Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Математика пәні. Тақрыбы. "2 саны жәну цифры. Сәуле. Бұрыш."

Математика пәні. Тақрыбы. "2 саны жәну цифры. Сәуле. Бұрыш."

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика 18

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: Ибраимова Н

Сабақтың атауы

2 саны және цифры. Сәуле. Бұрыш.

Сілтеме

Әдістемелік

Сабақтың жабдығы

магниттік   сандар, жемістер  мен геометриялық фигуралар.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділік:   2 санмен, 2 цифрының  жазылуымен таныстыру;

   2.Дамытушылық:  Сәуле, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың ой -өрісін дамыту.

    3.Тәрбиелік:   Зейінді ,тәртіпті болуға баулу.

Топқа бөлу

Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін

Ынтымақтастық атмосферасы

Кел, балалар күлейік!

    Күлкіменен түлейік.

    Күлкімізді күн қылып.

    Гүл өссін деп  тілейік.

Қызығушылықты ояту

Ауызша есептеуге  алдыңғы сабаққа   ұқсас  жаттығулар мен ойындар кіргізіледі.

-Тақырыпты  бастамас  бұрын өткенді қайталап көрейік.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Бұл   кезеңде адыңғы санға 1 -ді қосу  арқылы келесі санды шығарып алу  тәсілін көрсету маңызды.  Мұғалім 1 доп бейнеленген суретті  көрсетеді:

     -Доп нешеу? 

     -Екі доп  болу үшін не істеуге  болады?

     - Қалай  2 доп  болды?

    «Қолыңа  1 шаршы ал. Ал екінші қолыңа тағы  1 шаршы ал. Қолыңдағы шаршылар нешеу болды?  Қорытынды жаса».

    Білімдерін бекіту мақсатымен  «Бір немесе  екі» ойынын  өткізуге болады.

     ІV.Оқулықпен жұмыс.

     №1 тапсырмада  суретте ненің екіден екені сұралады.

   - 2 цифрының    жазылуына  көңіл  аудару. 2 цифрының   жазбаша түрімен де  таныстыру.

      Өзіңдік  жұмыс.  №1 тапсырма  орындалады. Бір нүкте қойылған фигураларды бір түспен,  екі нүкте қойылған фигураларды көрсетілгендей   көк түспен бояу. Сонда кеменің суреті шығу керек .

     Бұл   сабақта мұғалім  «кесінді», «сәуле»  түсініктерін ұғындыруға назарын аудару керек. Ол үшін оқулықтағы № 2 тапсырманың материалдары тәріздес практикалық жұмыс ұйымдастырылуы    тиіс .

Описание: http://tak-to-ent.net/matem/ris/2/8/image001.jpg

        Мұғалім  шұмақ   жіпті өте ұзын етіп тарта  беруге  болатындығын  айтады. Содан соң  бір жағынан жіпті қиып, бұл -басы, бірақ оның ұшы жоқ  екенін  көрсетеді. Осылайша  «сәуле»  ұғымы енгізіледі. Оқулықтағы сызбаға қарайды.    Содан соң жіптің бір бөлігін қиып алып, оның ұшын көрсетеді.

      «Бұрыш» ұғыммен  таныстыру  үшін тақтада бір нүктеден басталып   тұрған екі сәулені  кескін дейді.  Оқушылардан  бұл  ұғымдардың  анықтамасын сұраудың қажеті жоқ. Алғашқы кезеңдерде осы фигураларды  танып, мынадай түрдегі  жауаптарды  айтуы керек:

     -Мұндай бұрыш  бейнеленген, өйткені екі сәуле  бір нүктеден шығып тұр.

Бұрыш  түзулердің  немесе кесінділердің қиылысуы     арқылы   жасалады,    оны айналаңды  қоршаған ортадан  геометриялық фигуралардан   (үшбұрыш, төрт-бұрыш, көпбұрыш)  табуға болады.

    Содан кейін №3 тапсырма орындалады. 

    Өтілген материалмен  жұмыс .

    Оқулықтағы №4 тапсырма кеңістікті   елестетулерін дамытуға бағытталған.

Оқушылар қандай  хатқалтаны ашқандарын анықтайды.    Ол үшін  хатқалтада

Қандай  дөңгелектер (мөр )орналасқанын талдау  қажет.

Ой толғаныс

Дәптермен  жұмыс  27-28 бет

    №3 тапсырма  логикалық   ойлау қабілеттерін дамытуға арналған. Бұл тапсырманы орындамас бұрын кестенің   әр ұяшығындағы жұптардың қандай белгілері  бойынша құрылғанына  талдау жүргізіледі  (үлкен -кіші, биік-аласа).

Содан кейін балалар  өздерінің нұсқаларын ойластырады.

     Алғашқы  бекіту жұмысы үшін  «Бір немесе екі  затты тап» ойынын   ұйымдастыру  пайдалы.  Үстел бетіне жайып қоюға немесе тақтаға орналастыруға болатын көптеген  заттардың  ішінен оқушылар үстелде (тақтада) бірден немесе екіден  тұрған  заттарды таңдайды.

 Бағалау

Мадақтау

Смайликтерді жабыстырады

Кері байланыс





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров155
Номер материала ДВ-247161
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх