Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Научные работы / Математика пәні сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытудағы менің өз ерекшелігім»

Математика пәні сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытудағы менің өз ерекшелігім»


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Солсүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Саумалкөл қазақ орта мектебі







Тақырыбы:
«Математика пәні сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытудағы менің өз ерекшелігім»

/Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін логикалық есептер

арқылы дамыту/


(баяндама)
















Дайындаған математика пән мұғалімі Есмағанбетова А.М.







Ihello_html_m15ac9080.png.   Кіріспе

   Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін логикалық есептер арқылы дамыту

 

II.   Негізгі  бөлімі

Оқушылар шығармашылығының  тәрбиелік мәні

 

III.   Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер



IV. Қорытынды

 

















I.Кіріспе

Оқушылардың ойлау қабілеттерін логикалық

есептер арқылы дамыту


       Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабылетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы: мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірде, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек. Танымның қиын жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты. Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Адамның ақыл- ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болады.

   Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілетті әрі қалай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді. Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсаттар жүзеге асырылу керек.

  1. Ақыл-ойды дамыту.

  2. Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.

  3. Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.

  4. Математикалық білімді игеру мақсатында практикада қолдану.

  5. Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу.

  6. Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.

Осы мақсатты ескере отырып, математикаға қызығушылығымды арттыру барысында ойлау қабілетімді дамыту үшін әртүрлі логикалық есептерді шешуді жүзеге асыруда мүмкіндіктерді есептеудің тәсілдерін көрсету жөн көрдім. Логикалық есептер математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданылады.

       Шығармашылық- жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Ал «шығармашылық» сөзінің мәні неде? «Шығармашылық сөзінің төркіні (этимологиясы) «шығару», «іздену», «ойлап табу»» дегенге келіп соғады. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз.

Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің деңгейге көтерілуі неге байланысты?

Математиканы оқу – ол формуланы қолдану деп түсінеді кейбір оқушы. Ал, математиканы оқу – терең ойлауды қажет етеді. Кез келген есепті шығару үшін, оның шығару жолын анықтау керек, қолданатын формулалар- ды, ережелерді тағы басқа ұғымдарды білу қажет.

Кез келген оқушы оқу әрекетінде күнделікті жинақтаған білімін меңгеріп, сонымен қатар шығармашылық іс – әрекеттерді орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Логикалық есептер және оларды тез есептеудің жолдары

Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп атаймыз.

Логикалық есептерді таблициалық тәсілмен шешу

Ребус түрінде шешу

Сіріңке шырпысын қолданып шешу

Әр түрлі есептер


Мысал-1: «Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсасы алтыдан балалады. Олардың бәріде мысық болып өсті де, тағыда алты- алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр керегенің түбіне барып балалап шықты».Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?

  1. Есепті талдау

а)Алты қанат киіз үй туралы түсінік.

ә) Мысықтардың өсімталдығы туралы

б) Әр кереге түбіне әрқайсысы алтыдан мысық шығаратыны туралы түсінік беру.

  1. Есепті схема сурет түрінде жазу.

  2. Шығару тәсілі – әр керегенің түбіне 6-дан балалайтын болғандықтан, әр керегедегі мысықтар санын 6-ға көбейту.

  3. Есепті шығару: Әр керегедегі мысық саны.

1hello_html_7fec2485.gif2+72+432+2592+15552+93312=111972

  1. Еhello_html_m2605eb4.gifсептің нәтижесін тексеру:

2hello_html_m608b4fcf.gif·6=12 432·6=2592

12·6=72 2592·6=15552

72·6=432 15552·6=93312

  1. Есепті зерттеу: Әр керегеде мысықтар саны өсіп 6 есеге көбейіп отырады.

  2. Есептің жауабы: алты қанат киіз үйден барлығы

  3. hello_html_m60b0a0ae.png111972 мысық өсіп шығады.








Мысал-2 Бес тоғыздықты пайдаланып 10 – ды жазыңыздар. Кем дегенде 2 әдісін көрсетіңіз.

Шешуі: 9+hello_html_73473722.gif=10 hello_html_m10cbdf4c.gif - hello_html_656ed67d.gif = 10

hello_html_5e35abfc.png

hello_html_m15ac9080.pngӨткен жылы 6-8 сынып оқушыларын жылдың аяғында «Жазғы демалыста математикадан 100 есеп» бағдарламасымен таныстырдым.Оқу жылының басында оқушылар жазғы демалыс кезіндегі үздіксіз олимпиадалық дайындық ретінде жинақтаған есептерін шешімімен көрсетті.Ең қызықты логикалық есептерді жинаған оқушыларымыздың саны 30 ға жетті. Оқушылардың есептер жинағы безендіріліп, шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана математикалық білім емес, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайға байланысты білім талап етілетін тапсырмалар. Бұлар негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл -өте қиын, аса жауапты, бірақ игілігі мол, ардақты жұмыс.

Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.

Оқушылардың есептері мынандай түрде болды:

   1. Айзат, Ләззат, Назерке, Гүлнәрдің туған күндері-2-ші ақпан, 10-шы қазан, 2-ші маусым, 28-ші ақпан. Ләззат пен Назерке бір айда туған. Ал Айзат пен Ләззаттың туған күндері бірдей сандар. Балалардың әрқайсысының қай айда, қай күне туғанын анықта.

       Шешуі: Ләззат-2-ші ақпан, Айзат-2-ші маусым, Гүлнәр-10-шы қазан, Назерке-28-ші ақпан.

hello_html_2bdf8b3.png





   2. Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?


hello_html_58fd4915.gifhello_html_m7522d4f6.pnghello_html_7322db87.png


  3. Үстел үстінде 2 және 3 тиындық теңгелерден 24 тиын жатыр. Теңгелер саны- 10, 2 тиындық теңгелердің қанша болуы мүмкін?

   Шешуі: 2 х 6 = 12

                 3 х 4 = 12

hello_html_6c84c222.png

   4. Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі-Қосқұдықтан, екіншісі-Үштөбеден, үшіншісі-Көктөбеден келген. Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Үштөбеде болып келгендігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?

Шешуі: Әділет: Қ Ұ Қ

Еркін: Қ Ұ Қ

Ерлік: Қ Ұ Қ.

hello_html_326e2a3.png





5.Есепке құмар бір кісі қыңырдан:

- Жасың нешеде? – деп сұрапты. Сонда ол:

  • Менің 3 жылдан кейінгі жасымда үш еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде?

Жетесінде жоқ,

Жете сыйламайды.

Шешуі: Қыңырдың қазіргі жасын -х десек, есеп шарты бойынша:

3(х+3) – 3(х-3) = 3х+9 – 3х + 9 =18

Тексеруі:

18+3=21;

18 – 3=15;

21 х 3 – 3 х 15 = 63 – 45 =18.

Жауабы: Қыңырдың жасы. 18-де.

hello_html_m2d4e98a6.png


Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған ынтасы зор да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет.

Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:

       Біріншіден-баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы; біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнер қабілеті өте ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа?

       Екіншіден-баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-қатынастар шығармашылық қабілеттерді дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.

       Үшіншіден-шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуында үлкен нәтиже береді.

       Төртіншіден-және ең негізгі шарт-бала әрекетінің әр түрімен айналысуға , тыңдауға деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылды. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттердін дамытудың бесінші шарты шығады-еркіндік, ойға не келсе, соңы істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмай, балаға елеусіз болса да, өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып, «жаңалық» ашуға жағдай жасау керек.


II.Оқушылар шығармашылығының  тәрбиелік мәні

hello_html_79c7c94c.png



       Математика сабағында өздігінен жұмыс істеудің тәрбиелік мәні бар. Тек өздігінен жұмыс істегенде ғана оқушы өз мүмкіндіктернін біліп жарқын да жайдарлы қанағаттану көңіл-күйін сезіне алады. Математиканы оқып еңбектену барысында оқушының рухани өмірінің байлығы: ой-өрісі мен сезімдерінің тереңдігі, қиял еркінің күші ашылып, мінезінің негізгі қырлары қалыптасады.

       Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылықты дамыту көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарыстырылған.

       Онда проблемалық оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту талданып, проблемалық оқыту индуктивтік-гипотезалық-дедуктивтік тәсілін ұсынған.

       Бірақ та оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту көптеген еңбектерінде зерттелмегенде, бұл мәселені толықтай шешілген деп есептеуге болмайды.

       Осы орайда ең алдымен шығармашылық түсінігіне тоқталып өтелік. Әдебиетте шығармашылық түсінігі-жаңа өзіндік нәрсенің жасалуымен байланысты, сонымен қатар көшімелік іс-әрекетке қарсы қойылады. Кейбір деректерде шығармашылық құбылыс деп қарастырылған.

       Ал, педагогикалық ғылымда шығармашылық түсінігі, оқушылардың өзі үшін жаңаны, яғни субъективті жаңаны жасау қызметін немесе адамның іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестілігінің ең жоғарғы түрі деп түсіндіріледі. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып оқытудың жаңа информациялық технологиясын пайдаланған жөн.

       Педагогикалық жүйенің деңгейлік әдістері меңгерудің даралап оқытуын талап етуге негізделген. Деңгейлік даралап оқытуды меңгеру кезінде деңгейлік өзіндік және бақылау жұмыстарын, сол деңгейлік жұмыстарға сәйкесінше талаптарды (үйренуішілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) жетілдіру көзделген.

       Үйренушілік деңгей міндетті минимум, ал қалған деңгейлер оқушының дербес талап-сұранысына байланысты лайықты білімді, дағдыны, шеберлікті шындауына мүмкіндік береді. Оқу процесін ұйымдастырудың деңгейлік даралаудың негізі әрбір үйренушіге өзінің динамикалық дамуын, сонымен бірге даму жолының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.                                                                                      

       Бірінші деңгей-«үйренушілік». Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.

       Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген  материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.

       Үшінші деңгей-«эвристикалық». Оқушыларға берілген тапсырмалар танымдық ізденіс түрінде, игерген білімді тереңдету үшін әр түрлі логикалық операцияларды (анализ, синтез, салыстыруды) керек етеді.

       Төртінші деңгей-«шығармашылық», әрбір тапсырманы өз бетімен түсініп, талдай отырып орындау ғылыми шығармашылық тұлғадан шағын зертету жұмысын жүргізіп, (кішкентай) жаңалық ашқанмен бара-бар. Есеп шығару барысында ой-өрісінің кени түсіп, негізгі математикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге жол ашады.

       Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды сатысы бойынша оқушының математика сабағында өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды.


III.Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер


       Математиканы оқуға, жалпы еңбекке деген оң көзқарас та сапасы да нәтижелі жүзеге асырылатын оқу үрдісіне қалыптаса бастайды. Оқушы математиканы оқудың қажеттілігі, өзінің парызы мен міндеттері, өзі үшін және өзінің болашақ өмірі үшін осы еңбектің керектігі туралы қанша естісе де және өзі осы сөздерінің дұрыстығын қанша сезіне тұрса, осы іске кіріспе, онда математиканы оқуға деген ешқандай себеп тумайды, оның үстіне осы еңбекке деген бірқалыпты қызығу қабілеті қалыптаспайды. Оқушының оқуға дайындығын қалыптастыратын барлық нәрсе осы математиканы оқу барысында қалыптасады.

       Математиканы оқуда, сонымен қатар оқушының жігер-қайраты, жатады, ілтипаты дамиды, жүйелі түрде жұмыс істеу, өз ойын (ауызша, жазбаша) дәл,    дәйекті ақын көрсету дағдылары қалыптасады.

       Бастауыш сыныптан бастап оқушы алғашқы рет математика оқулығын оқып үйренеді: оқулықтан мағлұматтарды алып үйренеді, бұл республикамыздан білгір азаматтарын тәрбиелеуге байланысты мұғалімнің алдында тұрған үлкен міндет.

       Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологиялары жоспарлау жүйесі қолданылады.





IV.Қорытынды

 

                     «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзінің біліміне ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана»

                                                                          Я. А. Каменский


       Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлап алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашылық адамдар қажет. Сондықтан да сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.

       Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемді мәдениеттің дарлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарында әр баланың мақсаты – өзінің білім деңгейін көтеру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, іздену деген қорытындыға келемін.      


hello_html_m4d83443a.png


Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Научные работы
Просмотров646
Номер материала ДВ-481746
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх