Енді қанша бет оқуы керек?

Тиінде 17 жаңғақ болды. Ол оның 2-еуін жеп қойды. Тиінде неше жаңғақ қалды?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.






Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Санды өрнек

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрас-тырады, жазады, оқиды және ажыратады;

қосу мен азайту амалдары компоненттерінің атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

“Сиқырлы қапшық” немесе цилиндр-қалпақ;

түрлі түсті дөңгелектер немесе сандар жазылған кішкентай доптар;

топпен жұмыс жасауға А4 форматындағы қағаздар;

сандар және санды өрнектер жазылған парақшалар;

цирк туралы аудио немесе бейнероликтер.

Тірек сөздер

санды өрнек.

Сабақтың мақсаты:

Санды өрнектер” және “санды өрнектің мәні” түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасау; “+” және “–” арифметикалық амалдарын пайдаланып санды өрнектер құрастыру дағдыларын қалыптастыру; санды өрнектердің мәнін табу біліктілігін қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Математикалық өрнектер cанды және әріпті өрнектер болып бөлінеді. Өрнектер математикалық амал таңбаларымен байланысқан тек сандардан немесе әріптерден тұруы мүмкін.

Санды өрнек — сандар, арифметикалық амалдар, жақшадан тұратын өрнектің түрі. Егер өрнектің құрамында әріп болмаса, ол өрнек “санды өрнек” болады. Өрнектегі берілген амалдарды орындау, өрнектің мәнін табу болып саналады.

Сабақты бастамай тұрып, оқушыларды сыныптың ортасына жинаңыз. Олардан циркке барған ұнай ма сұраңыз. Оқушылардан цирктегі қойылымдар-дың қай түрі ұнайтынын сұраңыз. Бұл сабақта цирк әлеміне саяхатқа баратындарын айтыңыз. Ол жай цирк емес, “математикалық цирк” екенін ескертіңіз.

Оқушыларды топтарға бөлу мақсатында олардан уақытша сиқыршы болуын өтініңіз. Жеребе тастау үшін сиқыршының қалпағын немесе “сиқырлы қапшықты” пайдаланыңыз. Оған сыртында сандар жазылған кішкентай шарлар немесе доптарды салыңыз. Доптардың немесе шарлардың саны бар-лық оқушыларға жететіндей болуы шарт. Егер доп саны жеткіліксіз болса, түрлі түсті қағаздан қиылған дөңгелектерді пайдаланыңыз. Дөңгелектердің бір жағына цифрлар жазылады. Оқушыларға топқа бөліну керектігін ескертіңіз. Топтарға оқушылар алған цифрлары бойынша бөлінеді. Сандар тізбегі бойынша сандары қатар келген төрт оқушы бір топқа жиналады.

Мысалы:

бірінші, үшінші, бесінші ... топ 2, 3, 4, 5 — бірінші ондықтың сандарынан;

екінші топ 12, 13, 14, 15 — екінші ондықтың сандарынан;

Оқушылардың міндеті нөмірі бар допты немесе дөңгелекті алып, өз тобын табу.

Оқушылар топтан өз орындарын тапқан соң, оларға епті жонглёр болуды ұсыныңыз. Жонглёр ауаға бірнеше затты лақтырып, оларды шебер қағып алатын цирктегі артист екенін айтып өтіңіз. Сабақта жонглёрлік міндет математикалық түрде болады. Ол үшін санды шарлар немесе дөңгелек-тер пайдаланылады. Оқушылардан төрт санның ішінен ең үлкен және ең кіші санды таңдап алып, олармен азайту амалына өрнек құруды ұсыныңыз. Қалған екі санмен де өрнек құруды сұраңыз. Екі өрнектің мәнін пайдаланып, қосу амалын шығатын өрнек құрастыртыңыз. Оқушылар топпен жұмыс істеу барысында әртүрлі өрнектер құрастырады. Өрнектердің нәтижесі бірдей болады.

Мысалы:

5 – 2 = 3, 4 – 3 = 1, 3 + 1 = 4; 15 – 12 = 3, 14 – 13 = 1, 3 + 1 = 4.

Оқушыларға жұмыстарын тақтаға ілгізіп, талдатыңыз. Олардың не байқағанын сұраңыз. Берілген заңдылықты түсіндіріп, нәтижесі осылай шығатын өрнектерді өздеріне құрастыртыңыз.

Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Сандар мен арифметикалық амалдар қолданып жазылатын математикалық жазу “санды өрнек” деп аталатынын түсіндіріңіз. Ал арифметикалық амалдардың нәти-жесі — “санды өрнектің мәні” болады. Санды өрнектің мәнін табу үшін, ондағы амалдарды толығымен орындау керек. Цирктегі қойылым. Тапсырма сандар ариф-метикалық амалдармен байланысып тұрған жазу санды өрнектер болады деген түсінікті бекітуге бағытталған. Тапсырманы орындау барысында оқу-шылар суреттегі санды өрнектерді тауып оқып, түсінуі қажет. Оқушыларға кері мысалдар құрас-тыруды ұсыныңыз. Оқушылар қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екеніне және қосудың ауыс-тырымдылық қасиетіне сүйеніп, жаңадан санды өрнектер құрастырады және оларды оқиды.

Шығарып көр. Тапсырма санды өрнектердің мә-нін табу дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырманы орындау барысында оқушылар санды өрнектердің мәнін ауызша есептеп табады.

Жауабы:

а) 10; ә) 17; б) 50; в) 20; г) 16; ғ) 40.

Орындап көр. Бірнеше амалдармен орында-латын санды өрнектердің мәнін табу көзделеді. Тапсырманы орындау барысында оқушылар бірнеше мысалдар тізбегінен тұратын екі санды өрнектің мәнін табады.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тірек сөздерді есте сақтау мақсатында ойын ұйымдастырыңыз. Жүргізуші сандар мен санды өрнектер жазылған қағаздарды көрсетеді. Жүргі-зуші сандар жазылған парақшаларды көтерген-де, оқушылар қол шапалақтайды. Санды өрнек-ті көтергенде, оқушылар алақандарын үш рет шапалақтайды.

Жонглёр. Тапсырма санды өрнек пен оның мәнінің арасындағы қатынасты түсінуді бекітуге бағытталған. Оқушылар жонглёр шарында жазыл-ған санды өрнектердің мәнін тауып, кестедегі тиісті түске бояйды.

Сиқыршы. Оқушылар үш санды өрнекті құ-растырып, мәнін табу керек. Суреттегі заттардың саны өрнектегі бірінші сан, мысалы 9 бәліш, ал фокус-шы айтқан сөз (төрт болсын) өрнектің мәні болады. Осылай оқушылар санды өрнектер құрастырады: 9 – 5 = 4. Азайғыш 9, айырма 4, ал азайтқышты оқушылар өздері есептеп табады.

Жауабы:

9 – 5 = 4;

9 + 1 = 10;

9 + 10 = 19.

Дифференция үшін “Санды өрнектер аре-насы” ойынын ұйымдастырыңыз. Жұмыс топ-

пен орындалады. Бірінші оқушы санды өрнек құ-растырады, оны қағазға жазады да, келесі оқушыға береді. Ол берілген өрнектің мәнін тауып, бірінші саны өрнектің мәні болатын санмен басталатын өрнек құрастырып, келесі оқушыға береді. Осылай санды өрнектер жазылған қағаз шеңбер бойымен бір оқушыдан келесі оқушыға ауысып отырады. Ойын өрнектің мәні нөлмен аяқталған уақытта бітеді.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

“+”, “–” және “=” таңбаларын санды өрнектер жазуға және олардың мәнін табуға пайдалануды;

өрнектер құруды және жазуды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын қандай деңгейде

меңгергенін анықтау мақсатында келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

санды өрнектер деген не?

санды өрнектерді жазуда қандай арифмети-калық амалдар қолданылады?

— “+” таңбасы мен 7 және 2 сандарын пайдаланып өрнек құрастыр.

20 + 50; 80 – 40 санды өрнектерін оқыңдар. Олардың мәнін табыңдар.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Сандар және заңдылықтар

Екі-екіден сана

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табады;

20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтар мен

100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылық-тарын анықтайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

сан кестесі;

А3 форматты қағаздар;

түрлі түсті маркерлер.

20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастыру; 100 көлеміндегі сан, сурет, фигура, символдан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау.

Тірек сөздер

жұп.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды санаудың ерекше түрі — екі-екіден санаумен таныстыру. Өмірдегі заттардың жұппен болуын көрсету, жұппен берілген заттарды екіден санатып жаттықтыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ санаудың ерекше түрі — екі-екіден санауды таныстыруға бағытталған. Зат санының қанша екенін тез игеруі үшін екі-екіден санаудың тиімді екенін оқушыларға тапсырмалар орындату барысында көрсетіледі. Заттарды екі-екіден санау барысында жұп сандарды қолданады. Сабақ берілген заңдылықты анықтай отырып, 2-сыныпта өтетін жұп сандар туралы тақырыпты өтуге дайындық болып саналады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты сыныптағы оқу-шылардың, партаның, орындықтың т.б. қоршаған ортадағы заттардың санын қалай анықтауға болатынын сұраудан бастаңыз. Оқушылар оларды бір-бірлеп санау арқылы анықтайтынын айтады. Олардан: “Басқаша қалай санауға болады?” деп сұраңыз. (Кей-бір оқушылар екіден санауға болады деп жауап беруі мүмкін).

Екіден санауды көрсету үшін оқушылардың жиналып тұрған дәптерлерін алыңыз. Дәптерлерді оқушының біріне санатыңыз. Ол бір-бірлеп санап болған соң, кім тез санаудың басқа түрін көрсете алады деп сұраңыз. Егер оқушылардан санайтын ешкім шықпаса, дәптерлерді екіден санап көрсетіңіз. Қандай тиімділігі бар екенін сұраңыз. Оқушыларға сыныптағы парталарды, оқушыларды екіден санауды ұсыныңыз. Оқушыларды партада отырған қалпында екі-екіден санатыңыз. Жұпсыз қалған оқушы болса, өзіңіз оның жұбы болыңыз. Санау ретін дауыстап айттырыңыз. Екі, төрт, алты, сегіз, он т.с.с. Заттарды екі-екіден санап, санын анықтауға болатынына назар аудартыңыз. Соңынан заттарды екі-екіден тез санауға болады деген қорытындыға келтіріңіз.

Екі-екіден сана. Екі-екіден санау дағдысын қа-лыптастыру мақсатында берілген тапсырма.

Тапсырманы жұп болып орындатыңыз. Қатар отырған екі оқушы бишілер санын жұбымен санап жаттығады.

Жауабы:

7-жұп. 14 қатысушы.

Шығарып көр. Тапсырманы орындамас бұрын, “Егер сыныптағы оқушылардың барлығында екі қолғаптан болса, сыныпта барлығы неше қолғап барын қалай санауға болады?”деген сұрақтың тө-ңірегінде жұппен санау бойынша зерттеу жұмысын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға жазуға қолдану үшін А3 форматты ақ қағаз, түрлі түсті маркерлер.

таратыңыз. Сыныпты топқа бөліп, әр топтың өз бетінше зерттеу жүргізуіне нұсқау беріңіз. Зерттеу нәтижесін топ мүшелеріне қорғатыңыз. Оқушылар заттың санын анықтаудың түрлі нұсқасын айтуы мүмкін. Бір адамда бір жұп қолғап болғандықтан, жұппен санап анықтауға болады деген қорытындыға келтіріңіз. Оқушыларға екі-екіден санау дегеніміз заттарды жұппен санауды білдіретінін қорытындылап айтыңыз.


Шығарып көр” айдарындағы тапсырманы, сыныпқа талдатыңыз. Суреттегі көбелектер мен қоңыздарды санатыңыз. Әрбір екеуінен бір жұп құрастырып санағанда, неше жұп болғанын сұраңыз. Жұппен санауды қайталатыңыз.


Жауабы:


5 жұп.


Ойлан. Суреттегі аяқкиімдерді екі-екіден сәй-кестендіргенде неше жұп болатынын анықтатып, суға түсуге келген балалардың санын аяқкиімдердің санына қарап тапқызыңыз. Баскиімдер саны балалар санымен бірдей болатынын салыстырту арқылы анықтатыңыз.


Жауабы:


6 бала.


Орындап көр. Cыныптан екі-екіден санауға болатын заттарды тауып, оқушыларды ұйымдас-тырыңыз. Заттарды екі-екіден, яғни жұппен санату арқылы тез санай білуге жаттықтырыңыз. Екі-екіден санағанда жұп сандар қолданылатынын байқатыңыз. Екі-екіден санау мен жұппен санаудың бірдей екенін түсінуге жетелеңіз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тапсырманы жұппен орындау кезінде өздерінің пікірлерін айтуы, өзара бір-біріне көмектесуі, бірін-бірі тексеруі және тез әрі дұрыс санай білуі олардың тілдік дағдысын жақсартуға көмектеседі.

Қояндар. Қояндарға қажетті сәбіздің санын табу үшін бос ұяшықтарға суреттерін салып, барлығы қанша сәбіз екенін табады.

Жауабы:

8 сәбіз.

Моншақ. Моншақтар тізбегін өздері түстерді таңдай отырып екі-екіден бояп шығады. Әрбір оқу-шы бояған тізбектерінен неше жұп пайда болғанын есептеп жауабын жазады. Екі мен жұп деген сөздердің өзара байланысын естеріне түсіріп жаттығады.

Жауабы:

5 жұп.

Суреттегі шұлықтардың жұптарын тап.

Оқушылар шұлықтардан жұптар құрастырып, олар-ды сызықтар арқылы бір-бірімен қосады. Күнделік-ті өмірде тек жұбымен ғана пайдалануға болатын заттардың бар екенін және оның екі санымен байланысын нақтылай түседі.

Жауабы:

6 жұп шұлық.

Тура ретпен екі-екіден сана. Оқушылар сан қатарындағы жоқ сандарды тауып, толтырады. Олар тапсырмадан сан қатарының кез келген жерінен бастап, екі-екіден санай беруге болатынын түсінуі керек.

Жауабы:

10, 12, 14, 16, 18.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

заттарды екі-екіден санауды меңгереді. Оқушылардың сабақ тақырыбын түсінгенін тек-

серу үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

Бүгін сабақта санаудың қандай түрімен та-ныстыңдар?

4-тен бастап 20-ға дейін екі-екіден сана.

10-нан екі сан аттап кері сана.

Өмірде жұбымен болатын заттарға мысал келтір.

Адам денесіндегі жұп мүшелерді ата. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Екі-екіден қосып және азайтып санаймыз

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табады;

  2. 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

  3. 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңды-лықтарын анықтайды.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;

әрбір оқушыға арналған 20 данадан дайындалған дөңгелек.

Тірек сөздер

Екі-екіден қосып және азайтып санаймыз

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды 20-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен екі-екіден санай білуге жаттықтыру. Күнделікті өмірден тәжірибеде қолданылып жүрген екі-екіден санауға мысалдар келтіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ 2 сыныпта енгізілетін жұп және тақ сандар тақырыбына дайындық сабағы түрінде өткізіледі. Оқушылар орындаған жаттығулары бойынша екі-екіден санау кезінде сандардың 0, 2, 4, 6, 8-ге аяқталатыны туралы қорытынды жасай алады. Жұп сандардың 0, 2, 4, 6, 8-ге аяқталатынын, ал тақ сан-дар — 1, 3, 5, 7, 9-ға аяқталатын тани білуге жаттығу тапсырмаларын орындату.

Кіріспе тапсырма. Сабақты тәжірибе жасаудан бастаңыз. Оқушыларға “Алмаларды санаймыз” деген жаттығу жұмысын ұсыныңыз. Санау материалдарының топтамасындағы алмалардың суреттерінен әрбір оқушыға 20-дан таратып беріңіз. Егер ондай материал жоқ болса, алманың суретін қағаздан жасалған дөңгелектермен ауыстыруға болады. Оқушыларға себеттегі алмалар санына тең қағаздан жасалған дөңгелектерді үстелге санап қоюды ұсыныңыз. Екі-екіден қосып санау үшін орындалатын жаттығуға арналған нұсқаулық:

Себетке 2 алма салынды. (Оқушылар үстелге 2 дөңгелек қояды). Себетте неше алма болды? (2) — Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (4)


Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (6)


Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (8)


Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (10)


Дәл осылайша себетте 20 алма болғанша біртіндеп қоса беру керек.


20 санын алған соң, оқушылардан алмаларды қосқан сайын қандай сандарды алғанын сұраңыз. (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20) Осылайша санаудың екі-екіден тура санау деп аталатынын және сандардың өсу ретімен орналасатынын, сонымен қатар әр сан алдыңғы саннан 2-ге артық болатынын хабарлап айтыңыз. Содан кейін алмаларды енді кері қарай санауды жаттықтыратын тапсырма беріңіз. Екі-екіден азайтып санауды жаттығуға арналған нұсқаулық:

Себетте неше алма бар? (20)

Себеттен 2 алма алдық. Себетте неше алма қалды? (18)

Тағы 2 алма алдық. Енді нешеу қалды (16)

Тағы 2 алма алдық. Енді нешеу қалды? (14) Осылайша себетте 0 алма қалғанша ала береміз. 0 санын алған соң, оқушылардан алмаларды алған

сайын қандай сандар шыққанын сұраңыз. (20, 18, 16, 14, 12, 10, 8, 6, 4, 2, 0). Осылайша санауды екі-екіден кері санау деп аталатынын және сандардың кему ретімен орналасатынын, сонымен қатар әр сан алдыңғы саннан 2-ге кем болатынын хабарлап айтыңыз.

Ұшып келді — ұшып кетті. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Тапсырманың мәтінін оқыңыз, ал оқушылар санауды жүргізіп отырып, өздерінің жауаптарын басқа жұптардың жауаптарымен салыстырып, тексеріп отырулары керек.

а) — Ағашта неше құс болған? (2)

Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (4)

Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (6)

Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (8)

Олар 10 құс болу үшін тағы неше құс ұшып келуі тиіс? (2)

Қандай сандар алдыңдар? (2, 4, 6, 8, 10)

Біз қандай ретпен санадық? (екі-екіден, тура ретпен)

ә) — Ағашта неше құс болған? (10)

Нешеуі ұшып кетті? Қанша қалды? (8)

Тағы екі құс ұшып кетті. Енді нешеуі қалды? (6)

Егер үнемі 2 құстан ұшып кетіп отыратын болса, ағашта бірде-бір құс қалмау үшін неше рет екі-екіден ұшу керек? (2 рет 2 құстан)

Қандай сандар алдық? (10, 8, 6, 4, 2)

Біз қалай және қандай ретпен санадық? (екі-екіден, кері ретпен)


Жауабы:


жұп сандар — 8, 10, 12, тақ сандар — 7, 9, 11.


20-ға дейінгі сандарды сана. Оқушыларды топпен жұмыс жасауға ұйымдастырыңыз. 20-ға де-йінгі сандар таспасында санауды және тапсырмаға сәйкес сандарды атауды (немесе қағазға жазуды) ұсыныңыз. Оқушыларды топпен жұмыс істей білуге, тексеруге және бір-біріне көмектесуге үйретіңіз. Егер тапсырманы орындау қиындық туғызса, кей-бір оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастырыңыз. Тапсырманы орындаған соң, топтарға жауапта-ры жазылған парақтарын тақтаға бекітіп, басқа топтардың жауаптарымен салыстырып тексеруді ұйымдастырыңыз.


Жауабы:


а) 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20; ә) 20, 18, 16, 14, 12, 10, 8, 6, 4, 2; б) 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19; в) 15, 13, 11, 9, 7, 5, 3, 1.


Үйлердің нөмірі. Тапсырманы жалпы сыныпқа орындатыңыз. Тапсырмадағы сұрақтар бойынша әңгіме өткізіңіз. Тапсырманы орындау барысында оқушылар 20-ға дейінгі сандарды екі-екіден тура және кері санау дағдыны бекітуі тиіс. Сонымен қатар бұл дағдыны күнделікті өмірде қолдануға болатынына көздері жетуі тиіс.

Тапсырмаға арналған қосымша сұрақтар:

Көшенің сол жағындағы үйлердің нөмірі қандай?

Көшенің оң жағындағы үйлердің нөмірі қандай?

Неге үйлердің нөмірін бір жағында 1, 3, 5 және т. с. с. нөмірмен, ал қарама-қарсы жағындағыны 2, 4, 6 және т.с.с. нөмірмен нөмірлейтіні туралы не ойлайсың?

Оқулықтағы суреттегі ұл мен қыз үйлерді нөмірлеудің осы ережесі туралы біле ме? Сен қалай ойлайсың?

Шығарып көр. Берілген кестедегі сандар ара-сынан бұл топқа жатпайтын артық санды әрбір оқушыға жеке тапқызыңыз. Не себепті санның ар-тық болып тұрғанын түсіндіруді сұраңыз, өз ойын дәлелдеп айтып беруге жетелеңіз. Тапсырма қиындық туғызған жағдайда жетелеу сұрақтарын қоя отырып, артық санды өзінің табуына көмектесіңіз.

Жауабы:1-топта: 14; 2-топта: 7. Орындап көр. Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін байқау үшін берілген цифрлардан екі таңбалы жұп және тақ сандарды топпен құрастыруды тапсырыңыз. Әр топтың қанша сан құрастырғанын тексеріңіз. Ең көп сан құрастырған топты мадақтап, атап өтіңіз.


hello_html_m37688e2b.png



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың тілдік дағдыларын сабақ бары-сында жетілдіру және дамыту үшін математикалық терминдерді дұрыс айту және қолдануға қолдау көрсетіңіз. Топпен және жұппен талқылауда оқушы-лар коммуникативтік дағдыларын жетілдіру.

Бос дөңгелектерге тиісті сандарды жаз. Тап-сырманы орындау үшін оқушылар алған біліміне сүйеніп, жұп және тақ сандарды тауып, оларды тапсырма шартына қарай бояуы керек.

Жауабы:

түсіп қалған сандар: 2, 4, 6, 7, 11, 13, 15, 17, 19; қызыл түске боялған сандар: 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.


Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

20 көлемінде екі-екіден тура және кері санай білуді меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауаптарын тыңдаңыз:

2-ден 20-ға дейін екі-екіден тура санау кезінде қандай сандар аламыз?

2-ден 20-ға дейін екі-екіден кері санау кезінде қандай сандар аламыз?

Қажет болған жағдайда күрделірек сұрақтарды қолданыңыз




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Санның жартысы

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

шаршы фигура модельдері;

санау таяқшалары;

оқу құралдары (дәптер, кітап, қарындаштар);

цифрлар жазылған парақшалар.

Тірек сөздер

жарты.

Сабақтың мақсаты:

Сандары жұп болып келген заттардың жартысын табуды үйрету. Тең бөлу дағдысын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сыныптағы заттарды тәжірибеде екіге тең бөліп нәтижесінде тек саны жұп болып келген заттарды ғана екіге бөлуге болатынын үйренеді. Яғни 2, 4, 6, ..., 20 сандары. Себебі оқушылар “жұп сандар” деген терминмен таныс емес.

Кіріспе тапсырма. Сабақты оқулықтағы “Санда-ры жұп заттардың жартысын табуға болады” ұғымды түсіндіруден бастаңыз. Осы мақсатта “Алты қонжық-тың тең жартысы үш қонжық болады. Ал сегіз қонжық-тың жартысы қанша болады?” деген мазмұнда сурет-пен берілген тапсырманы орындатыңыз. Суретке қарап оқушылар алты қонжықтың жартысы үш қонжық болатынын түсінеді. Сегіз қонжықтың жартысы қан-ша болатынын анықтау оларға қиындық туғызады. Сондықтан оқушыларға қиылған сегіз шаршы таратып беріңіз де, оларды тең бөлуді тапсырып, тапсырманы жұппен орындатыңыз. Сегіз шаршының жартысын қалай табуға болатынын алдымен өздерінен сұра-ңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз (тапсырма-ның шешімін оқушылардың өздері де айтуы мүмкін). Жұмысты төмендегі ретпен бағыт-бағдар бере отырып орындатсаңыз, оқушыларда дұрыс түсінік қалыптасады. Алдымен бір шаршыны алып партаға қойғызыңыз. Оның астына тағы бір шаршы қоюды

ұсыныңыз. Солай шаршыларды бір-бірден бірінің астына бірін жұппен орналастыруын ескертіңіз. Неше жұп шаршы болғанын сұраңыз (төрт жұп шаршы). Яғни сегіз шаршының жартысы төрт шаршы болады деген қорытынды жасатыңыз. Олай болса, 8 қонжықтың

жартысы 4 қонжық болады.

Ескерту: шаршының орнына кез келген сандары тең болып бөлінетін заттарды алуға болады. Мысалы:

қарындаштар, санау таяқшалары т.б.

Құстар. Оқушыларға тапсырманы жұппен орын-дауды ұсыныңыз.

Жауабы:

екі бұтаққа суықторғайлар мен кептерлер тең бөлініп қона алады, себебі олардың саны 4 және 2;

екі бұтаққа қарлығаштар мен үйректер тең бөлініп қона алмайды, себебі олардың саны 1 мен 3 (сондай-ақ үйректер ағаштың бұтағына қона алмайды).

Әр топтағы заттар санының жартысын тап.

Оқушылар заттарды тең бөлуге тиісті және 10, 4, 8 сандарының жартысын табулары керек.

Жауабы:

а) 5 кітап; ә) 2 фломастер; б) 4 дәптер.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Оларға құмыралар-дағы гүлдерді санатыңыз. Тапсырманы әркімге жеке орындауды ұсыныңыз. Құмыралардағы гүлдердің саны туралы не ойлайтынын сұраңыз. Қызғалдақтың саны — 5, түймедақ — 12. 5 саны мен 12 санының айырмашылығын сұраңыз. Оқушылардың пікірін тыңдаңыз. Олар 12 түймедағын тең етіп бөлуге болатынын, ал 5 қызғалдақты тең етіп бөлуге бол-майтыны туралы қорытынды жасайды.

Жауабы:

қызғалдағы бар құмырадан жарты гүлді бөліп алуға болмайды.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Алдын ала 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар дайындап қойыңыз. Барлық оқушылар-ға сандар жазылған парақшаны бір-бірден тара-тып беріңіз. Егер сыныпта 20-дан артық оқушы болса, онда екінші топтамадағы сандар жазылған парақшаны таратыңыз. Бірнеше оқушыда бірдей сандар болады. Оқушылардан екі топқа бөлінуді сұраңыз. Бірінші топта парақшаға жартысын есептеп табуға болатын сандар (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20) жазылған оқушылар, ал екінші топта парақшаға жартысын есептеуге болмайтын сандар (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19) жазылған оқушылар болады.

Суреттегі үшбұрыштар мен шаршыларды сана. Олардың жартысын боя. Тапсырма бойын-ша суреттегі фигуралардың санын анықтайды. Сол санның жартысын тауып, жартысына тең санға сәйкес фигураларды бояйды.

Жауабы:

5 үшбұрыш;

4 шаршы.

Сандардың жартысын тауып жаз. Тапсырманы орындай отырып, сандардың жартысын табу керек. Жауаптарын дөңгелектердің ішіне жазамыз.

Жауабы

6 саны — 3 және 3,

12 саны — 6 және 6,

4 саны — 2 және 2,

10 саны — 5 және 5,

20 саны — 10 және 10,

8 саны — 4 және 4.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

2, 4, 6, 8, 10 сандарының орналасу ретіне байланысты жартысын табуды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауаптарын тыңдаңыз:

10 (8, 6, 4, 2) сандарының жартысын қалай табады?

3 саны — 6 санының жартысы екенін дәлелдей аласың ба?

Мынадай тапсырма беріңіз:

20 санының жартысын айта аласың ба? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Заңдылықтар (1)

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;


100 көлеміндегі сан, сурет, фигура, символ-дан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды;


іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтайды; сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі түсті моншақтар т.б. тізбектерін құрады және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. моншақтар;

  2. жіпке тізілген түрлі түсті моншақ;

  3. үлкен түймелер, кішкене түймелер;

  4. кілемшелер;

түрлі түсті қарындаштар;

Тірек сөздер

заңдылықтар.


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды заңдылық ұғымымен таныстыру. Сандар және заттар қатарлары арасындағы заң-дылықтарды қарастыру. Қарапайым заңдылықты сақтап, қатарларды жалғастыру. Дөңгелек сандарға байланысты заңдылықтар құрастырып, жаттығулар жасау. Берілген сандар, фигуралар және табиғаттағы заттар қатарындағы заңдылықтарды таба білу дағ-дысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабаққа қатысты деректі материалдар

Заңдылық дегеніміз — кез келген заттардың немесе сандардың белгілі бір ретпен орналасу ере-жесі. Берілген тапсырма бойынша заңдылықты жал-ғастыру үшін оның қандай ережемен құрылғанын анықтап алу қажет. Сабақта заңдылық ұғымының мән-мағынасын ашу, заңдылықтың сақталғандығын анықтау, қатарлардың заңдылығын сақтап санау жұмыстарын жүргізу көзделеді.

Оқушылармен бірлесе отырып, сынып бөлмесін-дегі заттарды зерттеңіз, cанауға болатын заттарды анықтатыңыз. Заңдылыққа байланысты санау түрле-рін (жұп, тақ сандар) қолданыңыз. Заңдылықты сақ-тай отырып, сыныптағы заттарды санатыңыз. Мыса-лы, оқушылардың дәптерлерін ретімен, екіден санауды көрсетіңіз. Оқушыларды жұпқа бөліңіз.

Әрбір жұпқа екі дәптерден бөліп беріңіз. Кіріспе тапсырма. Ортаға бірнеше оқушыны шақырыңыз. Оқушылардан бойы бойынша заңды-лықты сақтап, сап құрып тұруды өтініңіз. Заңдылық-тың сақталуына ерекше мән беріңіз (бойларының өсуіне, кемуіне байланысты тұруды қарастырыңыз).

Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Олардың алдына санау ресурстарын үлестіріңіз. Олар жіпке тізілген түрлі түсті моншақтар, түймелер болуы мүмкін. Жұп болып отырған оқушыларға жіпке тізілген моншақ пен түйменің түстеріне қарай немесе пішініне қарай қандай заңдылық бойынша тізілгендігін анықтаты-ңыз. Мысалы, моншақ тізбегінің ақ, қызыл, көк түспен берілгендігі немесе түйме тізбегінің екі үлкен, бір кішкене түймелер арқылы берілгендігін атап айту керек. Берілген тізбектегі моншақтарды жұппен санай отырып, жұп және тақ сандардың арасындағы заңдылықтарды қайталатыңыз.

Мысалы, моншақтар тізбегін жұп сандар арқылы санатыңыз: 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14 т.с.с.


Тақ сандар арқылы санатыңыз: 1, 3, 5, 7, 9 т.с.с. Сіз оқушыларға заңдылықтардың әртүрлі түрле-рін интерактивті тақтада көрсетіп, заңдылықтар-ды моншақтар немесе түймелер арқылы қайталап көрсетуді сұраңыз.


Оқушылардан заңдылықты табу үшін тағы басқа қандай әдістерді қолдануға болатынын сұраңыз. Оқушыларға үштен санауды ұсыныңыз. Түйме тізбегін үштен санап көрейік деп, үштен санатыңыз: 3, 6, 9, 12, 15, 18 т.с.с. (oқушылар өздерінің басқа нұсқаларын айтуы мүмкін.) Заңдылық туралы түсінік беру үшін оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстырыңыз. Заңдылыққа қатысты ережені түсіндіру үшін тапсырмаларды орындамай тұрып, сурет түрінде берілген және оған сәйкестендіріп жазылған сан-дар түрінде берілген заңдылықты барлық оқушыға түсіндіріңіз. Интерактивті тақтада мысал келтіріп көрсетіңіз:

а) қыс, көктем, ... (заңдылықты жалғастыруды сұраңыз);

ә) таң, күн, ...

б) қызыл, қызыл сары, сары ... (кемпірқосақтың түстерін жалғастырып айтқызыңыз);

в) қуыршақ, мәшине, доп, қуыршақ,

Суреттегі асықтар қандай заңдылықпен ор-наласқан? “Заңдылықты жалғастыр” тапсырмасы бойынша оқушылардың назарын суретке аудары-ңыз. “Суреттегі асықтар қалай орналасқан?” деген сұрақтарды қою арқылы оқушылардың ой-пікірін тыңдаңыз. Оқушыларды суреттердің белгілі бір ереже бойынша орналасқаны туралы қорытындыны өз бетінше жасаулары үшін жетелеңіз. Келесі сан-ның қандай болатынын тауып, жауабын тыңдаңыз. Тапсырманы жалпы сыныппен орындатыңыз. Қабілеті жоғары оқушыларға осы тапсырмаға ұқсас қосымша тапсырмалар құрастырып айтуды ұсыныңыз.

Жауабы:

2, 4, 6, 8, 10, 12, ...

Заңдылықты сақтап, сандар қатарын жал-ғастыр. Тапсырмасын сан қатарындағы заңдылықты тауып, жалғастырып айтуын ұйымдастырыңыз. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Интерактивті тақтада жауабын көрсетіп, өзін-өзі тексеруге жаттықтырыңыз.


Жауабы:


14, 12.


Шығарып көр. Бұл айдармен берілген тапсыр-маны орындауда үйге берілетін нөмірлерді жазу үшін де заңдылық қолданылатынын көрсетуіңіз керек. Үйлерді нөмірлеуге қандай сандар қолданылғанын нақтылатыңыз. Осы үйлерге қарама-қарсы жағын-дағы үйлердің нөмірлері қандай болатынын топпен талдатып, жауабын топтағы бір оқушыға айтқызып, нәтижесі үшін барлығы жауапты болатынын ескертіп, топпен жұмыс жасай білуге үйретіңіз.


Жауабы:


15, 17, 19, 21.


Мысалдар неге осы ретпен берілген? Анықта.


Оқушыларға тапсырманы топта орындауды ұсыны-ңыз. Олардан барлық мысалдарды жеке параққа шығаруды сұраңыз. Содан кейін топпен мысалдар неге осылай тұрғанын талдауды ұсыныңыз. Топтағы өз болжамын айтып беруді сұраңыз. Оқушыларға, егер мысалдардың біреуінің жауабы екіншісінің басы болып келсе, онда мұндай мысалдардың дөңгелек мысалдар деп аталатынын хабарлаңыз. Оларға ұқсас дөңгелек мысалдар құрастыруды ұсыныңыз.


Орындап көр. Заңдылықты сақтай отырып ала-шаны бояу үшін оқушыларды жұпқа бөліп, осын-дай қағаздан жасалған алашаны таратып беріңіз. Жұптағы оқушылар алашадағы заңдылықты анықтап алады. Сурет бойынша оқушы алашаның ортасы-нан бастап боялғанын байқап, екі жаққа қарай бояу керектігін анықтайды. Тапсырманы бірден орындау қиындық туғызса, оны талдатыңыз. Боялған ала-шадағы заңдылықты сандармен жазғызыңыз. Топ-пен тексертіңіз. Алашаларды тақтаға ілгізіп, оларды үзілісте көруді ұсыныңыз.

Ойлан. “Сандар тізбегін” оңға және солға жалғастыру үшін көрсетілген сандар арасындағы заңдылықты тапқызып, сол заңдылық бойынша жал-ғастыртып айтқызыңыз. Тапсырманы орындау қиынға соққан оқушыларға 9-дан кейін келетін санды бірге талдау жүргізе отырып, табуға көмектесіңіз.

Жауабы:

1, 3, ..., 11, 13, 15.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың тірек сөздерді есінде жақсы сақтауы және тақырыпты бекітуі үшін ойын түрінде мынадай жұмыс ұйымдастыруға болады.

Оқушыларды төрт топқа бөліңіз. Әр топқа заң-дылық құрастырып, сергіту сәтін ұйымдастыруды тапсырыңыз. Сергіту сәтін заңдылық сақтап, ретімен орындауды талап етіңіз. Сонымен қатар сергіту сәтін жүргізу барысында “заңдылықтар” сөзін айтқызып отырыңыз.

Суретке қара. Берілген сан қатарын жалғасты-рып жаз. Берілген заңдылықтың сақталуына көңіл бөле отырып, осы заңдылықты жалғастырып жазуын бақылаңыз. Бірінші және екінші сандар қатарындағы заңдылық барлық оқушыда бірдей болу керек. Ал үшінші заңдылықты екі түрде жазуы мүмкін.

Жауабы:

10, 20, 30, 10, 20, 30 немесе 10, 20, 30, 40, 50 және т.с.с. Кез келген нұсқа дұрыс.

Суретте берілген заңдылықты тауып, қатар-ды жалғастырып жаз. Тапсырма оқушылардың

заңдылық деген ұғымды қаншалықты ұққанын байқау үшін берілген. Фигуралар мен сандар арасындағы заңдылықты көріп, дұрыс таба білу, заңдылық тек сандар немесе заттардың орналасуында ғана бол-майтынын, оны басқаша құрастыруға да болатынын көреді.

Суретті жалғастыр. Оқушылар тапсырманы заңдылықты қалай түсінгеніне байланысты өз заң-дылығын құрастырып, заңдылыққа сәйкес моншақты қалаған түспен бояйды.

Өрнек. Оқушылар өз беттерінше геометриялық фигуралардан өрнектердің суретін ойластырып, оны салуы тиіс. Олармен алдын ала “солға”, “оңға”, “ішінде”, “сыртында”, “арасында” және т.б. ұғымды қайтала-ңыз. Содан кейін тапсырманы кезеңмен орындауды ұсыныңыз. Орындап болған соң оқушыларға бір-бірінің жұмысын көруге мүмкіндік беріңіз. Ол үшін олардың жұмысымен көрме ұйымдастырыңыз.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

берілген заңдылықтарды анықтап, оларды жал-ғастыруды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай сұрақ беріп, жауаптарын тыңдаңыз:

Заңдылық деген не?

Заңдылықты көрсетуге мысалдар келтір.

1, 2, 3, 1, 2, 3 ... түріндегі мысал заңдылық па? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік

баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Заңдылықтар (2)

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен

100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

100 көлеміндегі сан, сурет, фигура, символ-дан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды;

іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтайды, сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі түсті моншақтар т.б. тізбегін құрады және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

геометриялық фигуралар пішініндегі қағаздан жасалған парақшалар (үшбұрыштар, шаршылар, тіктөртбұрыштар);

моншақтар.

Тірек сөздер

Заңдылықтар

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды заңдылықтың бұзылуы ұғымымен таныстыру. Сандар, фигуралар және заттардың орналасу қатарындағы заңдылықтың бұзылуын анықтау және оны қалпына келтіруге арналған тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың логикалық ойлауын, математикалық тілін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер



Заңдылықтың бұзылуы деп сандар қатарында заттардың орналасуында қандай да бір ереженің бұзылуын немесе сақталмауын айтамыз. Сабақта белгілі ережеге сәйкес келмейтін жағдайлар бо-йынша заңдылықтың бұзылуын тауып жаттығады. Оқушылармен қоршаған ортада қандай заңды-лықтардың бұзылуы кездесетіні туралы әңгіме-лесіп, оны жою үшін істелетін іс-әрекеттер туралы айтқызыңыз. Мысалы: “Жол жүру ережесін сақтамау. Ол заңдылықтың бұзылуына жата ма?”

Оқушылар өткен сабақта танысып, сан қатарлары арасындағы және заттардың орналасуындағы заңдылықтарды тауып үйренгендіктен, заңдылық туралы білімін еске түсіруден бастаған жөн.

Оқушыларды 5 топқа бөліп, төмендегі тапсыр-маларды орындатыңыз:

1-топ. 1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтап, 1-ден 20-ға дейін ондықтар арқылы санау;— 2-топ. 1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтап, жұп сан арқылы санау;

3-топ.1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтай отырып, тақ сан арқылы санау;

4-топ. Жыл мезгілдерін заңдылық бойынша ретімен атау. (қыс, көктем, жаз, күз, қыс, көктем, ...)

5-топ. Тәулік мезгілдерін рет-ретімен атау (таңертең, күндіз, кеш, түн, таңертең, күндіз, ...)

Оқушылардан тапсырмаларды орындағаннан кейін “Заңдылық” дегенді қалай түсінесіңдер?” деген сұраққа жауап алыңыз. Оқушылардың өткен сабақпен байланыстыра айтуын бақылаңыз.

Оқушылардың назарына интерактивті тақтада “Жіберілген қателерді тап” деген тақырыппен геометриялық фигуралардың орналасу тізбегіндегі заңдылық сақталмаған тапсырманы ұсыныңыз. Мысалы, конус, тіктөртбұрыш, шар, конус тіктөртбұрыш, шар, конус, тіктөртбұрыш, шар, конус, шар, тіктөртбұрыш болып тізбектелген. Оқушылардан фигуралардың орналасуындағы жіберілген қатені тауып, түсіндіруді сұраңыз. Келесі тапсырма ретінде оқушыларға қателері бар сандар тізбегін көрсетіңіз. Мысалы: 2, 4, 7, 8,10 — (берілген сандардың арасында 6 санының орнында 7 санының берілуі қателік болып саналады) 1, 3, 6, 9 — (берілген сандардың арасында 5 санының орнында 6 санының берілуі қателік бо-лып саналады). Оқушылардан қатені тауып, түзету енгізуін сұраңыз. Оқушылардан жіберілген қатені өздері тауып, заңдылықтың сақталмағанын анықтап, түзетудің жолын көрсетуді сұраңыз. Осылайша, бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері шығаруы-на жетелеңіз. Оқулықтағы ережемен таныстырыңыз. Ережеге сүйеніп ауызша мысалдар келтіруді сұраңыз.

Моншақ тізбегіндегі қатені тап. Моншақ тізбегіндегі қатені табуды ұсыныңыз. Қателікті жөндеу үшін не істеуге болатыны туралы ойларын айтқызыңыз. Жұппен орындатыңыз. Оқушылар-ға қателікті жеке табуды, оны жұбына дәлелдеп айтуды ұйымдастырыңыз. Тапсырма оқушылардың математикалық тілін қалыптастыруға және зейінін дамытуға негізделген.


Қай фигуралардың орны ауысып кеткен? Бұл тапсырмада оқушылар геометриялық фигуралардан құрастырылған қатардағы заңдылықтың бұзылуын табу керек. Қатардағы заңдылықтың бұзылуын табу және оны жөндеу үшін, олар қатардың басталуын мұқият зерттеп шығулары тиіс. Бұл тапсырманы орындау үшін жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз.

Нөмірленген үйлер. Тапсырмада көшенің бойындағы үйлерді қандай заңдылыққа сүйеніп нөмірлейтінін сұраңыз, бұл жерде көше бойының бір жағындағы үйлерді жұп сандармен, екінші жағын тақ сандармен нөмірлейтіні айтылады. Оқушылар-дың назарын суретке аударыңыз. Оларға үйлерді нөмірлеуде қандай қателік жіберілгенін анықтауды тапсырыңыз. Көшенің қарсы жағында қандай нөмірлер болуы мүмкін екенін сұраңыз. Оқушыларға өз үйінің нөмірі туралы айтқызыңыз.

Жауабы:


Дарын 1, 3, 5, 7, 9, 11 деп нөмірлеу керек болған. Көшенің қарсы жағында 2, 4, 6, 8, 10, 12 нөмірлері болады.


Мысалдардағы заңдылықты анықта. Оқу-шылардан заңдылықты бірден анықтауға бола ма деп сұраңыз. Қалай ойлайсыңдар, не істеу керек? (Мысалдарды шешу керек.) Оқушыларға мысалдарды жұппен шешіп, жауабын бетке жазуды ұсыныңыз. Олардан не байқағанын сұраңыз. Қай мысалда заңдылық бұзылғанын табуды ескертіңіз.


Жауабы:


барлық мысалдың жауабы 40-қа тең, тек 50 – 20 = 30 болады.


Шығарып көр. Кестеде берілген сандар қата-рындағы қателіктерді анықтап, оның себебін өз сөзімен айтып беруін ұйымдастырыңыз.


Жауабы:


а) 13 — екі таңбалы сан; ә) 60, 50, 40, 30, 20;


б) 16 мен 12-нің арасындағы 14 саны түсіп қалған.


Орындап көр. Үлкен, кіші көлемдегі көк және қызыл дөңгелектер, жасыл түсті үшбұрыштар таратып беріңіз. Заңдылықты тауып, фигураларды дұрыс орналастыруды тапсырыңыз. Өздеріне қосымша заңдылық ойлап тауып, фигураларды орналастыруды сұраңыз. Басқа оқушылар фигуралардың қандай заңдылықпен орналасқанын айтады. Тапсырманы жұппен орындатыңыз.


Жауабы:


көк, жасыл, қызыл, көк, жасыл, қызыл; саңырауқұлақ, алма, жапырақ, саңырауқұлақ, алма, жапырақ.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың математикалық терминдерді орнымен қолданып, дұрыс айтуына назар аударыңыз. Топ болып немесе жұп болып (бір-бірін тыңдайды, ойын дәлелдейді) талдау барысында коммуникативті дағдысын дамытады.

Қатені түзеп көр. Оқушылар сан қатарында кеткен қателіктерді тауып, сандар қатарын дұрыстап жазады.

Жауабы:

1, 2, 3, 1, 2, 3, 1, 2, 3.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

белгілі бір ережелерге сүйеніп, заңдылықтағы қателіктерді табуды және дұрыс нұсқасын құ-растыруды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінге-нін білу үшін мынадай тапсырмалар беріп, жауа-бын тыңдаңыз (дауыстап сандар қатарын айтыңыз немесе тақтаға айтып тұрып, жазып көрсетіп сұраңыз. Оқушылар қатесі бар жерді түзетіп айтады).

1, 3, 5, 7, 8, 11, 13, 14, 15;

100, 90, 80, 70, 50, 40;

10, 20, 40, 60, 70, 90.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Басқатырғыш тапсырмалар

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыш есептерді, ребустарды шешеді

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

логикалық есептер;

сиқырлы үшбұрыштар, шаршылар;

дидактикалық үлестірмелі материалдар.

Тірек сөздер

басқатырғыштар.

Сабақтың мақсаты:

Сандық есептер мен басқатырғыш тапсырма-ларды шығарту. Басқатырғыш тапсырмалардағы заңдылықтарды тапқызып, сол заңдылықтарға сүйеніп тапсырманың жауабын іздеу арқылы логикалық ойлауын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Бұл сабақ белгілі бір заңдылыққа сүйеніп бас-қатырғыш тапсырмаларды табуға бағытталған.

Басқатырғыш тапсырмалар — жоғары деңгейлі міндетті білімді емес, тапқырлықты қажет ететін ерекше есептер. Кейбір басқатырғыштар өте ерте кезден белгілі. Ерекше логикалық есептер Eгипет пирамидасының қабырғаларында, ертеде-гі грек қолжазбаларында және басқа да тарихи ескерткіштерде кездеседі. Басқатырғыштар әртүрлі болады:

пазлдар. Пазлдың міндеті — фигураны немесе суретті жазық бөліктерден жинау;

жіппен жасалатын басқатырғыштар;

мәтіндік және графикалық басқатырғыштар;

механикалық басқатырғыштар. Бұл жағдайда басқатырғыш қандай да бір механизм түрінде беріледі, яғни қозғалмалы бөліктерден тұрады. Басқатырғыштың міндеті: жинау не бөлу, қандай да бір бөлшегінің орнын ауыстыру немесе босатып алып тастау болады. Сабақта сандық есептер мен басқатырғыштардың бірнеше түрін шешу көзделеді.

Кіріспе тапсырма. Oқушылардың қызығушы-лығын арттыру мақсатында сабақты есеп-өлең оқу арқылы бастаңыз.

Мысалы: “Ұрылар мен кемпір” деп аталатын ертегі есепті оқыңыз. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде жұртта қалған, сүйенері жоқ кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келіпті. Кемпір: “Бұлар менің жалғыз сиырымды ұрламақ болған екен, мен де оларды алдайын”, — деп ойлайды. Сөйтіп, бір шелек суды сапырып отырып:

Сапырып-сапырып, Арманға бер, Құйып-құйып, Алмасқа бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзің іш те, маған бер”,

деген өлең айтыпты. Мұны естіген ұрылар: “Қой, мұнымыз болмас, үй толы кісі екен әрі бізден көп екен, кетейік”, — деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде неше адам болған?

Жауабы:10 адам.

Оқушыларға басқатырғыш тапсырмалар орын-дайтынын айтып, үлестірмелі дидактикалық мате-риалдарды таратыңыз. Үлгі ретінде тапсырманы қалай орындайтыны туралы түсінік беріңіз.

Мысалы: Үшбұрыш үш бөлікке бөлінген. Әр бөлікте белгілі бір нүктелер боялған. Фигураның сыртында нүктелердің қосындысының қанша екенін көрсететін сандар жазылған. Таратылып берілген үшбұрыш-тардың кейбір бөліктері бос. Оқушыларға осы бос орындарға сыртында көрсетілген сандар шығатындай етіп, нүктелерді салу қажеттігін түсіндіріңіз. Төменде көрсетілген үлгіні таратып беріңіз.

Мысалы:Сынып оқушыларын 4 топқа бөліңіз. Тапсырмалар-ды әр топқа үлестіріңіз. Топпен бірлесе отырып, тиісті жауап шығатындай нүктелерді белгілеуді тапсы-рыңыз. Интерактивті тақтада көрсетіп, тапсырманы тексертіңіз.

Oрындағаннан кейін тапсырманың “басқатырғыш” түрлерінің бір екенін айтып, қорытындылаңыз.

Жасырын сөздер. Берілген тапсырмада оқу-шылар цифрларды әріптерге сәйкестендіре отырып, сөздерді тауып оқиды. арқылы әріптерді таба отырып, сөздерді анықтауы, оларды біріктіріп оқи білуі есте сақтау қабілетінің дамуына әсер етеді.

Жауабы:

жаз, қазақ, аға.

Компьютер. Компьютердің артында жазылып тұрған сандар үштігін толықтырып орындаған кезде қай компьютердің қай тоқ көзіне қосылып тұрғанын анықтауға болады. Әрбір оқушының тапсырманы өз бетінше орындауын ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

а) 2; ә) 3; б) 1.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тірек сөзді оқушылардың жақсы есте сақтауы үшін сергіту сәтін өткізіңіз. Осы сөзді оқушыларға бірне-ше рет қайталатыңыз. Тірек сөз жазылған парақша-ны оқушылардың көмегімен “Сөз қабырғасына” орналастырыңыз.

Судоку. Тапсырма логикалық ойлауын және байқағыштық дағдысын дамытады. Шаршының әрбір жолындағы және бағанындағы сандарды қайталанбайтындай етіп орналастыру керек.

Жауабы:

бірінші жолда: 2; екінші жолда: 5; үшінші жолда: 3, 4; төртінші жолда: 5; бесінші жолда: 2.


Бағалау

Сабақтың соңында оқушылар:

басқатырғыштардың түрлері мен шешу тәсілде-рін меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауабын тың-даңыз:

Басқатырғыш тапсырмалар дегеніміз не? Тү-сіндіріп айт;

Оның басқа математикалық есептерден қандай ерекшелігі бар?

Басқатырғыштардың қандай түрлерін біле-сіңдер?

Басқатырғышты шешу сіздерге ұнады ма?

Басқатырғыштарды шешкенде неге сүйену керек?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Басқатырғыштар, ребустар

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыш есептерді, ребустарды шешеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

кесілген суреттер салынған 4 конверт;

сегіз сіріңкенің шиі бар конверт;

тапсырмалар салынған конверт;

үйдің кескіні бар конверт.

Тірек сөздер

ребус.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын тап-сырмалар түрімен және оларды шешудің әртүрлі тәсілімен танысуды жалғастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта басқатырғыштардың әртүрлі түрімен танысуды жалғастыру және сонымен қатар оқу-шыларды ребуспен таныстыру қажет. Ребус — бұл шешетін сөздер немесе жасырын сөйлемдер, сурет-термен бірге әріптермен немесе цифрлармен берілген жұмбақ. Ребустардың қиындығы әртүрлі деңгейде болады. Ребусты шешудің негізгі ережелері:

Бір сурет бірнеше мағынаны білдіруі мүмкін: мысалы, Ат және Жылқы, Бет және Бас т.с.с. Ребустың қиындығы берілген кескінді нақты жағ-дайға сәйкестендіріп, дұрыс ұға білуде.

Үтір. Үтір сөздің сол жағында тұрса, онда сөздің басында тұрған әріпті алып тастау керек (сөздің сол жағындағы). Ал үтір сөздің оң жағында тұрса, онда сөздің соңындағы әріпті алып тастау керек (сөздің оң жағында).

Суреттің немесе сөздің үстінде (астында) сызылған әріп болса, онда сол әріпті сөзден сызып алып тастау керек. Сөзге енетін барлық әріп түгел алынады. Кейде әріптің орнына сызылған цифр болуы мүмкін, ондай жағдайда нөмірге сәйкес келетін әріпті ғана сызу керек.

Әріптерді сөздің ішінде ауыстырған кезде, теңдік түрінде де жазып қолданылады. Мысалы, “А=Е”, бұл барлық жердегі “А-ның” орнына “Е-ні” ауыстыру керек деген сөз. Бір ғана әріпті ауыстыру керек болса, мысалы, 5 = Е болса, онда бесінші тұрған әріпті нақты сол әріппен ауыстыру қажет деген мағынаны білдіреді.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы-ларды топқа бөліңіз. Оларға қазір төрт орталық бойынша қозғалу қажеттігін ескертіңіз. Әр орталықта оларды конверттердегі тапсырмалар күтіп тұрады. Оны орындаған соң келесі орталыққа ауысу керек.


1-орталық.


Суретті құрастыр.

(Әр топқа кесілген суреттің бөліктерін конвертке салып дайындап қою керек.) Оқушылар оларды біріктіріп салып, бір бет қағазға желімдеуі тиіс.

2-орталық.

8 сіріңке шиінен 4 үшбұрыш жина (Конвертке

8 сіріңке шиін салып қой).

3-орталық.

Қолыңды қағаз бетінен алмай үйді сызып шық.

4-орталық.

Жауабын жаз.

Қозылар маған қарсы жүгіріп келеді: біреуі екеуінің алдында, біреуі екеуінің арасында және біреуі екеуінің артында. Барлығы неше қозы жүгіріп келеді? (3)

Тапсырманы қағазға жазып, конвертке салып қойыңыз. Тапсырманы топпен орындап болған соң, оқушылардың жауабын талдаңыз және қай топтың қанша дұрыс тапсырма орындағанын анықтаңыз.

Оқушыларды ребус туралы ұғыммен және осы сабаққа ғана қажетті ережелермен таныстырыңыз. Оқулықтағы ребусты қарап, жауабын талдатыңыз.

Олардан неліктен осы сөздің шыққанын сұраңыз. Ребустарды шеш. Жұмысты топпен ұйымдас-

тырып, ребусты шешуді ұсыныңыз. Содан кейін оқушылардан басқа топпен жауапты бөлісуді сұра-ңыз. Жауабы бірдей болмаған кезде қатесі бойынша талдау жүргізіңіз.

Жауабы:

Бестас, Жетісу, кекіл.

Орындап көр. Оқушыларды басқатырғыштар-мен таныстыруды жалғастырыңыз. Оларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Оқулықтағы сурет бойын-ша 15 шаршы табу керектігін айтыңыз. Тапсырманы орындауға уақыт беріңіз. Содан кейін тапсырманы тақтаға шығарып, 15 шаршы тапқан оқушыларға өз шешімін көрсетуді ұсыныңыз. Тапсырма оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытады.

Ойлан. Оқушыларға тапсырманың жауабын топпен іздеуді ұсыныңыз. Олардың әрқайсысына өз пікірін айтқызып, ал содан кейін бір шешімді таңдап алуды сұраңыз. Барлық топтың жауабын тыңдаңыз. Содан кейін оқушыларға тапсырманы көрсетіп, олар-ға шешімдерінің дұрыстығына өз бетінше қорытынды жасауды ұсыныңыз.

Жауабы:

3 тиін.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларға интерактивті тақтаға әртүрлі тап-сырмалар беріңіз. Олар ребусты көрген кезде тез арада “ребус” деп айтуы керек.

Сана және шығар. Оқушыларға “1” санының артында жасырынып қалған әріптер ғана керекті болғандықтан, алдымен барлық түсіп қалған сандарды тауып алу керек. Тапсырманы орындауды жеңілдету үшін түсіп қалған сандарды әріптердің үстіңгі жағына жазып алу қажет, содан кейін керектісін таңдап алуға болады. Тапқыр оқушыларға екі сөзді де шешуге болады.

Жауабы:

кит, тау.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

ребус туралы ұғымды;

ребусты шешудің бірнеше ережелерін мең-гереді.

Оқушылардың бүгінгі сабақта алған білімі мен дағдысын тексеру үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

Ребус дегеніміз не?

Сендер ребус туралы қандай ережелерді есте сақтадыңдар?

Сендер тағы қандай тапқырлыққа берілген тапсырмалармен таныстыңдар?

Сендер қандай да бір басқатырғышты біле-сіңдер ме? Оны өз сыныптастарыңа айтып бере аласыңдар ма?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.






Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Шамаларды өлшеу

Ұзындықты өлшеу

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шар-шы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшейді және салыстырады;

ұзындық өлшем бірліктерін (см,дм) олардың арақатысына сүйеніп түрлендіреді;

өлшем бірліктерді (см,дм/кг/л) қолданып өл-шейді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

cызғыш;

оқу құралдары;

ламинатталған парақтар және маркерлер.

Тірек сөздер

өлшеу, дециметр.

Сабақтың мақсаты:

Ұзындықтың жаңа өлшем бірлігі дециметрді енгі-зу. Ұзындықты өлшеу жұмыстарын жүргізуді үйре-ту. Кесінділердің, сынық сызықтардың, заттардың ұзындығын өлшеу және салыстыру.

Ұзындықтың өлшем бірлігі 1 дм = 10 см қатынасын қолданып, өлшеуді үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушыларды ұзындықты сызғышты қолданып, дәл өлшеуге жаттықтыру үшін төмендегідей алгоритм бойынша жұмыс жасауға үйретіңіз:

өлшейтін құралды дұрыс орналастыру;

тиісті өлшем бірлігін таңдап алу;

өлшеуіш құралдың бөліктері бойынша ұзын-дықты анықтау;

өлшеу нәтижесін дұрыс оқу және жазу.

Бұл сабақта оқушылар 10-нан артық сантиметрден дециметрді бөліп алады. Мысалы, 13 см 10 см-нен артық. Яғни, 10 см-ді 1 дм-ге айналдырып, қалғанын сантиметрмен жазамыз. 13 см-ден 1 дм 3 см-ді аламыз. Яғни, 13 см = 1 дм 3 см.

Жаңа бірлікті енгізу үшін мынадай тәжірибе жасатыңыз. Екі өлшемді (1 см-лік және 1 дм-лік) беттестіру арқылы салыстыруды ұсыныңыз. Бұдан оқушылар ұзын өлшемге 1 см-лік өлшемнен 10 рет салуға болатыны туралы қорытындыға келеді. Ұзын өлшемнің ұзындығы қанша екенін сұраңыз. (10 см)

10 см-дің дециметр деп аталатынын түсіндіріп айтыңыз. 10 бірліктің — ондық деп, ал 10 см-дің — дециметр деп аталатынын айтыңыз. Олардың ара-сында қандай байланыс барын және несімен ортақ екенін сұраңыз. (Ондық — санаудың ірі бірлігі, ал дециметр — ұзындықты өлшеудің ірі өлшемі). Ұзын кесінділерді өлшеу үшін ірі өлшем бірлік — деци-метрді қолдану керек екенін ескертіңіз. Оқулықтағы сурет бойынша (121-бет) нәтижесі 10 см-ден артық өлшеулерді дециметр мен сантиметрге қалай ай-налдырып жазуға болатынын түсіндіріңіз. Мысалы, 14 см — бұл 1 дм және 4 см.

Кесіндінің ұзындығын өлшеу үшін сызғышты оның ұштарына нөлден бастап, дұрыс қою керектігін естеріне түсіріңіз. Өлшеу жұмыстарын жүргізгенде сызғышты дұрыс пайдалану ережесін білмегендік-тен, өлшеу нәтижесі қате болып жататын жағдай-лар бастауыш сынып оқушыларында жиі кездеседі. Сондықтан сызғышпен дұрыс өлшеудің ережесін

міндетті түрде естеріне түсіріңіз.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға оқулықтағы иллюстрация бойынша ұзындықтың өлшем бірлікте-рін 1 дм = 10 cм қатынасын қолданып, ірілендіруді түсіндіріңіз. Мысалы, кесіндінің ұзындығы 12 см болса, оны үлкенірек өлшем бірлік дм-ге айналдыруға бола-ды, себебі 10 см 1 дм-ге тең. Олай болса, 12 см — бұл 10 см және 2 см болғандықтан былай жазуға болады: 12 см = 1 дм 2 см.

Шығарып көр. Бұл тапсырма бойынша оқушылар суретте неше үшбұрыш барын санайды да, оның ең үлкенін анықтап, қабырғаларын өлшейді. Тапсырманы орындау үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушылар әңгімелесу барысында талдау жүргізіп, бірлесе шешім қабылдайды.

Жауабы:

ең үлкен үшбұрыш — қызыл түсті, оның қабырға-лары: 4 см, 6 см, 8 см.

Орындап көр. Оқулықтағы суретке қарап онда не бейнеленгенін сұраңыз. Оқушылар оқулықта-ғы суреттер бойынша заттардың ұзындықтарын анықтауы тиіс. Суреттегі ұзындықты өлшеу сызғышта-ғы 0-ден бастап көрсетіліп тұрмағандықтан қиын-дық туғызуы мүмкін. Сондықтан оларға заттардың ұзындықтарын анықтау үшін есептеу керек болады. Ол үшін сызғыштағы (пышақ, қасық және шанышқы) заттардың ұштары көрсетіп тұрған сандардың ара-сындағы айырманы табуы керек немесе сызғыштағы қадамдарды санауы тиіс.

Cызықтардың ұзындығын өлшеу жұмысын тө-мендегі нұсқау бойынша орындатыңыз:


күн сәулесінің бойындағы ЕМ кесіндісін тауып, ұзындығын өлше;

АВ кесіндісінің ұзындығын өлше;

ВС кесіндісінің ұзындығын өлше;


Жауабы:


пышақ — 14 см (ең ұзын зат, 1 дм-ден ұзын); шанышқы —12 см (1 дм-ден ұзын); қасық — 9 см (ең қысқа зат, 1 дм-ден қысқа).


Ұзындықтың өлшем бірліктерін түрлендір.


Берілген тапсырма сантиметрді дециметрге түрлендіру дағдысын бекітуге берілген.


Тапсырманы орындау үшін топпен жұмыс ұйым-дастырыңыз. Оқушылар өздерінің жауаптарын ламинатталған беттерде жазуы керек. Оларды тақ-таға бекітіп ілгізіңіз. Оқушыларға өз нәтижелерін басқа топтардың жауаптарымен салыстыртып, сәй-кесінше қорытынды жасатыңыз.


Жауабы:

15 см = 1 дм 5 см; 1 дм 1 см = 11 см;

19 см = 1 дм 9 см; 1 дм 4 см = 1 4 см;

16 см = 1 дм 6 см; 1 дм 7 см = 1 7 см;

18 см = 1 дм 8 см; 1 дм 0 см = 10 см.



hello_html_53f3694e.png

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың математикалық термин сөздерді дұрыс қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талдау жасау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдау кезінде, өз көзқарасын нақты дәлелдер арқылы көрсетуде, сұрақтарға не-гіздеп жауап беру кезінде.)

Ұзындықтың өлшем бірліктерін түрлендір.

Берілген тапсырма ұзындықтың өлшем бірлік-терін түрлендіру дағдысын бекітуге бағытталған. Оқушылар дәптердегі иллюстрация бойынша шарлардағы атаулы сандармен берілген қосу мен азайтудың нәтижелерін табулары тиіс. Одан кейін шарларды сызғыштағы сәйкес сандармен сызық арқылы қосу керек.

Жауабы:

1 дм + 2 см = 12 см;

1 дм + 1 см = 11 см;

12 см – 2 см = 10 см;

1 дм – 5 см = 5 см.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

кесінділердің, сынық сызықтардың, заттардың ұзындықтарын өлшеуді меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай сұрақтар беріп жауаптарын тыңдаңыз:

Ұзындықты қандай құралдармен өлшеуге бо-латынын білдіңдер? (сызғыш, өлшеуіш таспа)

Ұзындықты сызғыштағы қай цифрдан бастап өлшейді? (0-ден бастап)

Кесіндінің ұзындығын қалай өлшейді? (кесін-дінің ұштарына сызғышты қолдану ережесіне сәйкес кесіндінің бір ұшына сызғыштағы нөл санын дұрыс сәйкестендіру керек)

Сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз? (сынық сызықтың әр буынының ұзындығын өлшеп, нәтижесін қосамыз)

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшеу

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шар-шы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшейді және салыстырады;

шамаларды, өлшем бірліктерді (см, дм/кг/л) қол-данып өлшейді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

cызғыш;

қағазқыстырғыштар;

геометриялық фигуралар;

әр оқушыға арналған ламинатталған парақтар мен маркерлер.

Тірек сөздер

Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшеу

Сабақтың мақсаты:

Тіктөртбұрыш қабырғаларының ұзындығын өлшеу арқылы оның барлық қабырғаларының ұзындығын қосып табуды үйрету; тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қасиетімен таныстыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Тіктөртбұрыштың ұзындығы әртүрлі қабырғала-рын өлшесе, қалған екі қабырғасының ұзындығын қарама-қарсы қабырғаларының қасиеті бойынша табуға болады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты топтық жұмыс түрін-дe ұйымдастырудан бастаңыз. Сыныптағы оқушылар-ды бірнеше топқа бөліңіз. Әр топқа қалың қатты қағаз-дан қиылған бір тіктөртбұрыштан таратып беріңіз. Тіктөртбұрыштар қабырғасының ұзындығы екі түрлі болғанына назар аударыңыз (тіктөртбұрыштардың орнына тікбұрышты параллелепипедті немесе қағаз қорапты пайдалануға болады). Бір тіктөртбұрыш қабырғаларының ұзындығы 30 см және 20 см, ал екінші төртбұрыш қабырғаларының ұзындығы 40 см және 10 см болсын. Сызылған фигура қабырғаларының ұзындығын өлшетіңіз. Әрбір қабырғасының ұзын-дығын сол қабырғаның тұсына бормен жазып қоюды ұсыныңыз. Сызылған фигура қалай аталатынын сұра-ңыз (oқушылар тіктөртбұрыш екенін айтады). Фигура-ның тіктөртбұрыш екенін дәлелдетіңіз. Оқушыларға тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының ұзындықтары бірдей екенін естеріне түсіріңіз. Тіктөртбұрыштың екі қабырғасының (ұзындығы және ені) ұзындығын тапса жеткілікті, себебі оның қарама-қарсы қабырғаларының ұзындықтары тең деп қорытындылатыңыз.

Тіктөртбұрыш қабырғаларының ұзынды-ғын өлше. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Жоғарыда алған білімдеріне сүйеніп, жұмыстың ретін талқылып алыңыз.

Тіктөртбұрыштың қабырғалары ұзындығын білу үшін, қанша өлшеу жұмысын жүргізу керек? Неліктен? (Көрші қабырғаларының ұзындығын өлшесе жеткілікті, себебі тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең.)

Оқушыларға тапсырманы орындатып, нәтижесін ламинатталған беттерге жазғызыңыз. Өзара тексеру кезінде, оларға беттерін көтеріп, нәтижесін бір-бірі-не көрсетуді сұраңыз. Талдау жүргізіңіз. Жұппен жұмыс кезінде тапсырманы орындауға қиналған оқу-шыларға көмек көрсетіп жетелеңіз.

Жауабы:

10 см және 5 см;

4 см және 3 см;

6 см және 2 см.

Текшелерден жасалған қоршау. Жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар әңгімелесу ке-зінде талдау жасай отырып, бірлескен бір шешімге келеді.

Тапсырмада мәшине тұратын тіктөртбұрыш-ты автотұраққа қажетті қанша текше керек екенін табу талап етіледі. Ол үшін оқушыларға қоршаудың ұзындығы мен еніне кететін текшенің санын санау жеткілікті, ал қалған қабырғалары осындай ұзындық-қа тең.

Жауабы:28 текше.


Шығарып көр. Берілген тапсырманы топпен орындатыңыз. Қоршаудың ұзындығына кеткен тақтайларды толық санап немесе қарама-қарсы қабырғаларына кеткен тақтайды ғана санап, қалған тақтайларды соның негізінде табу арқылы тап-сырманы орындауды ұйымдастыруыңызға болады. Тіктөртбұрыш қабырғаларының қасиетін қолда-нып шығарған оқушыларды атап өтіңіз. Оларға қалай шығарғанын басқа оқушыларға айтып беруді ұсыныңыз.

Жауабы:

15 + 10 + 15 + 10 = 50 тақтай.

Орындап көр. Суреттегі тіктөртбұрыштың қа-бырғаларына неше қағазқыстырғыштар кеткенін са-натыңыз (қарама-қарсы қабырғаларын тапқызыңыз, олардың ұзындықтарына кеткен қағазқыстырғыш-тарының санын анықтатыңыз). Сосын қабырғалары

5 және 2 қағазқыстырғыштардан құралған тіктөрт-бұрыш жасап көруді ұсыныңыз. Тапсырманы бір-бірі-не көмектесіп, жұппен орындайтындарын ескерті-ңіз. Жасаған тіктөртбұрыштың периметрін табуды сұраңыз.

Жауабы:

20 қағазқыстырғыш, тіктөртбұрыштың периметріне 14 қағазқыстырғыш кетеді.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың математикалық термин сөздерді дұрыс қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талдау жасау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдау кезінде, өз көзқарасын нақты дәлелдер арқылы көрсетуде, сұрақтарға негіздеп жауап беру кезінде).

Суретте көрсетілген үй бөліктерінің ұзынды-ғын сызғышпен өлшеп жаз. Берілген тапсырма

ұзындықты сызғышпен өлшеу дағдысын бекітуге арналған.

Жұмысты орындау кезінде оқушыларға сызғышты бұрып әртүрлі жағдайда өлшеу керек болады. Олар тағы да көлемді фигуралардың үш өлшемі бар екенін байқайды (ұзындығы, ені, биіктігі).

Жауабы:

қабырғаның ені — 14 см; қабырғаның биіктігі — 9 см;

шатыр қабырғасының ұзындығы — 8 см.

Дециметрді сантиметрмен өрнекте. Тапсыр-ма 1 дм = 10 см қатынасын қолданып, ұзындықтың өлшем бірлігін түрлендіру икемділігін бекітуге бағытталған.

Жауабы:

2 дм = 20 см;

4 дм = 40 см;

5 дм = 50 см;

3 дм = 30 см;

1 дм = 10 см;

10 дм = 100 см.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында

ұзындықты өлшейді және тіктөртбұрыштың қа-бырғаларын анықтайды.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінге-нін білу үшін мынадай сұрақтар беріп жауаптарын тыңдаңыз:

Тіктөртбұрыштың қабырғалары туралы не айта аласыңдар? (Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қа-бырғаларының ұзындықтары бірдей болады.)


Тіктөртбұрыштың екі қабырғасының ұзындығы 1 см және 2 см. Оның қарама-қарсы қабырғаларының ұзындығы қандай болады?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Шаршының қабырғаларын өлшеу

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шар-шы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшейді және салыстырады;

шамаларды өлшем бірліктерді (см, дм/кг/л) қол-данып өлшейді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әрбір оқушыға арналған:

өлшемі 10×20 см тіктөртбұрыштар;

сызғыш;санаy таяқшалар.

Тірек сөздер

Шаршының қабырғаларын өлшеу

Сабақтың мақсаты:

Ұзындықты анықтау мақсатында өлшеу жұмыс-тарын жүргізу, шаршының периметрін табуды меңгерту, заңдылықтарға сүйеніп шаршылар құрас-тырту; өткен сабақтардағы білімдеріне сүйене отырып, есептеу дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Шаршы — барлық қабырғаларының ұзындығы бірдей тіктөртбұрыш. Оның қабырғаларын өлшеу арқылы оның барлық қабырғаларының ұзындығын тауып, атаулы сандармен амалдар орындау жұмыстары жүргізіледі. Шаршының бір қабырғасының ұзындығын білсе жеткілікті. Төртбұрыш туралы білімдерді қайталау барысында тіктөртбұрыш пен шаршының айырмашылығын анықтап, олардың негізгі қасиеттері (шаршының, тіктөртбұрыштың төрт қабырғасы бар; шаршы — барлық қабырғаларының ұзындығы бірдей тіктөртбұрыш, ал тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең) нақтыланады. Сабақ “периметр” ұғымын енгізуге және шаршының периметрін табуға дайындық сабағы болып табылады.

Бүгінгі сабақта фигуралардың қабырғалары туралы тақырыпты оқып-үйрену жалғастырылатынын

айтыңыз.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға тіктөртбұрыш пен шаршының қабырғаларын табу үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Ол үшін жұптағы оқушылардың біреуіне қабырғалары 10 см және 20 см болатын тіктөртбұрыш таратып беріңіз. Оған тіктөртбұрыштың қабырғасын табуды тапсырыңыз. Екінші оқушы оның әрекетін бақылап отырады. Керек кезде бір-біріне көмектеседі. Бірінші оқушы тіктөртбұрыштың қа-бырғаларын өлшеп, оның ұзындығын табады. Тіктөрт-бұрыштың ұзындығын тапқан соң, оқушылар өздерінің жұбына сол тіктөртбұрышты үлкен қабырғасының ортасынан бүктеп береді. Келесі оқушы шыққан фигураның қабырғасын өлшеп табады. Шыққан нәтижелерін салыстырады.

Алғашында берілген фигура қалай аталады? (Тіктөртбұрыш.)


Тіктөртбұрыш екенін дәлелде. (Қарама-қарсы қабырғаларының ұзындықтары тең).

Оның барлық қабырғаларының ұзындығы қанша болады? (Тіктөртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығы — 60 см.)

Үлкен қабырғасының ортасынан бүктегенде шыққан фигура қалай аталады? (Шаршы.)

Шаршы екенін дәлелде (Шаршының барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей. Ал бүктегенде шыққан фигураның қабырғаларының ұзындықтары 10 см-ден.)

Шаршының барлық қабырғаларының ұзындығын қалай таптыңдар? (Қабырғаларының ұзындықтарын қостық.)

Шаршы мен тіктөртбұрышта қандай ұқсастық барын байқадыңдар? (Ескерту: шаршы да тіктөрт-бұрышқа жататынын еске түсіру керек.)

Тәжірибе жұмысын басшылыққа алып қорытынды жасатыңыз. Яғни шаршының барлық қабырғаларының ұзындығын табу үшін бір қабырғасының ұзындығын тауып, оны 4 рет қосса жеткілікті.

Шаршының қабырғаларын өлше. Тапсырманы оқушыларға жеке орындауды ұсыныңыз. Суретте көрсетілген шаршының қабырғасын оқушылардың дұрыс өлшеп жатқанын бақылаңыз. Тапсырманың жауабын бір-бірімен жұмыстарын салыстырту арқы-лы тексертіңіз.


Жауабы:


5 см;

2 см;

4 см.


Фотосуретке арналған жиектеме. Бұл тапсыр-ма бойынша портретке сәйкес келетін жиектемені анықтау үшін не істеу керектігін айтқызыңыз. Ол үшін оқушылардан мынадай сұрақтар сұраңыз:

Қоянның портретінің пішіні қандай?

Портретке дәл келетіндей жиектемені табу үшін не істеу керек?

Оқушылармен тапсырманы орындау үшін жүзе-ге асырылатын әрекеттердің жоспарын жасатыңыз. Алғашында оларға портреттің қабырғасын өлшеуді ұсыныңыз. Содан кейін жиектеменің қабырғасының ұзындығын анықтап, қайсысы дәл келетінін тапқызыңыз. Оқушылардың арасында басқа жолмен дәл келетін жиектемені табатыны болса, оның жауабын барлық оқушыға тыңдатып, дұрыс болған жағдайда оны мақтаңыз. Өлшеу жұмыстарын орындай алмаған оқушылармен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы тақырыпты толық меңгеруіне жағдай жасаңыз.


Жауабы:


портретке сәйкес келетін жиектеме қоңыр түсті жиектеме.

Шығарып көр. Тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Алдымен оқушылармен ақылдасып, ше-шімін өздері табуына уақыт беріңіз. Белгіленген уақыт біткен соң төмендегідей сұрақтар қойыңыз:

Суретте шаршы пішіндес қоршаудың тек бір жақ қабырғасы ғана тұр. Оның ұзындығына неше тақтай кетті? (10 тақтай.)

Егер қоршау шаршы пішіндес болса, оның неше қабырғасы болады? (Төрт.)

Шаршының тіктөртбұрыштан қандай айыр-машылығы бар? (Шаршы — барлық қабырғаларының ұзындығы бірдей тіктөртбұрыш.)

Ендеше қоршаудың әрбір қабырғасына неше тақтайдан кетеді? (10 тақтайдан.)

Қоршауға барлығы неше тақтай кетеді?

Жауабы:

қоршауға 40 тақтай кетеді.

Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұп-пен орындауды ұсыныңыз. Берілген тапсырмада оқушылардың шаршының моделін таяқшаларды пайдаланып құрастыруын және оның периметрін есептеп табуын ұйымдастырыңыз. Бірінші шаршы қабырғасының ұзындығы бір таяқшадан, екінші шар-шы қабырғасының ұзындығы екі таяқшадан құрас-тырылғанын көріп, келесі шаршы қабырғасының үш таяқшадан жасалатынын табуға жетелеңіз.

Жауабы:

шаршының бір қабырғасының ұзындығы — 3 таяқша. Барлығы — 12 таяқша.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың математикалық терминдерді дұрыс қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талдау жасау кезінде оқушылардың коммуникативтік дағдысы (бірін-бірі тыңдау кезінде, өз көзқарасын нақты дәлелдер арқылы көрсетуде, сұрақтарға негіздеп жауап беруде) дамиды.

Қане, ойлап тап!

Оқушылар шаршыны толықтыру үшін, қанша қағазқыстырғыш керектігін ойлап табуы керек. Сабақ-та олар шаршының барлық қабырғаларының ұзын-дығын табу үшін, оның бір қабырғасының ұзындығын білсе жеткілікті деген қорытынды жасаған. Сондық-тан олар жетпей тұрған қағазқыстырғыштың санын есептеп таба алады. Егер қиындық туған жағдайда олар шаршыны толықтырып, қағазқыстырғыштардың суретін сала алады. Содан кейін қанша керек екенін санайды.

Жауабы:9 қағазқыстырғыш.

Шаршы сыз. Тапсырма бойынша оқушылар берілген шаршылар қабырғаcын санау арқылы ондағы қабырға ұзындығының біртіндеп өсіп келе жатқан заңдылығын анықтайды. Келесі шаршының қабырғасы 3 торкөз екенін тауып, шаршыны сызады.

Жауабы:шаршының қабырғасы — 3 торкөз.

Ең үлкен шаршыны тап. Бұл тапсырмада сурет-тегі құлтемірде неше шаршы бар екенін және ең үлкен шаршыны анықтап, табу көзделген. Өлшеудің нәтижесін оқушылар бос торкөздің ішіне жазады. Оқушылар суреттегі ең үлкен шаршыны тауып, оның қабырғасының ұзындығын өлшейді де, белгіленген жерге жазады.

Жауабы:5 см.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

шаршының қабырғасының ұзындығын өлшейді және оның барлық қабырғаларының ұзындығын анықтайды.

Оқушының сабақ тақырыбын түсінгенін тексеру

үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

Шаршының неше қабырғасы бар? (Төрт.)

Қабырғаларының ұзындықтары бірдей тіктөрт-бұрыш... деп аталады. (Шаршы.)

Қабырғасының ұзындығы 2 см болатын шар-шының барлық қабырғаларының ұзындығы нешеге тең болады?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Шамалар. Масса

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт ша-маларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өл-шемдер мен құралдарды таңдайды, өлшейді.

шамалар мәндерін, яғни ұзындық (см, дм)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық (л)) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

таразының бірнеше түрі;

кіртастары;

тұз, қант салынған екі полиэтилен қалта;

бір рет қолданылатын 200 грамдық стақан;

жіп.

Тірек сөздер

таразы.

Сабақтың мақсаты:

Таразымен заттың массасын өлшей білу. Әртүрлі кіртастарының көмегімен өлшеу жұмыстарын жүргі-зу. Масса, килограмм туралы түсініктерді өмірмен байланыстырып түсіндіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Масса — ол шама. Кез келген шаманы өлшеуге болады. Заттың массасын өлшеу үшін таразыны және негізгі өлшем бірлік ретінде килограмды пай-даланады. Таразы — заттың массасын анықтайтын құрал.

Кіріспе тапсырма. Алдын ала дорбадағы дәнді-дақылдардың кем дегенде екі түрін, таразы түрле-рін, кіртастарын, стақан, бос полиэтилен қалталар дайындап қою керек.

Оқушылардан заттардың ауыр не жеңіл болып келуі неге байланысты екенін сұраңыз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз.

Массаны дәл анықтау үшін не істеу керек? (Өлшеу керек.)

Заттың массасын қандай құралдың көмегімен өлшейміз? (Таразы.)

Сендер таразыны қайдан кездестірдіңдер? (Оқу-шы жауаптарын тыңдаңыз.)

1 килограмды қалай өлшеп алуымызға болады? Оқушыларға “Тексеру таразысы” ойынын ойнайтындарын хабарлаңыз. Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топ мүшелеріне 1 кг дақыл түрін дүкеннен өлшеп алу керектігін тапсырыңыз. Ол үшін 1 кг-дық кіртасын көрсетіп, естеріне түсіріңіз. Оқушылар таразының және 1 кг-дық кіртастарының көмегімен 1 кг дақыл түрін өздері өлшеп алуын ұйымдастырыңыз. “Сату-шы” өлшеу жұмысының дұрыс жүргізілгенін бақылап тұрады. Егер табақты таразы жоқ болса, электронды таразымен өлшетуге болады.

Таразының көмегімен 1 кг-нан артық заттардың массасын өлшеу үшін мынадай тәжірибе жұмысын орындатыңыз. Таразының бір жақ басына салмағы 2 кг болатын затты қойыңыз. Заттың массасы оқушыларға айтылмайды. Екінші жақ басына 1 кг-дық кіртасын қойыңыз. Оқушылардан өлшеніп тұрған заттың массасы туралы не ойлайтынын сұраңыз, oл 1 кг-нан артық. Таразы басын теңестіру үшін не істеуi керек-тігін сұраңыз. Оқушылар дұрыс шешім айтса, орындап көріңіз. Оқушылар айта алмаса, таразының кіртасы тұрған басына тағы да 1 кг-дық кіртасын қойыңыз. Таразы басы теңеседі. Заттың массасы — 2 кг. Екі 1 кг-дық кіртастың орнына 2 кг-дық кіртасын пай-далануға болатынын көрсетіңіз. Осындай жұмыс түрлерін орындау арқылы 3 кг, 5 кг-дық кіртаста-рымен таныстырыңыз.

Кіртастардың массасын өсу ретімен айт.

Оқушылар тапсырманы орындай отырып, әр кіртасындағы сан оның массасын білдіретінін түсінуі крек. Суретті қарап шығуды ұсыныңыз. Сұраңыз:


Суретте массасы қандай кіртастары көрсетілген?

Оны қалай анықтадыңдар?

Кіртастарындағы сан оның массасын көрсетеді деген қорытындыға келтіріңіз. Кіртастарын өсу ретімен ататыңыз.

Жауабы:

1 кг, 2 кг, 3 кг, 5 кг, 10 кг.

Есептеп көр. Бұл тапсырмада заттардың мас-салары килограммен берілгендіктен атаулы сандарды қосу немесе атаулы сандарды азайту қажет болады. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Тексеруді жалпы сыныппен орындатуыңызға болады.

Жауабы:

2 кг; 10 кг; 3 кг; 9 кг; 3 кг; 8 кг.

Орындап көр. Таразыдағы екі жағдайда да бір заттың өлшеніп тұрғанынa және оның массасы 3 кг-ды көрсетіп тұрғанына назар аудартыңыз. Оның себебін оқушылардың дәлелдеп беруіне тапсырманы жұппен орындату арқылы мүмкіндік туғызыңыз. Оқушыларға өзара дәлелдерін айтқызып, талдатыңыз.

Жауабы:

3 кг.

Шығарып көр. Тапсырмада қанша килограмм қант бар екенін сурет бойынша өз бетінше анықтатып тапқызыңыз. Оқушылар жауабын ламинатталған бетке жазады. Жазған нәтижеcін соңынан қорытындылап айтады.

Жауабы:

3 қорапта — 3 кг, 5 қорапта — 5 кг.

Ойлан. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Олар талдай отырып, қан-дай кіртасын пайдаланып жануарлар массасын теңестіруге болатынын анықтайды. Оқушыларды шешім қабылдауға біртіндеп жетелеңіз.


hello_html_me3da497.png

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Өткен тірек сөздерді есіне түсіріп, “Сөздер тақтасы” бойынша қайталау жұмысын жүргізу қажет. Ол сөздерді қайталатып айтқызуыңызға болады.

Бүгінгі сабақтағы тақырыпқа байланысты тірек сөз “масса”, оны оқушыларға айтқызып, қайта-латыңыз.

Массаның өлшем бірлігі — “килограмм” және заттың массасын анықтайтын құрал — “таразы” сөздерін қайталап айтқызып, байқаңыз. Осы сөздер жазылған парақшаны пайдаланып, “Сыңарын тап”, “Тізбек құрастыр” т.с.с. ойын ұйымдастырыңыз.

Таразыдағы жемістердің массасын салыстыр.

Алма мен алмұрттың массасы әр таразыда қандай қатынаста болатынын сурет бойынша талдау қажет. Оқушылар өз жауаптарын жұмыс дәптеріндегі бос орындарға суретін салып дәлелдейді.

Жауабы:

бір алма;

бір алмұрт.

Әр қаптың массасын есепте. Оқушылар тап-сырмада суреттегі таразыдағы кіртастар бойынша бір қаптың массасын дұрыс тауып, астында берілген бос орындарға жазу керек.

Жауабы:

а) 8 кг; ә) 9 кг.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

таразының көмегімен заттың массасын өлшеп, анықтауды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

Заттың массасын анықтайтын құралды ата.

Кіртастарындағы сандар нені білдіреді?

Массаның өлшем бірлігі не?

4 кг заттың массасын қандай кіртастарының көмегімен өлшеуге болады?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Шамалар. Көлем

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

ұзындық/(масса) көлем/(сыйымдылық)/уақыт ша-маларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өл-шемдер мен құралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді;

шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм)/масса (кг)/ көлем (сыйымдылық (л)) өлшем бірліктерін са-лыстырады және амалдар орындайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

көлемі әртүрлі ыдыстар;

1 литрлік өлшеуіш ыдыс;

көлемі бірдей полиэтилен стақандар.;

дорба;

дақылдар, құм.

Тірек сөздер

Шамалар. Көлем

Сабақтың мақсаты:

Көлемнің өлшем бірлігі — литрді қолданып, өлшеу жұмыстарын жүргізу арқылы көлемді анықта-ту. Көлемнің зат сыйымдылығын сипаттайтын шама екенін түсіндіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушылар көлемнің шама екенін түсініп, оны өлшеуге, салыстыруға болатынын біледі. Бүгінгі сабақта сұйық және сусымалы құрғақ заттардың көмегімен ыдыстардың көлемін анықтауды жал-ғастырады. Заттың көлемін анықтау үшін өлшеулер жүргізіп жаттығады. Сыйымдылығы 1 л ыдысты тани және таба білу дағдысын қалыптастыруға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оларға тұрмыста жиі кез-десетін ыдыстардың сыйымдылығын есте сақтауға мүмкіндік жасалады. Оқушыларға көлемі 1 куб дм болатын кубқа 1 литр су сыятыны туралы қызықты мәлімет ұсынылады.

Оқушыларға алдыңғы сабақта көлемді (суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйып және текшелерді бір қораптан екінші қорапқа салып) әртүрлі тәсілмен салыстырғанын естеріне түсіріңіз. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы суреттерді көрсетіңіз.

Кіріспе тапсырма. Бұл сабақта көлемді сусымалы заттар арқылы өлшеу мен салыстыру жүргізілетінін айтыңыз. Мысалы, қант, құм, бұршақ, күріш, қарақұ-мық немесе басқа да дақылдар. Жұмысты жұппен орындауды тапсырыңыз. Әр жұпқа 1 литрлік өлшеуіш ыдыс және күріштен басқа дәнді дақылдар беріңіз. Әр топқа әртүрлі дақылдар беруге болады. “1 л” белгіге дейін 1 литрлік ыдысқа дақылдарды салып, сыныпқа көрсетуін тапсырыңыз. Оқушыларға қалайша сусымалы заттардың көмегімен көлемді салыстыруға және өлшеуге болатынын бақылауды ұсыныңыз. 3 литрлік шыны ыдыстың көлемін қалай білуге болатынын сұраңыз. 1 литрлік ыдысқа “1 л” деген белгіге дейін күрішті толтырыңыз. Сол күрішті 3 литрлік ыдысқа салыңыз. Осылайша тағы да екі 1 литрлік ыдысты толтырыңыз. Ыдысты толтырғаннан кейін оқушыларға ыдыстың көлемін айтуын талап етіңіз (3 литр). Ыдыстардың көлемін сусымалы заттарды қолдану арқылы салыстырыңыз. Күріш салынған 5 литрлік кастрөлді, 2 литрлік термосты және 3 литрлік шыны құтыны көрсетіңіз. Күрішті шыны құтыдан кастрөлге салыңыз. Күріштің барлығын салғаныңызды және шыны құтының бос қалғанын көрсетіңіз. Екі ыдыстың көлемі туралы сұраңыз. Кастрөлдің көлемі шыны құтыдан артық, ал шыны құтының көлемі кастрөлден кем екенін айтуға жетелеңіз. Күрішті шыны құтыға салыңыз. Енді шыны құтының көлемі мен термостың көлемін салыстыруды тапсырыңыз. Оқушылардан не істеу керектігін сұраңыз. Олар күрішті шыны құтыдан термосқа салуды ұсынуы мүмкін. Күрішті шыны құтыдан термосқа салуын тапсырыңыз. Термос күрішке толы екенін және шыны құтыда әлі күріш қалғанын көрсетіңіз. Оқушыларды кастрөлдің көлемі шыны құтының көлемінен артық екенін, шыны құтының көлемі термостың көлемінен артық екені

туралы қорытынды жасауға жетелеңіз.

Раушангүлді отырғыз. Тапсырманы орындау үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға суретке қарап, 30 литрлік ыдысты толтыру үшін қанша шелек топырақ салу керектігін анықтатыңыз. Ол үшін оқушылар ыдыстардың көлемдерін сәйкестендірy керек. Олар өз жауаптарын ламинатталған қағаздарға жазып, сыныптағы оқушыларға көрсетуіне болады.

Жауабы:

3 шелек.

Орындап көр. Тапсырманы тәжірибе түрінде оқушылардың өздеріне жасатыңыз.

1 литрлік және 2 литрлік ыдыстарды пайдаланып,

4 литр суды өлшеп алуын жұппен ұйымдастырыңыз. Олардың қажетті ыдыстарды дұрыс таңдау арқылы өлшей білу дағдысын қалыптастырыңыз.

Жауабы:

2 л, 2 л;

1 л, 1 л, 1 л, 1 л;

1 л, 1 л, 2 л.

Автокөлікке неше литр бензин құйылды?


Тапсырманы сурет мазмұнына сүйеніп, өз бетінше орындауын ұйымдастырыңыз.


Жауабы:


40 литр бензин.


Есепте. Бұл тапсырма заттың массасын қосумен есептеу дағдысын бекітуге және атаулы сандар-ды (литрмен) азайтуға мүмкіндік береді. Жұмысты жұппен орындауды ұсыныңыз. Тексеруді жалпы сыныппен жүргізіңіз.


Жауабы:


3 л; 2 л; 6 л; 5 л; 8 л; 10 л.


Ойлан. Оқушыларға стақандағы шырынға мұқият қарау керектігін ескертіңіз. Cуреттегі стақанда қалған шырынның мөлшеріне қарап, Жанар Анардан гөрі көп ішті деп ойлауы мүмкін. Сондықтан бұл тапсырма байқампаздықты қажет ететінін айтыңыз.

Жауабы:

Анар көп шырын ішті.

Сен білесің бе? Қабырғасы 1 дм текшеге 1 литр су сыятынын айтыңыз. Мүмкін болса, осындай ыдысты көрсетіңіз. Сондай текшені көрсетуге мүмкіндік болса, қажетті өлшеулерді жүргізіп, оқушылардың көзін берілген ақпаратқа тәжірибе жүзінде жеткізіңіз.


hello_html_20245e8f.png

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларға тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қайталату үшін “Сөздер тақтасына” назар аудартып, бүгінгі сабаққа байланысты сөздерді табуды ұйымдастырыңыз. Негізгі тірек сөздер: “кө-лем”, “литр”, “өлшеу”. Оқушылармен мынадай ойын ұйымдастыруыңызға болады. Әрбір сөз жазылған парақшаларды таратыңыз. Oқушы алдында жатқан қағаздың біреуін ашып ондағы сөзді дауыстап айтады, сөздерді оқу қиындық туғызса, басқа, жақсы оқи алатын оқушы не мұғалімнің өзі көмектесуі керек.

Қай ыдыста сусын көп? Ыдыстардағы сусынды салыстырып, қай ыдыстағы сусын ыдыстың көп көлемін алып тұрса, сол ыдыстағы сусынның мөлшері көп екенін анықтап, оның суретін қоршап сызады.

Жауабы:

а) бірінші; ә) екінші;

б) бірде-біреуін қоршамайды, себебі олардағы сусын өзара тең.

Қатар тұрған екі шелекте неше литр су бар екенін есепте. Тапсырманы орындамас бұрын,

оқушылар “жұп” деген ұғымды естеріне түсіруі қажет. Бірнеше ыдыстағы судың көлемін табу үшін оларда көрсетілген сандарды қосу арқылы орындау керек.

Жауабы:

а) 20 л; ә) 10 л; б) 15 л.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

әртүрлі өлшеу жұмыстарын жүргізе отырып, көлемді литрмен анықтауды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

Құмырада 5 литр сүт бар. Құмыраның көлемі мен кастрөлдің көлемі бірдей. Кастрөлдің көлемі қандай? (5 литр)

Шыны құтыға 3 литр су сыяды. Ненің көмегімен шыны құтыдан 1 литр суды алуға болады? (өлшеуіш ыдыспен немесе көлемі 1 литр ыдыспен.)

Екі ұл бір-бір бөтелкеден ауызсу сатып алды. Бөтелкелер бірдей. Олар біраз су ішіп, қанша су қалғанын салыстырды: біреуінде артық, біреуінде кем. Қалай ойлайсыңдар, қайсысы суды көп, қайсысы аз ішті?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Біздің айналамыздағы өлшемдер

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт ша-маларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өл-шемдер мен құралдарды таңдайды, өлшемдер жүрізеді.

шамалар мәндерін, яғни ұзындық (см, дм)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық (л)) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. сызғыш;

  2. сантиметрлік таспа;

  3. әртүрлі көлемдегі ыдыстар;

  4. А4 қағаз парақтары.

Тірек сөздер

Біздің айналамыздағы өлшемдер

Сабақтың мақсаты:

Айналадағы заттардың ұзындығын, көлемін, массасын өлшеуге үйрету. Шартты өлшемдермен ұзындықты, көлемді, массаны өлшеу дағдысын дамытып, бекіту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Cабақ айналадағы заттардың ұзындығын, көле-мін, массасын анықтауға бағытталған. Оқушылар сабақта шартты өлшемдермен ұзындықты, көлемді, массаны өлшеу дағдысын дамытып бекітеді. Адам өмірі айналасындағы заттарды өлшеумен тікелей байланысты. Сабақты заттарды өлшеудің не себепті қажет болғанын әңгімелей отырып бастаса, оқушылардың қоршаған орта туралы дүниетанымын қалыптастыруға, оны танып-білуге деген қызығушылығын арттыруға септігі тиеді. Оқушыларды шамаларды өлшейтін нақты өлшем бірліктерін таңдай білуге жаттықтыру қажет. Мысалы: массаның өлшем бірлігі — килограмм, ұзындықтың өлшем бірлігі — сантиметр, дециметр, ал көлемнің (сыйымдылық) өлшем бірлігі — литр туралы түсі-ніктерін тиісті тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында қалыптастыру керек. Шамаларды бір-бірінен ажырата білуіне көңіл бөлген жөн.


hello_html_m5d6ace91.png

Кіріспе тапсырма. Бір ыдысты алып, осы ыдыстың көлемін, массасын, ұзындығын өлшеуге болатынын айтыңыз. Мүмкін болса, бір ыдысқа әртүрлі өлшеу жұмыстарын жүргізіңіз. Сыйымдылығы 2-3 литр бо-латын әртүрлі бірнеше ыдысты қолданып, жұмысты топпен орындатыңыз (ыдыстар өлшеуге ыңғайлы болу керек):

бірінші, ыдыстың биіктігінің қанша сантиметр болатынын анықтатыңыз;

eкінші, ыдыстың сыйымдылығын бір литрлік құтының көмегімен су құйып анықтатыңыз;

үшінші, ыдысты таразыға салып, массасын анықтатыңыз.

Жұмысты орындап болған соң әртүрлі сұрақтар қою арқылы қорытындылаңыз:

Ұзындықты қандай өлшем бірлікпен анықтадың? (см)

Ыдысқа 2 литр су сыяды. Қандай шама жайында айтылып тұр? (көлем)

Массаның өзің білетін өлшем бірлігін ата. (кг)

Ыдысқа қанша су сыятынын анықтау арқылы заттың несін білеміз? (көлемін)

Ыдысты таразыға салып өлшеу арқылы нені анықтаймыз? (массасын)

Табаныңның ұзындығын өлше. Тапсырманы орындау үшін оқулықтағы суретті басшылыққа ала отырып, оқушылардың барлықтарына табандары-ның ұзындықтарын өлшеуді ұсыныңыз. Олардың әрқайсысына табандарын бастырып сызуға бір парақ қағаздан таратып беріңіз. Одан кейін үлкен бақайынан өкшесіне дейінгі ұзындықты анықтатыңыз. Нұсқаулық ретінде оқулықтағы суретті ұсыныңыз. Табан ұзындығы бойынша аяқкиімнің өлшемін анықтауға болатынын түсіндіріңіз. Оқулықта берілген кесте бойынша оларға аяқкиімінің өлшемін анықтауды ұсыныңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың математикалық тілдерін дамыту үшін сыныптағы “Сөздер тақтасына” көңіл бөліп, тақырыпқа байланысты сөздерді қайталатып айт-қызыңыз.

Тиісті парақшаларды сызықпен қос. Оқу-шыларға суретке сүйеніп, ұзындығы бірдей, массасы әртүрлі, биіктігі бірдей, көлемі әртүрлі және массасы бірдей, өлшемі әртүрлі заттар болатынын анықтатып, үйден осы мысалдардың негізінде мұндай заттарды тауып, салыстырған заттардың атын жазып келуді тапсырыңыз. Заттардың ұзындығын өлше. Нәтижесін кестеге жаз. Заттардың ұзындығын кестегe толтыру көзделеді.

Үйден осындай заттар тап, атауларын жаз.

Оқушылар заттардың мысалдарын тауып, олардың атауларын жазу керек. Заттар берілген шарттарға сәйкес келуі керек. Тапсырма берілген бір заттың әртүрлі шамалардың өлшеу дағдысын бекітеді.

Заттардың ұзындығын өлше. Оқушылар заттардың ұзындығын тауып, кестеге толтырады.

Жауабы:

сағат — 11 см, мәшине — 10 см, қонжық — 12 см.

Сыныпта немесе үйде өлшеп көр. Тапсырма заттардың ұзындығын өлшеу туралы білімдерін бекітуге беріліп отыр.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында айналасындағы заттардың:

массасын,

ұзындығын,

көлемін өлшеп меңгереді.

Оқушылардың бүгінгі сабақтағы шамаларға бай-ланысты білімдерін тексеру мақсатында төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

1. Көлем. 2. Пішін сөздерінің қайсысы шама болмайды?

Шаманы тап: 1. Заттың түсі. 2. Заттың ұзындығы.

Массаның өлшем бірлігін тап: 1. Литр.

Килограмм.

Қатені тап: 1. Масса — кг. 2. Көлем — см. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік

баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қысқы математикалық ойындар

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

сандарды қосу мен азайту дағдыларын;

ұзындықты өлшеу дағдыларын бекітеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

әртүрлі түсті қағаздан жасалған қар қиыр-шықтары;

қағаздан қиылған: бес дөңгелек, бес тіктөрт-бұрыш, үш шаршы, екі үшбұрыш; Әр топқа арналған:екінші жағында жеке мысалдар жазылған белгілі бір түсті қар қиыршықтары;көлемді геометриялық фигуралар жиынтығы;

шеттеріне айналдыра математикалық мысалдар жазылған қағаз шеңберлер;интерактивті тақтаға арналған “Хоккей” ойыны-ның презентациясы.

Тірек сөздер

Қысқы математикалық ойындар

Сабақтың мақсаты:

Екінші тоқсанның оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, алған білімдерін жинақтау және бекіту, салауатты өмір салты дағдысына баулу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Бұл сабақ екінші тоқсандағы қорытынды сабақ болып табылады. Ол жарты жыл бойында меңгерілген оқу материалын қамтиды. Оны математика пәнін меңгеруге деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік беретіндей дәстүрден тыс формада ұйымдастыру керек.

Тоқсанның аяғында мереке түрінде қорытынды-лау сабағын өткізіңіз. Оқушыларға бұл сабақта қысқы ойындарды ойнайтындарын, бірақ ойындар математикамен байланысты болатынын айтыңыз. Сабақтың тақырыбын хабарлаңыз: “Қысқы мате-матикалық ойындар”. Оқушыларды топтарға әдет-тегіден тыс бөліңіз. Ол үшін алдын ала қағаздан жасалған әртүрлі түстегі қар қиыршықтарын да-йындаңыз, олардың артқы жағында мысал ретінде тапсырмалар жазылған болсын. Оқушылар мысал-дарды шешіп, қардың түсіне байланысты таңдалған топқа барып отырады. Әрбір команда өзінің тапсырмалары бар бағыт парағын алады.

Бағытына қарай оқушы дұрыс орындалған тап-сырмалар үшін ұпай жинап, сынып бойынша орнын ауыстырып отырады. Тапсырмалар үшін ұпайды қазылар береді. Оның құрамына қызығушылық білдірген ата-аналар немесе пән мұғалімдері кіре алады.


Әрі қарай сабаққа қосуға болатын тапсырмалар-дың мысалдары келтіріледі. Сонымен қатар әр мұ-ғалім өз сыныбы үшін қажет деп есептейтін тарауды қайталау тапсырмаларын пайдалануына болады.

Бұрқасын” ойыны. Әрбір топ үшін ойыншы-лардың санына байланысты 4-5 қиылған қар қиыр-шықтарын дайындаңыз. Қар қиыршықтарының сырт жағына сандарды жазыңыз. Әрбір қарды үстелге жабыстырып қойыңыз. Топтан бір ойыншы желдің рөлін орындауы керек. Сондықтан ол қарды үрлеп, “боран” соққызады да, қар қиыршықтарын аударуға тырысады. Мұның бәрін қолдарының көмегінсіз жасауы керек. Қалған ойыншылар мұқият бақылап, қар қиыршықтарының екінші жағында жазылған сандарды есте сақтап қалуға тырысуы керек. Содан кейін бұл сандарды оқушылар өсу тәртібімен кестеге жазады.

Хоккей” ойыны. Бұл ойынды “Power Point” презентациясының көмегімен интерактивті тақтада көрсетуге болады. Тақтаға әрбір топтан капитандар шақырылады. Тақтада қақпалары және қақпашылары бар хоккей алаңының көрінісі болуы керек. Ойынның мақсаты — гол соғу. Экранның оң жағында 100-ге дейін аттап қосу және азайту амалдары мен шайбаның суреті болуы тиіс. Экранның төменгі жағында жауап нұсқалары — сандар жазылуы керек. Ойыншылар кезекпен мысалдарды ауызша шешеді де, жауап нұсқасын таңдайды. Егер мысал дұрыс шешілсе, “Гол” деген дыбыс шығады. Егер шешім дұрыс болмаса, шайбаны қақпашы қағып жібереді. Әрбір ойыншының 3 мысал шешуіне және команданың қоржынына үш ұпай алып келуіне құқығы бар.

Хоккей. Тапсырма есептеу дағдысын бекітуге және есептеу нәтижелерін салыстыруға бағытталған. Оқушылар өрнектерді салыстырып, кімнің жеңіске жеткенін ауызша қорытындылап айтып беруі керек.

Жауабы:

а) 5 + 7 = 12, 6 + 8 = 14;

ә) 14 – 5 = 9, 12 – 4 = 8.

Қар кесегі” ойыны. Топтағылар қағаз бетінен қиылған дөңгелек алады. Мұнда спираль бойынша шеңберге мысал жазылған. Әрбір ойыншы бір әрекет жасауға құқылы, содан кейін шеңберді келе-сі ойыншыға беруі тиіс, осылайша жалғаса береді. Нәтижесінде мысалдың басында болған сан қайта шығуы керек. Ойын аяқталған соң тапсырма қазылар алқасына тексеруге беріледі. Егер шешуде қате жіберілмеген жағдайда топта 3 ұпай алады, әрбір жіберілген қате үшін 1 ұпай кемиді.

Қар кесегі. Тапсырма қосу және азайту кезіндегі компоненттер арасындағы байланысты бекітуге бағытталған. Оқушылар тастап кеткен санды анықтап, атауы керек.

Жауабы:






а)







қосылғыш

6

4

3

4




қосылғыш

3

6

6

4




қосындының мәні

9

10

9

8


ә)









азайғыш

10

9

4

7




азайтқыш

9

6

4

6




айырманың мәні

1

3

0

1












Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


ұз қамалы” ойыны. Топтағылар жиынтық-тағы барлық фигураны пайдалана отырып, көлемді геометриялық фигуралардан қамал тұрғызуы керек. Шарты: қамал берік, орнықты болу керек. Егер қамал құласа, топқа тағы екі мүмкіндік беріледі, бірақ әрбір пайдаланған қосымша мүмкіндік үшін ұпай кемиді.

Орындап көр. Сырғанақтың суретін қарап шығуды ұсыныңыз. Сырғанақ қандай жазық фигу-раны еске түсіретінін анықтаңыз. Оқушыларға тік-төртбұрышты сырғанақтың қабырғаларының жалпы ұзындығын табуды ұсыныңыз.

Жауабы:

сырғанақтың қабырғалары — 10 см және 5 см; барлық қабырғаларының ұзындығы — 30 см.

Мұз қамалын алу. Бұл тапсырма қосу мен азайтудың кестелік жолы, 10 санын қосу мен азайту және нөлмен орындалатын амалдар туралы білім, біліктілік дағдысын тексеруге бағытталған.

Аққалаға көмектес. Бұл тапсырмада 1 дм = 10 см қатынасын негізге ала отырып, ұзындықтың өлшем бірліктері арасындағы байланысты орнату керек. Мұндай байланысты орнатқан соң, оқушылар сәйкес атаулы сандар жазылған аққала мен оның сыпырғы-шын жалғастырып сызады.

Жазық фигураларды пайдаланып, аққаланың суретін сал. Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға жазық фигуралардан аққала құрастыруды ұсыны-ңыз. Оларға қағаздан қиылған жазық фигураларды таратып беріңіз: бес дөңгелек, бес тіктөртбұрыш, үш шаршы, екі үшбұрыш. Көлемді заттарды белгілеу үшін жазық геометриялық фигураларды пайдалану дағдысын тексеруге бағытталған шығармашылық тапсырма. Оқушыларға аққаланың таныс бейнесін құрастыра отырып, фигураларды әртүрлі комбина-цияда қолдану мүмкіндігі берілген. Алайда пайда-ланатын фигуралардың саны шектеулі.

Бағалау

Сабақтың соңында оқушылар:

бірінші және екінші тоқсанда алған білімдерін қолдана алады.

Оқушылардың білімін қазылар алқасы бағалайды.

Тапсырманы дұрыс орындағанына қарай оқушы-ларға ұпайлар беріледі. Әр топ қазылар алқасына тапсырманы үш рет ұсына алады. Егер оқушы тапсыр-маны бірден орындай алса — 3 ұпай, екінші ретте орындаса — 2 ұпай, үшінші ретте орындаса — 1 ұпай алады. Әр дұрыс жауапқа белгілі бір түсті қар қиыршығын алады. Сабақ соңында барлық ұпай са ны қосылады. Ең көп ұпай жинаған топ “жеңімпаз” атанады.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Сандарға амалдар қолдану

20-ға дейінгі сандарды салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір таңбалы және екі таңбалы сандарды (11–20) салыстырады;

+”, “-”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын пайдаланады

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әрбір оқушыға арналған:

20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;

20-ға дейінгі сандар жазылған сандық сәуле;

бір таңбалы сандарды қосу кестесі.

Тірек сөздер

20-ға дейінгі сандарды салыстыру

Сабақтың мақсаты:

20-ға дейінгі сандарды және 100- ге дейінгі дөңгелек сандарды салыстырғанда “>”, “<” таңба­ ларын қолдану, айырмалық салыстыру дағдыларын сандық сәуле бойынша бір саннан екінші санға дейін қадамдарды санау тәсілі арқылы бекіту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер



Оқушылар сандарды салыстыру тәсілдерімен бұған дейін таныс. Берілген сабақ сандарды салыстыру білігін 20-ға дейінгі сандар және 100-ге дейінгі ондықтар арасында жүргізілген жұмыстың мысалдарымен бекітуге бағытталған. Оқушылар сандардың арасындағы өзара байланысты (артық, кем, тең) орнатады. Бір санның екінші саннан неше бірлікке артық немесе кем екенін салыстыру үшін айырмалық салыстыру тәсілін пайдаланып нақтылайды. Айырмалық салыстыру ережесі осы типтес есептерді шығару кезеңінде енгізіледі. Сондықтан осы кезеңде айырмалық салыстыруды сандық сәуленің көмегімен, яғни бір саннан екінші санға дейінгі қадамдарды санау тәсілімен жүргізеді. Сабақтың сюжеттік желісі табиғи ерекшеліктерге сәйкес құрылып, “Қысқы ойындар” деп аталған. Екі таңбалы сандармен (20-ға дейінгі) танысу кезінде оқушылар оларды разрядтық құрамы бойын­ ша салыстыруды үйренді және оның салыстыру ере­ жесін біледі:

Екі таңбалы сандарды салыстыру үшін ондықтар разрядындағы­ санға қарау керек. Ондықтар разря­ дындағы сан үлкен болса, онда сан да үлкен болады.

Екі таңбалы сандардың ондықтар разрядын­-да бірдей сандар тұрса, бірліктер разря­дындағы­ сандар салыстырылады.


Берілген тұжырымдарды бекіту үшін оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға 0-ден 20-ға дейінгі сандары бар парақшалар жиынтығын алуды ұсыныңыз.

Ойынға дайындық:

Әрбір ойыншы өз парақшаларын аралас­ тырып, үстел үстіне сандарын төмен қаратып орна­ ластырады. (Нұсқалары: 2 Х 5; 4 Х 5; 5 Х 4.)

Сосын ойыншылар өз парақшаларын қандай ретпен ашатынын келіседі.

Ойын тәртібі:

Бірінші ойыншы жоғары қатардың сол жағын­ дағы бірінші парақшаны ашады.

Екінші ойыншы да өз жиынтығынан жоғары қатардың сол жағындағы бірінші парақшаны ашады.

Ойыншылар сандарды салыстырады. Кімнің қолындағы сан артық болып шықса, екі парақша да соның қолына көшеді.

Егер екі ойыншының қолындағы сандары тең болса, онда парақшалар әркімнің өзінде қалады.

Барлық парақшалар аяқталғанша ойын жалғаса береді. Кімнің қолында көп парақша қалса, сол жеңіске жетеді.

Ойынды қиындату үшін мынадай бір шартты қосуға болады: ойыншылар сандарды салыстырғанда бір сан екінші саннан қаншаға артық немесе кем екенін нақтылауы қажет.

Тақырыпты оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы бекітіңіз.

Сапарға шығамыз. Тапсырманы жұптарға бірігіп орындауды ұйымдастырыңыз. Оқушылар оқулықтағы суреттерді анықтап қараған соң, салыстыру белгілерін қолдана отырып, сол суреттер бойынша мүмкін болатын барлық санды теңсіздіктерді құрастырады­. Өз жауабын ламинатталған парақтарға жазады да, талқылау кезінде сыныптың алдына ұсы­нады. Әрбір жұпқа өз жұмысын ұсыну мүмкіндігін беріңіз. Жауабы:

Ұлдар мен қыздардың саны: 5 > 4 (4 < 5); Ересектер мен балалардың саны: 2 < 9 (9 > 2); Қояндар мен тиіндер саны: 2 < 3 (3 > 2); Ересектер мен балалардың жолдорбаларының саны: 2 > 0 (0 < 2).

Сөз құрастыр. Бұл кезеңде оқушыларға ондық сандарды қосу мен азайтудың тәсілдері әлі таныс емес. Сондықтан олар сандық сәулені (қосқанда қадамдарды оң жаққа есептеу, азайтқанда сол жаққа есептеу) немесе қосу кестесін қолдана алады. Барлық мысалдарды шығарып болған соң тапсырманы топта орындатыңыз. Тапсырманы орындап болған әр топ өз парақтарын тақтаға іліп, басқа топтардың жауабымен салыстырады.

Жауабы:

18, 17, 16, 13, 12, 10.

АҚҚАЛА

Шығарып көр. Берілген тапсырманы жалпы сыныпқа орындатыңыз. Оқушыларға суретті мұқият қарауды тапсырып, сұрақтарға жауап алыңыз:

Суреттің сол жақ бөлігінде қанша аққала бейнеленген? (9)

Суреттің оң жақ бөлігінде қанша қалпақ бейнеленген? (7)

Барлық аққалаға баскиім жетті ме? (қалпақ, бөрік, каска және т.б.).

Салыстыру белгілерінің көмегімен жазып көрсетіңіз. (7 < 9, 9 > 7.)

Қалай ойлайсыңдар, аққала мен баскиімнің саны бірдей болу үшін не істеу керек?

Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Олар тағы бір баскиім керек деп айтуы мүмкін. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып, бұл шешімнің теориялық тұрғыдан жал­ ғыз шешім емес екенін түсінуіне жағдай жасаңыз. Теңестірудің басқа да тәсілдері бар. Мысалы, 3 бас­ киім қосып және тағы 1 аққала­ жасау; 4 баскиім қосып, тағы 2 аққала жасау немесе 2 аққаланы бұзса, олар 7 болады,­ яғни қанша баскиім болса, сонша аққала болғаны.

Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұп­қа бірігіп орындауды және әр жұпқа санның арасына белгілер қоюды ұсыныңыз. Оқушылар­ салыстыру­ кезінде жұптағы бір санның екінші сан­нан қанша артық немесе кем екенін нақтауы тиіс. Ол үшін олар сандық сәулені (қадамдарды бір саннан екінші санға дейін есептеу) қолдана алады. Айырмалық салыстыру туралы ереже әзір айтылмайды. Бұл тапсырманы оқушылар сандық­ теңсіздіктерді жаза отырып, жеке қағазға орындайды. Берілген тапсырманы “тізбектей орындатуға”­ да болады.


Жауабы:

10 = 10 жазуы артық, өйткені қалған жазуларда “>” немесе “<” белгілері қолда­нылған

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Ойын ұйымдастырыңыз. Ол үшін оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. Жұптарға “артық”, “кем” немесе “тең” сөздері жазылған парақшаларды таратыңыз. Оларға 20-ға дейінгі сандары бар парақ­шаларды таңдауды және сөзді салыстыру­ белгісіне ауыстырып, теңсіздіктер құруды­ ұсыны­ ңыз. Оқушылар құрастырған теңсіздік­терді­ көр­ сетіп шығып, бір сан екінші саннан қанша артық (кем) екенін анықтауы тиіс.

Пазлдағы сандарды салыстыр. Оқушылар 20 көлеміндегі сандарды және 100 көлеміндегі дөңгелек сандарды салыстыра алады. Екі пазлдың арасына салыстыру белгілерін қояды. Оқушылар санды теңсіздіктерді құрады, ол үшін бос тор­көздерге­ ойлаған сандарды жазады және олардың арасына салыстыру белгілерін қояды.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

20-ға дейінгі барлық сандар мен 100-ге дейінгі дөңгелек сандарды салыстыруды меңгереді.

Тақырыпты бекіту деңгейін анықтау үшін оқушы­ лармен “Бәйге” ойынын өткізіңіз. Ол үшін 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар қажет болады.

Ойын тәртібі:

Жүргізуші (мұғалім) сұрақ қояды.

Ойыншылар жауап-сандар жазылған парақша­­ ларды көтеруі тиіс.

Сұрақтар үлгілері:

Қай сан 5-тен 2-ге артық?

Қай сан 15-тен 3-ке кем?

Қай сан 10-нан артық, бірақ 12-ден кем?

Барлық екі таңбалы сандардың ең кішісі қандай сан?

Қай сан барлық бір таңбалы сандардан үлкен?

Қолыңда бар сандардың ішіндегі ең аз сан қайсы? Ал ең үлкен сан қайсы?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өзін-өзі бағалауды өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Екі амалды өрнектер

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

екі амалдан тұратын, жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады; амалдарды орындау ретін анықтайды;

қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады;

+”, “–”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

ламинатталған қағаз;маркер.4 оқушыдан тұратын әр топ үшін:бір таңбалы сандар жазылған әртүрлі 3 парақ­ша

Тірек сөздер

амалдар реті.

Сабақтың мақсаты:

Берілген үш санды қосу және азайту үшін амал­ дардың орындалу реті туралы ұғымды қалыптастыру­ (жақшасыз).

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әртүрлі арифметикалық амалмен берілген өрнек­ тің мәнін есептеу үшін амалдың ретін сақтау қажет, яғни солдан оңға қарай бірізділікпен орындау­ керек. Бірінші амалда бірінші мен екінші санның­ айырмасы мен қосындысын табамыз. Екінші амалда­ үшінші сан мен бірінші амал нәтижесін қосып орындаймыз.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­­ ларға тапсырманы 4 адамнан тұратын топта орын­ дауды ұсыныңыз. Әр топ алғашқы ондық сандар жазылған 3 парақша және 1 бос парақша алады.

1. Оқушылар орындарында кез келген рет­ пен бір қатарға тұрады және “Сандарды қос” дегенде қолындағы ақпаратты бір-біріне беретінін түсіндіріңіз. Бірінші оқушы солдан оңға қарай екіншіге, екінші — үшіншіге, үшінші — төртіншіге береді. Оқушылардың тізбегін аяқтайтын төртінші оқушы үш санның қосындысын тауып, жауабын өз парақшасына жазу керек. Оқушылардың өзінің әрекетін­ мынадай сөйлемдермен түсіндіріп отыруын қадағала­ңыз:­ “Біз алғашқы екі санды қостық…”, “біз оның нәтижесін алдық…”, “содан соң біз келесі санды қостық…”, “нәтижесін алдық…”, “Бұл мысалдың нәтижесі…+…+…” Бірнеше амалдан тұратын мысалды шешкен кезде амалдарды бірінен­ соң бірін Автобус жолаушылары. Осы тапсырманы жалпы­ сыныппен өткізіңіз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойып әңгімеге тартыңыз:

Қоғамдық көлікке мініп көрдің бе?

Автобус қайда тоқтады?

Аялдамада не болады?

Автобустағы жолаушылардың саны аялдамаға келгенде өзгере ме? Неге?

Тапсырма мәтінін оқыңыз және оқушылардан сұрақтарға жауап беруді сұраңыз. Оқушылардың ұсыныстарын тыңдап алыңыз және аялдамадағы жолаушылардың ауысымынан кейін автобустағы жолаушылардың санын көрсететін өрнекті құруды ұсыныңыз. Оқушылар жауаптарын тез айтуы мүмкін. Тапсырманың орындалуының дұрыстығын тексеруді ұсыныңыз және мына сұрақтарды қойыңыз:

Осы өрнек неше амалдан тұрады?

Қандай амалды бірінші орындадыңдар?

Қайсысын екінші орындадыңдар?

Қосуға берілген екі амалды өрнектегі амал реті бірізділікпен солдан оңға қарай орындалуы тиіс деген қорытынды жасатыңыз. Алынған нәтижені салыстырыңыз.

Жауабы:

16 жолаушы.

Сиқырлы қар қиыршығы. Оқушыларға ойын­ ды жұптасып ойнауды ұсыныңыз. Олар нүктелі текшені­ кезекпен лақтырады. Текшенің жоғарғы жағына түскен нүктелер санын қар қиыршығына жазып, шыққан мысалды жазуды ұсыныңыз­. Текшені лақтыра отырып оқушылар мысалдар­ жазып, мынадай қорытындыға келеді: алған мысалдарының алтыдан артық болмайтынын, себебі текшенің барлығында алты жағы барын және қар қиыршықтарының­ орнында 1 , 2, 3, 4, 5 немесе 6 тұруы тиістігін айтады.

Жауабы:

20 – 1 – 3 = 16

20 – 2 – 3 = 15

20 – 3 – 3 = 14

20 – 4 – 3 = 13

20 – 5 – 3 = 12

20 – 6 – 3 = 11

Шығарып көр. Оқушылар мысалдарды шешіп, жауаптарын өсу ретімен қойып, сәйкес келетін әріптерден сөздер құрастыру керек. Оларға берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Олар рөлдерін өз бетінше бөледі. Біреуі барлық мысалдарды шешеді, екіншісі тексереді немесе біреуі мысалдардың бір бөлігін, ал екіншісі қалған бөлігін шығарады. Оқушыларға барлық мысалдардың жауаптарын ламинатталған беттерге жазу және барлық жауапты сәйкес реттілікпен орналастырып, нәтижесінде алынған сөзді көрсету қажеттігін түсіндіріңіз. Оларға өз жауаптары жазылған беттерді тақтаға жабыстырып, өзара тексеру жұмысын жүргізуді сұраңыз.

Жауабы:

9, 11, 13, 16, 19, 20. Қаңтар

Орындап көр. Оқушыларға зерттеу жүргізуді ұсыныңыз. Зерттеу нәтижесінде олар екі амалмен берілген­ санды өрнектегі қосудың мәні амалдарды орындау­ ретіне байланысты еместігін түсінеді. Ал егер екі амалдың ең болмағанда біреуі азайту ама­ лы болса, онда амалдардың орындалу реті маңызды­ болып саналады. Бұл айдарда берілген тапсырма­ ны орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Себебі мұндай қорытындыға келу үшін талдау жасап, өз болжамын айтуы және оның ақиқат екенін тексеруі қажет. Топ пікірін ортаға салу үшін әр топтың бір мүшесі шығып, топтың пікірін айтуды ұсыныңыз.


hello_html_mc169286.png

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларға өз әрекеттерін түсіндіруде, есеп­ теу нәтижесін хабарлауда математикалық тер­ миндерді дұрыс қолдануға көмектесіңіз. Амалдың­ орындалу ретіне берілген тапсырманы орындаған­ кезде оқушыларды тірек сөздерді дұрыс айтуға жаттықтырыңыз.

Бос шаршыларды толтыр. Тапсырмада екі амалды жақшасыз өрнектегі арифметикалық амалды орындап,­ торкөздерге аралық және жалпы нәтижені жазу талап етіледі. Тапсырмадағы сандар оқушылар­­ дың сандар кестесі мен сандық сәулені қолданып қосуға жаттығуы үшін таңдалып алынған.

Жауабы:

а) 5+1+4=10 ә) 9-3+2=8

1+1+4=6 4-3+2=3

4+1+4=9 10-3+2=9

2+1+4=7 8-3+2=7

Дельфиндер. Бұл тапсырма алдыңғы тапсырма сияқты орындалады.

Жауабы:

70; 20.

Шаңғышыға көмектес. Оқушылар қосуға беріл­ ген тапсырмаларды тізбектеп орындауы­ керек. Есептеу нәтижесін жалаушаларға­ жазады. Соны­ мен қатар қосындыда 20 саны шығу үшін ең соңғы қосылғыштың қаншаға тең болу керегін табады. Егер берілген тапсырма сыныпта орында­лса,­ жұмыстың жалғасы ретінде тез санауға арналған жұптық жарыс ұйымдастыруға болады.

Жауабы:cоңғы қосылғыш — 5.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:екі амалдан тұратын жақшасыз өрнектердегі­ амалдардың қандай ретпен орындалатынын түсініп, меңгереді.

Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін тексеру үшін қалыптастырушы бағалау ретінде берілген сұрақтарды қойыңыз:

7 + 4 + 10 мысалын шығару үшін неше амал орындау керек?

Мысалдағы амалдардың орындалу ретін нөмірле: 7 + 4 + 10.

Бірінші амалдың нәтижесін ата.

Екінші амалдың нәтижесін ата.

Үш қосылғышпен берілген мысалда қосу амалы қандай ретпен орындалады?

Сен қалай ойлайсың, “–” таңбасы бар өрнек­ терде амалдарды орындау реті маңыз­дыма? Неге?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-­ йынша­ өз-өзін бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жақшасы бар өрнектегі амалдар реті

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

екі амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады, амалдарды орындау ретін анықтайды;

“≠”, “=”, “+”, “–”, “>”, “<” таңбаларын қолданады

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

0-ден 20-ға дейінгі сандарды қамтитын 5 топтама салынған себет;

+”, “–”, “=” таңбалары жазылған парақшалар салынған себет;

( )” таңбалары жазылған парақшалар салынған себет;

ламинатталған парақтар;әр оқушыға арналған маркерлер.

Тірек сөздер

Жақшасы бар өрнектегі амалдар реті

Сабақтың мақсаты:

Қосу мен азайтуға берілген санды өрнектердегі жақшалардың мәнін түсінуге, жақшамен берілген өрнектегі амалдардың орындалу ретінің ережесін қолдана алуға, екі амалмен орындалатын өрнектерді математикалық тілде сауатты оқи алуға жағдай жасау.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жақшамен танысқан кезде оқушылардың назар­ын­ алдымен жақшаның ішіндегі амалдың орындалуы­на,­ содан кейін жақшаның сыртындағы амалдың солдан оңға қарай орындалатынына аудару маңызды. Қосын­ дыны санға арттыру, санды қосындыға, қосындыны­ саннан және санды қосындыдан азайту амалдарын­ зерделеуге байланысты қосу және азайту амалдары бар санды өрнектерде жақшаны қолдану­ кейіннен тереңдей түседі.

Оқушыларға жақшамен берілген өрнектерде алдымен­ жақшаның ішіндегі амалдардың орында­­ латы­нын­ айтып, мысалдармен түсіндіріңіз. Сосын жақша­ның­ сыртындағы амалдар солдан оңға қарай ретімен­ орындалатынын айтыңыз.

Кіріспе тапсырма. Оқушылардың назарын атал­ ған ережені қолданудың маңыздылығына аудару­ қажет, олай болмаған жағдайда теңдік қате болып­ шығады. Оқушыларға жақшамен берілген санды­ өрнектер құрастыру бойынша ойын ойнауды ұсы­ ныңыз. Ойынға арнап үш себет дайындаңыз. Бірінші­ себетке 0-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған­ парақ шаларды орналастырыңыз, екіншісіне жақша­лар­ жазылған парақшаларды, ал үшіншісіне “+”, “–” және “=” таңбалары бар парақшаларды салыңыз­. Оқушыларды жұппен ойнатыңыз. Әр жұпқа сандар жазылған үш парақша, жақшасы бар екі парақша, “=” таңбасы бар бір парақша және арифметикалық­ амалдар жазылған екі парақшаны­ алуды ұсыныңыз. Оқушылар әрі қарай өз парақшаларынан­ жақшамен берілген екі амалмен орындалатын­ санды өрнек құрастырады. Егер оқушы өрнекті дұрыс құрып, жауабын есептеп шығарса, тапсырма орындалған болып есептеледі.


Егер оқушы “–” таңбасын таңдау кезінде азайғыштың орны­ на азайтқыштан кем сан қоятын болса, қиындық­қа кездесуі мүмкін. Бұндай кезде жетелеуші сұрақ қойып, қиындықтан шығуға көмектесіңіз.

Бұл сабақта жақшамен берілген өрнекті дұрыс оқу және жазу білігін дамытуды негізгі мақсат­ етіп қойыңыз. Ол үшін, алдымен қай амалдың бірінші­ орындалатынын және бұл амалдың нәтижесін бел­ гілі­ сияқты етіп атау керектігін түсіндіріңіз. Жақша­ мен берілген санды өрнектердің оқу үлгісімен таныстырыңыз. Сосын сабақ тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптеріндегі жаттығулармен бекітіңіз.

Шығарып көр. Оқушыларға суреттегі санды өрнектерді­ оқытыңыз. Бұл жұмысты жұптық жұмысқа төселген және осындай амалдарды өз бетінше орындауға қиналатын оқушыларды жұптастыру ар­ қылы жүргізуге болады. Оқушылардан өрнектерді жауабымен бірге ламинатталған параққа жазуды сұраңыз. Тапсырманы орындап болған соң парақ­ тарды ауыстырып, өзара тексертіңіз. Сондай-ақ аталған­ жұмысты жалпы сыныппен орындауға да болады. Бұл жағдайда оқушылар санды өрнектерді тізбектей оқып, мәнін есептеп шығарады. Тапсырманы күрде­лендіру­ үшін санды өрнектердің мәнін ауызша есептетуге болады.

Жауабы:

(12 + 8) – 3 = 17;

(30 – 10) – 7 = 13;

(40 + 20) – 50 = 10;

50 + (20 – 20) = 50;

20 + (70 – 60) = 30;

5 + (8 + 2) = 15;

(17 + 3) – 11 = 9;

20 + (40 – 30) = 30; (9 + 10) – 8 = 11; 9 + (17 – 6) = 20; 80+ (0+10) = 90; (90 + 10) – 40 = 60.

Орындап көр. Берілген тапсырманы орындау үшін жұптық жұмыстар ұйымдастырыңыз. Тапсырма берілген санды өрнектерді табу білігін дамытуға­ бағытталған. Қызықты тапсырманы орындау кезін­ де оқушылар математикалық шытырманнан өтуге жаттығады.

Жауабы: көк киімдегі хоккейші гол соқты.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың математикалық тілде сауатты сөйлеуіне жағдай жасаңыз. Оларды жақшамен берілген­ екі амалды өрнектерді оқу мен жазуда арифметикалық­ амалдардың компоненттері мен атауларын атауға, бұларды сөйлем ішінде дұрыс қолдануға үйретіңіз. Әрбір оқушы санды өрнек­ терді дұрыс оқу басқа сыныптастарының өрнек мағынасын түсінуіне септігін тигізетінін сезінуі керек. Өрнектерді­ оқулықтағы үлгі бойынша­ оқытыңыз.

Өрнектің мәнін тап. Тапсырманы орындай оты­ рып, оқушы өз бетімен жақшамен берілген өрнек­­ тердің мәнін есептеп шығару дағдысын бекіте түседі­. Соңында сабақ тақырыбын қаншалықты меңгерге­нін­ бағалауға болады.

Жауабы:

10 – (9 – 1) = 2; 10 + (40 – 20) = 30;

(10 – 9) – 1 = 0; (10 + 40) – 20 = 30;

11 + ( 7 – 2) = 16; (100 – 70) – 20 = 10;

(11 + 7) – 2 = 16. 100 – (70 – 20) = 50.

Жақшаларды қой. Жетік деңгей тапсырмасы. Оқушыларға кері тапсырма беріледі: жақшаларды орнына қойғанда өрнектің алдын ала берілген мәні шығатындай етіп қою керек. Тапсырма сабақтың тақырыбын кеңейтуге берілген және оны тақырыпты жетік меңгерген балаларға ұсынуға болады.

Жауабы:

11 + 7 + 2 = 20;

11 + 7 – 2 = 16.

10 – (7 – 2) = 5;

(10 – 7) – 2 = 1;

17 – (7 – 2) = 12;

(17 – 7) – 2 = 8;

17 – (7 + 2) = 8;

(17 – 7) + 2 = 12.

Өрнектерде жақшалардың орналасу реті маңызды емес.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:санды өрнектегі жақшаның мағынасын түсінеді.

жақшамен берілген өрнектің мәнін есептегенде амалдарды орындау ретін біледі.жақшамен берілген өрнекті дұрыс оқуды мең­ гереді.

Сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруін (немесе тапсырманы орындауды) өтініңіз:

жақшамен берілген өрнектегі амалдардың орындалу реті қандай?

Қалай ойлайсың, математикада жақшалар не үшін қолданылады?

(12 + 8) – 5 өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

11 + (9 – 3) өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

20 – (10 – 7) өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

18 – (12 + 2) өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өз-өзін бағалатыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Өзара кері амалдар

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосу және азайту амалдарының өзара кері амалдар екенін түсінеді;

компоненттер арасындағы байланысты түсініп, сол амалдардың нәтижесін анықтайды;

қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

0-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;

+”, “–”, “=” таңбалары жазылған парақшалар;

PowerPoint пішіміндегі қысқы спорт түрлері туралы таныстырылым.

Тірек сөздер

Өзара кері амалдар

Сабақтың мақсаты:

Қосу мен азайту амалы компоненттерінің ара­ сындағы­ өзара байланысты, санды өрнекті шешуді тексеру тәсілдерінің мысалдарын түсінуге жағдай жасау, амалдың белгісіз компоненттерін табу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қосу мен азайту — өзара кері арифметикалық амалдар. Қосу мен азайтуды орындау нәтижесін тексеру тәсілдеріне­ келтірген мысалмен оқушылар қосу мен азайту компонеттерінің­ өзара байланысы жөніндегі түсінік­терін­ қорытады. Бұл сабақ — белгісіз саны бар теңдікпен және теңдеумен танысар алдында пропедевтикалық­ сипатқа ие сабақ.

Сабақты қысқы спорт туралы таныстырылым немесе суреттерді көруден бастаңыз. Оқушыларға спортпен шұғылдану адамның дене бітімін ғана емес, ақыл-ой қызметін де дамытатынын айтыңыз. Олардан қысқы спорттың қандай түрімен шұғыл­ данатынын­ сұраңыз. Қандай орындарға баратынын біліңіз. Ол мәліметтерді өрнек түрінде жазуға болатындай ақпарат ретінде қолданыңыз. Мысалы, теннис секциясына 2 қыз, 4 ұл қатысады. Сыныптың неше оқушысы тенниспен шұғылданады? (2 + 4.) Оқушылардан­ қосу (азайту) амалы компоненттерінің қалай аталатынын нақтылаңыз.

Сабақ мақсаты санды өрнектерді құрастыру және жазуды үйрену, олардың шешуін тексеру екенін хабарлаңыз.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға қысқы спорттың­ тағы да қандай түрлерімен шұғылданғысы келетінін топ ішінде талқылауды ұсыныңыз. Алынған мәлімет негізінде оқушылар қосу амалын қолдана отырып, санды өрнектер құрастырумен және жазумен айналысады. Сосын оқушыларға өз жұмыстарын сынып алдына ұсынуды, оны басқа топпен талқылау­­ ды ұйымдастырыңыз. Оқушылардың назарын­ санды өрнектерді­ дұрыс оқуға аударыңыз. Мысалы:

А. 6 адам коньки тебуді ұнатады, ал 7 адам хоккей ойнағысы келеді. Барлығы қанша оқушы мұзайдынға барғысы келеді? 6 + 7 = 13.

Б. 5 қыз таудан шанамен сырғанағанды жақсы көреді, 9 ұл таудан шаңғымен сырғанағанды ұнатады. Барлығы қанша бала таудан сырғанағанды жақсы көреді? 5 + 9 = 14.

Әрбір мысалды кері мысал құрастыра отырып тексеруді сұраңыз. Сөйтіп, қосу мен азайту өзара кері амалдар екеніне көздерін жеткізіңіз. Сабақтың тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалармен бекітіңіз.

Спорттық құралдар. Тапсырма қосуға арналған санды өрнекті құрастыру дағдысын дамытуға, өз сөзінде қосу амалы компоненттерінің атауларын қолдануға бағытталған. Оқушыларға оқулықтағы спорт тауарлары бейнеленген суреттерді қарап шығуды­ тапсырыңыз. Олармен қандай да бір құрал-жабдық­тың­ спорттың қай түріне арналғаны жөнінде әңгімелесіңіз.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Берілген сурет бойынша қандай математика­­ лық әңгіме құрастыруға болады?

Берілген суретке қандай санды өрнек сәйкес келеді?

Оқушыларға жұптарда ақылдасып, математика­ лық әңгіменің өзіндік нұсқаларын және сәйкес санды өрнектерді құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылардың жауабын тыңдап алыңыз. Көңіл аударатын негізгі мәселе бұл санды өрнектерді дұрыс оқу және бастапқы мысалға кері мысалдар құрастыру болып табылады.

Жауабы:

мысалы, “Дүкенде қыздарға арналған 5 жұп коньки және ұлдарға арналған 4 жұп коньки сатылды. Дүкенде барлығы неше жұп коньки болған?” 5 + 4 = 9. 5 пен 4 сандарының қосындысы 9-ға тең. Кері мысалдар: 9 – 4 = 5; 9 – 5 = 4”.

Шығарып көр. Берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар талқылау жүргізіп,­ белгісіз санның мәні жөнінде бірлескен қорытынды жасайды. Әр бағандағы мысалда бір спорттық құрал-жабдық бірдей санды білдіреді. Оның мәнін таба отырып оқушылар мысалдардың “төрттігін” құрай­ ды, сөйтіп тәжірибеде қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екенін түсінеді және жаңа материалды бекітеді.

Жауабы:

коньки — 7; шана — 8; шаңғы — 70.

Орындап көр. Тапсырманы жұптық ойын түрінде ұйымдастырыңыз. Ойынның тәртібі оқулықта жазылған. Оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетінде қосу мен азайтуды тексеру дағдыларын­ кері мысалдар құрастыру тәсілі арқылы бекіте алады.

Тапсырманы орындап болған соң сұрақтар арқылы жалпылап қорытындылаңыз:


Қосуға арналған мысалды қай амалмен тексереді?


Азайтуға арналған мысалды қай амалмен тексереді?


Қосу мен азайту амалдары жөнінде не айта аласың?

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларға өз әрекетін түсіндіру және есептің шешуін айту кезінде математикалық тер­ миндерді­ дұрыс қолдануға көмектесіңіз. Шешуін тексеруге байланысты тапсырмаларды орындауда оқушыларды толық жауап беруге және өз таңдауын­ түсіндіруге уәждеңіз.

Кестені толтыр. Берілген тапсырма сабақтың тақырыбын бекітуге және саралап оқытуды дамытуға­ бағытталған. Пазлдың төрттігіне оқушылар берілген теңдікке кері мысал және қосудың ауыстырымдылық­ қасиеті негізінде бір жаңа мысал құрастырады. Оны

түсіну үшін орындау үлгісі берілген: 30 + 10 = 40 10 + 30 = 40 40 – 30 = 10 40 – 10 = 30

Жауабы:

40; 100; 19; 10; 20; 18.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

+”, “–” таңбаларын қолданып санды өрнектер­ құрастыруды;

компоненттердің өзара байланысы негізінде кері мысалдар құрастыруды;

кері амалдар құрастыра отырып есепті тексе­руді;­

қосу амалы компоненттерінің атауларын­ дұрыс атап үйренеді.

Оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Қосудың компоненттері қалай аталады? (Қосылғыш, қосылғыш, қосынды.)

Азайтудың компоненттері қалай аталады? (Азайғыш, азайтқыш, айырма.)

Қосу амалын орындағанда санды өрнектің мәнін табу деген не? (Қосындының мәнін табу.)

Қосуға арналған мысалдың дұрыс орындалға­ нын қай амалмен тексереді? (Азайту амалымен.)

Азайтуға арналған мысалдың дұрыс орындал­­ ғанын қай амалмен тексереді? (Қосумен.)

Есте сақтау қабілетін дамыту үшін “+”, “–”, “=” таңбалары, сандар және санды өрнектер жазыл­ ған парақшалар дайындаңыз. Интерактивті тақтаны­ қолдануға болады. Парақшаларды тақтаға іліңіз.

Мысалы: 5; “+”; 8 – 7; 3; “=”; 6 + 4. Оқушыларға есте­ сақтап қалуы үшін 20—30 секунд уақыт беріңіз­. Одан соң парақшаларды жауып қойып, қағазға­ тек санды өрнектерді жазуды сұраңыз. Тексеріп­ шығыңыз. Оқушылардан өздері жазған санды өрнектерді оқып шығып, олардың мәнін табуды­ өтініңіз. Соңынан өз шешуін тексеруді тапсырыңыз­.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өзін бағалатыңыз.





























































































































































































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.10.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1336
Номер материала ДБ-243912
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх