Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМатематика пәні қысқа мерзімді жоспар 2-сынып

Математика пәні қысқа мерзімді жоспар 2-сынып

Скачать материал

Бисенова Умиткан Амировна

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы

Ақшұқыр мектеп-лицейінің

Бастауыш сынып мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы:  7 санын қосу және азайту,

Сабақтың мақсаты:   1) Санға 7-ні қосу және азайту тәсілдерін таныстыру. Екі амалдан тұратын өрнектермен, есептеулермен байланысты іс-әрекеттер  қолдануға үйрету. 

2) Оқушылардың ауызша есептеу,логикалық ойлау дағдыларын дамыту.

3) Еліміздің дәстүрін сыйлайтын азаматы болып  өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  карта, суреттер, т.б.

Сабақтың әдісі: көрнекілік,  ойын,  сұрақ – жауап, т.б.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы: 

                                    I. Ұйымдастыру бөлімі

                       1. Оқушыларды сабаққа дайындау.

                       2.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 - Балалар,біздің еліміз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы.

- Қазақстанның бас қаласы қай қала?

- Астана қаласы.

- Ал, біздің облысымыз қалай аталады?

- Маңғыстау облысы деп аталады.

- Маңғыстау облысының орталығы  қай қала?

- Ақтау қаласы.

- Ал біздер қай ауылда орналасқан мектепте оқимыз?

- Ақшұқыр ауылында  орналасқан мектепте оқимыз.

- Олай болса, балалар, Ақшұқыр ауылынан Ақтау қаласына саяхатқа шығамыз.       

  Саяхатқа шыққымыз келеді ме?

-Иә.

- Ал біздер Ақтау қаласына жаяу барамыз ба? Немен барамыз?

- Мектеп автобусымен барамыз.

- Жақсы, балалар, олай болса автобусқа мініп, Ақтау қаласына бағыт алмай тұрып, өз ауылымыздың бізге дайындаған тапсырмасы бар екен. Қанекей, бәріміз экранға назар аударайық.

- Берілген тапсырманың дұрыс жауабына сәйкес фигураны көтеріңдер.

 

                                         II. Негізгі бөлім

1) Жаңа сабақ.

- Балалар,саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Бәріміз автобусқа мініп Ақтау қаласына келдік. Ақтау қаласындағы жаңа ғимаратқа көшкен Ш. Есенов атындағы университетке келдік. Бұл университет облысымыздағы бірден-бір мемлекеттік жоғарғы  оқу орны болып табылады.Әр түрлі салада жұмыс жасайтын маман иелерін осы оқу орнында дайындайды.

Бұл университетке келіп, біз жаңа сабақпен танысамыз.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы - 7 санын қосу және азайту.

Сабағымыздың мақсаты:

·      Санға 7-ні қосу және азайту тәсілдерін таныстыру.

·      Екі амалмен шығарылатын өрнектер мен есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.

1. Сабақты түсіндіру (слайд бойынша)

- Балалар,экранға назар аударайық.  Нелердің суретін көріп отырмыз?

-Оқулықтардың.

-Осы математика  оқулығы мен қазақ тілі оқулығының барлық санын табу үшін,алдымен оқулықтарды бір ондыққа толтырып алуымыз қажет. Ол үшін  7 қазақ тілі оқулығына неше математика оқулығын қосамыз?

- Ол үшін 7қазақ тілі оқулығына  3 математика оқулығын  қосамыз.

- Сонда неше оқулық болды?

- Он оқулық болды.

- Енді он оқулыққа қалған 4 математика оқулығын қоссақ қанша оқулық болады?

- Барлығы 14 оқулық болады.

- Олай болса. 7-ге 7 санын қосқанда қанша болады екен?

- 14 болады.

- Енді 14 дәптерден 7 дәптерді қалай азайтамыз? Ол үшін 14 дәптерден 4 дәптерді азайтамыз. Сонда қанша дәптер қалды?

- 10 дәптер қалды.

- Енді 10 дәптерден 3 дәптерді азайтайық. Қанша дәптер қалды?

 - 7 дәптер қалды.

- Олай болса, 14-тен 7 санын азайтқанда қанша болады екен?

- 7 болады.

2. Дәптермен жұмыс:

№1 тапсырманың ә бөлігін дәптерге орындату.

3. – Балалар, Ш. Есенов университетінен жаңа сабақты түсініп,автобусқа мініп,саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Ақтау қаласына Алматы қаласынан цирк келген екен. Циркке барғыларың келеді ме?

-Ия

-Олай болса, циркке де аялдама жасайық.

- Балалар, осы цирк жөнінде не білеміз?

- Дұрыс балалар. Өте жақсы. Ал циркте өнер көрсететін жануарлардың ең үлкенін білеміз бе?

 - Ия. Ол –піл.

- Сол үлкен жануар пілдің бізбен ойнағысы келеді екен. Пілмен ойнаймыз ба?

- Ойын: «Кім шапшаң?»  деп аталады.  Экранда көрсетілген мына цифрлар мен таңбаларды пайдаланып, тез теңдіктер құрастыруларыңыз керек.

7 + 8 = 15       15 – 7 =8     8 + 7 =15      15 – 8 = 7

- Балалар, піл сендерге өте риза болды.

4. – Цирктен шығып,автобусымызға отырып,Ақбота ойын-сауық орталығына барайық. Ақбота ойын – сауық орталығына барып көрдік пе?

- Ия.

- Бұл жерде, балалар, 7 санына байланысты ұғымдар туралы әңгімелейміз. Олай болса, экранға назар аударайық.

- Балалар,7 саны қандай сан?

- 7 саны қасиетті,киелі сан. Қазақ халқында 7 санына байланысты көптеген ұғымдар бар. Сол ұғымдарды білеміз бе?

Пузырек для мыслей: облако:   Пузырек для мыслей: облако:
 

 


Овал:                                               

                           

 

Пузырек для мыслей: облако:      Пузырек для мыслей: облако:                                                                                                                       

                                                                                                         

 

 

- «Ақбота» ойын-сауық орталығынан 7 санына байланысты ұғым алдық. Үйден тағы да 7 санына байланысты ұғымдарды үлкен кісілерден сұрап,оқып, біліп келейік.

5. – Саяхатымызды әрі қарай жалғастырып, жаңадан бой көтерген « Ақтау»  сауда орталығына  барайық. Бұл жерде болып көрдіңіздер ме?

-Бұл сауда орталығында тағамдар,киімдер,ойыншықтар,т.б.бөлімдері бар.   Олай болса, мен сендерді екі топқа бөлемін. Бірінші топ тағамдар бөліміне барады. Тағамдар бөлімінің өз тапсырмасы бар екен. Ол оқулығымыздағы №4 тапсырма.

Ал екінші топ ойыншықтар  бөліміне барады. Ол бөлімнің де өз тапсырмасы бар. Ол тапсырма оқулықтағы № 5 тапсырма.

Әр топтан бір-бір оқушыдан есептің берілгенін оқытып,слайд арқылы қысқаша шартын түсіндіру.

Екі топтан 2 оқушыны тақтаға шығару.шығарылған есепті тексеру.

6. – Ақтау  сауда орталығының тапсырмасын орындап тастап,саяхатымызды жалғастырамыз.

-Балалар, біз  қайда тоқтадық?

- Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрға тоқтадық.

-Бұл жерде не болады деп ойлайсыңдар?

- Концерт,спектакль, әр түрлі қойылымдар.

-Дұрыс айтасыңдар балалар. драма театрдың да бізге дайындаған тапсырмасы бар екен. Тағы да экранға назар аударып, көрсетілген теңдіктердегі бос шаршыларды толтырайық. (Тексеру.)

7. – Драма театрдың тапсырмасын да жақсы орындадық. Енді әрі қарай жүріп оқушылардың шығармашылық үйіне келдік. Бұл жерде оқушылар өздерінің шығармашылығын дамытады. Оқушылардың шығармашылық үйі де бізге тапсырма дайындап қойған екен. Ол - оқулықтағы жасыл қоршаудағы тапсырма.

Бір оқушыға оқыту.

- Экранға қарайық.

-Бұл тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар. Оқушылардың шығармашылық үйі сендерге риза болды.

- Балалар,  осымен біздің Ақтау қаласына саяхатымыз аяқталды. Автобусымызға мініп мектепке келейік.

- Балалар, саяхат сендерге ұнады ма?

- Олай болса, күнделігімізді ашып, үйге тапсырма алайық. Үйге тапсырма №3

Бағалау. Мадақтау.

                III.Қорытынды бөлім.

- Балалар, бүгінгі сабақта біз не үйрендік?

- Қанекей, бәріміз экранға назар аударайық. Экранда сөзжұмбақ берілген,сол сөзжұмбақты шешіп көрелік.

 

т

О

ғ

ы

з

 

ж

е

Т

І

 

 

 

А

л

п

ы

с

о

Н

 

1) 1 ондық – 1 бірлік

2) Киелі  сан

3) 4 ондық + 2 ондық

4) 100 – 90

- Ерекше тор көзден қандай сөз шықты?

- Отан

- Отан дегенді қалай түсінеміз ?

- Туған жер, туған ел, атамекен, Қазақстан

- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қашан тойланады?  Осы мереке жақын арада болады екен. Балалар, Қазақстан елінің болашағы сендерсіңдер. Олай болса, біз елімізге қандай жақсы істер жасауымыз керек?

- Туған жерді сүю,  қорғау, құрметтеу – әр адамның парызы. Олай болса, балалар, Қазақстанды сүйейік, қорғайық және құрметтейік!     

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика пәні қысқа мерзімді жоспар 2-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 796 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2015 689
    • DOCX 437.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисенова Умит Амировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бисенова Умит Амировна
    Бисенова Умит Амировна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8711
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 31 региона

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 58 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе